137.36K
Categories: informaticsinformatics managementmanagement

Өндірістік қорларды басқару

1.

ҚР білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
РЕФЕРАТ
Дисциплина: Өндірістік логистика
Тақырыбы: Өндірістік қорларды басқару
Өндірістік қорларды басқару

2.

Орындаған:
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Өндірістік қорларды басқарудың экономикалық мәні.
2.2. Өндірістік қорларды міндеттерінің мәні.
2.3. Өндірістік қорларды басқару моделдері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

1. Кіріспе.
Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны 2 топқа
бөледі:
1. Өндірістік қорлар.
2. Еңбек құрал-жабдықтары еңбек бұйымдары
Өндірістік қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдықтехникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның
өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты
болады.
Өндірістік қорлар - өндіріс пен айналыс үдерісін қамтамасыз етуге
қатысатын еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы.
Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құралжабдықтары мен ақша қаржылары - өндірістік қорлар қоғамдық ұлттық
байлықтың басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан
тұрады. Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі
топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.
Кәсіпорыннның еңбек құралы мен өндіріс құрал жабдықтары өндіріс
процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және
өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс
процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және
табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді.
Ұдайы қозғалыста бола отырып, ӨҚ тізбекті үш сатыдан:
· ақша сатысынан (банкідегі шоттарда тұрған, кассалардағы қаражат),
· өндіріс сатыдан (өндіріс құрал-жабдығын өндірісте тұтыну үдерісі
мұнда тауар жасау сатысы аяқталады),
тауар сатынан (мұнда өнімді өткізу аяқталады, тауар ақшаға айналады
өтеді. Сөйтіп қорлардың ауыспалы айналымы үздіксіз, ұдайы қайталанып
отыратын үдеріс болып табылады, онда өндіріс уақыт мен айналыс уақыты

4.

(бірінші және екінші саты) қамтылады Айналыс уақытын қысқарту өндірістің
тиімділігін арттырады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген
топтастыруына қарай оларды былай жіктеуге болады:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Өндірістік қорларды басқарудың экономикалық мәні.
Өндірістік қорлар пайдалануға үшін тағайындалған, қоймаларда болатын,
уақытша пайдаланылмайтын өндіріс құралдарын білдіреді. Оларға атап
айтқанда пайдалану мен жөндеуге және басқа қажеттіліктерге арналған
материалдар, отынның барлық түрлері, шиналар, қосалқы бөлшектер мен
агрегаттар, аз құнды және жылдам тозатын заттар кіреді.
Өндірістік қорларды құру
қажеттілігі мынамен себептелген:
материалдық ресурстарды тым жиі және аз партиялармен жеткізуді жүзеге
асыру мүмкін емес. Сондықтан жеткізу салыстырмалы түрде сирек және көп
көлемде жүзеге асырылады. Сонымен бірге, әрине, материалдық ресурстардың
бір бөлігі қандай да бір уақыт бойы тұтынылмайды, яғни қор түрінде болады.
Өндірістік қорлар айналымнан шығарылған материалдық ресурстарды
білдіретіндіктен, онда оларды басқарудың табиғи мақсаты олардың аса төмен
деңгейін анықтау болып табылады. Сонымен бірге қорлар деңгейі тым төмен
болмау керек, яғни бұл толассыз, ырғақты жұмысын бұзуы мүмкін.
Сонымен, өндірістік қорлардың оңтайлы деңгейін (нормасын) анықтау
проблемасы пайда болады.

5.

Материалдық ресурстар қорларын құру үшін ақшалай қаражат қажет
болатындықтан, онда параллель түрде олар бойынша айналымдық
қаржылардың оңтайлы нормативін анықтау проблемасы пайда болады. Оңтайлы
емес нормативті анықтау экономикалық жағдайына теріс әсер етеді.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларында, егер норматив ақша
қаражаттарындағы нақты қажеттіліктен төмен болып шықса, онда не дер
кезінде төлеудің мүмкін еместігінен материалдық ресурстарды жеткізуден бас
тартуға мәжбүр болады, бұл өндірістік-шаруашы-лық қызметтің жоспарлық
процесін бұзады және пайданың төмендеуін тудырады, сондай-ақ
экономикалық ынталандыру қорларының мөлшерлерін азайтады, не ол
бойынша кәсіпорынның билігінде қалған пайда есебінен төленетін, банк
несиесін пайдаланып, жеткізуді төлейді. Жоғарылатылған нормативтің
анықталуы қажет болған жерде артық ақша құралдарын пайда-ланып, алуға
болатын, қосымша пайданың жоғалуына әкеледі, бұл экономи-калық
ынталандыру қорлары мөлшерінің төмендеуіне және сонымен қоса елеулі табыс
салдарынан еңбекақы қорының салыстырмалы төмендеуіне әкеледі.
2.2. Өндірістік қорларды міндеттерінің мәні.
Қорларды басқару міндеттерінің мәні нақты жағдайда қордың аса
ұтымды нормасын анықтауға, яғни жеткізудің ол кезде қорларды сақтаумен
және толтырумен байланысты минимум жиынтық шығындарға қол жеткізілетін, сонымен қатар сұраныс толығымен қанағаттандырылатын, моменттері
мен көлемдерін іздеуге келтіріледі. Егер де АКК тек бір атаулы өнімді ғана
пайдаланса, онда көптеген жағдайларда қордың аса тиімді деңгейін анықтау,
оңай шешілетін міндет болар еді. Бірақ бұл олай емес. Тіпті салыстырмалы
түрде шағын АКК ондаған атаулы ресурстарды қолданады, ал орташа және ірі
АКК үшін тұтынылатын ресурстар номенклатурасы жүздеген атаулармен
саналады. Осының салдарынан қорларды басқарудың мүмкін стратегияларының, яғни осының салдарынан қорға жиналатын ресурстарды толтырудың
мүмкін нұсқаларының саны, тәртіп бойынша, ондаған және жүздеген миллионды құрайды. Практикада көрсетілген факторлар әр түрлі үйлесімдерде әрекет
ететін есептер жиі пайда болады. Сонымен, нақты жағдайларда қорларды
басқару есептерін шешу осы есептерді шешу уақытына қатаң шектеулердің
бар болуымен күрделенетін, елеулі есептеу қиындықтарымен байланысты.
Белгіленген жағдайлар өндірістік қорлардың оңтайлы нормасын
жоспарлау және олар бойынша айналым қаржыларының оңтайлы нормативін

