Similar presentations:
Оқылым дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдері мен тапсырмалары
1.
Абдрахманова Жанар БейсенбайқызыЖамбыл облысы Меркі ауданы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2.
“Оқылым дағдыларындамытудың тиімді тәсілдері
мен тапсырмалары”
3.
Мақсаты :-Оқылым дағдысы туралы жалпы түсінік
- Оқылым дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар
Міндеті:
Мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып белсенділік таныту,
шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
Тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын
білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
Қазақ тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай
алатын тұлға даярлау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі
және мәтін мазмұнына өзіндік пайымдау жасай білуі, бағалай
отырып пікір айтуға дайын болулары,өз-өзіне сұрақтар қою,
жауабын іздей білуге баулу.
4.
Оқылым дегеніміз• Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар
қатарына жатады.
• Қарапайым тілмен айтқанда,жазба тілдегі
мәтінді түсіну.Яғни оқылым дағдысы мәтінді
жазу,айтудан гөрі,оған жауап қайтару
немесе мақсатқа сай әрекет етуді
білдіреді.Ол үшін біз мәтін тілін сөздер
деңгейінде,сөйлем деңгейінде және
тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз
қажет.
5.
Оқылымның ішкі дағдылары :• Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming)
• - мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
• Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін
ішіндегі
• ақпараттарды тауып алу үшін оқу, ол үшін тұтас мәтінді
түсініп оқуды,мазмұнын білу маңызды
емес.Мысалы,мәтіннен қажет пайыздық
көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді
тауып алу.
• Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағнасын түсіну үшін
мәтінді сөзбе-сөз оқу.Мысалы,келісімшарттағы
талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз
оқимыз.
6.
Оқылымға арналған сабаққұрлымы төмендегідей
• Оқылым алдындағы тапсырма:
• мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар,сөздерді алдын
ала үйрету,мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
• Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға
арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы
мазмұнын түсінуге бағытталса,кейінгі жаттығулар нақты
ақпаратты табуға арналуы тиіс.
• Оқылымнан кейінгі тапсырма:мәтінде көтерілген
мәселе,ақпаратқа байланысты талқылау сұрақтары.Мұндағы
сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді,мәтінде кездестірген
сөздерде қолдана отырып,жауап бере алатындай
ұйымдастырылуы қажет.Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың
өмірлік тәжірбиесімен де байланысып,өз көзқарастарын білдіруге
мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
7.
Оқылым дағдыларын сыныптақолдану
• Оқылым алды тапсырмалар:
• Тақырып арқылы болжау
• Сурет арқылы болжау
• Үзінді арқылы болжау
• Мақал-мәтелдер арқылы болжау
8.
Оқылым кезіндегі тапсырмалар• Мәтінге тақырып қой;
• Мәтін бөліктерін құрастыр;
• Мәтіндегі негізгі ойды тап;
• Мәтіннің негізгі идеясын түсіндір;
• Мәтін талдау;
• Мәліметтерді сәйкестендір
9.
Оқылымнан кейін• Оқыған мәтінін шолуға,ой елегінен
өткізуге және өз ойларын тұжырымдауға
беріледі.
• Бұны бір-бірінен тәуелсіз түрде,шағын
топтарда немесе тұтас сыныппен
жүргізуге болады.
10.
Оқылым жаттығуларын әзірлеу• Оқуға арналған мәтінді таңдауда мұғалімдер төмендегі
мәселелерді ескере отырып,оқушылар үшін лайықты
материал таңдағанына көз жеткізу керек:
• Мазмұны:тақырып оқушылардың жасы мен деңгейіне
сәйкес келе ме?
• Сөздік қорын дамыту: тілі белгілі бір деңгейде күрделі
болған,оқушыларға түсінікті ме?
• Ұйымдастыру: мәтін түсінікті құрылымдалған ба?
• Визуалды қолдау: белгісіз сөздерге визуалды түсініктеме
беру мақсатында белгілі бір сурет пен диаграмалар
берілген бе?
• Өзектілік: мәтіндегі ақпарат маңызды ма, жоқ па?
11.
Мәтіндегі бос орындарды төмендегісөздермен толықтырып көр!
Қазіргі таңда белгілі бір 1------- жеделтету үшін сөздердің графикалық 2----- жиі
қолданылады.Кез келген 3------ қысқартулар бар және оларды 4----- тұрмыста
жиі қолданамыз. Әсіресе,5----- арасында кеңінен танымал болған 6----желілерде,смс хат алмасу барысында 7---- кеңінен
пайдаланылады.Қысқартуларды қолдана 8-------,біз уақытты үнемдейміз.Кез
келген 9------ аз уақытта тез түсіндіруге 10 -------- . Дегенмен, мектеп мұғалімдер
қысқартуларды 11 --------- өз ана тілін 12 ------ , жастар қысқартуларды қолдана
отырып,әдеби тілден және 13 ------- жазудан алыстайды деп есептей. Бір топ
британдық 14 ----- арнайы зерттеу барысында осы 15 ------- тілін қолданатын
мектеп оқушылары 16 ------ сауатты жазудың төмендегендігін 17 ------ . Сіз
қалай ойлайсыз? Қысқартуларды қолданған дұрыс па ?
