ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АЛҒЫ СӨЗ
1-тақырып. "Құқық негіздері" курсы пәні және жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбыл
Мемлекет және құқық пәнi
Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:
Мемлекеттiң дамуы
Құқықтың дамуы
Мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялар:
Мемлекет
Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:
Мемлекеттiң нысаны:
Басқару нысанына
Мемлекеттiк құрылым нысаны
Саяси режим
Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне:
Сыртқы қызметтеріне:
Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:
ҚҰҚЫҚ
Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:
Құқықтың негiзгi функциялары:
Құқықтық норма
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Құықықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
Заң
Заңның белгi, нышандары:
2-тақырып. Құқықтық қатынастар. Заңи міңез-құлық және құқықбұзушылық. Заңдық жауапкершілік.
Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастардың белгілері:
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:
Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар.
Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) -
Субъективтік құқық–
Заңды міндет
Заңға негiзделген айғақтар
Оқиғалар және әрекеттер
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру:
Құқық нормаларын түсіндіру
Құқықтық мінез-құлық
Құқықбұзушылық
Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Құқықбұзушылықтың құрамы:
Заңды жауапкершілік
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
  Заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар:
Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.
Құқықтық тәртіп
Құқықтық сана
Құқықтық мәдениет
3-тақырып. Қазақстан Республикасының негізгі құқық саласы – Конституциялық құқық
“Конституция”
Конституцияның ерекшелiктерi:
Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жа
Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат
ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық.
Егемендiк
Республика мемлекеттiк билiгiнiң тәуелсiздiгi
Республикадағы мемлекеттiк билiк бiртұтас,
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi:
Демократиялық мемлекет
Зайырлы мемлекет
Құқықтық мемлекет
Әлеуметтiк мемлекет
Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау.
Адам құқықтары мен бостандықтарын:
Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi:
4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық. Әкімшілік жауапкершілік
Әкiмшiлiк құқық
Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз
Әкімшілік құқығының қайнар көздеріне
Атқарушы билiк
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:
ҚР әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:
Мемлекеттiк қызмет
Қазақстан Республикасыннда мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады:
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы:
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі
Объективтік жағы
Субъект
Субъективтік жағы
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жаза
Әкімшілік жаза түрлері:
5-тақырып. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық
Азаматтық құқық
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері
Қайнар көздері
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне:
Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі
Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi
Заңды тұлга
Заңды тұлға түрлері:
Азаматтық құқық объектілері:
Азаматтық құқық мазмұны:
Мәмілелер
Сенімхат
Меншік құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап)
Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:
Міндеттемелік құқық
Шарт
Мұрагерлік құқық
Мұра екі түрде қалдырылады:
6-тақырып. ҚР отбасы құқығы негіздері.
7-тақырып. Құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру және қызметтерінің негіздері
8-тақырып. ҚР қаржылық құқығы. Мемлекеттің қаржылық қызметті. Банкілік қызмет. ҚР банкілік жүйесі
9-тақырып. ҚР салық құқығының негіздері. ҚР салық жүйесі
10 тақырып. ҚР еңбек құқығы. Еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
11-тақырып. ҚР қылмыстық құқық негіздері. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Адам мен азаматтың жеке бас бостандығына қарсы қылм
12-тақырып. ҚР сақтандыру құқығы. Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу.
13-тақырып. Қазақстан Республикасының экология құқығы негіздері.
14-тақырып. Қазақстан Республикасының жер құқығы негіздері.
15-тақырып. ҚР іс жүргізу құқығы. Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері.
370.00K
Category: lawlaw

Құқық негіздері

1. ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. АЛҒЫ СӨЗ

Нақты оқу әдістемелік кешен студенттердің Қазақстан мемлекеттілігіні ң
қалыптасуы мен нығаюына үлес қосуға ынталандыруы ж әне
еліміздегі құқық тәртібі мен заңдылықтың орын алуына септігін
тигізуі қажет.
Халықтың құқықтық білімінің төмендігі елдегі құқы қ тәртібіне әсер
етуші басты фактор екендігі белгілі. Сол себепті, “Құқық негіздерін”
оқу барысында басты назар Қазақстан Республикасыны ң қазіргі
қолданыстағы заңдары мен нормативтік- құқықтық актілеріне
аударылуы тиіс. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстан
Республикасының құқықтық актілерін талдау әдістемесін игеруі
қажет. Атап айтсақ, құқық пен мемлекеттің негізгі түсініктерімен
танысуы, мемлекет, құқық, демократия, адам құқықтары мен
бостандықтарның негізгі идеялары мен проблемаларын ашатын
сұрақтармен танысуы; Құқық негіздері курсын оқу процесінде студент
құқықтық әдебиеттермен, заңдармен, өзге де нормативтік- құқықты қ
актілермен жұмыс істей білуі; Қазақстанның қолданыстағы за ңдары
туралы жалпы мағлұматтарының болуы және олардың қоғамды қ
қатынастардағы орны мен функцияларын білулері тиіс.

