Similar presentations:
Tabighi-indikatorlar-KHyshkhyl-zhaene-siltini-anykhtau
1.
Табиғи индикаторлар:Қышқыл және сілтіні
анықтау
Зерттеу жұмысының мақсаты: Табиғи өсімдіктер мен тағамдық
өнімдердің құрамындағы пигменттерді пайдаланып, қышқыл және сілтілі
ортаны анықтай алатын табиғи индикаторлар алу және олардың
қасиеттерін зерттеу.
2.
Зерттеудің міндеттері және нысаны1
Индикатордың маңызын түсіну
Индикаторының тұрмыстағы қолданысын анықтау
2
Табиғи және жасанды индикаторларды салыстыру
Олардың айырмашылығын анықтау
3
Табиғи индикатор алу тәсілдерін үйрену
Әртүрлі өсімдіктерден дайындау әдістері
4
Түсінің өзгеруін бақылау
Қышқыл мен сілті ортасында индикаторлардың түсінің өзгеруін байқау
5
Табиғи индикаторлардың тиімділігін бағалау
Экологиялық таза, қауіпсіз және үнемді әдіс ретінде
Зерттеу сұрағы
Күнделікті тұрмыста кездесетін өсімдік өнімдерін пайдаланып, қышқыл мен сілтіні анықтауға бола ма?
Ғылыми болжам (гипотеза)
Егер өсімдіктер мен жемістердің құрамындағы табиғи пигменттер ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне әсер етсе, онда осы заттардан дайындалған табиғи ерітінділерді және индикатор парақтарын
қышқыл мен сілтіні анықтауға қолдануға болады.
3.
Ғылыми жаңалық және практикалықмаңыздылық
Ғылыми жаңалығы
Практикалық маңыздылығы
Бұл зерттеу барысында өсімдіктерден алынған табиғи
Табиғи индикаторлар химия сабағында тәжірибелік
пигменттердің қышқылдық және сілтілік ортада түсін
жұмыстарда жасанды реагенттердің орнына қолдануға
өзгертетіні анықталды. Табиғи индикатор парағын жасау
қолайлы. Экологиялық тұрғыдан таза, адам денсаулығына
арқылы экологиялық таза және қауіпсіз индикатор алу тәсілі
зиянсыз және арзан материалдардан дайындалғандықтан,
ұсынылды.
тұрмыстық жағдайда да оңай пайдалана алады. Алынған
индикатор парақтары мен ерітінділерін зертханалық
жұмыстар мен мектеп көрмелерінде, ғылыми жоба
байқауларында және экологиялық акцияларда қолдануға
болады.
4.
Зерттеу жұмысының мазмұны1
2
Кіріспе
3
Негізгі бөлім
Индикатор ұғымы және оның
маңызы
Табиғи индикаторлардың
артықшылығы мен
кемшіліктері
Табиғи индикаторларға мысал және
қасиеттері
4
Қорытынды
Табиғи индикатор алу әдісі
Индикатор алу практикалық жұмыс
Тәжірибе нәтижелері мен талдауы
5
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5.
КіріспеХимия ғылымында заттардың қышқылдығын немесе сілтілігін анықтау үшін арнайы индикаторлар қолданылады. Мысалы,
лакмус, метилді қызыл және фенолфталеин сияқты жасанды индикаторлар зертханаларда жиі пайдаланылады. Алайда мұндай
реагенттер қымбат әрі кейде адам денсаулығына зиянды болуы мүмкін.
Табиғатта осындай қасиетке ие көптеген өсімдіктер бар. Олардың құрамындағы антоциан, флавоноид және каротиноид сияқты
табиғи бояғыш заттар ортаның рН деңгейіне қарай түсін өзгертеді. Мысалы, қызыл қырыққабат, қаражидек, шие, жүзім
және қызылша шырындары жақсы табиғи индикатор бола алады.
6.
Индикатор ұғымы және маңызыИндикатор – ерітіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін анықтайтын химиялық зат. Қышқылдық пен сілтіліктің деңгейі рН шкаласы арқылы
анықталады:
рН < 7
рН = 7
рН > 7
Қышқыл орта
Бейтарап
Сілтілі орта
Жасанды индикаторлар
Жасанды индикаторлар химиялық жолмен алынатын реактивтер. Оларды зертханада жиі қолданады:
Лакмус – қышқылдық ортада түссіз, сілтілік ортада қызғылт түске боялады
Фенолфталеин – қышқылдық ортада түссіз, сілтілік ортада қызғылт түсті
Метилорандж – қышқылдық ортада қызыл, бейтарап ортада қызғылт, сілтілік ортада сары түске боялады
Табиғи индикаторлар
Табиғи индикаторлар өсімдіктер мен тағамдық өнімдердің құрамындағы табиғи пигменттерді алып жасалады. Жасанды индикаторлардан
айырмашылығы – табиғи индикаторлар экологиялық таза және қолжетімді болып келеді.
