Ғылыми мақала қалай жазылады? Ғылыми стиль
Ғылыми нәтижелерді мәтін түрінде берудің нұсқалары
Ғылыми мақалалардың берілуі
МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ Ғылыми мәтіннің құрылымы
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ Ғылыми мәтіннің құрылымы
Ғылыми мәтінді баяндау мәнері
Ғылыми мәтінді баяндау мәнері
Терминдерді қолдану
Ғылыми мәтіннің лексикасы (тілдің сөздік құрамы)
Сөздер мен сөз тіркестерін қысқарту
Ғылыми стильдегі сленг пен жаргон
Сілтемелер және авторлық құқық
Ғылыми нәтижелерді безендіру кезеңі
Жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялайтын басылымдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар
Ғылыми-техникалық ақпараттық мемлекетаралық рубрикатор
ҒТАМР Информатика
Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ)
ТАПСЫРМА
694.00K
Categories: educationeducation lingvisticslingvistics

Ғылыми мақала қалай жазылады? Ғылыми стиль

1. Ғылыми мақала қалай жазылады? Ғылыми стиль

2.

Ғылыми мақала зерттеуші іс-әрекетінің негізгі
нәтижесі болып табылады.
Ғылыми мақала – диссертация тақырыбымен
байланысты проблемаға кіретін қандай да бір
тақырыпты ашатын аяқталған және логикалық
біртұтас шығарма
Ғылыми мақаланың басты мақсаты –
автордың
жұмысын
басқа
зерттеушілердің
игілігіне жарату және белгілі бір зерттеу
аумағындағы оның басымдылығын көрсету.

3. Ғылыми нәтижелерді мәтін түрінде берудің нұсқалары

Монография – бір немесе бірнеше авторлардың
бір проблеманы немесе бір тақырыпты жан-жақты
және толық зерттеулерін қамтитын ғылыми
немесе ғылыми-танымал басылым.
Ғылыми еңбектердің жинағы -
қоғамның
немесе ғылыми мекеменің, оқу орынының
ғылыми материалдарынан тұратын жинақ.

4.

Конференция
(съезд,
симпозиум)
материалдары – конференцияның (баяндама,
нұсқау, шешімдердің) қорытындысынан тұратын
мерзімсіз жинақ.
Баяндамалар
тезисі/ғылыми
конференциялар (съезд, симпозиум) –
конференция басталғанға дейін алдын ала тезис
түрінде (аннотация, баяндамалар рефераты,
хабарлама түрінде) шығатын мерзімсіз басылым.
Баяндамалар тезисі 1-2 беттен тұрады, олар
басылым ретінде есептелмейді.

5.

Ғылыми журнал – ғылыми қызметкерлерге
арналған
теориялық
зерттеулер
жайлы
қолданбалы
сипаттағы
материалдар
мен
мақалалардан тұратын журнал

6. Ғылыми мақалалардың берілуі

ғылыми-зерттеу нәтижелері жайлы қысқаша
хабарлама;
жұмыс нәтижелері жеткілікті түрде жан-жақты
баяндалған өзіндік ғылыми мақала;
тарихи-ғылыми сипатта;
пікірталас түрінде;
ғылыми-публицистикалық;
жарнамалық.
Мақаламен жұмыс істегенде ғылыми мақаланың жалпы
жоспарын құру приниптері мен ғылыми стильді сақтау
керек

7. МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

аннотация (түйіндеме);
кіріспе бөлім;
негізгі бөлім;
қорытынды бөлім;
әдебиеттер тізімі;
кілттік сөздер.

8. Аннотация

Мақалаға авторлық түйіндеме - бұл тек қана
негізгі мәселелерден тұратын жұмыстың қысқаша
сипаттамасы.
Түйіндемеде жұмыстың негізгі идеяларын анықтау
қажет, оларды біріктіріп, өте қысқа түрде беру
керек. Түйіндеме жұмыстың барлық мазмұнын
бере отырып,
өзектіліктен, проблеманың
қойылуынан,
қойылған
проблеманы
шешу
жолдарынан, нәтижелер мен қорытындыдан
тұрады.
Әрбір тарау бір сөйлеммен ғана жазылады.

