126.31K
Category: educationeducation

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін көрсету

1.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының
әлеуетін көрсету, саланың дамуын мемлекеттік
реттеудің негізгі механизмдерін саралау және оларды
шетелдік тәжірибемен салыстыру.

2.

Жоспар.
• Кіріспе.
• Негізгі бөлім.
• Өсімдік шаруашылығының дамуы.
• Мал шаруашылығын дамыту.
• Ауыл шаруашылығы техникасы
• Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеу
• АӨК-тегі инвестициялық субсидиялауды дамыту
және АӨК дамыту механизмдері
• Ветеринарлық талаптар және шетелдік
тәжірибелердің енгізілуі.
• 2019 жылғы жалпы әлеует
• 2020 жылғы ҚР агробағыты
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса
маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ
және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік
тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады.
Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін
жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс
қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді
және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай
жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен
нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді
атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа
жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған
қиыншылықтар тудырды.
Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында
қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын
жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес,
эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын
дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету «философиясы» назарға
алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға
«секіріспен» ауыстырылды.

4.

Негізгі бөлім.
• Өсімдік шаруашылығының дамуы
Еліміздің жекелеген облыстары үшін өткен жыл қиындау болды.
Шілде-тамыз айларында болған аптап ыстықтан соң ұзақ уақыт бойы
жаңбыр жауды, салдарынан жиналған түсім көлемі мен оның сапасына
әсерін тигізбей қоймады. Жалпы, негізгі ауыл шаруашылығы
дақылдарының басым бөлігі бойынша өндіріс пен түсімділіктің орташа
өсімі байқалады. 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн
га аумаққа егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 240 мың га
артық.
Майлы, азық, көкөніс-жеміс бақша дақылдары және картоп
егілетін жерлер көбейеді. Өткен жылы қарақұмық егілетін аумақтар
2018 жылмен салыстырғанда 29,4 мың га азайтылды. Шығыс Қазақстан
(11,7 мың га), Павлодар (9,2 мың га) Қостанай (7 мың га) облыстарында
оның күрт азаюы байқалды. Бұл қарақұмық жармасының бағасына
әсерін тигізді — барлық өңірлерде оның бағасы өсті. Осыған
байланысты,
Тағы бір өзекті мәселе, алқаптардың ластануымен ғана емес,
зиянкестермен және аурулармен күресу болып отыр. Олардың таралу
ошақтарын уақытылы анықтап, химиялық өңдеу жасау түсім мен оның
сапасының азаюының алдын алады

5.

Мал шаруашылығын дамыту
Етті мал шаруашылығы бағдарламасында басты назар
фермерлік шаруашылықтарды құруға бағытталады. Мәселен,
2019 жылы 82,1 мың аналық ірі қара мал басын және 374,4 мың
саулық басын сатып алу қаржыландырылды. Соның нәтижесінде
мал өсіретін 840 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен
салыстырғанда 38%-ға артық. 2019 жылдың қорытындысы
бойынша қой шаруашылығында 1 057 жаңа шаруашылық
құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.
Импорт алмастыру мақсатында сүтті мал шаруашылығын
дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2019 жылы жалпы
мал басы 7,5 мың бас болатын 30 сүт тауар фермасы
қаржыландырылып, іске қосылды (оның ішінде 8-і - өнеркәсіптік
ферма). Салалық бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін
2020 жылы жалпы қуаттылығында сауылатын табыны кемінде 15
мың басты құрайтын 25 өнеркәсіптік СТФ мен 30 отбасылық СТФ
құру қажет.
Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында
импорт алмастыруды жалғастыру үшін құс етінің өндіріс көлемін
одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

6.

Ауыл шаруашылығы техникасы
АӨК-те еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру үшін
бірінші кезекте аграршыларды техникалық қайта жарақтандыру
бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. 2019 жылы жаңартудың
орташа деңгейі 4%-ға жетті (2018 жылы 3,5%),
минималды технологиялық деңгей – 6%
2019 жылы өнімділігі жоғары егістік кешендерінің саны
(143 бірлік) 2018 жылмен салыстырғанда (72 бірлік) екі есеге
жуық өсті. Бұл кешендер бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге
асырады (дақылдандыру, егу, тыңайтқыш қолдану, тырмалау,
топырақ бетін тегістеу және нығыздау.
4 мың және одан көп егістік кешендерінің болуы биылдың
өзінде еліміздің астық танабының 70%-ында егуді қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, республика бойынша
есептен шығарылуы тиіс ауыл шаруашылығы техникасы паркінің
жоғары деңгейі байқалып отыр, бұл машина-трактор паркінің
жаңару қарқынын тежейді. Тозуы 80% құрап отырған ескі
техниканы есептен шығармай жаңарту деңгейін арттыру мүмкін
емес, себебі сатпы алынатын техника барлық техника паркінің
жинытығында көрінбей қалады.

7.