3. 1-тақырып. "Құқық негіздері" курсы пәні және жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбыл

1-тақырып. "Құқық негіздері" курсы пәні және
жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет
туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық
құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
«Құқық негіздері» оқу курсы түсінігі және ерекшеліктері.
«Құқық негіздері» оқу курсының функциясы. Құқық
негіздері пәні және мемлекет пен құқық теориясы.
Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Мемлекетті ң пайда болуы
туралы негізгі тұжырымдамалар. Мемлекет мәні. Мемлекет
функциясы. Мемлекет механизмі және мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қазақстан
мемлекетіне әлеуметтік-саяси және құқықтық сипаттама.
Құқық ұғымы және белгі-нышандары. Құқық мәні,
функциясы және рөлі. Құқық қағидалары ұғымы және
түрлері. Құқық жүйесі. Құқық қайнар көздері. Нормативті
актілер ұғымы және түрлері. Құқық нормасы ұғымы және
белгі-нышандары. Құқық нормасының құрлысы.

4. Мемлекет және құқық пәнi

қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк
құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарымқатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн,
объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын
ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең
түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты
бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен ты ғыз
байланысты. Құқық мемлекеттiк органдарды ң
құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн
және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал
мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды,
бекiтедi және қорғайды.

5. Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:

1. Мемлекет және құқық теориясы,
мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы,
құқық пен саясаттың тарихи дамуы;
2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық,
қылмыстық, еңбек т. б.)
3. Арнаулы заң ғылымдары
(криминалистика, соттық медицина,
халықаралық құқық т. б.).

6. Мемлекеттiң дамуы

мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң,
жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде
алғашқы қауымдық құрылыс тапқа
бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария
үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң
нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам
өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен
оның негiзгi салаларына басшылық
ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң
күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.

7. Құқықтың дамуы

адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi
обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол әлеуметтiк нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп,
басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдетғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары)
қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте
құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен,
қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен
құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң,
заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар,
заң күшi бар соттың шешiмдерi.

8. Мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялар:


Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмiрiмен
қалыптасып, дамып келедi деп түсiндiредi.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша,
мемлекеттi, құқықты ешкiм ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзi
сияқты табиғаттан бастау алып, әдiлеттiлiкке негiзделген абсолюттiк
ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық
тарихтан бастау алып, тарихпен бiрге жетiлдi дейдi.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесiнен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерiнiң мүдде-мақсаттарын
iске асыру үшiн бiрiккен одақ деп түсiндiредi. Күрделi iрi патриархалдық
отбасы басшысы бiрте-бiрте мемлекеттiң басшысына айналған. Отбасы
басшысы - әке, мемлекеттiң басшысы - монарх.
Психологиялық теория - адамдардың психологиялық бiрiккен
көзқарасы, iс-әрекетi, мiнезi, тәртiбi – бәрi келiсiп, ұжымдық түрде
басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

9. Мемлекет

белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты
өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл
қоғам атынан iшкi және сыртқы
саясатты жүзеге асыратын, барлық
халыққа мiндеттi заңдар мен ережеқағидаларды шығарып қабылдайтын,
халықтан салық жинайтын ерекше
құқылы саяси ұйым.

10. Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:

1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, я ғни халы қ
билiгi.
2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi,
Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiктерриторияның аумағында тұрады.
3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде т әуелсiз.
4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда
тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар
болады.
5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң
аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы
және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

11. Мемлекеттiң нысаны:

• басқару нысаны
• мемлекеттiк құрылым нысаны
• саяси режим

12. Басқару нысанына

оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi
органдарының құрылу жолдары, олардың
қарым-қатынасының принциптері және оларды
сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттiң басқару жолы монархия және
республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда
жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады
және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi.
Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия,
Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.