9.

Сондықтан да, түйіндемені жазудың кілттік кезеңі
ойды нақты баяндау болып табылады. Түйіндемені
жазуда жалпы қабылданған, белгілі терминдерді
қолданылу ұсынылады.
Мысалы: «Жұмыста.....
қарастырылған/ұсынылған/талданған/жалпыланған/тексерілген/негізделген»
Түйіндемеде артық нәрселер мен нақты цифрлар
жазылмайды!

10.

Кіріспе бөлімде қарастырылып отырған мәселенің
өзектілігі және жұмыстың жаңалығы негізделуі
қажет, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен
міндеттері қойылуы керек.
Тақырыптың өзектілігі - белгілі бір жағдайда
қойылған
мәселені
шешудегі
тақырыптың
маңыздылығы. Зерттеу нәтижесінің маңызды
ғылыми-практикалық
мәселелерді
шешу
қабілеттілігі

11.

Жаңалығы - ол жұмыстың нәтижесінің басқа
авторлардың нәтижелерінен айырмашылығы.
Негізгі бөлімде:
• автор зерттеу міндеттерін таңдау керек,
• зерттеу жүргізу үшін бар құралдарды пайдалануы
немесе өзінің жаңа құралын жасауы қажет,
• алынған
нәтижелерді
талдап,
зерттеудің
нәтижесінде жаңа, әрі пайдалы не алғанын түсінуі
қажет.

12.

• зерттеу тақырыбы
бойынша дереккөздер мен
әдебиеттерге талдау жасалуы;
• зерттеу болжамы берілуі;
• зерттеу мен оның нәтижелері, практикалық
ұсыныстар,
алынған нәтижелер нақтыланып,
түсіндірілуі керек.

13.

Негізгі
бөлімді
жазғанда әрбір нұсқау мен
аргументтерді басты өзекке салыстыра отырып,
мақалада қойылған мақсатқа үнемі бейімдеп
отыру керек. Бұл мақаланы қабылдауды
жеңілдетеді.
Қорытынды бөлімде жұмыс барысында алынған
нәтижелердің практикалық мәнділігі ашылып;
болашақ зерттеулер үшін негізгі бағыттар
анықталады.

14.

Мақала эксперименттік мәліметтердің негізінде
жазылса және көпжылдық еңбектің нәтижесі
болған
жағдайда
тұжырым
(қортындының
орнына) жазылады.
Тұжырым тезис түрінде болуы мүмкін.
Мақалада «кіріспе бөлім», «негізгі бөлім» және
«қорытынды бөлім» сияқты сөздер жазылмайды!

15.

Әдебиеттер тізімі – кез келген ғылыми жұмыстың
міндетті бөлімі, мақалада қолданылған барлық
көздерден тұрады.
Мақалада кілттік сөздер іздеу жүйелері мен
мақаланы тақырып бойынша жүйелеу үшін
беріледі.

16. ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ Ғылыми мәтіннің құрылымы

Стиль - сөйлеушінің (жазушының) белгілі бір
тақырыпқа қатысты сөз саптаулары.
Стильдің жалпы 5 түрі бар: ғылыми, ресми-іс
қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет және
ауыз екі сөйлеу.

17. ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ Ғылыми мәтіннің құрылымы

Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық,
мақала, ғылми есеп, диссертация, реферат,
баяндама, тезистер, патенттер жатады
Ғылыми стильде ғылыми терминдер қолданылады.
Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - ой күрделі
баяндалып, анықтама дәлелдеме формулаларға
негізделеді.
Бұл стильде сұраулы, лепті сөйлемдерге қарағанда
көбіне ой хабарлы сөйлем түрінде баяндалады.

