Similar presentations:
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет институты
Қазақ филологиясы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУЛЫҚТАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
Орындаған: ҚТӘ-14 тобының студенті
Әбутәліп А. Ә.
Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Есматова М. Т.
Петропавл, 2016
2.
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ
1 ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН
ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2 БАСҚА ҰЛТТЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ
ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
2.1 Өзге ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
3.
КІРІСПЕ4.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл
деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi. Республикада
мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп отыр. Әлемдік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе
екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, дамыту үшін
мемлекеттік қамқорлыққа алу мақсатында, ал екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі. Мемлекеттік
тіліміз – Қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің
өзекті де келелі мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік қорын игеруді ғана
жатқызу жеткіліксіз. Өйткені сол сөз, сөйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сөйлеу жағдаятының қай түріне
орай қолдана білуді анық түсінігі болуы қажет. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін
жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты
мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы
ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдықсаяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру.
Осы құжатта «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді
меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру
процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды» делінген.
5.
• Қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды жетілдіруді де естен шығармағанымыз жөн. Өйткені бұл өте маңыздыда күрделі мәселелердің бірі. Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы сөз болғанда әуелі осы тұрғыда
қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Ал мемлекеттік тіл ретінде үйрету, оны оқытудың мақсат-мүддесін
айқындау әдістемелік құрал тақырыбына сәйкес пайымдалып отыр. Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде
қазақ тілін дамыта оқытудың әдістемелік негіздері «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым болып бірден
қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде
оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету
жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың
жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды, артына
мол қалдырды. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов – қазақ тілін оқыту
әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін
салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы»
деген атпен әдістемелік кітапша шығарды.
6.
Зерттеу нысаны. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналғаноқулықтықтар мен бағдарламар. Оқыту әдістемесіне арналған бағдарламаларды сөз етіп, оқулықтарды
салыстырып, талқылау – зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.
Зерттеу пәні. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері пәні.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – ұлттық мектептерде қазақ тілі
мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтар мен бағдарламалар жөнінде мәлімет беру. Осы мақсатқа
сай мынадай міндеттер туындайды:
1.Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебитеін оқыту әдістемесіне
арналған бағдарламар туралы толық мәлімет беру;
2. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтарды
салыстырып, талдау. Кемшілік тұстарын талқылау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында А. Сатыбаева, Г.Сатыбаева,
А.Е.Әбілқасымова, Н.Оразбаева, Қ.Жақсылықова сынды ғалымдардың еңбектері негізгі дереккөз болды.
Аталған ғалымдардың оқулықтарында ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған
оқулықтар мен бағдарламалар жөнінде мәліметтер мен ғылыми еңбектердегі теориялық деректер толық
қамтылды.
7.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:- Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтар мен бағдарламаларды талдап, мәлімет беру,
сәйкестігін, кемшілік тұстарын анықтау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Жұмыс барысында баяндалған тұжырымдар мен нақты деректерді «Ұлттық
мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері» курсында көмекші құрал ретінде практикалық тұрғыдан қолдануға
болады.
Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері. Жұмысты жазу барысында талдау, баяндау, сипаттау тәсілдері қолданылады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- қазақ тілі көркемдік жағынан бай тіл;
- мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады;
- қазақ тілін ұлт мектептерінде жүргізу, жалпы өзге ұлт өкілді оқушыларға қазақ тілін үйрету ұзақ уақыт бойы, яғни XX ғасырдың
30 -жылдарынан бастап қалыптасқан;
- ұлттық мектептерде жүргізілетін қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар біршама жылдар
бойы қалыптасып, әбден орнығып қалған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі мәселені қамтитын екі тараудан және екі тармағынан, қорытындыдан
тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
8.
1 ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІМЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН
ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
9.
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтыңавторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек
еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов –
қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер,
тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның
жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам
ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері
қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде
оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы»
деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына
сай бес рет қайта басылып шықты. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы
негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы
«Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі
баспадан шықты.
10.
1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салғанабзал азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ
тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор
Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек
қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген
көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс
мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра
бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде
«Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» (1941) атты еңбегін
жазып, натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін
тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания
казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғайды.
11.
Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Соныменқатар қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар
жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор
Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып
табылады. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан
білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі»
баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық
көрді.Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік
жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы
жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін
мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс
мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы
қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға
оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен
қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің
қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің
тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің
сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының
психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше
көңіл бөлінуі қажет.
12.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары менжағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және
лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен
бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.
Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары
(не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы
(қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту
кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі
арасындағы ұштастық мәселелері.
Жаңа оқулықтармен еліміздің барлық мектептері міндетті түрде
қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың аяғында «Баршаға арналған қазақ тілі» жаңа
әдістемесі дайын болады. 2017 жылдан бастап оны оқыту орыс тіліндегі мектептерге
енгізіле бастайды. Негізгі акцент ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа
жасалатын болады. Оқулықтар, электронды қосымшалар кең қолданыстағы сөздер
мен сөз тіркестері бойынша әзірленеді. Олардың барлығы қазақ тілінің жиілік
сөздігіне жинақталған. Бұл сөздерді жеңіл түсінуге және қолдануға болады.
13.
Бағдарламаның түрлеріне типтік, жұмыс,авторлық, оқу бағдарламаларыжатады.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат,оқушылардың
білім,білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, ұсынылатын оқыту
формалары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың
тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен
берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты
жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі
құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Бағдарламаның қызметі – мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру,оған
әдістемелік көмек беру. Бұл үшін бағдарлама практикалық жұмыстың түрлері,
оқушыға берілетін нұсқаулар енгізіледі. Қазақ тілі пәнінің оқыту мазмұны да
бағдарлама арқылы көрсетіледі. Пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу
жүйесі жүргізілуі мүмкін емес. Қазіргі уақытта I-IV сыныпқа, V-IX сыныпқа
арналған бағдарламалар бар. Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады:
1.Түсініктеме.
2.Білім мазмұнының міндетті деңгейі.
3.Базалық білім мазмұнының сыныптар бойынша жіктелуі.
14.
Оқу жоспары бойынша I-IV сыныпта қазақ тіліне 272 сағат беріледі.Бастауыш сыныпты бітірген оқушы шамамен 400 сөз білуге тырысу керек. Кітапта
жуан айтылатын сөздер жуан әріптермен,жіңішке айтылатын сөздер жіңішке
әріптермен жазылған. Сонда бала жуан әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып оны
жуан айтуға, жіңішке әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып оны жіңішке айтуға
тырысады және сол дыбыстардың айтылу бейнесін көрсетіп отырған жөн.
Бағдарлама орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарты
негізінде жасалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңын
әдіснамалық басшылыққа алады. Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның
мазмұндық бағыттары мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылады: Бастауыш
сыныпта (I-IV) қазақ алфавитін,оның ішінде қазақ тілінде қиын дыбыстардың
айтылуын, жасалу жолдарын үйрету, сөздік қорын байыту, үйренген сөздерін сабақ
барысында пайдалану, сөз, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді құрастырып дұрыс
оқу, мұғалімнің сұрағына жауап бере білуге үйрету. Бағдарлама бойынша I сыныпты
бітірген бала – 60-70, II сыныпта – 70-80, III сыныпта – 80-90, IV сыныпта – 90-100
сөз біліп, сол сөздермен ауызекі сөйлесе білу керек.
15.
1. Тіл дамыту: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу2. Фонетика: дыбыстардың жуан және жіңішке болып үндесуі. Қазақ тілінің
қиын дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру және сөз ішіндегі жуан,жіңішке
дыбыстарды түсінетіндей етіп үйрету.
3. Интонацияны дұрыс қою (бұйрық ретінде, хабарлы және сұраулы)
4. Қиын дыбыстардың жүйесі және дыбыстардың жазылуы немесе
таңбалары.
5. Лексика: оқушылардың 4 жыл ішінде 400-ге жуық қазақша сөздерді
меңгеруі. Сөздер эксперименттік-статистикалық жолмен таңдалған. Олар сынып
бойынша былай жіктелген: I сыныпта 60-70 сөз, II сыныпта 70-80 сөз, III сыныпта
80-100, IV сыныпта 100-120 сөз, әрбір сабақта орта шамамен алғанда 2-3 сөздің
меңгерілуі және олардың морфологиялық нұсқалары қарастырылған.