13. Мемлекеттiк құрылым нысаны

Бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке
бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен
қатынасы және мемлекет пен
бөлiмдердiң арасындағы байланыстары.
Мемлекеттер осы бойынша унитарлық,
федеративтiк және конфедеративтiк
болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан
Республикасы унитаралық мемлекет оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған
қол сұғуға болмайды.

14. Саяси режим

Мемлекеттiң саяси режимiн, оның
қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды
құқықтары мен бостандықтарының
дамуы және кепiлдiктерi,
демократиялық институттарды
қолдануынан бiлуге болады. Саяси
режим демократиялық, демократияға
қарсы болған режимдер болып бөлiнедi.

15. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне:

- экономикалық;
- әлеуметтiк;
- қаржы реттеу;
- мәдениет бағытындағы;
- экологиялық;
- құқықтық тәртiптi реттеу жатады.

16. Сыртқы қызметтеріне:

- шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарымқатынастарды дамыту;
- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты
дамытып, жақсарту;
- мәдени және ғылыми-техникалық
ынтымақтастықты қалыптастыру;
- дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп,
iске асыру;
- мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.

17. Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

Заңның үстемдiк етуi.
Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.
Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылы ғы.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және
әлеуметтiк қорғалатындығы.
• Саяси және идеологиялық плюрализмнi ң болуы.
• Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
• Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халы қаралы қ
құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес
келуi.

18. ҚҰҚЫҚ

мемлекет орнатқан және оның
күшiмен қорғалатын, жалпыға
бiрдей қоғамдық қатынастарды
реттейтiн тәртiп ережелерiнiң
(нормалардың) жиынтығы.

19. Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:

• біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі
қоғамның обьективтік дамуына сәйкес
жаңа қатынастардың қалыптасуы;
• екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі
обьективтік қалыптасқан қатынастарды
реттейтін, басқаратын нормативтік
актілерді уақытында қабылдап бекіту.

20. Құқықтың негiзгi функциялары:

• Құқықтың реттеу функциясы –
нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу
жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
• Құқықтың қорғау функциясы нормативтік актілердің қоғамдағы қарымқатынасқа ықпалын, әсерін күшейту,
жаман қатынастарға тыйым салу.

21. Құқықтық норма

құқықтық норма - қоғамдағы
қатынас субъектiлерiнiң
құқықтары мен мiндеттерiн
реттеп, басқарып отыратын
жалпыға бiрдей мемлекетпен
қамтамасыз етiлетiн ереже қағида.

22. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.


Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі
(ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы,
бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы
керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама
күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда
қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың
бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты
қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық,
баламалы, салыстырмалы.

23. Құықықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында
2.
3.
4.
5.
мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет- ғұрып
нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданыл ған,
өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі –
мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері бас қа істерді, реттеп
шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілерді ң бір
түрі.
Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы:
Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялы қ
Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасында ғы шарттар,
кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі.
Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум
жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен
кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік
кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

24. Заң

мемлекеттiң ең жоғарғы
басқарушы органының шығарған,
қабылдаған ең жоғары күшi бар
нормативтiк кесiм. Барлық заңдар
және заңға тәуелдi нормативтiк
кесiмдердiң Конституцияға сәйкес
болуын Заңның үстемдiгi дейдi.

25. Заңның белгi, нышандары:

1. Мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органы немесе
референдумда қабылданған, бекiткен кесiмi.
2. Ең күрделi мәселелер туралы қабылдан ған кесiм.
3. Заңның өзiне тән арнаулы процедурасы бар, ол т өрт
кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны
талқылау; заңды қабылдау, бекiту; за ңды жариялау.
4. Заңды ешкiм өзгертпейдi, толықтырмайды. Тек қана
қабылдаған орган өзгерте алады, толықтырады.
5. Заң - барлық нормативтiк актiлердiң негiзi, дi ңгегi.
қоғамда заңның үстемдiгi қалыптасу керек.

26. 2-тақырып. Құқықтық қатынастар. Заңи міңез-құлық және құқықбұзушылық. Заңдық жауапкершілік.

