Қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар және оны оқыту әдістемесі
Жобаның жоспары
Ауызша әдеби тілге қойылатын басты талап-сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс дыбыстау,дұрыс айту.Бұл нормаларды ғылымда орфоэпиялық
Орфоэпиялық нормаларды оқыту әдістемесі
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.81M
Category: educationeducation

Қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар және оны оқыту әдістемесі

1. Қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар және оны оқыту әдістемесі

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тіліндегі орфоэпиялық
нормалар және оны оқыту
әдістемесі
Орындаған:Мурзаева Қарақат
Тексерген:Жүніс Майра
Қоқанова Жарқынай

2.

Оқушылырға дұрыс жаза білумен қатар дұрыс айта білуді де
уйрету. Оқушылардың тілдік дүниетанымдарын дамыту.
Орфоэпиялық нормаларды күнделікті сөйлеу кезінде дұрыс
пайданала білуді ұғындыру.
Қазіргі таңда жастар заман ағымына еліктеп ана тілімізге
мүлде жат сөздерді қосып айтып жүргендері жасырын емес. Біз
сол жастарға дұрыс білім бере отырып, қазақ тіліне деген
құрметтерін көтеруіміз қажет.

3. Жобаның жоспары

1
Қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
2
3
Орфоэпиялық нормаларды оқыту әдістемесі
Мысалдар

4. Ауызша әдеби тілге қойылатын басты талап-сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс дыбыстау,дұрыс айту.Бұл нормаларды ғылымда орфоэпиялық

нормалар деп
айтады.
Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни
ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына
негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия
сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс
сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді,
сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша
сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің
орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық
заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің
дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса,
қазақ тілінде сингармонизм зандылығына .

5. Орфоэпиялық нормаларды оқыту әдістемесі

Қазіргі таңда орфоэпия балабақшадан бастап жоғары оқу
орындарының оқу бағдарламаларында қамтылғанмен, нәтижесінде
бүгінгі мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, өзгетілді өкілдер, тіпті
ересектердің де орфоэпиялық норманы сақтамайтындарын байқап
жатамыз. Ал тілдік тұлғаның балабақша мен мектеп жасында
фонетикалық дағдылары дұрыс қалыптаспаған болса, онда ол айтылым
үрдісінде сөздерді дұрыс дыбыстамайды және естігенін дұрыс
түсінбейді. Бүгінгі коммуникациядағы тілдік тұлғаның төл сөздер мен
күрделі сөздер қалай жазылса, солай оқитын дәрежеге жеткен. Оның
себебі әдістемеде орфография мен орфоэпияның қатар
меңгертілмеуінен, екіншіден, бастауыш сыныптан бастап жоғары
сыныпқа дейінгі оқу бағдарламаларында орфоэпия мәселесіне
басымдылық берілмегендігінен

6.

Білектей / арқасында /
өргенбұрұм /Шолпұсұ /
сылдырғағып / жүрсақырын
//Кәмшәтбөрүк / ақтамақ /
қарағасты /Сұлұуғыздың /
көрүппең / мұндайтүрүн // (Абай)
Мұнда өрген бұрым,
кәмшат бөрік, ақ тамақ,
қара қасты, сұлу қыз,
мұндай түр деген сөздер –
анықтауышты тіркестер,
бұлар бір ырғақпен
айтылады. Осылардың
ішінде жоғарғы ережеге
мысал болатындары
сұлуғыз, қарағасты болып.

7. Қорытынды

Қорытындылай келе, «орфография мен
орфоэпияның заңдылықтарын сақтау
сауатты жазу және дұрыс сөйлеу
мәдениеттілігінің көрінісі болып
табылады». Орфоэпия ұлттық тілдің
дамуына тікелей байланысты. Орфоэпия
тұрғысынан қазақ сөзінің айтылуына
нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыстар,
нормадан жөнсіз ауытқу ұлттық тілдің
дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан
қазақ тілі сабақтарында негізгі курспен
қоса қазақ тілінің орфоэпиялық
нормаларын, төл дыбыстарды дұрыс айту
ережелерін қатар меңгерту маңызды әрі
тиімді.

8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ж.Аралбаев Қазақ
фонетикасы
бойынша этюдтер
С.Мырзабеков
Қазақ тілінің
фонетикасы
1
І.Кеңесбаев және
«Қазақ тілінің дыбыс
жүйесі»
3
Ә.Жүнісбеков Қазақ
фонетикасы еңбегі
5
Қазақ тілінің
орфоэпиялық сөздігінің
проспектісі
2
4
English     Русский Rules