Керекті сөздер: қысқартылған, қарым-қатнасты,тілде,жастар,
күнделікті,қысқартулар,болады,отырып,
нәрсені,қолдану,әлеуметтік,сауатты,агент,байқайды,арасында,ғалымдар,құрмет
темеу.
12.
Мәтіндегі бос орындарды төмендегісөздермен толықтырып көр!
Қазіргі таңда белгілі бір қарым-қатынасты жеделтету үшін сөздердің
графикалық қысқартылған жиі қолданылады.Кез келген тілде
қысқартулар бар және оларды күнделікті тұрмыста жиі қолданамыз.
Әсіресе, жастар арасында кеңінен танымал болған әлуметтік
желілерде,смс хат алмасу барысында қысқартулар кеңінен
пайдаланылады.Қысқартуларды қолдана отырып,біз уақытты
үнемдейміз.Кез келген нәрсені аз уақытта тез түсіндіруге болады.
Дегенмен, мектеп мұғалімдер қысқартуларды қолдану өз ана тілін
құрметтемеу , жастар қысқартуларды қолдана отырып,әдеби тілден
және сауатты жазудан алыстайды деп есептей. Бір топ британдық
ғалымдар арнайы зерттеу барысында осы агент тілін қолданатын
мектеп оқушылары арасында сауатты жазудың төмендегендігін
байқайды . Сіз қалай ойлайсыз? Қысқартуларды қолданған дұрыс
па ?
13.
1 . Мәтіннің мағынасын, мазмұнын ашуда қандай ісәрекеттер жүзеге асады?2. Мәнін ұғыну, мәтінді интерпретациялаудағы ісәрекеттер?
3.Мәтін мазмұнынан алынған білімді қолдану,
өзіндік мағына беру
4.Тиімді оқыту мен оқу тәсілін қалай
ұйымдастырасыз?
14.
Оқылым үдерісінің үш кезеңіМәтіннің мағынасын,
мазмұнын ашу
1)
2)
3)
4)
5)
қарап шығу;
сөздердің
мағынасын
ажырату;
сәйкестерді табу;
фактілерді анықтау;
мазмұндау.
Мәнін ұғыну, мәтінді
интерпретациялау
1)реттеу;
2) түсіндіру;
3)салыстыру,
арақатынасын табу;
4) талдау, жинақтау;
5)өз тәжірибесімен
байланстыру;
6) мәнмәтін туралы
ойлану.
Алынған білімді
қолдану, өзіндік
мағына беру
1)болжам жасау;
2) пайымдау;
3)модельдеу және
қорытынды жасау;
4)өмірде қолдану
15.
Практикалық бөлімТоптық жұмыс
16.
1-тапсырма1.Мәтіндегі ой бөліктерін мазмұн құрылымы
бойынша реттеңіз
2.Берілген мәтінді оқып, әр топ мүшелері мәтін
бойынша екі сұрақ құрастырыңыздар.
17.
І топМәтіндегі ақпаратты пайдалана
отырып сәйкестендіру тапсырмасын
құрыңыз
ІІ топ
Мәтін бойынша бірнеше дұрыс
жауапты тапсырма
құрастырыңыздар
ІІІ топ
Мәтін мазмұны бойынша
ІV топ
1 «шын» 1 «жалған» ақпаратты
Мәтін бойынша бір дұрыс жауапты
беретін тапсырма құрастырыңыз
тапсырма құрастырыңыз
18.
Оқу сауаттылығын арттыруда оқылым тапсырмаларын ұйымдастыру және тиімдіқолдану жолдары
Социометрия «Координаттар жүйесі»
Қатысушының аты- жөні:________________ Еңбек өтілі___
Мектебі__________________
Білемін, тәжірибеде
қолданамын
Үйрендім,
тәжірибеде
қолдануда
сенімдімін
Күмәндімін,тәжіриб
еде қолдануда
қиналамын
Қолдау керек
1.Мәтінмен жұмыс
жасаудың тиімді
жолдары
2.Оқылым
тапсырма
құрастырудың
жолдары
3.Мәтін бойынша
сұрақтар құрастыру
4.Оқылым
тәсілдерін тиімді
қолдану арқылы
оқушылардың оқу
сауаттылығын
арттыру