2-тақырып. Құқықтық қатынастар. Заңи міңезқұлық және құқықбұзушылық. Заңдық
жауапкершілік.
Құқықтық қатынастар ұғымы және ерекшеліктері. Құықтық
қатынастар құрамы. Субьективті құқық және заңдық міндет.
Құқықтық қатынастар субьектілері мен обьектілері. Құықтық
қатынастардың жіктелінуі. Заңдық фактілер ұғымы және турлері.
Құқыты жүзеге асыру нысандары. Құқықты түсіндіру.
Заңи мінез-құлық ұғымы және белгі-нышандары. Заңи мінезқұлық түрлері және ниеттері.
Құқық бұзушылық ұғымы, белгі-нышандары. Құқықбұзушылық
құрамы. Құқықбұзушылық түрлері.
Заңдық жауапкершілік ұғымы және белгі-нышандары. За ңды қ
жауапкершілік қағидалары. Заңдық жауапкершілік түрлері. За ңды қ
жауапкершілікті және құқыққа қайшылықты жоятын мән-жайлар.
Тәртіп, құқықтық тәртіп және заңдылық. Құқықтық сана және
құқықтық мәдениет.

27. Құқықтық қатынастар

құқыққа байланысты, құқық
негiзiндегi қатынастар болып
табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен
байланысты үш негiз болуы керек:
1) құқық нормасы; 2) субъективтiк
құқықтар мен мiндеттер; 3) заңға
негiзделген айғақ болуы керек.

28. Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты
байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни,
құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен
нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды
міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның
қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін
қатынастар.

29. Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:


субъект
объект
субьективтiк құқық
заңды мiндеттер

30. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар.

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа
елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы
жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып
ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет,
мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды
тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар,
ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып,
бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және
әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады.
Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың
құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi
қалыптасуы керек.

31. Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) -

Құқықтық қатынастың
объектiсi (заты) қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси,
экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк,
азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк,
еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар.
Материалдық дүние-заттар, руханишығармашылықтың өнiмдерi, жеке
мүлiктiк емес игiлiктер, құқық
субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық
қатынастарыны нәтижелерi - құқық
қатынастарының обьектiлерi.

32. Субъективтік құқық–

бұл субъектінің өз мүдделерін
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін
заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.
Субъективтiк құқық бар жерде заңды
мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз
бола алмайды. Себебi қатынастардың
көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң
құқықтары бар және соған сәйкес екi
жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар.

33. Заңды міндет

бұл заңды қажет  жүріс-тұрыс шамасы.
Міндет–бұл субъективтік құқықтың
жүзеге асырылуының кепілі. Заңды
мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен
орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу
күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз
баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге
мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса,
заңда белгiленген шара қолданылады.
Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

34. Заңға негiзделген айғақтар

құқықтық қатынастардың пайда
болуымен, өзгеруiмен немесе
тоқтауымен құқық нормалары
арқылы байланыста болатын
тiршiлiк жағдайлары.

35. Оқиғалар және әрекеттер

Оқиғалар - адамдардың бұл
субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда
болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім ж әне
т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты
тудырады, ал пенсия жасына жету,
зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi.
Әрекеттер - адамдармен пайда болатын
заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа
сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы
әрекеттер (заңсыз әрекет) болып б өлiнедi.

36. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру:

1) сақтау–қолданыстағы құқықпен тыйым
салынған әрекеттерден бас тарту;
2) орындау–оң мазмұнды заңды міндеттерді
орындауға байланысты белсенді әрекеттерді
жүзеге асыру;
3) пайдалану–олар арқылы тұлғаның өз мүддесін
қанағаттандырылатын субъективтік
құқықтарды жүзеге асыру;
4) қолдану–құзіретті органдардың нақты бір заңды
істі шешуге байланысты биліктік қызметі,
нәтижесінде сәйкес жеке ак қабылданады.

37. Құқық нормаларын түсіндіру

бұл мемлекеттің, лауазымды
тұлғалардың, қоғамдық
ұйымдардың, жекелеген
азаматтардың құқық нормаларының
мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс
тапқан  билік басында тұрған
әлеуметтік күштердің  еркін ашуға
бағытталған қызметі.

38. Құқықтық мінез-құлық

бұл субъектілердің құқық
нормаларына және әлеуметтік
маңызды мақсаттарға сай
келетін жүріс-тұрысы.

