Similar presentations:
Табиғи қышқылдар мен негіздер
1.
Сабақтың тақырыбыТабиғи қышқылдар мен
негіздер.
Индикаторлар.
© FokinaLidia
2.
Табиғи қышқылдар мен сілтілерЛимон және шиенің қышқыл дәмі болады. Бұл дәм олардың
құрамындағы қышқылдың әсерінен болады.
© FokinaLidia
3.
Табиғи қышқылдар мен сілтілерҚышқылдан басқа сілтілердің азғана мөлшері
бананда, бүлдіргенде, қарақатта, қырыққабатта,
қиярда және дәнді-дақылдарда болады. Бірақ, сілтілер
тек өсімдіктерде ғана болмайді. Ерте кездерде күлдің
сабындалу қасиетін кір жуу кезінде пайдаланған.
Барлық табиғи сілтілер сабындалу қасиетіне ие, олар
ұстағанда тайғақ болып келеді.
© FokinaLidia
4.
ФонДекор
Вы можете использовать
данное оформление
для создания своих презентаций,
но в своей презентации вы должны указать
источник шаблона:
Фокина Лидия Петровна
учитель начальных классов
МКОУ «СОШ ст. Евсино»
Искитимского района
Новосибирской области
Сайт http://linda6035.ucoz.ru/
ТАБИҒИ НЕГІЗДЕР
© FokinaLidia
ТАБИҒИ ҚЫШҚЫЛДАР
5.
ИндикаторларЗаттың құрамында қышқыл немесе сілті бар екенін қалай анықтауға
болады? Ол үшін «индикатор» деген арнайы заттарды қолданады. Олар
ерітінділердің ортасына қарай өз түсін өзгертеді. Осылай ортаның
қышқылдығын мен сілтілігін анықтауға болады. Лакмус индикаторынан
басқа, көптеген түрлі индикаторлар: метилоранж, фенолфталеин, әмбебап,
т.с.с.
© FokinaLidia
6.
Индикаторлар© FokinaLidia
7.
Әртүрлі ортадағы индикатор түсінанықта.
Заттар
Лимон
қышқылы
Сода
ерітіндісі
© FokinaLidia
Ерітінді
ортасы
Лакмусты Метилоранж
ң түсі
түсі
Фенолфталеиннің
түсі
8.
Қышқыл мен сілтінің реакция ортасын анықтауЕрітінді ортасын тестілеу кезінде әмбебап индикатор қағазының
жолағына зерттеу ерітіндісін тамызу керек. Өзгерген индикатор
қағазының түсін pH-шкаласының түсімен салыстырылады. Аталған
pH-шкаласы 14 бөлікке бөлінген, мұнда ең күшті қышқыл 0 мәніне
ие болса, ең күшті сілті 14 мәнін көрсетеді. Бейтарап ерітінділер 7
мәніне ие болады. Мысалы, «Coca Cola» сусынының pHшкаласындағы мәні шамамен 2,5-ке тең. Бұл сусынның ортасы
қышқылдық екенін білдіреді.
© FokinaLidia
9.
Қышқыл мен сілтінің реакция ортасын анықтау© FokinaLidia
10.
Бейтараптану реакцияларыҚышқылдар мен сілтілердің pH көрсеткіштері қарамақарсы мәндеріне ие. Олардың бір-бірімен әрекеттесу
реакциясын бейтараптану реакциясы деп аталады.
Нәтижесінде тұз және су түзіліп, реакция ортасы бейтарап
болады.
қышқыл + негіз = тұз + су
Бейтараптану, табиғатта жиі кездесетін, өте маңызды процесс.
Жоғары қышқылдылық – бұл ең кеңінен тараған асқазан
ауруының бірі болып табылады. Адам асқазанындағы
қышқылдылықтың мөлшерін азайту үшін «антацидті дәрілік
препараттар» қолданылады. Олардың әсер ету механизмі
асқазан сөлінің қышқылдығын бейтараптауға негізделген.
