2.20M
Category: educationeducation

Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті"

1.

"Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті"
сабақтарында көркем мәтінмен жұмыс
істеу әдістемесі
Мақсаты: Көркем мәтінді талдау тәсілдерін және әдебитеориялық ұғымдарды оқыту жолдарын қарастыру.

2.

Ой қозғау сұрағы:
Көркем мәтіннің басқа мәтіндерден
ерекшелігі неде?
https://flinga.fi/s/FXMYH9S

3.

Көркем мәтіндер логикалық мәтіндерден тек
жасалу мақсатымен ғана емес, сонымен бірге
берілетін ақпараттың сипатымен де ерекшеленеді,
өйткені
көркем
мәтінде
ақпарат
әдетте
интеллектуалдық, эмоционалдық және эстетикалық
түрде беріледі. Бұл – ақпаратты ұсынудың ерекше
тәсілдерін қажет етеді.

4.

Топтық талқылау
Әдебиет теориясын оқыту не
үшін қажет?
Өз ойыңызды негіздеңіз
Жауаптарыңызды Padlet.com онлайн тақтасына
жазуға болады.
https://padlet.com/ryskeldieva701/padlet7p4026k5rtotvcny
4

5.

Оқырман, айталық, бір роман оқыды. Кітаптың кей
жеріне қызықты, кей жерінен жалықты. Бір алуан беттер
оны әртүрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді,
жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да
ойландырды...
???
Сонымен, әлгі романды оқып бітірді. Соңғы бетін
жапты. Ал қалай екен? Роман ұнады ма, ұнамады ма?
Осының өзі – әрі оңай сұрақ, әрі қиын сұрақ. Бұл
сұраққа жауап беру үшін, бір жағынан, тіпті ойланудың
да қажеті жоқ: ұнады не ұнамады дей салуға болады.
Екінші жағынан, неге ұнағанын немесе неге ұнамағанын
айту үшін ойланбауға тіпті болмайды.

6.

Жә, оқырман ойланды делік: роман несімен ұнады немесе неменеге
ұнамады? Бұл – қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер
оқырманның әдеби сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік,
эстетикалық талғамы қай дәрежеде? Оқығанының байыбына бара
ала ма? Сол роман дегеніңіздің өзі не, ең болмаса соны біле ме?
???
Біз жоғарыда айтқан – романның байыбына
бару деген дәл осынау, болып өткен мәнді
маңызды оқиғаның байыбына бару деген сөз.
Ол үшін не істеу керек?
Ол үшін тым болмаса, нақты бес сұраққа
жауап беруі керек.

7.

1. Қандай
оқиға
болды?
... Қандай оқиға болғанын айту – сол
шығарманың тақырыбы мен идеясын
сөз ету.

8.

Оқырманды ойландырар
қандай
сұрақтар болуы мүмкін?

9.

2. Оқиға
қалайша
болды?
... Оқиғаның қалайша болғанын айту –
шығарманың сюжеті мен
композициясын сөз ету.

10.

3. Оқиға
кімдердің
басында
болды?
... Оқиға кімдердің басында
болғанын айту – шығармадағы
тип пен характер жайын сөз ету.

11.

4.Оқиға
қалай
баяндалған?
... Оқиғаның қалай баяндалғанын айту –
шығарманың тілі мен суреткердің стилін
сөз ету.

12.

5. Оқиғаға
автордың
көзқарасы
қандай?
... Болған оқиғаға автордың көзқарасын
айту – суреткердің дүниетанымы мен
көркемдік әдіс мәселесін сөз ету.

13.

Топтық жұмыс. Тапсырманы орындау уақыты: 20 минут; әр топқа: 5 минут
Тапсырма. Google jamboard онлайн тақтасының фрейм беттеріндегі тапсырманы
орындайды.
1-топ: 1, 2-фрейм беттері;
2-топ: 3, 4-фрейм беттері;
3-топ: 5, 6-фрейм беттері;
4-топ: 7, 8-фрейм беттері;
5-топ: 9,10-фрейм беттері.
Тапсырма қадамдары.
1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз.
Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?

14.