39. Құқықбұзушылық

бұл қоғамның, мемлекеттің,
тұлғаның мүдделеріне нұқсан
келтіруші, тұлғаның кінәлі,
құқыққа қайшы, қоғамға
қауіпті әрекеті.

40. Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

• Қылмыстар–бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен
ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге
нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен
қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық
құқықбұзушылықтар.
• Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің,
қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен
ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі
салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі
нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдар ға
ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар
көзделген.

41. Құқықбұзушылықтың құрамы:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жаса ған
құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын
көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект
ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулы қ, абырой, м үлік
және т.б. жатады.
3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оны ң
салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынты ғы. Б ұл жерде
басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз т ұлғаны ң өзі жаса ған құқы ққа
қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналы қ тікелей ж әне
жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қо ғам ға қауіпті
сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді ж әне осы салдарды ң тууын
қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді,
зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдарды ң тууын қаламаса да,
олардың туындауына саналы түрде жол береді. 
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылы қ.
4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын
сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә)
құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салды ң
арасындағы себепті байланыс.

42. Заңды жауапкершілік

бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға
заңнамамен көзделген мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс
жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар
мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке
сипаттағы шаралар (бас бостандығынан
айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар
(айыппұл); б) ұйымдастырушылық
сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

43. Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1) заңдылық–жауапкершіліктің тек құқы қб ұзушылы қ (я ғни,
құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет
немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік–жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылы қтар үшін
қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кін әліге
бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны та ғайындауды
білдіреді;
3) негізділік–істің жағдайларын объективтік т үрде зерттеуді ж әне
нақты жазалау шарасын заңға сәйкес аны қтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм)–адамны ң қадір- қасиетін қорлайтын жазалау
шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатынды ғы–жасал ған қылмыс
үшін заңды жауапкершіліктің міндетті т үрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық–құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаны ң за ңды
жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.  

44.   Заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар:

1) есі дұрыс еместік–тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмауы;
2) қажетті қорғаныс–мемлекеттің, қоғамның тұлғаның
мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қор ғау барысында
нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда,
қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, я ғни, қор ғануды ң 
нұқсан келтірушіліктің  қоғамға қауіптілігіні ң сипаты мен
дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;
3) аса қажеттілік–мемлекеттің, қоғамның, т ұлғаны ң м үдделеріне
қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында м үмкін, қойылатын
шарт–бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет ж әне
аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын ал ған зияннан аз болуы
тиіс;
4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;
5) казус (жағдай) және т.б.   

45. Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылықтың қағидалары
1) заң үстемдігі–барлық нормативтік ж әне жеке құқы қты қ  актілерді ң
заңға бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді т үсіну мен қолдану
елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқы қшы ғармашылы қ ж әне
құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен
міндеттеріне жауап беретін е ң дұрыс т үрлерін қата ң т үрде за ңдарды ң
шегінде таңдау қажеттігін, заңдылы қ пен ма қсат қа с әйкестілікті
қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, я ғни, ма қсат қа
сәйкестілікті себеп қылып заңды б ұзу ға жол берілмейді;        
4) заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлы қ
қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді ж әне оларды кезкелген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті к өздейтінін
білдіреді.

46. Құқықтық тәртіп

бұл субъектілердің құқықтық
мінез-құлығымен сипатталатын
қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл
әлеуметтік байланыстардың
реттелу жағдайы, заңдылықтың
шынайы қоғамдық қатынастарға
айналуының нәтижесі.

47. Құқықтық сана

бұл адамдардың құқыққа деген
қатынасын көрсететін түсініктер
мен сезімдердің, көзқарастар мен
эмоциялардың, бағалаулардың
жиынтығы түріндегі қоғамдық
сананың ерекше нысаны.

48. Құқықтық мәдениет

1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және
құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінуді ң
жоғары деңгейі;
4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру
процестерінің сапалық жағдайы;
5)  құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері
(құқыққорғау органдарының жұмысы,
конституциялық бақылау және т.б.);
6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани ж әне
материалдық игіліктер түріндегі н әтижелері (за ңдар,
сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

49. 3-тақырып. Қазақстан Республикасының негізгі құқық саласы – Конституциялық құқық

• ҚР Конституциялық құқығы құқық
саласы және заң ілімі сапасында.
• Конституциялық-құқықтық нормалар
және олардың түрлері.
• Конституциялық құқықтағы адам және
азаматтың құқықтық мәртебесі.
• Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу
және тоқтату.
• Сайлау құқығы.