Антацидтік препараттарға магний оксиді, магний гидроксиді,
магний карбонаты, алюминий гидроксиді және т.б. заттар
жатады.
© FokinaLidia
11.
© FokinaLidia12.
Тест№1 сұрақ
Құрамында табиғи қышқылы бар тамақ өнімдері.
A)айран, шие, лимон
B)лимон, банан, қара өрік
C)қырыққабат, лимон, таңқурай
D)шие, қара өрік, қияр
E)бұршақ, қияр, лимон
© FokinaLidia
13.
ЖауапА
© FokinaLidia
14.
Тест№2 сұрақ
Құрамында табиғи сілтісі бар көгөніс пен
жемістердің қатарын көрсет.
A)ананас, қырыққабат, қияр
B)бұршақ, қияр, лимон
C)бұршақ, қырыққабат, қара өрік
D)айран, таңқурай, қияр
E)банан, таңқурай, бұрыш
© FokinaLidia
15.
ЖауапE)банан, таңқурай, бұрыш
© FokinaLidia
16.
Тест№3 сұрақ
Қышқылдық ортада индикаторлар метилоранж пен
лакмустың түсін көрсет.
A)сары
B)көк-жасыл
C)қызғылт
D)көк
E)қызыл
© FokinaLidia
17.
Жауап© FokinaLidia
E)қызыл
18.
Тест№4 сұрақ
Төмендегі индикаторлар туралы дұрыс
тұжырымдаманы көрсет.
-Фенолфталеин бұл тек сілтілік ортаны анықтайтын
индикатор.
-Метилоранж түсі қышқылдық ортада түссізден
таңқурай түске өзгереді.
-Лакмус сілтілік ортада көк түс көрсетеді.
A)1, 2 және 3
B)1 және 2
C)2 және 3
D)тек 1
E)1 және 3
© FokinaLidia
19.
Жауап Е)1 және 3© FokinaLidia
20.
Тест№5 сұрақ
Әмбебап индикаторлар туралы
тұжырымдамалардың дұрысын көрсет.
-қышқылдық ортада әмбебап индикатордың түсі
қызыл түске өзгереді.
-pH-шкаласының мәні 4,5-ке тең болса, ол ортаның
сілтілік екенін білдіреді.
-pH мәні жоғары болған сайын, ортаның
қышқылдылығы төмен болады.
A)1 және 2
B)тек 2
C)1, 2 және 3
D)2 және 3
E)1 және 3
© FokinaLidia
21.
ЖауапЕ)1 және 3
© FokinaLidia
22.
Тест№6 сұрақ
Бейтараптану реакциясының өнімдерін тап.
қышқыл және сілті
A)тұз және сутек
B)тұз және су
C)тұз және сілті
D)қышқыл және негіз
© FokinaLidia
23.
ЖауапB)тұз және су
қышқыл + негіз = тұз + су
© FokinaLidia
24.
ҚорытындыҚышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады.
Мысалы, көптеген жемістерге олардың құрамындағы
қышқылдар қышқыл дәм береді. Лимон, алма қышқылы
деген атаулар осылай пайда болған. Көптеген
минералды қышқылдар, мысалы, күкірт, азот, тұз
қышқылдары түссіз сұйықтықтар. Қышқыл
ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы
ережелерін мұқият орындау керек. Өйткені
қышқылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті
бар.
Сілтілер көп органикалық заттарды күйдіреді. Олармен
жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін
қатаң сақтаған жөн. Сілті ерітіндісі қолға сабын тәрізді
білінеді.
© FokinaLidia
25.
Рефлексия© FokinaLidia
26.
Үй жұмысыИндикатор дайындау.
Ол үшін майлық қағаз (салфетка),
қарақат тосабы немесе орамжапырақ
шырыны керек.
Осы ерітінділерді қағазға тамызып,
кептіріңдер.
Кепкен қағазды бірнеше бөлікке бөліп,
сірке суының, ас содасының ерітіндісіне
және суға батырыңдар.
Индикатор түсінің өзгеруін бақылаңдар.
© FokinaLidia