1.36M
Category: educationeducation

Damu компаниясының қойма жүйесі

1.

DAMU КОМПАНИЯСЫНЫҢ
ҚОЙМА ЖҮЙЕСІ

2.

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Қойма ғимараттары.
• Қойма алаңдары.
• Қойманың жабдықталуы.
• Қойма жұмысының техникалық-экономикалық
көрсеткіштері.
3. Қорытынды.

3.

1. Кіріспе.
DAMU LOGISTICS компаниясы клиенттер үшін жаңашылдық пен үздік
әлемдік технологияларды пайдалану арқылы заманауи шешімдер мен сенімді
серіктестікті ұсына отырып, мүмкіндіктер мен құндылықтар жасауда алдыңғы қатарда
болуға ұмтылады. Сол арқылы клиент бизнесін ілгері жылжыту және дамытуға
жағдай жасалуда.
2009 жылы компания қызметтерді ұсыну саласында жоғары көрсеткіштер
үшін «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Сыйлық жыл сайын конкурстық негізде
өнімдер мен қызметтер сапасы саласында үздік жетістіктер үшін, сапаны басқарудың
жоғары тиімді әдістерін табысты енгізу үшін беріледі.
DAMU LOGISTICS компаниясы қызметтерді тұрақты бақылау және
жетілдіру үшін ISO 9001 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын
енгізген. Сапа менеджментінің жүйесі стандарттарға сай болуға көмектесіп қана
қоймай, компанияның бизнес-процестерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік береді.
DAMU LOGISTICS =СЕНІМДІЛІК2 + САПА3+УАҚЫТ

4.

2. Негізгі бөлім.
• Өзге өндіріс компаниялары үшін қойма учаскелері, жалпы ауданы 100 га
• Даму-дың өзіндік қойма жайлары, жалпы ауданы 110,000 м2
• Қойма ғимараттары:
- уақытша сақтау қоймасының
ашық / жабық аймақтары;
- 2 портты крандар;
- кешеннің үздіксіз жұмысы;
- меншікті локомотив;

5.

«DAMU»
индустриалдық-логистикалық
қоймаларының
тұжырымдамасы екі аймақты көздейді: қолданыстағы логистикалық аймақ
пен индустриалдық аймақ (өнеркәсіптік алаңдар); сондай-ақ дамыған
инфрақұрылым, үлкен аумақ пен барлық инженерлік желілердің болуы,
соның ішінде электр- және газбен жабдықтау, су құбыры және канализация
жүйесі. Ыңғайлы орналасуы (қала шетіне және көлік күре жолдарына жақын
орналасуы) біздің алаңдарды кез келген қызмет саласындағы
компаниялардың өндірістік алаңдарын орналастыру үшін тамаша орынға
айналдырады. Аумақта теміржол кіреберіс жолдары, локомотив депосы,
контейнерлік шаруашылық (жүк көтергіштігі 30-40 тонналық төрттағандық
крандар), «А» сыныпты қоймалар, кедендік қоймалар, УСҚ және басқалары
бар.
Бүгінгі таңда «DAMU» индустриалдық-логистикалық парктің
аумағында жетекші әлемдік және қазақстандық өндірушілер өндірістік
алаңдарды сатып алып, зауыттар құрылысын жүзеге асыруда:
• «Scania» (ауыр жүк машиналары мен арнайы техникаға арналған
Орталық Азия бойынша сервистік орталық);
• «Danone» (сүт өнімдерін өндіретін зауыт);
• «Raimbek Bootlers» (сусындар мен шырындарды өндіру бойынша
зауыт);
• «Sonik» (құбырларды өндіру бойынша зауыт);
• «Азия Паркет» (паркет өндіру бойынша зауыт) және т.б.

6.

• Қойма алаңдары:
- теміржол тұйығы;
- контейнерлік алаңы
- ашық қойма алаңы;
- Бакад магистралі мен Батыс Еуропа Батыс
Қытай бойында ыңғайлы орналасу
- манипуляция аймағы;
- терминал аумағындағы мемлекеттік
кеден бекеті;

7.

