Similar presentations:
Шетел тілі сабағында сындарлы оқыту аясында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту
1.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды УниверситетіШетел тілі сабағында сындарлы оқыту аясында
оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту
Акетаева И.М.
6B01705 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру
бағдарламасы
Қарағанды-2024
2.
МазмұныКіріспе
1. Орта мектептерде сындарлы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері;
1.1. «Конструктивизм» ұғымының мәні және оқыту үдерісін ұйымдастырудың
құрамдас бөліктері
1.2. Шетел тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту қағидалары
2. Шетел тілі сабағында сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың мүмкіндіктері
2.1. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар
2.2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
3.
Зерттеудің маңыздылығы:Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы
болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен
сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек
адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз
егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің
өркениетін көтеру мақсатында шетел тілдерін меңгеру, шетелдермен қарым-қатынас
орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Ағылшын тілі пәні сабағында
оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін белсенді әдістерді қолдануға болады. Осы
белсенді әдістерді оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – оқушылардың ойөрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету болып
табылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни
қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың
қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен
сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі оқушылар не
айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта оқушылардың
тілдік дағдысын дамытуда белсенді әдістерді қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең
жақсы амалдардың бірі.
4.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларының сындарлы оқыту жағдайындакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтап,
эксперимент тұрғысынан дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Конструктивизм» ұғымының мәнін ашу;
2. Сындарлы оқыту негізінде ағылшын тілі сабағында оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту жолдарын қарастыру;
3. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
4. Әзірленген ұсынымдардың тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны: Орта буын оқушыларына шетел тілін сындарлы оқыту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: - теориялық (ғылыми–теориялық әдебиеттерді талдау,
салыстыру, нәтижені жобалау);
- эмпирикалық (сауалнама, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды
саралау, оқушылардың өзіндік жұмыстарын талдау, тестілеу, тәжірибелік жұмыс
жүргізу).
5.
Зерттеу жұмысының ғылымижаңалығы мен нәтижелері.
1) Сындарлы оқыту негізінде ағылшын тілі сабағында
оқушылардың
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамытуды қажеттілігі ғылыми негізделді;
2) Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамытуда сындарлы оқытудың ұсынымдары әзірленді;
3) Әдістемелік ұсынымдардың тиімділігі дәлелденді.
6.
1 Орта мектепте шетел тілін сындарлы оқытудың ғылыми-теориялықнегіздері
1.1 «Конструктивизм» ұғымының мәні және оқыту үдерісін ұйымдастырудың
құрамдас бөліктері
Көптеген ғалым-зерттеушілердің айтуынша, дәстүрлі білім беру жүйесі қоршаған
ортадағы өзгерістерді толық көлемде көрсетпейді, оқушыларды одан шеттете отырып,
рухани дамуға ықпал етпей, нақты өмірлік тәжірибесіне сәйкес келмейтін білім мен
түсініктерді қалыптастырады. Жаңа балама-білім беру жүйесін іздеуде педагогикалық
сындарлылық сияқты кең бағыттың пайда болуына алып келді, оның негізгі идеясы
білімді дайын түрде беруге болмайды. Педагогикалық сындарлықтағы таным қоршаған ортаға бейімделу үрдісі арқылы өмірлік міндеттерді шешудің тиімділігі. Оқу
кезінде білім алушылардың білімін табысты алу үшін педагогикалық жағдай жасау
қажет.
Д. Дьюидің пікірінше, шынайы білім «әрекет ету» процесінде білім алуға
мүмкіндік береді, білімнің өзектілігі «ішкі тұлғалық бағдар жүйесінің қалыптасуына»
үлесімен анықталады. Білім-бұл білім берудің мақсаты емес, тек өмірлік мәселелерді
шешуге арналған құрал. Педагогикалық сындарлықтағы таным үрдісі өзі құндылық
болып табылады. Ақиқат атқарылған жұмыстың қорытындысы, жеке ашылымы ретінде
көрінеді. Білімнің құндылығы оның субъективтілігіне негізделген, өйткені
сындарлықтағы білім шындық туралы пассивті мәліметтер ретінде емес, өз тәжірибесі
ретінде қызмет атқарады
7.
