Similar presentations:
Аналитикалық тәсіл деп
1.
Аналитикалық тәсіл деп ( грек тілінің analytikos –«анализдің нәтижесінде жасалған, «ажыратушы» деген
сөзінен шығып қалыптасқан термин) түбір я туынды сөздерді
біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы жаңа сөз жасау
тәсілін айтады.Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің мынандай
ішкі түрлері бар:
1) біріктіру тәсілі;
2) қосарлану тәсілі
3) тіркестіру тәсілі;
4) 4) қысқарту тәсілі.
2.
Біріктіру тәсілі.Бұл тәсіл бойынша түбір морфемалар, немесе,түбір мен негіз өзара қосылып, жаңа сөз
жасалады. Біріккен сөздердін катарына семантикалық тұтастығымен де, морфологиялық
тұтастығымен де, синтаксистік тұтастығымен де сипатталатын қазақ тіліндегі: отағасы,
тасбақа, шекара, әлдекім, әрқашан, саяжай, тікұшақ, балмұздақ тәрізді сөздер енеді.
Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгерістерге ұшырауынан, әрі
ықшамдалуынан жасалған апар (алып бар), әкел (алып кел), биыл (бұл жыл), білезік (білек
жүзік) тәрізді сөздерді тарихи тұрғыдан алғанда ғана біріккен сөздердін катарына жатқызуға
болады. Қазіргі тілдің тұрғысынан алғанда бұл сөздер (апар, әкел, бүгін, биыл, білезік және
т. б. осы тәріздес сөздер) өзін құрастырушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер ретінде
ұғынылады. Алғашқы екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму барысында сыңарлары
дыбыстык және мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сынарлардың бірбіріне әбден кірігіп, сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге бағынады да, кұрамындағы
дауысты дыбыстар сингормонизм заңы бойынша не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке
болып, барлық жағынан жалаң сөздерге тән касиеттерге ие болады.
3.
Қосарлау тәсілі.Қосарлау тәсілі де түркі тілдерінде, соның ішінде казак тілінде кең
тараған тәсіл. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер және
қосарлама қос сөздер деп екі үлкен топқа бөліп қарайды. Қайталама қос
сөздер белгілі бір сөздің екі рет кайталануы немесе, сол сөздің бір (не
бірнеше) дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы:
қора-қора, биік-биік, көре-көре, сөйлей-сөйлей, бетпе-бет, ауызба-ауыз,
бес- бестен, шай-пай, ет-мет т.б.Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталана
қосарлануынан жасалса, косарлама қос сөздер әрбасқа екі сөздің
қосарлануынан жасалады. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, тау-тас, дәмтұз, құрт-құмрысқа, ілгерінді-кейінді, ұрыс-керіс, қырып-жойып
т.б.Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық
жағынан
тектес,
синтаксистік
жағынан
тендес
сөздерден
(компоненттерден)құралады.Мысалы:әке-шеше,әне-міне,алты-жеті,алдыарты, үсті-басы, ойнап-күліп деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысының
компоненттері, біріншіден, мағына жағынан бір-біріне орай, ынғайлас
сөздер болса, екіншіден, морфологиялык төркіні жағынан да біртектес,
демек, белгілі бір ғана сөз табына тән әрі формалары біркелкі сөздер.
4.
Сыңарлары морфологиялық жағынан біртектес, синтаксистікжағынан өзара тен болатындықтан, қосарлама қос сөздердің мағынасы
құрамындағы екі компоненттің де мағынансын бірдей қамтиды да,
жалпылау, топшылау,жинақтау, болжалжау, мөлшерлеу тәрізді ұғымдар
Сөздердің қосарлануы арқылы берілетін мағыналар алуан түрлі.
Солардың негізгілері мыналар:
1) Жинақтық я жалпылық мағына: кәрі-құртаң, көйлек-көншек, таутас, жан-жануар, шыбын-шіркей, аяқ-табақ т.б.
2) Жіктеу, даралау мағынасы: алдын-ала, лек-легімен, бас-басына,
кімде кім т.б.
3) Болжалды мағына: бүгін-ертең, он-он бес, жүре-бара, жата-жастана
m.6.
4) Амалдын, іс-әрекеттің қайталану мағынасы: сөйлей-сөйлей, көрекөре, айта-айта, т.б.
5) Сын мен сапаны күшейту мағынасы: қып-қызыл, үп-үлкен, жапжарық,тап-тұйнақтай, т.б.