Егін шаруашылығының дамуы
Қазіргі кезде су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген
суармалы жерлер аумағы 1,5 млн га құрайды. АӨК мемлекеттік
бағдарламасы аясында 2017 жылдан 2019 жыл аралығында 146 мың га
суармалы жер қалпына келтірілді. Бұл ретте 2017-2018 жылдары
қалпына келтірілген 80 мың га суармалы жерлердің тек 37,7 мың га
аумағы іс жүзінде мақсаты бойынша пайдаланылады. Биыл 2019 жылғы
орындалмаған көлемді ескерумен 182 мың га жерді қалпына келтіру
жоспарланған (оның ішінде 124 мың га жопар бойынша және 58 мың га
2019 жылы орындалмаған көлем).
Президент 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін 3 млн гаға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту міндетін қойды. Қазіргі кезде облыс
әкімдіктерінің алдында 1 млн га жуық жер алдын ала айқындалған және
МЖӘ тетіктері бойынша жекеменшік әріптестіктің қатысуымен жаңа
суармалы жерлерді дамыту бойынша жобаларды іске асыру және
ирригация жүйелерін салу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау, суару
тәсілдері мен жыртылатын дақылдарды орналастыру және құрылымын
анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте министрлік қосымша
пайдалануға берілген суармалы жерлерді тиімді пайдалану бойынша
жұмыстарды жүргізді.

8.

Өсімдік шаруашылығы және мал
шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Мемлекет өндіріс көлемін арттыру, өнім түсімін көбейту және
өндірілетін өнім сапасын көтеру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін
кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарын жүктемелеу және оларды
отандық шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында аграрлық секторды
дамытуға қолдау көрсетеді. 2019 жылы ақшалай мәнінде 1,6 трлн теңгеге
азық-түлік өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,7%
құрады. 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы сұйық май, ұн өнімдері,
кондитерлік және макарон өнімдерінің өндіріс көлемінің артқаны
байқалды. Ұн, жеміс-көкөніс конверсілері мен шырын, жарма және қантты
кондитерлік өнімдердің, қант өндірісінің көлемі төмендеді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ет және сүт өңдеу саласында
өндіріс өсімі тиісінше 108,1% және 101,4% құрады, бұл жақсы өсім
қарқынын көрсетті. Ет-сүт өнімдері өндірісі 563,5 млрд теңгеге дейін
жетті. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен айналысатын
шаруашылықтардың 60%-ынан астамы мал шаруашылығы саласына
тартылмағанын айта кеткен жөн. Тек 5 облыс бойынша егістігінің жалпы
аумағы 3,9 млн га болатын 270-тен аса шаруашылықтың мал басы жоқ және
тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамтымайды. Осыған байланысты,
мұндай шаруашылықтар мал шаруашылығымен де айналысуы үшін
несиелендіру және субсидиялау құралдары арқылы оларды әртараптандыру
қажет.

9.

АӨК-тегі инвестициялық субсидиялауды
дамыту және АӨК дамыту механизмдері.
АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру
үшін 2019 жылы инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру
жалғастырылды. АӨК субъектілерінің арасында мемлекеттік қолдаудың
аталған құралы қазіргі таңда сұранысқа аса ие. Осы бағдарлама бойынша
2019 жылдың басында 66,5 млрд теңге бөлінді, содан кейін агробизнестің
қажеттілігін қанағаттандыру үшін бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігіне
байланысты жыл соңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
қолдауымен қосымша 41,1 млрд теңге бөлінді.
Соның нәтижесінде инвестициялық субсидия сомасы 107,6 млрд
теңгеге жетті немесе 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті.
Бұл ретте субсидиялауға қатысты берілген өтінімдер саны 22,7
мыңды құрады, ал инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру
басталғаннан бері, яғни бес жылдық кезеңде 22,9 мың өтінім
субсидияланды, бұл ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 501,6 млрд
теңге (өсім 27%) сомасында инвестициялардың өсуін қамтамасыз етті, ал
2018 жылы инвестиция көлемі жалпы 395,6 млрд теңгені құрады.
2019 жылы осы мақсатқа шамамен 21 млрд теңге жұмсалды. Бұл 9
мыңнан астам қарыз шартын субсидиялаумен қамтуға және салаға 372 млрд
теңге қарыз капиталын тартуға мүмкіндік берді.

10.

Ветеринарлық талаптар және шетелдік
тәжірибелердің енгізілуі
Өткен жылы ҚХР-мен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге,
зығырға, бидай ұны мен құрамдас жемге ветеринарлық талаптар мен
фитосанитариялық талаптар келісілді. Бұл ретте, шетелдік Тізілімдерге
3013 қазақстандық кәсіпорын енгізілген, оның ішінде үшінші елдер
Тізіліміндегі 569 кәсіпорын бар (ҚХР, БАӘ, ЕО). Өткен жылы
ветеринарлық қызметпен бақыланатын өнімдерді өндіретін 307
кәсіпорын,
ҚР фитосанитариялық қызметімен бақыланатын өнімдерді
өндіретін 245 кәсіпорын қамтылды. Биыл жыл басынан бері тағы үш сүт
кәсіпорны қамтылды. Енді үшінші елдер Тізіліміне енгізу үшін
қазақстандық кәсіпорындарды тексеруді қаржыландыру бюджет
есебінен жүргізілетін болады, оған алдағы үш жылға 291 млн теңге
бөлінді. Өнімді экспортқа шығармас бұрын үшін эпизоотикалық және
фитосанитариялық қолайлылты қамтамасыз ету бойынша ауқымды
жұмыстар жүргізілуде.
«Ветеринария, тамақ қауіпсіздігі», «Фитосанитария, өсімдіктер
карантині» бағыттары бойынша қажетті шараларды жүргізу үшін
мемлекеттік бюджеттен өткен жылы 51,9 млрд теңге бөлінді, бұл 2018
жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Бұл ретте, оның 57%-ы
республикалық бюджеттен, 43% – жергілікті бюджеттен бағытталды.