1-топ.
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы
Оқу мақсаты: 5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
Тапсырма. 1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз. Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?
Дәлелденетін пікір:
Өйткені, себебі, неге
Атымтай жомарт өзі
десеңіз
есепсіз бай бола тұрып,
күн сайын бір мезгіл
үстіне ескі-құсқы киім
киіп, отын кесіп, шөп
тасып жұмыс қылады екен.
Дәлелдейтін пікір:
Сондықтан, сол
Әуелгісі: әдемі ат, асыл
себепті, демек,
киім, асқан дәулетті өне
олай болса
бойы әдет етсең, көңілге
жел кіргізеді; сол желіккен
көңілмен өзімнен терезесі
төмен бейшаралардан
жиреніп, көз салмай, кемкетікке жәрдем беруді
ұмытармын деп қорқамын.
Екіншісі ...
1-нұсқа
2-нұсқа
https://jamboard.google.com/d/1mmc0-Yyx56NeBJ54ATfDlrIazxxDx45IHXsBJ14auZg/edit?usp=sharing
Түйінді оймен
дәлелдеңіз (тақырыбы)
Мәтін мазмұны туралы
қорытынды пікір
(идеясы)

15.

2-топ.
Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы
Оқу мақсаты: 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
Тапсырма. 1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз. Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?
1-нұсқа
2-нұсқа
https://jamboard.google.com/d/1mmc0-Yyx56NeBJ54ATfDlrIazxxDx45IHXsBJ14auZg/edit?usp=sharing

16.

3-топ.
Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы
Оқу мақсаты: 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
Тапсырма. 1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз. Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?
Кейіпкер
Кейіпкер
сипаттамасы
Әрекеті
Жиынтық
бейне
Кейіпкер
Кейіпкер
сипаттамасы
Мінезі
Дүниетанымы
1-нұсқа
https://jamboard.google.com/d/1mmc0-Yyx56NeBJ54ATfDlrIazxxDx45IHXsBJ14auZg/edit?usp=sharing
2-нұсқа

17.

4-топ.
Тақырыбы: Біржан-Сара айтысы
Оқу мақсаты: 9.2.3.1 – шығармадағы әдеби тілді құбылту (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
Тапсырма. 1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз. Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?
Шығармадан үзінді
Троп түрі
Айшықтаудың
түрлері
Хауаға бұрын барған Адам ата,
Жоқ па еді есіткенің мұны да бірақ?
Ұсынса қол жетпейтін, арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...
Асылым, құдай берген өз бағыма,
Теңелмес жеті Біржан тырнағына.
Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқыы істес,...
Садаға тырнағынан кетсін, Сара,
Сан жүйрік көріп едім мен нелерді,
Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа,
Ұмытпан, Сара сені әр уақытта..
Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,
Көрейін күйеуіңді тиген таңдап.
Жақсыны көрмек үшін деген Сара,
Өзі түгіл елдің қамын жеген Сара.
Мырзаңды ит Жиенқұл шапшаң шақырт,
Ұялып, бөгелесің, неге, Сара?!
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен.
Он мата арқасына тыққандай-ақ...
1-нұсқа
https://jamboard.google.com/d/1mmc0-Yyx56NeBJ54ATfDlrIazxxDx45IHXsBJ14auZg/edit?usp=sharing
2-нұсқа

18.

5-топ.
Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Оқу мақсаты: 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
Тапсырма. 1-қадам: Берілген тапсырмалардың оқу мақсатына сәйкестігін бағалаңыз. Пікіріңізді негіздеңіз.
2-қадам: Тапсырмаларды басқаша қалай ұсынуға болады?
2. Өлең жолдарындағы негізгі ойды
1. Үзіндіні оқып, асты сызылған
тіркестерге назар аударыңыз.
Жомарт тау дастарқанды, момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.
Көкшетау көп жердің бір көркем жері,
Қыз орман, Бурабайдың мөлдірлері.
Бурабай бір таза жер «пері» жүрген ...
Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген.
Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,
Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.
Ақандай осы тауда сері жүрген,
Су ішіп, тауда шие теріп жүрген.
Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,
Көң-қоңыр, былапыттан жеріп жүрген.
бірнеше сөйлем арқылы жазыңыз.
Автор не айтқысы келді деп
ойлайсыз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Үзіндідегі психологизмді
табыңыз, мәнін ашып түсіндіріңіз.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Психикалық күй------------------------------------------------------- ----
-------------------------
1. Жоғарыдағы деректер негізінде кейіпкердің психологиялық портретін жасаңыз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Дәлел келтіре отырып,
психологизмнің түрін анықтаңыз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

19.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасын (оқыту қазақ тілінде) іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар

20.

21.

22.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы
мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын,
әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды.
Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық
қызметін,
көркем
шығарманы
талдаудың
қағидаттары мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен
оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби
ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек
әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

23.