50. “Конституция”

деген сөздiң латыннан аудармасы
“құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген
мағыналарды бiлдiредi.

51. Конституцияның ерекшелiктерi:

- қоғамдық қатынастардың негiзiн
қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып
табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.

52. Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жа

Қазақстан Республикасн құрылған кезден
бастап бiрталай құқықтық актiлер
қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды
негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi
туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының
Конституциялары.

53. Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат

Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 30 тамызда өткен
республикалық референдумында
қабылданған Конституциясы. Ол
тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялы қ
заңдардың қағидаларын
тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.

54. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық.

Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген.
Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес,
сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры
тығыз байланысты басқа ұлттар топтары.
Халық дауыс беру, (референдум), талқылау,
сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау
арқылы мемлекеттiк өмiрдiң маңызды
мәселелерiн шешуге қатысады. Президенттi де
тiкелей халық сайлайды.

55. Егемендiк

мемелекеттiк билiктiң бiрлiгiн, үстемдiгi
мен тәуелсiздiгiн анықтайтын
мемлекеттiң мәнi болып табылады.
Аталған қасиеттер тығыз байланысты
және солардың арқасында мемлекеттiң
азаматтарын жалпыға бiрдей тең
құқықпен мемлекеттiк - құқықтық
бiрлiкке топтастырып отырған Қазақстан
Республикасынының осындай егемендiк
жайына толық сипат бере алады.

56. Республика мемлекеттiк билiгiнiң тәуелсiздiгi

оның мемлекетаралық қатынастағы
егемендiгi. Қазақстан мемелекетiнiң басқа
бiр мемлекеттiң билiгiне бағынбауы, оны ң
дербестiгiн, сөзсiз сыртқы саясаттық
құқықтық субьектiлiгiн бiлдiредi.
Ешқандай басқа мемлекеттiң
Қазақстанның iшкi iстерiне араласуға
құқығы жоқ, өйткенi ол - егемендi ел.

57. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiртұтас,

өйткенi оның бiрден-бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң
егемендiгi бөлiнбейдi. Әйтсе де, бұл
билiк өзiнiң бөлiну принципiне сәйкес
заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлiнiп, олардың
тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн
пайдалану арқылы жүзеге асырылады
(Конституцияның 3 - бабы).

58. Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi:

• Елтаңбасы
• Туы
• Гимнi
Әр адам мемлекеттiк рәмiздердi
құрметтеуге мiндеттi.

59. Демократиялық мемлекет

Қазақстан, ең алдымен,
Конституция қабылдап, тiкелей
мемлекет басшысын және
Парламент сайлауға, өкiлеттi
мерзiмi бiткен соң, оларды
ауыстыруға халықтың
құрылтайшылық билiгi бар ел.

60. Зайырлы мемлекет

Қазақстан Республикасында дiни
мекемелер мен дiн ұстаудың
мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi
және бұл жағдай Қазақстандағы
ислам мен православиелiк, тағы да
басқа нанымдық ағымдарға бiрдей
қатысты.

61. Құқықтық мемлекет

жеке адам мен қоғам мүддесiн
қорғайтыны, заң үстемдiгi мен
құқық принциптерiне негiзделiп
құрылған мемлекет.

62. Әлеуметтiк мемлекет

жекелеген топтарға немесе ұлыстарға
емес қоғам мен адамға тұтас қызмет
ететiн мемлекет. Ол мемлекеттiк қаржы
көздерi есебiнен барлық азаматтарға
мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер
көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды
да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк
теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi.

63. Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау.

Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн т өте
сайлау жүйесi арқылы сайланады. М әжiлiс депутаттарын сайлау
жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығының негiзiнде
жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. М әжiлiс
депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттi ң, ж ұмыс iстеп
тұрған сайлану өкiлеттiлiгiнiң, мерзiмi аяқтал ған ға дейiнгi екi
айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Жергiлiктi органдарды — мәслихаттарды жалпы ға бiрдей, тек, т өте
сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру ар қылы т өрт жыл
мерзiмге халық сайлайды. Жиырма жас қа тол ған азамат м әслихат
депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бip
мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқы ғы негiзiнде жасырын
дауыс беру жолымен сайланады. Сайлан ған Сенат депутаттарыны ң
жартысы әрбiр екi жыл сайын қайта сайланып отырады.