11.

2019 жылғы әлеует
2019 жылы АӨК өнімдерінің экспорты 6,4%-ға өсті. 2019 жылы АӨК өнімдерінің
экспорты $3,29 млрд-қа 12,41 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда $198
млн-ға немесе 6,4%-ға артық. Бұл ретте, АӨК өнімдері экспортының жалпы көлемінен
өңделген өнім экспортының үлесі 2018 жылы 33,65% құрады. АӨК өнімдері экспорты
бойынша АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштері асыра
орындалды.
Өткен жылы әлемнің 72 еліне АӨК өнімдерінің 551 түрі
экспортталды. тауарлардың экспорттық номенклатурасының 50,2%-дан астамы өңделген
ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Өңделген өнімдер экспортының тізімінің
кеңейтілуі — бұл аулы шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және өңдеуді дамыту
бойынша жүргізлген саясаттың жемісі.
2019 жылға АӨК саласына салынатын инвестицияларды тарту жоспары 94
инвестцииялық жобаны іске асыруды көздейтін 559 млрд теңгені құрады. Оның ішінде
шетелдік қатысумен 16 жоба бар, олар $837 млн сомасына пысықталу және іске асырылу
үстінде. Ет өңдеу саласындағы ірі америкалық трансұлттық компания «Tyson Foods Inc.»
қатысуымен ет комбинатының салынуын және «Valmont Industries» (АҚШ) заманауи суару
жүйелерін шығаратын зауыт құрылысын перспективалы инвестициялық жобалар ретінде
атап өтуге болады.
Бұл жобалар бойынша ҚР Үкіметінің деңгейінде келісімдерге қол
қойылды. Анықтама. 95 мал шаруашылығы өнімдерінің тобы, 179 өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің тобы. Қазақстандық АӨК өнімдерінің басымдықты нарықтарға экспорты артып
келеді. Мәселен, АӨК өнімдерінің Қытайға экспорты 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне
(Катар, Кувейт, БАӘ, САК, Оман, Бахрейн) 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан,
Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан) 7,4%-ға, ЕАЭО елдеріне 8,2%-ға артты.

12.

2020 жылғы ҚР агробағыты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.
Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытудағы ортақ мақсат еңбек өнімділігі
мен экспортты 2,5 есе арттыруды көздейтінін атап айтқан еді.
Қазақстанның аграрлық әлеуеті аса зор, бұл алдағы бесжылдықта ауыл
шаруашылығында нақты серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін
бірінші кезекте АӨК саласына инвестициялар тарту жұмыстарын жолға
қою қажет. Ел Үкіметі ауыл шаруашылығы саясатының қысқа мерізмді
және ұзақ мерзімді нақты басымдықтарын әзірлеу және қолдау
құралдарын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды
мәселелерінің бірі — АӨК өнімдерінің экспорты, оның әлеуеті аса зор.
Жалпы, экспортты қолдауға бағыттау жоспарланған 500 млрд теңгеден
100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы экспортына бағытталған. Қазір
АӨК өнімдерің экспортының 60%-дан астамы — шикізаттық өнім.
Сонымен қатар жерді тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып
отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген ауыл шаруашылығы
жерлерін түгендеу шарасы арқылы 16,5 млн га аумақтың пайдаланылмай
жатқаны анықталды. Үкімет барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит
жүргізу және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыру
бойынша жұмыстар жүргізуде.

13.

Қорытынды.
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері
мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы
егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998).
Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және
ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық
қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару
механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы
құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік
қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі
мемлекеттік кәсіпорындар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана
өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта
құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы
салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал
шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997
жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2
мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6
мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық
дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т
құрады.

14.

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми
ақпараттық ресурсы
Назарбаев Н.Ә. “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуының және дамуының стратегиясы”
Радугин Н. “Селолық өмір”
Қалиев Ғ. А. “Ауылшарушылығының дамуы” “Егемен
Қазақстан”
Сүндетов Ж. К. “Аграрлық қайта құрулардың
қиындықтары. Ауыл шаруашылық экономика”
Калашников А. В. Особенности перехода к рыночным
отношениям при организации материально-технического
снабжения АПК. Техника в сельском хозяйстве
https://baribar.kz/
https://egemen.kz/
English     Русский Rules