16.
I сыныпта сабақтар тек қана оқу арқылы берілмей, мұғалім мен оқушы диалогі арқылы да өтеді, басқашаайтқанда, мұғалім сабақ үстінде қазақша сұрақ-жауап арқылы сөйлетеді, үй тапсырмасы берілмейді, келесі күні
тексерілмейді,осыған орай баға да қойылмайды,жазудан жаттығулар да берілмейді; сөз құрау кеспе әріптер арқылы
жасалады. Осы берілген шаралар сабақта балалардан, үйде ата-аналардан психологиялық күш түсірмеуге көмектеседі.
V-IX сыныпқа арналған бағдарлама мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды:
1. Қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни тілдік қарым-қатынастың қызметін меңгеру;
2. Тілдік білім жүйесін танып-білу, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік,
стилистикалық ерекшеліктерін танып-білу;
3. Танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл
арқылы таныту. Бағдарламаның мақсаты – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте
алған білімін жалғастырып, V-IX сынып арасындағы білім мазмұнын "қоршаған орта" тақырыптары арқылы
теориялық жүйелеу, сөздік қорын байыту. "Менің Республикам" тақырыбы бойынша өлкетану материалдары негізінде
оқушылардың ой-өрістерін дамыту, ғылыми,публицистикалық стиль ерекшеліктерімен таныстыру, грамматикалық
білімдерін тереңдету (VII-VIII сынып). Осы тақырып негізінде оқушылар Қазақстан мемлекетінің теориялық
тұтастығын, этномәдени бірлігін, тәуелсіздігін, Конституциясы мен Заңдарын құрметтеуге, оның материалдық және
мәдени-рухани, әдеби құндылықтарын,географиясын,тұрғын халықтарының этномәдениетін тануға тырысады және
қазақ тілін меңгеруі мақсат етіледі. Мысалы, IX сыныпта "Елтану" тақырыбы бойынша біртұтас білім қалыптастыру,
халық ұғымынан мағлұмат беру, грамматикалық білімді күрделендіру, тілдік қарым-қатынастың, этномәдениет
біліктерін арттыру.
17.
2 БАСҚА ҰЛТТЫ ОҚЫТУҒААРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫ
МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
18.
Оқу пәндерінің бағдармалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесінұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Мысалы, қазақ тілі оқулықтары.
I сынып оқулығының авторлары: Ә.Жүнісбек, Б.Баймуратова, Ж.Сүлейменова, С.Бітібаева. Кітаптың 3-бетінде ата-аналар мен
мұғалімдерге қысқаша нұсқау берілген. Соңында қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер берілген. Материалдар көбінесе сұрақ-жауап
арқылы орналастырылған. I сыныптағы сабақтың саны – 32 сағат.
II сынып оқушыларының қазақша тіліне тән дыбыстарды мұғалімнің оқыған үлгісі бойынша оқытуға жаттықтыру керек, екі
тілде де бар дыбыстарды бұрмаламай, дауыс ырғағын, сақтап оқытуға дағдыландыру керек. III сынып оқулығы. Орыс тілінде оқытылатын
жалпы білім беретін мектептерде III сыныпта қазақ тіліне – 68 сағат, яғни аптасына 2 сағат берілген. III сыныпта қазақ тілін оқытудың
негізгі мақсаты: оқушыларда күнделікті қарапайым, оқу-әңгімелі қазақ тілінің дамуы мен қалыптасуы.
1. Қайталау. Дыбыстарды дұрыс айту және қоюды әрі қарай үйрену. Сингармонизм жазуын көріп қабылдау. Дәріс сөздерін еркін пайдалану.
Мәтін бойынша диалог құрастыру.
2. Қазақша тіл дамыту және оқу. Сингармонизм сөздерді тыңдау және айту. Сөздер және сол сөздермен үлгі сөйлемдер. Тақырыпты
күнделікті жағдайлар (уақыт, күнтізбе, жыл мезгілдері) арқылы кеңірек ашу.
3. Сөйлесу тілі. Лексикалық минимум, басқаша айтқанда, басқа пәндермен байланысты жаңа сөздер мен сқйлем енгізу.
