Similar presentations:
Транспорттық автоқұрылымдар
1.
№2 ТРАНСПОРТТЫҚ АВТОҚҰРЫЛЫМДАР:• ҚАНША ЖОЛ БАР ТҮРЛЕРІ/КАТЕГОРИЯ БОЙЫНША;
• ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША МАГИСТРАЛЬ БАР.
2.
ЖОСПАР:1. ҚР-дағы транспорттық автоқұрылымдар;
2. Еліміздегі транпорттық жол түрлері;
3. Қазақстандағы магистральдар және олардың саны;
3.
1. ҚР-ДАҒЫ ТРАНСПОРТТЫҚАВТОҚҰРЫЛЫМДАР;
Қазақстанда транспорттық автоқұрылымдарға мыналар жатады:
• Теміржол көлігі;
• Автомобиль көліктері;
• Әуе көлігі;
• Су көлігі;
• Құбыр көлігі.
4.
• ҚР-ДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІТемір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен
жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы.
Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол
арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал
құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты.
Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің
көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі
өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына
байланысты пайда болды.
Қазақстандағы көлік (транспорт) түрінің ішінде теміржол көлігі өте маңызды
рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және
ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік
нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде
5.
Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор.Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал
жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде.
Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады.
Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол
торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1
Қырғызстанмен, 2 Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің темір жол
жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2025 жылға
дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км
темір жолды электрлендіру жоспарлануда.
6.
• ҚР-ДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІАвтомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ
аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер
үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы,
бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі.
Оның негізгі себептерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық
болып табылады.
Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке
тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға,
автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын
азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді
қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер енгізілген жаңа
модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға
қарай жетілдіріледі.
7.
2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген.Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі
жөндеуді қажет етеді. Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық
автокөлік бағыттары өтеді.
Автокөлік магистральдары:
• Алматы — Астана — Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскке шығады;
• Алматы — Петропавл, Омскке шығады;
• Алматы — Семей — Павлодар (М-38 трассасы), Омскке шығады;Алматы — Шымкент (М-39
трассасы), Ташкентке шығады;
• Шымкент — Ақтөбе — Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.2009 жылы Қазақстан аумағында
«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды.
Оны 2022 жылы аяқтау жоспарлануда. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і
Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары)
өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз
жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы — 120 км/сағ. Жобады кейбір өзендер үсті
арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал
өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы
кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.
8.
• ҚР-ДАҒЫ ӘУЕ КӨЛІГІҚазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны
алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы.
Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады.
Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық
тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы
сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса
маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады. Соңғы ірі
инвестициялық жобалар:
• Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы;Атырау қаласының
әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы;
• Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы;
• Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
• Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
• Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы.
Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс
Еуропа елдерніе қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде.
9.
• ҚР-ДАҒЫ СУ КӨЛІГІ:Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне
жарамды су жолдары:
• Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан
бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан
көлдері.
• Каспий теңізі арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстанмен
байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық
теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады.
• Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол
халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие.
Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-Қаратеңіз бассейнін тікелей
қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын.
Жоба жүзеге асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға
мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін.
10.
Қазақстан Жолдары – көлік құрылысы саласындағы ірі кәсіпорын. 1995жылы 10 қарашада бұрынғы Автомобильдік жолдары және көлік құрылысы минтерінің орнына құрылған “Қазақстан жолдары” мемлекеттік акционерлік
компаниясының негізінде жеке меншік нысанда қайта құрылды.
Компания автомобиль жолдары мен темір жолдарды, көпірлер мен жол
өткелдерін, жол-құрылысы материалдарын, бұйымдары мен құрылғыларын өндірумен,
жол-құрылысы техникасын жөндеуден өткізумен, жол жұмыстарына қажетті
жабдықтар жасаумен айналысады.