Н.П. Шаталованың пікірі бойынша, соңғы жылдары оқу процесінде үнемі өзгеріпотыратын тұжырымдамаларға байланысты білім беру процесі осы саладағы жаңа
стратегиялар мен технологияларды сындарлы іздеу ретінде қарастырылып, ал
сындарлы тәсіл ерекше қызығушылық тудырады. Негізгі себептерін төменде
қарастырдық:
1) сындарлы оқытудың прогрессивтілігі, дәстүрлі теориялар мен әдістер шетіне қарай
кетіп, дамыту әдістемелерін зерттеуге негізделген жаңа шешімдерді іздеу жүргізіледі;
2) мәселені өзі тану процесі (әртүрлі педагогикалық міндеттерді оқу және
алдынғысымен салыстыру негізінде шешу);
3) жалпы қызмет процесінде оқытушы мен оқушы арасындағы сындарлы қарымқатынастардың болуы. Мұғалімнің сындарлы ойлауы мен дағдылары білім алушылар
мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуі болжанады;
4) білім беру қызметін құрылымдау (мұғалім тарапынан сабаққа дайындық, оқушы
тарапынан жоспарланған нәтиже, оған қол жеткізу үшін іс-қимыл жоспары).
8.
Сындарлы оқыту мәніЖеке конструктивизм
Әлеуметтік конструктивизм
Контекстуализм
Білімдер тәжірибеден құралады
Оқыту ынтымақтастықта және
әртүрлі көзқарастармен
құралады
Оқыту нақты жағдайларда
өткізілуі қажет
Оқыту нәтижесі тұлғаның өзіндік
меңгерумен байланысты
Оқыту – белсенді үдеріс, өзіндік
тәжірибемен құралады
Тестілеу білімін тексеру
мақсатында емес, кіріктірілген
болуы шарт
9.
1.2 Шетел тілі сабағында оқушылардың коммуникативтікқұзыреттілігін дамыту қағидаттары
Қазіргі таңда конструктивизм философиясы бүкіл әлемге таралып, білім беру
саласында философия ең танымал екендігі белгілі. Өйткені философия
тұжырымдамасы конструктивизммен талап етілетін қызмет түрлерінің алуан
түрлілігін ұсынатын сандық технологияларды дамуымен байланысты болып отыр.
Ғалым Л.А.Петровская ғылыми-теориялық негізде коммуникативтік құзыреттілікті
зерттеу еңбектерінен бастау алса, ал И.А.Зимняяның жалпы білім беру саласындағы
еңбектерінен көреміз. Осы орайда О.Б.Хововтың пайымдауынша, құзыреттілік
ұғымының мағынасы кең, өйткені, топта жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық,
қабілеттілік, қарым-қатынасқа бейімділігі, оқу, бағалау, қисынды ойлау, ақпаратты
алу мен пайдалану, т.б. іскерліктер енеді - деп санайды. Әрине оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда білім беру мазмұнын жаңғыртуда
түбегейлі өзгерістерді іске асыруда «құзырет» ұғымының басымдылығын
айқындайтынын көреміз. Сондықтан осы мәселені В.В.Краевский мен
И.Я.Лернердің ойларынша, «құзыреттілік» ұғымы абстрактілік пен нақтылық
диалектикалық категорияларының арақатынасы, жүзеге асырылған құзыреттілік, ісәрекеттегі құзырлығы. Жалпы білім беру саласында оқушының коммуникативті
құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағыттау, ал оны ұйымдастырудағы
құзыреттілік бағытын айқындап, білім беру жүйесінің әдіснамасында нақты
білімділік процессуальды негізі ретінде танылып отыр, – деп есептейді
10.
Коммуникативтік құзыреттілік пен дағдыларды өте маңызды орын алады:- Қарым-қатынас жасауға бастамашылық жасау және кірісу;
- Алғашқы жағымды әсер қалыптастыру;
- Сұрақтар қою және жауап беру;
- Әңгіме жүргізу, өз ойын қысқаша және дәл білдіру;
- Сұхбаттасушының ұстанымын, пікірлерін түсінуге ынталандыру;
- Әңгімелесушінің не айтқанын тыңдау, есту және түсіну;
- Кері байланысты қамтамасыз ету, яғни әріптеске оның естігенін және түсінгенін
жеткізу;
- Әңгімедегі, пікірталастардағы эмоциялық шиеленісті теңестіру;
-Әңгімелесушінің бейвербальды оқу және сауатты түсіндіру (көзқарас, мимика,
қимыл);
- қарым – қатынас барысында өзінің экспрессивті сигналдарын басқару;
- басқалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау:
- қарым-қатынастың жеке үлгілері;
- өзара іс-қимыл барысында әртүрлі қарым-қатынас стилін қолдану;
- қарым-қатынас.
11.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамға, қоғамдағы өмір ережелері ментәртіптерін нақты орындауға мүмкіндік беретін коммуникативтік шеберлік.
«Компетенция» термині (латын тілінен аударғанда «сәйкестік») құзырлы тұлға
білім мен тәжірибені игерген сұрақтар жиынтығы дегенді білдіреді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша
түрлі байланыс құралдарын қолдануға;
- әдіскер-ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға; - әдептілік
талаптарына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- өз пікірін айта білуге, оның ішінде басқа да пікірлермен келісе білу,
қарымқатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалдарды шешуді жүзеге
асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі оқытушымен, білім алушылармен топта
қарым-қатынас құруғамүмкіндік береді.