64. Адам құқықтары мен бостандықтарын:

• Жеке немесе өзіндік,
• саяси,
• экономикалық және әлеуметтiк
топтарға бөлуге болады.

65. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының
Конституциясын және басқа заңдарды
сақтау, басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, ар-намысы мен қaдipқacиeтiн құрметтеу, салықтар мен
алымдарды төлеу, т. б. жатады.
Әр азамат Республиканың мемлекеттiк
рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi.

66. 4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық. Әкімшілік жауапкершілік

• Әкімшілік құқықтың пәні мен әдісі. Әкімшілік
құқықтың қайнар көздері.
• Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы,
олардың ерекшеліктері.
• Әкімшілік-құқықтық қатынастар, олардың
түрлері мен ерекшеліктері.
• Әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы, оның
белгі-нышандары.
• Әкімшілік жауапкершілік ұғымы, оның
қағидалары.
• Әкімшілік шаралардың түрлері.

67. Әкiмшiлiк құқық

мемлекеттiк басқарушы органдардың
басқарушы-жарлықшы қызметiн реттейтiн
құқықтық нормалар жиынтығы. Әкімшілік
құқығы құқық жүйесі салаларының бір
түрі ретінде, қоғамдық қатынастады
реттейтін, мемлекетті басқару қызметі
үрдісінде пайдаланылатын мемлекеттік
аппараттың тәртіптелген жұмысын
қамтамасыз ететін құқық.

68. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз

заң шығарушы, атқарушы органдар
орнататын, рұқсат етiлген iсқимылды және атқару билiгiндегi
қоғамдық қатынастарды реттейтiн
ережелер.

69. Әкімшілік құқығының қайнар көздеріне

Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 30
қаңтарында қабылданған
“әкiмшiлiк құқық бұзушылық”
кодексi және басқа да құқықтықнормативтiк кесiмдер жасайды.

70. Атқарушы билiк

мемлекеттiк басқару органдары
жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге
Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк
комитеттер мен мекемелер,
жергiлiктi атқарушы органдар,
мемлекеттiк кәсiпорындар және
мемлекеттiк мекемелердiң
әкiмшiлiктерi жатады.

71. Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:

А. Экономика салалары бойынша;
Б. Әлеуметтік мәдениет салалары
бойынша;
В. Әкімшілік саяси қызмет
салалары бойынша.

72. ҚР әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:

А. Қазақстан Республикасының
министрліктері;
Б. ҚР агенттіктері;
В. ҚР орталық атқарушы
органдарының ведомстволары.

73. Мемлекеттiк қызмет

мемлекет қызметiнiң бiр саласы
және мемлекеттiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк органдардағы билiктiң
мiндеттерi мен функцияларын iске
асыруға бағытталған лауазымдық
өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi
қызметi болып табылады.

74. Қазақстан Республикасыннда мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады:

заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттiк қызмет ж үйесiнiң
бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және
заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылы ғы;
мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, Республика
азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуе ж әне өз
қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет
бойынша жоғарылатуға тең құқығы; Жоғарыда тұрған мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылда ған
шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен т өменгі
мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды
орындағаны үшін көтермелеу; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік
міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындама ғаны ж әне өздеріні ң
өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылы ғы.

75. Әкімшілік құқық бұзушылық

құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе
абайсыздықта жасалған) жеке адамның
немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе
әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық
азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің
мүдделеріне зиян келтіретін және
құқыққа қарсы әрекет боып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың
белгілері: құқыққа қарсылығы,
кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.

76. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы:

бұл заңдық элементтердің жиынтығы,
солар болған жағдайда әрекет әкімшілік
құқық бұзушылық болып саналады да
әкімшілік жауаптылық туындайды. Бұл
элементтер әкімшілік құқық бұзушының
обьектісі, субьекті, обьективтік және
субьективтік жақтары.

77. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі

әкімшілік жауаптылықтың
шараларымен қорғалатын
кез-келген қоғамдық
қатынас болып табылады.

78. Объективтік жағы

әкімшілік құқық бұзушылық
объектісіне бағытталған құқыққа
қарсы әрекет, яғни іс әрекет
немесе әрекетсіздік, оның сипаты,
сондай-ақ оны жасаудың немесе
жасамаудың жағдайы.