18. Ғылыми мәтінді баяндау мәнері

Ғылыми стильде зерттеу нысаны болатын – зат не
құбылыс ғылыми негізде сипаттталып, дәлелдеуді
қажет етеді.
Ал, пікір тұтастығын дәлелдеу үшін мұнда логика
заңына яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет.

19. Ғылыми мәтінді баяндау мәнері

Ғылыми мәтін белгілі бір логикамен және ретімен
беріледі.
Ғылыми мәтіндер мен ғылыми мақалаларды
автордың баяндау мәнерінің өз ерекшелігі бар:
әрқашанда жақсыз (безличной) түрде жазылады;
оқырманмен сұхбат болмайды;
ғылыми мәтін қатаң және ресми түрде
баяндалады.

20. Терминдерді қолдану

Автор мәтінді бірмағыналы түсінікті етіп жазуға
тырысуы қажет. Сондықтан:
екі мағыналы емес, тек қана түсінікті терминдерді
қолдану қажет;
әртүрлі мағынадағы бір сөзді және бір мағыналы
әр түрлі сөздерді қолданбауы керек (тінтуір,
тышқан, жиым, массив)
.

21. Ғылыми мәтіннің лексикасы (тілдің сөздік құрамы)

Ғылыми мәтін әрқашанда белгілі бір ғылым
аумағына тән сөздерді қолдану арқылы жазылады.
Кез келген ғылым саласының (математика,
физика, информатика және т.б.) ғалымдары мен
зерттеушілері үшін түсіндіруді қажет етпейтін
терминдері болады.

22.

Ғылыми мәтіндердің жалпы қабылданған
лексикасы бар, мысалы:
характерно (тән);
соответственно (сәйкесінше);
исходя из (бұдан шығатыны);
следовательно (сондықтан, демек);
применительно (сәйкес, қолданылатын);
относительно (жөнінде, туралы, жайлы);
предполагает использование (қолдануды болжау,
жорамалдау) және т.б.

23.

Ғылыми мәтіннің логикалық құрылымын көрнекі
етіп жасау үшін әртүрлі кіріспе сөздер мен
фразалар қолдануға болады.
Мысалы, біріншіден, екіншіден, сонымен қатар,
қортындылай келе, қорыта айтқанда, сонымен,
сондықтан және т.б.
Бірақ әр сөйлемді кіріспе сөзден бастай берудің
қажеті жоқ!

24.

Ғылыми жұмыс тіліне қойылатын талаптар
көркем әдебиет тіліне қойылатын талаптардан
ерекшеленеді.
Ғылыми жұмыс тіліндегі метафоралар мен әртүрлі
бейнелер кейбір ойларға логикалық екпін қою
қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Ғылыми жұмыста бейнелеу-бұл шығарманың
негізгі ойына оқырманның назарын аударудың
педагогикалық әдісі.

25.

Ғылыми тілдің тағы бір артықшылығы –
жеңілдік, қысқалық, сөйлемнен сөйлемге ауысу
еркіндігі, қарапайымдылық.
Бағыныңқы сөйлемдер аз болуы керек. Сөз
тіркестері қысқа болуы керек, бір сөз тіркесінен
екіншісіне ауысу логикалық және табиғи,
"байқалмайды".
Әрбір жазылған фразаны есту арқылы тексеру
керек, жазылғанын өзіңіз үшін дауыстап оқып
шығуыңыз керек.

26.

Есімдіктерді азырақ қолдану керек, олар нені
білдіреді, нені ауыстырады деп ойлауға мәжбүр
етеді.
Қайталанудан
қорықпау
керек,
олардан
механикалық түрде құтылу керек. Бір немесе басқа
ұғым бір сөз деп аталуы керек (ғылыми мәтіндегі
сөз әрқашан термин).
Тек тілдің кедейлігінен болатын қайталанулардан
аулақ болған дұрыс.
Паразиттік сөздерден, қоқыс сөздерінен аулақ
болып, ойға ештеңе қоспау керек.