6.

анықтау өзімен де, оған қатысты сыртқы факторлармен де байланысты
жағдайлардың көп санын есепке алуды талап ететін, айтарлықтай күрделі іс
деп бекітуге мүмкіндік береді.
Сондықтан көрсетілген проблемалардың негізделген түрде шешілуі
қандай да бір экономикалық көрсеткішті (оңтайлылық критерийін) анықтау-дан
басталу керек, оның көмегімен экономикалық талдауға және өндірістік қорлар
мен олар бойынша айналым қаражаттары нормативінің деңгейіне дәрежесі
және бағыты бойынша әр түрлі объективті әсер ететін, әр түрлі сыртқы және
ішкі факторларды өлшеуге болады
Олардың негізінде қор нормасын және айналым қаржылары нормативін
есептеу жүргізілетін, айналым қаражаттарын нормалау туралы АКК-ға арналған
қолданылып жүрген типтік және салалық нұсқау, оның көмегімен есептелген
шамалар оңтайлылығының сандық бағасын беруге болатын критерийді
анықтауды көздемейді. Осының нәтижесінде практикада өндірістік қорлар
мен олар бойынша айналым қаржыларының нормативі деңгейінің
экономикалық көзқарастан аса тиімді және мақсатқа сәйкес көзқарасынан
анықтау және пайдалану мүмкіндігі жиі жіберіліп алынады.
2.3. Өндірістік қорларды басқару моделдері.
Қордың оңтайлы нормаларын және айналым қаржыларының сәйкес
нормативтерін анықтаумен байланысты проблемаларды шешу үшін,
материалдық ресурстардың әрбір түрі бойынша қорларды басқару теориясының
аппаратын,
яғни
материалдық-техникалық
жабдықтау
процесінде
қалыптасатын,
сол немесе басқа жағдайды сипаттайтын, қорларды
басқарудың нақты модельдерін пайдалану ұсынылады.
Материалдық-техникалық
жабдықтау
процестерінің
сәйкес
бөлімшелердің және салыстырмалы түрде тұтас жүйе ретінде АКК дербес
бағыныңқы жүйелерін білдіретін, материалдық-техникалық жабдықтау
қызметтерінің тақырыбы болып табылады.
ір жағынан, қорларды басқарудың нақты есептерді есептеу күрделілігі
және екінші жағынан, оларды шешу үшін уақыттың шектелгендігі арасында
объективті түрде болатын қарама-қайшылықты шешу, қазіргі заманғы ЭЕМ
пайдалану қажеттілігін тудырды. Саналған секундтарда орасан зор есептеу
жүргізу қабілеті бар ЭЕМ, пайдаланылуы қорларды басқару саласында
практиканың талаптарымен айтылған құрал болып табылды. Алайда ЭЕМ-да
есепті шешу үшін нақты сұлбаны немесе оны мамандар солай атайтындай,

7.