ТАҚЫРЫП ПЕН ИДЕЯ
01
02
03
Кез келген көркем шығарманың негізінде бірін-бірі туғызып, бірінбірі дамытып жатқан тақырып пен идея болады. Жазушы өмір шындығын
көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек идеялық-тақырыптық
негізінде ғана суреттеп көрсете алады. Тақырып пен идея – әдеби
шығарманың мазмұны. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туып
жатады.
Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Тақырып – өнер туындысының іргетасы. Жазушының
шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына
негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының жазушы суреттеп отырып өмір
құбылысы.
Идея – шығарманың негізгі арқауы, жазушының сол өзі суреттеп
отырған құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына
берген бағасы дер едік.

24.

СЮЖЕТ ПЕН КОМПОЗИЦИЯНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Сюжет дегеніміз – өнер
туындысының
мазмұнына
айналған өмірлік оқиғалардың
өзара
байланысы,
өрбуі,
өрістеуі.
Сюжет кез келген шығармада
бола бермейді.
Сюжетті
шығармалардың
мазмұнында көбіне күрделі
қайшылықтар,
өмірлік
тартыстар желі тартып жатады.
Сюжеттің жаны мен жүрегі –
тартыс.
Тартыстан
сюжет
құралады.
Композиция
барлық
шығармада түгел болады.
Композиция сюжеттің өрбу
кезеңдерін
жүйеге
түсіріп
қоймай,
сюжеттен
тыс
нәрселерді қиюластырады.
Сюжет пен
композицияның
айырмашылықтары
Композиция сюжеттен гөрі кең.
Композицияның құрамына
сюжеттің кезең-кезеңдері ғана
емес, сюжеттен тыс нәрселер де
кіреді. Солардың бірі – пролог,
эпилог.
Композициялық шеберлік –
шығармадағы
барлық
бөлшекті бір ғана бүтінге
тұтастыру, бәрін бір ғана
нәрсеге – идеяға бағындыру.

25.

КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ДАРАЛАУ
Кейіпкер
бейнесін
жинақтау
Кейіпкердің тысқы бітімі
Кейіпкердің мінез-құлқы,
психологиялық ерекшелігі – ішкі
бітімі
Кейіпкердің сом тұлғасы
Тура және жанама мінездеу
Кейіпкерге тән қасиет
Кейіпкердің болмыс-бітімі
Кейіпкердің іс-әрекеті
Кейіпкердің ақыл-парасаты
ерекше, іс-әрекеті
Кейіпкер
бейнесін
даралау
Кейіпкер сипаттамасы
Дүниеге көзқарасы
З.Қабдолов, «Сөз өнері». – Алматы: «Санат», 2002.-360 бет

26.

ШЫҒАРМАНЫҢ ТІЛІ МЕН СУРЕТКЕРДІҢ СТИЛІ
Құбылту – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында
қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды
өзгертіп, кейде өңін айналдырып айту.
Айшықтау – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан
гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.
Метафора – суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай,
ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа
балау.
Арнау – ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл
қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі Арнау
түрлері: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Метонимия – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың
өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына
бірін қолдану.
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша
аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап,
айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.
Символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас
басқа бір нәрсеге, құбылысқа теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей
бейнелеу, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Градация – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының
орнына жалқыны қолдану.
Инверсия – прозалық, поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі
грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше
тіркестер құру.
Кейіптеу – шығармада жансыз табиғат құбылысын тірі кісінің
қылығымен ауыстыра суреттеу.
Эллипсис – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да
түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Аллегория жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер көзге
көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.
Параллелизм – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар
қойып, жұптап суреттеу.
.
Автор стилі – әр суреткерге тән ерекшелік. Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының шығармашылығынан оның тек өзіне ғана тән тіл ерекшелігін(сөз
қолдануын, сөйлем құрауын, сөзбен сурет салуын не баяндап беруін, сыр ағытуын, т.б.) аңғарамыз.

27.

ШЫҒАРМАНЫҢ ТІЛІ МЕН СУРЕТКЕРДІҢ СТИЛІ
• Шығарманың мазмұны
– оның ақиқат
шындыққа негізделген
тақырыбы мен идеясы.
Шығарманың
мазмұны
Пішіні
• Пішіні – әдеби
қаһармандардың өзара
қарым-қатынасына,
тағдыр тартысына
негізделген сюжеті,
композициясы.
• Жазушының өмірді
өнерге айналдырған ең
негізгі құралы –
суретті сөзі, яки
көркем шығарманың
тілі.
Көркем
шығарманың тілі
Әдеби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, әдеби шығарманың тілінде де штамп жоқ.
Қанша жазушы болса, сонша машық, әрқайсысының өзіне тән жазу мәнері, сөз өрнегі болуға тиіс.

28.

Кері байланыс
https://forms.gle/wzGSQVsLPJiemwgx9
English     Русский Rules