27.

Ғылыми мәтіннің маңызды элементтері: графиктер,
кестелер, сызбалар және диаграммалар болып
табылады.
Олар кеңістік пен уақытты үнемдеуге мүмкіндік
береді.
Кеңістік - бұл мақала нақты көрсетілген беттердегі
орынды білдіреді, себебі көбінесе мәтіннің бірнеше
бетіне қарағанда бір кестеде немесе бір графикте
көбірек ақпаратты көрсетуге болады.
Уақыт үнемделеді, себебі оқырман мәтінде әріптер
емес, суреттер болған кезде аз уақыт жұмсайды.

28. Сөздер мен сөз тіркестерін қысқарту

Қысқарған сөздерді қолдануды ГОСТ 7.12-93
белгілеген.
http://nauka.kz/upload/files/07._GOST_7.12-1993.pdf
Ғылыми және анықтамалық әдебиеттерде бір сөзді
бірнеше рет қайталамай оны қысқартып жазуға
болады.
Бірақ сөздерді қысқартқанда қысқарған сөздердің
формаларының бірдейлігін, қысқарған сөздер мен
сөз тіркестерінің жазылу ережесін сақтау керек.

29.

Толық сөз қайтадан қатесіз алынатындай
қысқарту керек: мысалы, филос., фил. десек дұрыс
емес.
Мысалы 1976—1980 жж.
нөлдердің орнына млн, млрд, деп жазу ұсынылады.
Мысалы: 45 млн дана.; 10 млрд т.; 10 тыс. экз.

30.

Ғылыми
мәтіннің
ғылыми
стилі
үшін
сөйлемдердің қарапайымдылығы қажет емес,
сондықтан да орташа қиындықтағы сөйлемдерді
қолданылу ұсынылады.
Сонымен қатар, ғылыми мәтіндерде белгілі нәрсені
ақиқатты «айта бермейді».
Ғылыми мәтін кең аудиторияға емес, құзырлы
адамдардың ортасына жазылады.

31. Ғылыми стильдегі сленг пен жаргон

Сленг - жалпы халық тілінің сөздері; сөз тіркестері
ерекше әлеуметтік топтың тілі
Сленг пен жаргон
қолданылмайды.
ғылыми
стильде
мүлдем
Тіпті
мамандардың
ортасында
кеңінен
қолданылатын жаргон сөздер мәтінде сәйкес
лексикамен ауыстырылады.

32. Сілтемелер және авторлық құқық

Барлық жаңа ғылыми білім ертеде ашылған
жаңалыққа негізделетіні белгілі.
Мысалы, жаңа диссертациялар бар әдебиеттерге,
бұрынғы зерттеулерге, автордың ғылымға қосқан
өзіндік үлестерінің нәтижесінде жазылады.
Ғылыми мәтінді жазу барысында басқа еңбектерді
қолданған жағдайда, автор міндетті түрде сілтеме
жасауы керек. Қосымша, суреттер, кестелерге де
сілтеме жасау керек.

33.

Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар
Көп
жағдайда
ғылыми
мәтіндер
ортақ
қабылданған стандарт бойынша безендірілдеі.
Сондықтан да басылымның түріне қарай әр түрлі
талаптар қойылады.
Ғылыми мәтіннің толықтығы
Қосымша сұрақтар болмайтындай ғылыми мәтін
тақырыпты толық ашуы қажет.

34. Ғылыми нәтижелерді безендіру кезеңі

Апробация біткеннен кейін зерттеуші өз зерттеу
нәтижелерін баспадан шығаруға кіріседі.
Жазбаша, ауызша, электрондық түрде болсын
зерттеу нәтижесінің міндетті шарты - ол міндетті
түрде қоғам игілігіне жараған жағдайда ғана
зерттеушінің алған ғылыми жаңалығы болып
табылады.

35. Жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялайтын басылымдар

Реферат зерттеу нәтижесін жазбаша түрде берудің
бастапқы түрі болып табылады.
Рефератта
тақырыптың
теориялық
және
практикалық мәні ашылып көрсетіледі, талданған
ғылыми материалдар бойынша баға беріледі және
қортынды жасалады.
Реферат зерттеушінің ғылыми ақпаратты өз
бетімен талдау, жүйелеу, жіктеу және жалпылау
біліктілігін көрсетеді.
Рефераттар баспасөзде жарияланбайды.

36.

Ғылыми мақала зерттеуші өнімінің кең тараған трі
болып табылады.
Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе
ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланады.
Мақаланың көлемі әдетте 5-15 беттен аспайды.
Ғылыми мақалада материал жүйелі және ретімен
баяндалады.

37.

Ғылыми есеп, баяндама. Ғылыми есепке
қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты
бекітілген.
Ғылыми есептерге мынадай негізге талаптар
қойылады:
құрылымның
нақтылығы,
материалды баяндаудың логикалық реті, сенімді
дәлел, нақты және қысқаша жазу, жұмыс нәтижесін
баяндау нақтылығы, қорытындыны дәлелдеу және
ұсыныстардың негізделуі.

38.

Ғылыми есеп мұқаба беттен, авторлар тізімінен,
қысқаша рефераттан, мазмұннан, жұмыстың
негізгі бөлігінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.

39.

Ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ғылыми
есеп сияқты.
Бірақ
зерттелген
проблеманы
толық
қамтымайды,
тек
зерттеудің
қандай
да
логикалық
аяқталған
бөлігін,
аспектісін
қамтиды.
Ғылыми баяндамаға ғылыми есеп сияқты қатаң
талап қойылмайды. Сондықтан да, ол ауызша
оқылатындықтан, түсінуге онша қиындық
туғызбайтыдай жазылуы керек.

40.

Әдістемелік құрал. Осындай құралда зерттеу
нәтижесі базасында жасалған қандай да бір үдерісті
(оқу-тәрбиелеу,
технологиялық
және
т.б.)
жетілдіруге арналған әдістемелік нұсқаулар
теориялық түрде негізделеді.
Мүмкіндігінше онда көрнекі материалдар көп
берілуі керек. Әдістемелік құралды кітап немесе
брошюра түрінде безендіреді.

41.

Брошюра – көлемі аз, мұқабасы жұмсақ немесе
мұқабасыз (5-48) беттен тұратын баспа өнімі.
Кітап – көлемі 48 беттен көп, мұқабасы бар
мерзімсіз баспа материалы.

42.

Монография. Бір проблема (моно-жалғыз) жанжақты, бүтіндей, толықтай қарастырылатын
ғылыми басылым.
Монографияны бір немесе бірнеше автор жазуы
мүмкін.

43.

Егер зерттеуші бір проблеманы жаңадан шешуі
керек болса, проблема бойынша барлық ғылыми
еңбектерді жан-жақты жалпылай отырып, өзінің
тұжырымдамасын ғылыми негіздей келе, оны
практикада іске асырудың нақты мүмкіндіктерін
көрсетсе, онда өзінің зерттеу нәтижелерін мақсатқа
сай ғылыми монография түрінде безендіруіне
болады.

44.

Тезистер – көлемі 1-3 беттен аспайтын өте қысқа
құжат.
Тезисті жазудың негізгі міндеті – баяндамашы
конференцияға қатысушыларға ұсынуы үшін
зерттеу нәтижелерінің басты жаңалықтарын
қысқаша баяндауы.

45.