4. Сөйлемге қашан, қандай сұрақтарын енгізу. Септік, тәуелдік категориясын енгізу. Мысалы: Кімнің қаламы? – Менің қаламым.
5. И, У, Я, Ю әріптері, олардың жазылуы, айтылуы.
6. Мәтін күнделікті сөйлесу пәні – әңгімелесу, балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер.
19.
IIIсынып
оқулығының
авторлары
–
Ә.Жүнісбек,
Б.Қалмағамбетова, Ж.Мәжитқызы. Қазақ тілі оқулығымен бірге,
әдістемелік нұсқау және оқуға арналған кітап беріледі. Қазақ тілі
оқулығының бағдарламасында қазақ тілін грамматика арқылы үйрету
түрі алынбаған. Тек IV сыныпта ғана ана тілі негізінде
дауысты,дауыссыз дыбыс,бауын,сөз деген лингвистикалық түсініктер
берілді. I сыныпта дұрыс жазу кесте әріптер арқылы жасалады. Ал
дәптерге жазу II сыныпта басталады.
20.
Оқулықты талдау үлгісіЖоспар:
1.Оқулықтың сыртқы безендірілуі – автор, мұқабаның ішкі-сыртқы көрінісі,бекітілген жері,
шыққан баспасы, оқулықтан ғылыми бөлігі, арналған сыныбы т.б. жайында.
2.Оқулықтың ішкі құрылысы, тілдің ғылыми салаларының берілу мазмұны.
3.Тілдің ғылыми теориясын түсіндіру жолы және оқыту әдістері.
I-IV сынып аралығындағы оқулықтар Ә.Жүнісбектің, А.Қайырбекованың әдістемелері бойынша
жазылған. Бұл аралықта оқушы 4 жағдаятқа байланыста 400 сөз білуі тиіс. Олар:
1) ойынға байланысты сөздер;
2) тамаққа байланысты сөздер;
3) сабаққа байланысты сөздер;
4) киімге байланысты сөздер.
21.
IV сыныптан бастап қазақ тілі сабағында әріп, дыбыс, буын, түбір т.б.грамматикалық ұғымдар беріледі. Орыс мектебінде I-IV сынып аралығында қазақ тілінен 9
дауысты дыбыс үйретіледі. Олар: а, ә, ы, і, ұ, ү, о, ө, е және санға байланысты 21 сөз. 0-ден 9-ға
дейін сандар және 100 – 1000 сандары. Түс атауларына байланысты 7 түс білулері керек. Олар:
ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл, қоңыр. Оған қоса екі түс – сұр, ала деген түстері үйретеді.
II сынып оқулығында білім мазмұны, оқулықтағы жүйелі тақырыптар желісі сөйлеу
және таным әрекеттерінің негізінде қалыптастырып, технологияның басты өзгешелігі арқылы тіл
үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып-білуге талпыныстың
пайда болуына жетелейтін коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған.
22.
II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:"Менің отбасым" тақырыбы
- Сенің атың кім? – Менің атым – Ғалия.
- Сен нешінші сыныпта оқисың? – Мен екінші сыныпта оқимын.
- Сенің отбасында неше адам бар? – Менің отбасымда алты адам бар.
- Олар кімдер? – Атам, әжем,әкем, шешем, сіңлім және мен.
"Менің үйім" тақырыбы
- Сен қайда тұрасың? – Мен Алматыда тұрамын.
- Үйлерің қай көшеде? – Үйім Сайын көшесінде.
- Нешінші үй? – № 62 үй.
- Нешінші пәтер? - № 10 пәтер.
- Пәтер нешінші қабатта? – Пәтер үшінші қабатта.
23.