12.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту жолдары13.
Жан Пиаже конструктивизмдісипаттауда келесідей ой келтірген:
«Білім тікелей берілмейді, адам
оны өзі жасайды», - деП
ТҰЖЫРЫМДАҒАН
14.
КОНСТРУКТИВИЗМТЕОРИЯСЫНА
СӘЙКЕС
ОҚУ
МАТЕРИАЛДАРЫН ЖОБАЛАУ ПРОЦЕСІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН 5E
(THE 5E INSTRUCTIONAL MODEL) ОҚУ ҮЛГІСІ ҰСЫНЫЛДЫ.
ОСЫ МОДЕЛЬГЕ СӘЙКЕС, САБАҚ 5 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ,
ОЛАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҰСЫНУҒА
БОЛАТЫН ӨЗ МАҚСАТЫНА ИЕ 5 E ӘРПІНЕН БАСТАЛАТЫН
СӨЗДЕР:
Engage (тарту).
Explore (Зерттеу).
Explain (Түсіндір).
Elaborate (өзіңіз көріңіз).
Evaluate (материалды меңгеруді өзін-өзі бағалау).
15.
2 Шетел тілі сабағында өздігінен іздендіре оқу дағдысын қалыптастырудыңтиімді әдіс тәсілдері, технологиялары
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар
Шетел тілін оқытуда әдістемелік ұсынымдар қандай да бір тақырыпты зерделеу, сабақ,
іс - шаралар өткізу тәртібін, логика мен акцентін көрсетеді. Әдістемелік ұсынымдарда
жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің дәйектілігіне ғана емес, оң тәжірибе негізінде
жасалған бір немесе бірнеше жеке әдістемелерді ашуға да назар аударылатыны белгілі.
Әдістемелік ұсынымдар құрылымы
Әдістемелік ұсынымдар әдістемелік өнім түрі ретінде:
- титул парағы;
- Аннотация;
- автор туралы мәлімет (авторлар);
- түсіндірме жазба;
- мазмұны;
- берілген тақырып әдебиеттер тізімі;
- қосымша (қажет болған жағдайда).
16.
Мектепте шетел тілін оқыту келесі мақсаттарға бағытталған:- коммуникативтік құзыреттілікті оның құрамдастарының жиынтығында дамыту,
атап айтқанда:
- сөйлеу құзыреттілігі - сөйлеу әрекетінің төрт түрі коммуникативтік дағдыларды
дамыту (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу);
- тілдік құзыреттілік-қарым-қатынас тақырыптары мен жағдайларына сәйкес тілдік
құралдарды (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық) меңгеру;
- әлеуметтік-мәдени, мәдениетаралық құзыреттілік- әртүрлі оқыту кезеңдерінде
оқушылардың тәжірибесіне, мүдделеріне, психологиялық ерекшеліктеріне жауап
беретін қарым-қатынас тақырыптары, салалары мен жағдайлары шеңберінде тілін
оқып жатқан елдерінің мәдениетіне, дәстүрлеріне, шынайылығына баулу;
мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін, мәдениетін көрсете білуді
қалыптастыру;
- құзыреттілік - ақпарат алу және беру кезінде тілдік құралдардың тапшылығы
жағдайында қалыптан шыға білуді дамыту;
- оқу-танымдық құзыреттілік-жалпы және арнайы оқу іскерліктерін, әмбебап ісәрекет тәсілдерін дамыту; мәдениеттерді өз бетінше оқыту әдістерімен, соның
ішінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып танысу
17.
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижелеріЭкспериментік зерттеу жұмыстары Қарағанды қаласы ЖББ №5 орта мектеп 6
сынып оқушылары арасында өткізілді. Зерттеудің эксперименттік бөлімі теориялық
зерттеуден, ізденіс және оқу-тәжірибе эксперименттерінен тұрады. Тәжірибелікэксперимент жұмысы үш кезеңде өткізілді (анықтау, қалыптастыру, бақылау). Бақылау
тобы мен эксперименттік топтардың бастапқы дайындықтары бір-біріне жақын
болатындай және саны жағынан да теңесетіндей етіп таңдап алынды. Біздің зерттеу
жұмысы бойынша оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда
эксперименттік тәжірибеге эксперименттік топта 15 - оқушы, бақылау топтарында да
15- оқушы қатыстырылды. Зерттеу жұмысымыздың алғашқы сатысында мектеп
оқушыларына коммуникативтік құзыреттілігін дамыту қажеттілігіне мотивациондықұндылықты қатынасын анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік.