79. Субъект

бұл әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған жеке немесе заңды тұлға.
Арнайы субъектілер лауазымды
адамдар, әскери қызметшілер, шетел
азаматтары. Ақыл есі дұрыс,
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған
кезде 16 жасқа толған адам
әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

80. Субъективтік жағы

бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған
құқыққа қарсы әрекетіне және
мүмкін болатын оның
салдарларына рухани көзқарасы.
Кінә қасақана немесе абайсыздық
нысанда көрініс табуы мүмкін.

81. Әкімшілік жауаптылық

өкілетті мемлекеттік органның
немесе лауазымды тұлғаның
әкімшілік құқықтық нормаларда
қаралған, құқық бұзушылық
жасағаны үшін кінәлі жеке
адамдарға немесе заңды
тұлғаларға қолдануынан көрінеді.

82. Әкімшілік жаза

әкімшілік құқық бұзушылық
үшін қолданылатын
мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы.

83. Әкімшілік жаза түрлері:

Ескерту жасау. Әкімшілік айыппұл салу. Әкімшілік құқы қ
бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі
болған заттың өтемін төлеп алып қою. Әкімшілік құқы қ
бұзушылықтың обьектісі болған затты, әкімшілік құқы қ
бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны
және бағалы қағаздарды тәркілеу. Арнаулы құқығынан
айыру. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік
аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметіні ң белгілі
бір түріне не белгілі бір іс- әрекеттер жасау ға оны ң
қолданылуын тоқтата тұру. Жеке кәсіпкердің қызметін
тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. Өз бетімен салынып
жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып
тастау. Әкімшілік қамауға алу. Шетелдікті немесе
азаматтығы жоқ адамды Қ.Р.- ның шегінен әкімшілік
жолмен кетіру.

84. 5-тақырып. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық

5-тақырып. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы
түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.
Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық
шарттарының жекеленген түрлері. Мүрагерлік құқы қ.
ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Азаматтық құқық
ұғымы, пәні және реттеу әдісі. Азаматтық құқықтың қайнар
көздері. Азаматтық құқық субьектілері. Азаматтық құқықтағы
заңдық фактілер. Өкілдік және сенімхат. Азаматты қ
құқықтарды қорғау.
Заттық құқықтар ұғымы және түрлері. Меншік құқығы
ұғымы және мазмұны. Меншік құқығының субьектілері және
обьектілері. Меншік құқығының түрлері. Меншік құқығын
қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері.
Міндеттемелер ұғымы және жүйесі. Міндеттемелерді ң
пайда болу негіздері. Шарт ұғымы және маңызы. Шарттарды ң
түрлері және шарт жасасу тәртібі. Сатып алу-сату шарты туралы
жалпы ережелер. Рента және оның түрлері. М үлікті жалдау
шарты. Мердігерлік шарт туралы жалпы ережелер. Қызмет
көрсету шарттары. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

85. Азаматтық құқық

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары
және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге
де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері
реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін,
меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке
істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына
жол беруге болмайтындығын, азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан
келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін,
оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін
тануға негізделеді.

86. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері

• субъектілері
• объектілері
• мазмұны

87. Қайнар көздері

Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Азаматтық Кодексі,
оған сәйкес қабылданған өзге де
заңдар және заңға тәуелді кесімдер
болып табылады.

88. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне:

жеке және заңды тұлгалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілікаумақтық, бөліністер жатады.

89. Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі

бұл азаматтық құқық пен
азаматтық міндеттемелерге ие
болу қабілеттілігі. Ол адам
туылғанда пайда болып және адам
өлгенде барып тоқтатылады.

90. Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi

азаматтың өз әрекеттерімен
азаматтық құқықтарға ие болуға
және оны жүзеге асыруға, өзі үшін
азаматтық міндеттемелер жасап,
оларды орындауға қабілеттілігі
кәмелетке толғанда, яғни 18
жастан толық ә.қ. пайда болады.

91. Заңды тұлга

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан м үліктік
және мүліктік емес жеке қүқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер ж әне
жауапкер бола алатын ұйым.

92. Заңды тұлға түрлері:

өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде
табысын келтіруді (коммерциялы қ
English     Русский Rules