Барлық ғылыми әдебиеттің өнімі авторлық (баспа)
беттері шартты бірлікпен өлшенеді.
Бір авторлық бет – 40000 баспа белгілерінен
тұрады (оған тыныс белгілері мен сөздердің
арасындағы бос орындар да кіреді).
Сонымен, бір авторлық бет – бұл 2 интервал
арқылы терілген 23 машиналық бет немесе 1
интервал арқылы терілген 16 бет.

46.

Зерттеу нәтижелерін ауызша тақылаудың мынадай
түрлері бар:
Ғылыми (проблемалық) семинар – жетекші
маманның жетекшілігімен жасалған онша үлкен
емес
топтағы
қатысушылардың
ғылыми
баяндамаларын тақылау.
Ғылыми семинарлар бір мекеменің, бір оқу
орынының шеңберінде өткізіледі.

47.

Ғылыми конференция – ғылыми немесе ғылыми
және практикалық қызметкерлерді жинау арқылы
өткізілетін жиналыс. Олар белгілі бір тақырыпқа
байланысты бір ғылыми ұйымның немесе оқу
орынының, аудан, республика, халықаралық
деңгейде өткізіледі.
Ғылыми съезд – бір елдің шеңберінде ғылым
саласының
қызметкерлерімен
өткізілетін
жиналыс.
Съезде ғылымның бүгінгі күні өзекті мәселесі
бойынша тақылаулар жасалады

48.

Ғылыми
конгресс – съезд сияқты,
халықаралық деңгейде өтеді.
Мысалы, Еуропалық конгресс және т.б.
Симпозиум
бірақ
(грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда
«пришество» дегенді білдіреді) – қандай да бір тар,
арнайы проблема бойынша өткізілетін ғылыми
қызметкерлердің халықаралық мәжілісі.

49.

Озық
тәжірибелі
авторлық
мектептер
(шеберханалар, практикумдар, тренингтер және
т.б.) – ғалымдар мен практик-мамандардың
қарым-қатынас жасау түрі.
Озық тәжірибелі автор өзінің тәжірибесі жөнінде
айтып береді және оны демонстрациялайды. Озық
тәжірибелі
мектептер
бір
ұйымның,
оқу
орынының, мекеменің немесе аудан немесе бүкіл
республика шеңберінде өткізіледі.

50.

Тақырыптық оқулар – қандай да бір саланың
ғылыми және практикалық қызметкерлерінің
озық тәжірибені жалпылау және оны тарату
мақсатында қарым-қатынас жасау түрі.
Тақырыптық
оқулар
оқудың
тақырыбына
байланысты.
Мысалы, бір атақты ғалымның өміріне, немесе бір
тарихи
датаға
байланысты
баяндамалар
тыңдалады. Оқулар ҒЗИ, оқу орынында, аудан,
республика, деңгейінде өткізіледі.

51. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар

• Сағымбаева
А.Е.
Болашақ
информатика
мұғалiмдерiн оқушылардың бiлiмiн бақылау мен
бағалауға дайындаудың теориялық әдiстемелiк
негiздерi: 13.00.02.: пед. ғыл. докт. ... дис. - Алматы,
2010. - 280 б.
Балыкбаев
Т.О. Теоретико-методологические
основы формирования студенческого контингента
вузов: дис. ... док. пед. наук: 13.00.01, 13.00.02. –
Алматы, 2003. – 298 с.

52.

Автореферат
• Басова
Е.А., Формирование у подростков
функциональной
грамотности
в
сфере
коммуникации: автореф. ... канд. пед. наук: 13.00.01.
- СПб., 2012. – 22 с.
Рауандина А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
әдістемесі: 13.00.02: пед. ғыл. канд. ... автореф. –
Алматы, 2010. – 26 с.

53.

Монография:
Сағымбаева
А.Е. Информатика мұғалімдерін
оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға
дайындау: монография. – Алматы, 2009. – 223 б.
Балыкбаев Т.О. Педагогические и технологические
основы формирования студенческого контингента:
монография. –Алматы, 2002. -206 с.