V сынып оқулығының авторы – Ж. Адамбаева. Оқулық 6 блоктан тұрады, әрбір блоктыңіші 12-15 мәтіннен құралған. Әрбір мәтін шығармалардан алынған. Оқулықта 70 параграф, "
Суреттер мен 250 жаттығу және қосымшалар" деген атпен тіл дамыту грамматикалық ережелер
берілген. Әдістемелік нұсқаулар болады. Диктантты 5-10 минут өткізу керек. Шығарманы
жазбаша, уақыт жетсе ауызша да өткізуге болады. Қазақ тілі оқулығы ( 5-сынып) оқушылардың
сөйлеу әрекетін ( түсіне білу, сөйлеу, оқу, жазу, аударма) дамыту мақсатында төмендегідей
тақырыптар бойынша қарастырылады: Мектеп және біз, менің достарым, жыл мезгілдері, біз
ауылда, қалада тұрамыз, біздің еліміз, жануарлар әлемінде. Тақырыптар 6 блокқа бөлініп (әр
блок 11, 12 мәтіннен) беріледі. Оқулыққа енген мәтіндер әдеби шығармалардан алынады. Әр
блоктың соңында " өткенді қайталау" деген атпен алдыңғы материалды еске түсіру, пысықтау
мақсатында жаттығу, өздеріңді тексеріңдер (қажетті тақырыптар төңірегінде), жаңа сөздерді еске
түсіру секілді, т.б. тапсырмалар қамтылады. Мұндай қайталау сабағының мақсаты – жаңа сөз,
сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, өлең, мақал, жұмбақтарды еске түсіру жолымен қазаақша
ауызекі сөйлеуге,сауатты жазуға жаттығу.
24.
Қазақ тілін оқытудың негізгі мазмұндық бағыттары" Қазақ тілі " пәнінің мазмұнының негізгі жолдары:
- қазақ тілінде сөйлей білу бағдарын қалыптастыру ( қарым-қатынастық, біліктілік) ;
- линвгистикалық білім жүйесін танып-біліп ( тілдік біліктілік ).
IX сынып оқушылары мектептің негізгі сатысында алған білімдерін жинақтап, сөйлеу
әрекетінің барлық түрлерінің ( түсіну, оқу, жазу, сөйлеу ) білік пен дағдыларын қалыптастыра
алады. Осы кезде оқушылар тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі мәтін ұсынады. Оның
ішінде ресми қарым-қатынастарға аса мән беріледі. Мәтінмен жұмыс істеу дағдылары
қалыптасады. Мәтін бойынша жоспар құрып, конспект, реферат, шығарма жазады, үлгі бойынша
мәтін құрастырып жаттығады.
25.
ҚОРЫТЫНДЫТіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі
мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер
тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін,
өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу
және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау
қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып
жүргізгенде жүзеге асады.
Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана
қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму
бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол
халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде
танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл
үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін
таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.
26.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:1. Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық
проблемалары, оларды шешу жолдары: Фил. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1998. – 132 бет.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.
3. Маңғыстау облысы білім басқармасы http://mangystau.edu.kz/kz/events/news?title сайты.
4. Сатыбаева А., Сатыбаева Г.Қазақ тілін оқыту әдістемесі ( мемлекеттік тілде оқымайтын мектептергеарналған ): Оқуәдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2008.- 232 бет.
5. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы: «Мектеп», 1987.
6. Халық университетінде оқытылатын қазақ тілінің үлгілік программасы мен методикалықнұсқаулары. Алматы, 1989.
7. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. Қазақ тілі ( оқу орыс тілінде жүретін мектептердің I-II сыныптарына
арналған ). Алматы: «Рауан», 1994.
8. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесі – Алматы: Ана тілі, 1996 – 208
бет.
9. Ушинский К. Д. Избранные педагогические произведения.М., Просвещение, 1968.
10. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000.
27.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – 2-басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. –
Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 бет.
2. http://collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-11736 сайтынан.
3.
http://sabaq.kz/19974/%D1%81%D1%8B%D0%BD-%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%BD%D1%96%D2%A3%D1%81%D3%A9%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%96/ сайты
4. Уикипедия
5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 бет.
6. Н. Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы: - Оқулық. - Алматы,2007. - 390 бет.
7. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі: ҰБТ-ға дайындық оқулық-тесті / Қанат Ибрагимов. – Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2012. – 283
бет.
8. Martebe.kz/etistiktin_turleri сайтынан
9. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахкого языкознание. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.
– 488 бет. + 12 бет суретті жапсырма.
10.http://itest.kz/lekciya_gerundij_tujyq_etistik_qoldanu_erekshelikteri_sojlemdegi_qyzmeti_formalary_the_gerund_th
e_infinitive сайты.
11. Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық құрал. Алматы,2001.
http://referattar.kazaksha.info/%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%88%D0%BF%D0%B5%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%81%D1%8B сайты.
12. el.kz сайты.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!