Құрамындағы 20 кәсіпорын бар. “Қазақстан жолдары” құрамындағы
“Қазжолқұрылыс”, “Автосервис”, “Зеленстрой” сияқты ірі өндірістік фирмалар
құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарады. Мысалы, “Қазжолқұрылыс” фирмасы Астана
қаласындағы үкімет үйлерін салып, халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын және
орталық көшелерді күрделі жөндеуден өткізді. “Автосервис” фирмасы “АстанаПетропавл” автомобиль жолын және Астана қаласындағы халықаралық әуежайға
баратын жолды жөндеуден өткізді. Семей қаласындағы Ертіс өзеніне салынған көпірге
І-техникалық санатқа жататын ұзындығы 7 км-лік жалғама жолды салды.
11.
2. ЕЛІМІЗДЕГІ ТРАНПОРТТЫҚ ЖОЛТҮРЛЕРІ;
Қазақстанның автомобиль жолдары - Қазақстан аумағындағы елді
мекендер мен жекелеген объектілерді біріктіретін және көлік құралдарының
қозғалысына, жолаушылар мен тауарларды тасымалдауға арналған автомобиль
жолдарының желісі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісіне 96
мың км-ден астам шақырым кіреді, олардың көпшілігі қайта жаңартуды және
жөндеуді қажет етеді.
Жалпы ұзындығы 23 мың км болатын бес халықаралық автомобиль
маршруттары Қазақстан арқылы өтеді.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолының индексі латын алфавитінің әріптерінен және сандар тобынан тұрады.
Жол индексіндегі сандар индекстің әріптерінен кейін сызықша арқылы беріледі.
12.
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобильжолы индексінің әрпі автомобиль жолдарының класына сәйкес келеді және
анықталады:
«М» - жүрісі көрші мемлекеттің аумағынан басталатын маңызды
мемлекетаралық көлік байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары
үшін;
«А» - қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени
және экономикалық орталықтары арасындағы көлік байланысын қамтамасыз
ететін автомобиль жолдары үшін;
«R» - қалғаны үшін;
«К» - жергілікті маңызы бар; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының
индексіндегі келесі әріптер жолдың әкімшілік-аумақтық бірліктерге жатуымен
белгіленеді.
13.
Автомагистральдар:Нұр-Сұлтан (Астана) - Алматы (М-36 автомобиль жолы) Челябіге шығатын жол
Алма-Ата - Омбыға шығатын Петропавл - Семей - Майқапшағай (М-38 тасжолы),
Омбыға шығу мүмкіндігі бар Алматы - Шымкент (А2 тасжолы) Ташкентке кіре алады
Самараға шығатын Шымкент - Ақтөбе - Орал (М-32 тасжол) 2009 жылы елде Батыс
Еуропа - Батыс Қытай автомобиль жолының құрылысы басталды, ол 2022 жылға дейін
аяқталады.
Жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды, оның 2 787 шақырымы
Қазақстан аумағы арқылы өтеді (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және
Алматы облыстарының бойында).
Асфальтбетон жамылғысының қалыңдығы 80 см құрайды, автомобиль жолының
пайдалану мерзімі күрделі жөндеусіз 25 жыл, максималды жылдамдығы сағатына 120 км
құрайды.
Жоба бірқатар өзендерден өтетін көпірлерді, жолдарды күтіп ұстау кешендерін,
аялдамаларды, автокөлік павильондарын, мал өтетін жерлерді, электронды дисплейлерді
қарастырады. Құрылыспен бір мезгілде облыстардың маршрут бойындағы аймақтарында
жолдар жөнделеді және салынады.
14.