5.
Сөздерді қосарлап айту – сөз туғызуда өнімді тәсілдің біріҚайталама қос сөзді етістіктер. Бұлар бір етістіктің қайталануы
арқылы жасалады. М: жылай-жылай, айта-айта, күле-күле, т.б
Біріңші сығарында –ып, -іп, -п көсемшенің жұрнағы жалғанып,
екінші сыңары басқа грам/қ формалармен түрленетін
етістіктер. М: бөліп-жару, өніп-өсу, аунап-қунау, т.б
Алғашқы компонентіне болымсыздық жұрнағы жалғанбай,
соңғысына жалғанып жасалған етістіктер. М: айтып-айтпай,
ұрып-соқпай, асып-саспай, т.б
Екі компонентіне де болымсыздық жұрнағы жалғану арқылы
жасалған етістіктер: жатпай-тұрмай, ішпей-жемей, т.б
Қосарлау тәсілі арқылы үстеуге айналған етістіктер: ырғалыпжырғалы, өйтіп-бүйтіп, т.б
6.
Тіркестіру тәсілі.Бұл тәсіл арқылы сөз жасалғанда, сез тіркестері ұзак уақыт қолданыла келе
сыңарларының мағыналары кірігіп, бір мағынаға көшеді. Бірақ олар өзінің сөз
тіркесі кезіндегі бөлек жазылу қалпын сактайды. Мысалы: тас жол,ортан жілік, оқ
жылан, он алты, екі жүз алпыс бес, қара торы, сары ала, кіріп шық, алып кел, қол
қой, ән сал сиякты сөздердің әркайсысы біртұтас лексикалық мағынасы бар
сандардың, сындык белгілердін, түр-түстің, қимылдың атаулары. Бұл күрделі сөздер
бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарады. Сөз
түрлендіруші қосымшалар олардың соңғы сыңарларына гана жалғанады. Тіркесу
тәсілінің тілдің әр сөз табының сөзжасам жүйесінен алатын орны әртүрлі. Бұл тәсіл
қазақ тілінде, әсіресе, сан есімдер мен етістіктердің сөзжасамында негізгі тәсіл
болып саналады. Миллионға дейінгі сан есімдер, негізінен, тіркесіп колданылатын
аса көп мөлшердегі күрделі сандардан тұратын болса, етістіктің сөзжасамында
отызға жуық негізгі түбір етістік өзінің алдындағы етістік сөздеріне тіркесіп,
олардан күрделі қимылды білдіретін күрделі етістіктер жасайды.Тіркесу аркылы сөз
жасау тәсілінің өзіндік моделі бар. Бұл модельде негізгі рольді тірек сөздер
(компоненттер) атқарады және олар бірнеше күрделі сөздің жасалуына негіз болады.
Мысалы: қара ала, қызыл ала, сары ала, қоңыр ала деген тіркестерде ала сөзі тірек
сөз болса, қара торғай, боз торғай,суық торғай дегенде - торғай, он бір, он екі, он үш
... дегендерде он сөзі тірек сөз болып тұр.
7.
1. қысқарту тәсіліӘралуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдардын, мекеме және мемлекеттік
құрылымдардың аттарын қысқартып, ықшамдап айту, жазу максатына
байланысты туындаған қазақ тілі үшін жаңа тәсіл. Кыскарту тәсілі
мынандай жолдармен жасалады:
1) күрделі атаулардың құрамындағы әрбір жеке сөздің тек баскы
дыбыстары алынып жазылады. Мысалы: ҚР- Қазақстан Республикасы,
АҚШ-Америка құрама Штаттары, ІІМ-Ішкі Істер Министрлігі, АКАкционерлік қоғам);
2) күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен
сонгы создін басқы дыбыстарынан, не басқы буындарынан қысқартылып
алынады. Мысалы: ҚазМК, ҚазҰМУ;
3) күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің алғашқы буындарынан
кыскартылады. Мысалы: Қазатком-казақ атқару комитеті, кеңшар-кеңестік
шаруашылық, партком-партия комитеті;
4) күрделі сөздің құрамындағы бірінші сөздің алдыңғы буыны мен соңғы
создін тұтас айтылуынан, сондай-ақ күрделі тіркес кұрамындағы бір не
бірнеше создін алдыңғы буындары мен бас дыбыстарынан,не тұтас
сөздерден кыскартылып алынады. Мысалы: Евроодақ, Казкомбанк,
педколледж
8.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!!!