Қазіргі уақытта кеңестік инфрақұрылымнан біздің елдің еншісіне тиген
өндірістік базалардың негізгі бөлігі (зауыттар, фабрикалар, цехтар мен т.б.) моральдық
және физикалық тұрғыдан ескіріп бітті. Жаңа өндірістердің құрылысы көптеген күрделі
қаржы салуды талап етеді. Жаңа өндірісті іске қосудағы негізгі проблемалар болып
коммуникацияларды (электр энергиясы, су құбыры, канализаци) ретке келтіру және
инфрақұрылымды (автомобильдік жолдар, темір жол тұйығы, қосалқы жылжымайтын
мүлік объектілері) құру табылады, бұл кез келген өндіріс құрылысының 40-60%-ын
құрайды.
Қоғамның инфрақұрылым объектілеріне деген сұранысының өсуі және оларға
сапалы қызметтер ұсыну жағдайында Алматы қаласында «DAMU-Алматы»
индустриалдық-логистикалық паркі» жобасы бойынша компания алаңдары одан әрі
кеңейтілуде.
«DAMU Logistics» компаниялар тобы Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының (Тула қ.) аумағында басқа да индустриалдық-логистикалық алаңдарды
дамытуды жүзеге асыруда.
1 «DAMU-Алматы» ИЛО, жалпы аумағы 210 га
2 «DAMU-Кайрат» ИЛО, жалпы аумағы 142 га
3 «DAMU-Аксегер» ИЛО, жалпы аумағы 22 га
4 «DAMU-Хоргос» ИЛО, жалпы аумағы 200 га
5 «DAMU-Астана» ИЛО, жалпы аумағы 53 га
6 «DAMU-Актобе» ИЛО, жалпы аумағы 240 га
7 «DAMU-Тула» ИЛО, жалпы аумағы 636 га

8.

Қойма жұмысының жылжу бағыттары:

9.

Қойманың жабдықталуы.
Даму логистикалық компаниясы заманауи әрі күрделі техникалық
құрал-жабдықтардың көп бөлігімен жабдықталған. Құрал-жабдықтардың
көпшілігі А-классына арналған болып есептеледі. Компанияның «құралжабдықтарға бай» екендігін компания ұсынатын қызметтерден көре аламыз:
• Жоғары кәсіпқойлық пен ISO 9001:2008 халықаралық стандартына
сәйкес келетін жөнге келтірілген бизнес-процестердің арқасында компания
кедендік және коммерциялық режімдерде ауыр техниканы, сондай-ақ ауыр
автокөлікті қабылдау және сақтау бойынша қызметтер кешенін ұсынады.
• Компанияның иелігінде ашық қозғалмалы құрамдарда, вагон-торларда
автомобильдерді қабылдау бойынша автопандустар - арнайы жабдығы бар
алаңдар бар.

10.

• Оңтүстік-Азия, Еуропа және ЕАЭО елдерінен жеткізілімдерді
бақылайтын құрылғылардан бастап логистикалық терминалдар таратқыш,
кросс-докингілік орталықтар иесі болып табыла алады.
• Сату алдындағы дайындық пен тауарды жинаумен (ақаулықты
тексеру және сұрыптау, топтамалар мен сериялық нөмірлерін бақылау, қаптау,
қажет тілдерде нұсқаулар мен сипаттамаларды салумен) толық сервисті
ұсынылады. Бұл бүкіл логистикалық тізбекті тиімді құру үшін негізді
қалайды.
• Тауарды бүкіл дүние жүзі бойынша «есікке дейін» кейінгі
жөнелтумен бірге бір жерде рұқсат құжаттарын және кедендік тазалауды
ресімдей отырып, барлық көлік түрлерін қабылдауды қамтамасыз етеміз, бұл
мерзімдерді қысқарта және бизнесті дамытуға қосымша қаражатты үнемдей
отырып, ресурстарды тиімді бөлуге және тауарды сіздің серіктестеріңізге
уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді.
• «DAMU Logistics» индустриалдық парктері техника мен
электроника сақтау және жинау бойынша құрал жабдықтарға ие бұл нарықты
игеріп қана қоймай, көптеген процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

11.

Қойма жұмысының техникалықэкономикалық көрсеткіштері:

12.

3. Қорытынды.
Тауарларды қалалардың әртүрлі нүктелеріне жеткізу үшін
үлкен және сенімді логистикалық оператор қажет. Тауарларды
жауапкершілікпен сақтау, жөнелту мен қабылдау дәлдігі қазіргі
логистиканың маңызды критерийлері болып табылады. «Даму» бұл Қазақстанның логистикалық тізбегінің негізгі буыны. «Даму»
компаниясы құрған логистика клиенттерге бағытталған, тиімді
және көпфункционалды.
Логистика секторы әлемнің басты экономикалары
арасындағы сауда ағындарын қолдау мен жақсартуда шешуші рөл
атқарады. «Даму» - ең жақсы логистикалық орталықтың жетекші
операторларының бірі.

13.

Назарларыңызға рақмет!!!
Пайдаланылған әдебиеттер:
• http://htl.kz - Уникальный проект в Центральной
• https://damulogistics.all.biz - Damu Logistics
• http://dlg.kz - Группа компаний Damu Logistics
English     Русский Rules