Эксперименттік жұмыстың мақсаты – берілген зерттеудің ғылыми ғылыми
гипотезасын эксперимент жүзінде тексеру. Осы мақсатқа жету үшін келесі
міндеттер белгіленді:
оқушылардың ағылшын тілінде өз пікірлерін тілдесімнің жазбаша және ауызша
түрлерінде логикаға қонымды жеткізе білу деңгейлерін анықтау;
жаттығуларды орындау барысында рефлексивті бағалау іскерліктерін анықтау;
оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін даму деңгейін анықтау;
алдыға қойылған мақсатты жүзеге асыруда констатациялық, қалыптастыру және
бақылау эксперименттерін қолдану.
18.
Эксперименттік жұмыстың дайындық кезеңнің міндеттері:оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы сындарлы оқыту
теориясының маңыздылығын диагностикалау.
оқу үдерісінің ұйымдастырылуын бақылау;
констатациялық тексеріс жүргізу;
алынған нәтижені талдау;
эксперименттік және бақылау топтарын белгілеу;
эксперименттік оқу материалын дайындау және әзірленген әдістемелік
ұсынымдардың тиімділігін тексеру.
Алдыға қойылған міндеттерді бірізділікті орындалуының нәтижесінде:
оқу бағдарламасында шетел тілдік қарым-қатынастың ауызша және жазбаша түрін
оқыту әрі дамыту мақсаттарының бірі – логика тұрғысынан дұрыс, дәлелді түрде
белгілі ақпаратты жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыруды көздейтіні
анықталды.
19.
Диагностикалық кезең.Констатациялық эксперименттің мақсаты сәйкес 6 сынып оқушыларының
мотивациялық-құндылықты қатынасын анықтауда сауалнама жүргізу әдісі
қолданылды. Сауалнама сұрақтарының мазмұны зерттеудің мақсатына қарай құрылды.
Әр сұраққа жауап беруге мүмкін болатын жауаптардың барлық түрлерін ескере
отырып, бірнеші жауап нұсқалары енгізілген. Қажетті жағдайда сауалнамаға жауап
берушілер жауаптардың өзіндік нұсқаларын беруге мүмкіндіктері болды. Сауалнама
жүргізу әдісі уақытты үнемді пайдалануға, келешек сараптама мен интерпретацияға
қажетті фактологиялық материал алуға мүмкіндік беруі, біздің берілген әдісті
қолдануда шешуші рөл атқарды. Осылайша, аталған әдістің ерекшеліктері ғылыми
зерттеудің тиімді әдістің бірі ретінде негіз болып отыр.
Зерттеу объектісінің қалыптасуының сапалы деңгейін анықтау мақсатында нәтижеге
жетуін бағалаудың деңгейлі шкаласы әзірленді.
Нәтижеге жетудің
оптималды деңгейі
Жоғары деңгейі
Орташа деңгейі
Төмеңгі деңгейі
100-90 балл
89-75 балл
74-55 балл
54 және
одан төмен
20.
Констатациялық эксперименттің нәтижелері60
50
40
БТ
30
ЭТ
20
10
0
К1
К2
К3
К4
К5
К6
К7
21.
Деңгейлік шкалаСапа көрсеткіштері
Айтылымдардың
интенционалдығы
Айтылымдардың
логикалық бірізділігі
Айтылымдардың
тақырыптық мазмұны
Айтылымдардың дәлелдеу
құралдарын тиісті
қолдануы
Айтылымдардың мақсатқа
бағыттылығы
Тақырыптық лексиканы
дұрыс қолдана білу
Жағдаятқа рефлексивті баға
беру
Барлығы:
балл
көрсеткіші
20
алынған нәтиже деңгейі
балл түрінде
ЭТ
БТ
10
11
10
5
4
15
9
9
10
8
6
15
7
7
10
6
7
20
7
6
100
52
50
22.
ҚорытындыБілім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың
әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік,
ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа
технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз
мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше
орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен
таңдайды.
Қазіргі таңда конструктивистік көзқарастарға негізделген отандық және шетелдік
ғылымдар әдістемесінде кеңінен қолдануда. Конструктивизм - педагогикалық
философияның негізгі бағыты, оның негізгі идеясы дайын білім қорымен бөліспеу,
педагогикалық жағдаятта өзара әрекеттесу арқылы өзіндік әлем бейнесін құру.
Конструктивизм теориясына сәйкес оқу материалдарын жобалау процесін
жеңілдету үшін 5e (The 5e Instructional Model) оқу үлгісі ұсынылды. Осы модельге
сәйкес, сабақ 5 кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы ағылшын тілінде ұсынуға
болатын өз мақсатына ие 5 E әрпінен басталатын сөздер: Engage (тарту). Explore
(Зерттеу). Explain (Түсіндір). Elaborate (өзіңіз көріңіз). Evaluate (материалды
меңгеруді өзін-өзі бағалау).