54.

Кітап, оқу құралы
Аванесов
В.С. Основы научной организации
педагогического контроля в высшей школе. −М.:
Иссл. центр, 1989. –167 с.
Бастауыш
мектепке
оқушылардың
оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін
енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік
негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2015. – 58 б.

55.

Конференция материалдары
Сағымбаева А.Е., Базаева Ж., Қанатова А. Мектеп
информатика
курсы
бойынша
тест
құру
технологиясы //«Уәлиханов оқулары-13» атты
халықар. ғылыми-практ. конф. материалдары. Көкшетау, 2008. − Б.281-284.
Бидайбеков Е.Ы., Нурбекова Ж.К., Сагимбаева А.Е.
Информационный подход в оценивании качества
знаний //Материалы межд. науч.-практ. конф.
«Качество
педагогического
образования:
проблемы и перспективы развития». –Алматы. 2004. −С. 810-816.

56.

Ғылыми журналдардағы мақалалар:
Авдарсоль
С. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудағы критериалды
бағалаудың рөлі // Вестник-Хабаршы Абай
атындағы ҚазҰПУ. -2018. – №2(62). – Б. 181-187.
Вершловский
С.Г.,
Матюшкина
М.Д.
Функциональная грамотность выпускников школ
//Социологические исследования. – 2007. – №5. –
С. 140-144.

57.

Интернет-материалдары:
Павлов, Д. И. Новое содержание информатики для
новой начальной школы // Молодой ученый. —
2017. — № 34 (168). — С. 1-5. — URL:
https://moluch.ru/archive/168/45416/
(дата
обращения:
08.11.2022).

58.

Нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің Бұйрығы. Негізгі орта білім беру
деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн
бойынша үлгілік оқу бағдарламасы: 2019 жылдың 26
шілдесі, №334 //URL:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019105(26.07.2019)

59.

Патент:
Еськов
Д.Н., Бонштедт Б.Э., Корешев С.Н.,
Лебедев Г.И., Серегин А.Г. Оптико-электронный
аппарат // Патент России № 2122745. 1998. Бюл. №
33.
Газет
Третья
модернизация Казахстана: глобальная
конкурентоспособность. Послание Президента РК
от 31 января 2017 г. – Алматы: Казахстанская правда,
2017 – С.3

60. Ғылыми-техникалық ақпараттық мемлекетаралық рубрикатор

Межгосударственный рубрикатор научнотехнической информации (МРНТИ)
ҒТАМР
ғылыми-техникалық
ақпараттың
мемлекеттік рубрикаторы негізінде электрондық
каталогтағы
құжаттарды
жүйелеу
үшін
қолданылады.
Мақаланың тақырыбы бойынша
ҒТАМР http://grnti.ru/ немесе http://lib.gup.kz.
сайтынан табуға болады. Бұл қолжазбаның сол жақ
жоғарғы бұрышында көрсетіледі.

61. ҒТАМР Информатика

http://grnti.ru/
20 ИНФОРМАТИКА
20.01 Общие вопросы информатики
20.01.45 Преподавание информатики
20.01.04 Информатизация общества.
Информационная политика
20.01.07 Теория и методология информатики

62. Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ)

Универсальная десятичная классификация
(УДК)
ӘОЖ
- ақпаратты жүйелеу; нақты тақырып
бойынша қажетті ақпаратты іздеу; тақырыптық
бөлімдер
бойынша
жаңа
мақалалар,
жарияланымдарды, кітаптарды топтастыру үшін
қажет.
Бұл қолжазбаның сол жақ жоғарғы бұрышында
көрсетіледі.
https://www.triumph.ru/html/serv/udk.html

63. ТАПСЫРМА

Ғылыми
журналдан
зерттеу
тақырыбына
байланысты бір мақалаға талдау жасау керек
(сын пікір)

64.

Дәріс аяқталды!
English     Русский Rules