7.
Табиғи индикаторлардың мысалдары және алу әдістеріТабиғи индикатор көзі
Қышқылдық ортадағы түсі
Сілтілік ортадағы түсі
Пигмент
Қызық қырыққабат
Қызыл
Көгілдір-жасыл
Антоциан
Қызылша
Қызғылт
Сары-қоңыр
Бетаин
Шие
Қызыл
Көкшіл
Антоциан
Қаражидек
Қызыл
Көгілдір
Антоциан
Қызыл жүзім
Қызыл
Жасыл
Флавоноид
Табиғи индикаторды алу әдістері
1
2
3
Сұйық экстракция әдісі
Құрғақ индикатор парағын жасау әдісі
Ортаға бейімдеу немесе сұйылту әдісі
Ең қарапайым және жиі қолданылатын әдіс. Өсімдіктің
Табиғи индикаторды қағазға немесе фільтр қағазына сіңдіру
Табиғи индикаторды сумен немесе спиртпен сұйылтып,
бөліктерін ұсақтап турап, ыстық немесе қайнаған суға салу
арқылы сақтауға болады. Өсімдіктердің пигменттері қағазға
кейін белгілі бір рН диапазонында қолдануға дайындайды.
арқылы пигменттерді ерітеді. Кейде этанол немесе басқа
сіңген соң, қағазды кептіреді. Құрғақ парақ қышқылдық
Бұл әдіс индикатордың түсті өзгерісін нақты бақылауға
органикалық еріткіштер де қолданылады. Артықшылығы:
немесе сілтілік ортаға тигенде түсін өзгертеді.
мүмкіндік береді. Әдістің тиімді тұсы рН шкаласында түсті
жылдам және оңай дайындалады. Кемшіліктері: ұзақ уақыт
Артықшылығы: ұзақ уақыт сақтауға болады. Кемшіліктері:
өзгеріс айқын көрінеді.
сақтау қиын және кейде түс өзгерісі анық байқалмайды.
сұйық индикаторға қарағанда процесс баяу жүзеге асуы
мүмкін.
Барлық әдістердің артықшылығы – табиғи, экологиялық таза және қауіпсіз болуында, ал кемшілігі – кейде түс өзгерісі баяу немесе ұзақ уақыт сақталмайды.
8.
Тәжірибе жүргізу және нәтижелеріҚажетті реактивтер
Табиғи индикатор ерітіндісі
Сірке суы (қышқыл орта)
Ас содасы ерітіндісі (сілтілі орта)
Таза су (бейтарап орта)
Бақылау нәтижесі
Зат атауы
Түс өзгерісі
Қорытынды
Сірке суы
Қызыл
Қышқыл орта
Ас содасы ерітіндісі
Көгілдір-жасыл
Сілтілі орта
Таза су
Түс өзгермеді
Бейтарап орта
Қорытынды: Табиғи индикаторлар ортаның рН-на байланысты түсін өзгертеді және оларды тұрмыста да оңай қолдануға болады.
9.
Табиғи индикаторлардың артықшылықтары менкемшіліктері
Артықшылықтары
Экологиялық таза және адам денсаулығына зиянсыз
Кемшіліктері
Түс өзгерісі кейде анық байқалмайды
Ұзақ сақтауға келмейді
Арзан әрі оңай дайындалады
Нақты рН мәнін көрсету дәлдігі төмен
Оқушылардың химияға қызығушылығын арттырады
10.
ҚорытындыЗерттеу нәтижесінде табиғи өсімдіктерден алынған индикаторлар
қышқыл мен сілтіні анықтауда тиімді екенін байқадым. Қызыл
қырыққабат шырыны – ең анық және түсі айқын индикатор болып
шықты.
Табиғи индикаторлар мектеп зертханасында, тұрмыста және
экологиялық тәжірибелерде қолдануға өте ыңғайлы. Бұл жоба
экологиялық білім мен үнемділік дағдыларын дамытуға, сонымен қатар
оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.