есепті шешу программасын алдын ала құрастыру талап етіледі. Мұндай
программаны құрудың алдында қорларды басқарудың шешілетін есебінің
формальды қойылымы, яғни шешілетін есептік экономика-математикалық
моделін құру міндетті түрде болады. Шешілетін есептің экономика-математикалық моделін құру процесі экономика-математикалық модельдеу деп аталады.
Сонымен, қорларды оңтайлы басқару міндеттерін шешу ЭЕМ және
экономика-математикалық модельдеуді пайдалану қажеттілігімен байланыс-ты
болып шығады.
Қорларды басқару есептерінің модельдерін құру қордың ұтымды нормасын анықтаумен байланысты күрделі және анықталмаған факторларды, толық
талдау үшін қолайлы, қисынды түзу сұлбаға келтіруге мүмкіндік береді.
Мұндай модель балама шешімдерді айқындауға және олар келтіретін
нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ есепті шешу процесінде
қандай алғашқы ақпарат талап етілетінін анықтау мүмкіндігін береді.
Экономика-математикалық модель нақты есеп туралы нақты түсінікті
қалыптастыру құралы болып табылады. Экономика-математикалық модель
қорларды басқарудың нақты есебінің мәнін көрсететіндей етіп құрылады.
Сонымен бірге модель елеусіз тетіктерден бос болу керек, яғни нақты жағдайға
қарағанда, едәуір қарапайым болу керек, бұл практикада іске асыруға болатын,
аса ұтымды шешімді іздеп табуға мүмкіндік береді. Модель дәлдігінің дәрежесі
мен оны практикада қолдану тиімділігі арасында дұрыс балансты анықтау
айтарлықтай күрделі міндетті білдіреді.
Экономика-математикалық модель нені білдіреді? Бұл модельге бірқатар математикалық өрнектер кіреді, олар математикалық көзқарастан күрделі
болуы мүмкін болса да, өте қарапайым құрылымымен ерекшеленеді:
мұнда
критерий;
U – басқарылатын шама, яғни басқару сапасын сипаттайтын
- мәнін өзгертуге болатын, басқарылаты шамалар (параметрлер)
жиыны;
- айнымалы және тұрақты шамалар жиыны - басқаруға
келмейтін, бірақ U шамасына әсер ететін, алғашқы деректер;

8.

f - мақсатты функция, яғни бір жағынан, және мәндері, екінші
жағынан, U шамасының мәндері арасындағы тәуелділік.
Аталған компоненттерден басқа, модельге басқару параметрлері тек
белгілі жағдайларда ғана өзгеруі мүмкін болады деген фактіні өрнектейтін, бір
немесе
бірнеше
теңдеулер
немесе
теңсіздіктер
кіреді. Сонымен, мақсатты функцияны білдіретін және басқару параметрлерін
өзгерту облысын шектейтін теңдеулер кешенде басқару есебінің экономикаматематикалық моделін құрайды.
Жоғарыда
берілген экономика-математикалық модельге
кіретін,
әрбір компоненттің мазмұнын қорларды басқару есептеріне қатысты ашамыз,
яғни
қорларды
басқарудың экономикаматематикалық моделінің компоненттерін анықтаймыз. Қорларды басқару
моделінде басқару сапасының критерийі ретінде қорға жиналатын
ресурстардың жеке партияларын сақтау мен жеткізуді жүзеге асыру бойынша
жиынтық шығындардың айнымалы бөлігінің шамасы болады. Сонымен,
басқару сапасының критерийі, тәртіп бойынша, екі шамаға ыдырайды:
біріншіден, бұл шығындардың қорларды сақтаумен байланысты айнымалы
бөлігі, ал екіншіден - шығындардың қорға жиналатын ресурстар-дың жеке
партияларын жеткізуді жүзеге асырумен байланысты бөлігі.
3. Қорытынды.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған барлық жағдайларда қорларды
басқару стратегиясы сапасының критерийі детерминделген шама, яғни мәні
басқарушы параметрлердің белгілі мәндері және алғашқы деректер үшін
абсолют сенімділікпен анықталуы мүмкін болып табылады.
Қорларды басқару модельдері бар, оларда басқару сапасы критерийінің
шамасы ықтималдық немесе стохастикалық болып табылады. Бұл дегеніміз,
басқарушы параметрлердің және алғашқы деректердің белгілі мәндері үшін
шама мәндерінің бүтін жиыны бар болады, және осы жиынның әрбір мәніне
оны жүзеге асырудың қандай да бір ықтималдығы сәйкестікке қойылған.
Қорларды басқару модельдерінде басқарушы параметрлер ретінде
жеткізу саны немесе олардың көлемі, немесе бірге алғанда екі шама да болады.
Кейде басқарушы параметрлер ретінде жеткізуді жүзеге асырғаннан кейінгі
немесе тікелей жеткізу сәтінде қорлардың деңгейін қабылдайды. Қорларды

9.

басқару модельдерінде алғашқы деректер ретінде келесі элементтер болады:
уақытта тұтыну заттарына сұраныстың қарқындылығы, қорларды толтыруды
ұйымдастыру, сақтаудың меншікті шығындары және қорға жиналатын
ресурстардың жеке партияларын жеткізуді жүзеге асыру.
Қорларды басқару модельдеріндегі шектеулер ең алуан түрлі болуы
мүмкін. Қордың максимум өлшеміне, қордың максимум салмағына, қордың
максимум құнына, жеткізудің максимум санынан, жеке жеткізудің максимум
көлеміне шектеулер аса жиі болып табылады.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кузнецов Е.С. Управление технической эксплуатацией автомобилей. –
2-е изд. перераб. и доп. М.: Транспорт, 1990, 272 с.
2. Ибатов М.К., Алиев Ж.А. Материально-техническое обеспечение и
экономия ресурсов на автомобильном транспорте. Учебное пособие. Караганда, КарГТУ, 1995. 71с.
3. https://www.stud24.ru/organization-economy/ndrstk-negzg-orlarony-timdpajdalanudy/452642-1712494-page1.html
English     Русский Rules