3. Қазақстандағы магистральдар және олардың саны► Жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдарының ұзындығы
5 жыл сайынғы динамика
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Оңтүстік Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Шығыс Қазақстан
2003
2018*
2008*
2013*
88 992,0 93 612,0 96 873,0 96 245,7
7 899,0 7 886,8 7 900,0 7 942,7
6 167,0 5 977,7 6 595,0 6 906,8
9 617,0 9 617,0 9 482,0 9 602,9
2 752,0 2 752,0 3 052,0 3 181,6
5 369,0 6 512,4 6 531,0 6 497,0
4 112,0 4 993,0 5 335,0 4 327,5
8 839,0 8 908,3 8 844,0 8 855,9
9 134,0 9 514,3 9 516,0 9 299,9
2 645,0 3 311,5 3 359,0 3 451,2
3 074,0 2 422,9 2 586,0 2 846,0
5 269,0 5 208,8 7 181,0
4 909,0 5 666,9 5 658,0 5 441,0
7 533,0 9 003,4 8 998,0 8 998,0
- 6 944,2
11 673,0 11 836,9 11 836,0 11 951,0
Автомобиль
▼
► Республикалық маңызы бар автомобиль
магистральдарының ұзындығы
5 жыл сайынғы динамика
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Оңтүстік Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Шығыс Қазақстан
2003
2008*
2013*
2018*
23 061,0 23 503,0 23 657,0 24 387,3
2 266,0 2 265,0 2 278,0 2 316,7
1 872,0 1 872,0 1 894,0 1 891,8
2 664,0 2 664,0 2 529,0 2 821,9
990,0
990,0
990,0 1 120,0
1 144,0 1 287,0 1 287,0 1 414,0
847,0
847,0 1 176,0 1 152,5
2 873,0 2 837,0 2 773,0 2 784,6
1 115,0 1 408,0 1 410,0 1 409,9
1 401,0 1 109,0 1 109,0 1 016,0
910,0 1 033,0 1 033,0 1 049,0
801,0
786,0
786,0
1 290,0 1 517,0 1 510,0 1 662,7
1 468,0 1 468,0 1 468,0 1 468,0
866,2
3 420,0 3 420,0 3 414,0 3 414,0
15.
▼ Жалпы пайдаланудағы темір жол жолдарының пайдалануұзындығы (ҚР аумағындағы басқа да елдердің темір жол
желісін және басқа мемлекеттер аумағы бойынша өтетін ҚР
темір жол желісін қоса)
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Оңтүстік Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Шығыс Қазақстан
Басқа елдер аумағындағы Қазақстан
Республикасының жолдары
2003
2008
2013
14 648
1 601
1 147
1 125
750
431
1 035
1 827
1 182
763
781
619
833
883
1 335
15 082
1 619
1 450
1 099
742
431
1 105
1 942
1 312
755
784
570
927
804
1 206
15 341 16 634,8
1 559 1 579,5
1 444 1 838,7
1 402 1 401,4
742
742,3
431
430,7
1 104 1 103,5
1 940 2 467,1
1 271 1 336,3
755
870,9
926 1 096,6
552
925
925,4
807
806,7
551,6
1 209 1 209,0
336
336
275
▼ Магистральдық құбырлардың ұзақтығы
2003
2018
275,1
Магистралдық құбырлар - барлығы
оның ішінде:
газ құбырлары
мұнай құбырлары
2008
2013
2018
23334,3
16 896
16 295
20238,1
10 138
6 758
10 138
6 157
12318,4
15321,4
7 919,7 8 012,9
16.
Қорытынды.Қазіргі жаһандандыру жағдайында Қазақстан жерінің кең байтақтығы мемлекет пен
оның экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін транспорттық кешенін тиімді әрекетіне
тікелей байланысты.
Жалпы алғанда, отандық тауардың бәсекелестік қабілеттілігі, қызмет көрсетуі
және экономикасының кепілдігі мемлекеттік транзитті транспорттық саясатқа сәйкес
транспорттық инфрақұрылымның жоғарғы технологиясы болып саналады.
Сондықтан да қазіргі жағдайда транспорт Қазақстан экономикасында өте маңызды
рөл атқарады. Мысалы, «2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясының» дәйекті түрде жүзеге асырылуы болса, «Қазақстан Республикасының
транспорттық Стратегиясы» отандық транспорттың бәсекелестік қабілеттілігі мен дамуы
мәселесін қамтамасыз етеді.
Жалпы транспорттық секторды реформалау қалыпты және ұзақ мерзімді даму
бағдарламасына сай жүргізілуде. Транспорттық инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру
Қазақстан территориясында халықаралық тасымалдаудың негізгі бағыттары мен құрылған
халықаралық транспорттық дәліздерге өзара тығыз байланыста жүреді.