Мемлекеттің басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық қарау тәртібі
     Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн:       1) олар жариялайтын мәтіндердің
Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда  жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне   келіп түскен мүлiктi есепке алу
Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың(ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және
Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
Назырыңызға рахмет
120.50K
Category: lawlaw

Мемлекеттің басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық қарау тәртібі

1. Мемлекеттің басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық қарау тәртібі

Орындады: Мухаммад Ш. Қ.
Хасанова А.Е.

2.

Кең мағынада алғанда, баcқару
дегенміз — қоғамдың ұдайы
өндірісті нысаналы түрде
үйлестіріп отыру, басқару
табиғаттық барлық
құбылыстарына тән. Бүкіл
айналадағы дүниеден оның үш
комплекітін: өлі табиғатты, тірі
табиғатты және адам қоғамын
бөліп көрсетуте болады

3.      Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн:       1) олар жариялайтын мәтіндердің

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен
ресми жариялау тәртiбiн бұзу.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми
жариялау тәртiбiн:
1) олар жариялайтын мәтіндердің Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне
сәйкестігіне сараптамадан өтпеген нормативтiк құқықтық
актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте
жарияламау;
3) қолданысқа енгізу күнін көрсетпеу;
4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспасөз
басылымының түсініктемелерімен нормативтік құқықтық
актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау түрінде
жасалған бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.

4.

Басқару нысандары мынадай
екі топқа бөлінеді:
Атқару билігін жүзеге
асырудың нысаны
Ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны.

5.

Атқару билігін жүзеге асыру
арқылы атқару органдары
заңдылық биліктік өкілеттіктіктің
сыртқы көрінісін қамтиды, демек,
сыртқы заңдылық әсер ол басқару
нысанының бір белгісіне жатады.
Басқару нысандары (басқару қызметі)
әр түрлі бұдан біз оларды жіктеу
мүмкіндігінің бар екенін көреміз, бірақ
ол үшін әртүрлі критерилерді
пайдалануға болады.

6.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру
мерзімін бұзу.
Жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын
мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге
құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген мерзімін
бұзуы – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.

7.

Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау
және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына
өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына
кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және
өзге де талаптарды орындамау
Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау
органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің
қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды,
материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi, қызмет
туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну
аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды,
немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес
ақпарат беру – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір
жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.

8.

Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды,
мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік
қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді,
ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес,
тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды
тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қажеттi құжаттарды,
статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда)
және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық
ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен
жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың
және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпаратты
беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық
ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз
тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса,
әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

9. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда  жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне   келіп түскен мүлiктi есепке алу

Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда жекелеген
негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi
есепке алу және одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi,
атап айтқанда:
1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай
дәлелдемелерді;
3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар
көмбелерді;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға
немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы
мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз
тапсыруға жататын сыйлықтарды;
5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық
меншікке өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың
кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде
иесіз мұраны;
8) олжаларды;
9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және
(немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеке тұлғаларға – сегiз, лауазымды адамдарға – он бес, заңды
тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.

10. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың(ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп

Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың(ұйымдардың)
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi
төлемдердi өндiрiп алмай, сол сияқты мұндай төлемдi
растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi
жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың)
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi
төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге
асыруы – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың)
растайтын құжатты алу заңнамалық актiлерде көзделген
жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай
тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы – лауазымды
адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген,
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап
жасалған әрекеттер – лауазымды адамдарға жетпiс айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру

Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі
келтіру
Ұлттық алдын алу тетігіне
қатысушылардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына
әкеп соққан, олардың заңды қызметіне
лауазымды адамның қызмет бабын
пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол
сияқты лауазымды адамның осы
қызметке өзінің қызмет бабын
пайдалана отырып жасалған араласуы –
қырық айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау,
уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да
бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық
статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас
тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну,
құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн
жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол
сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы
есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi
келтіру – лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау

1.Азаматтардан паспорттарды, жеке
куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды
кепілге қабылдау – ескерту жасауға немесе бес
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.

14. Назырыңызға рахмет

English     Русский Rules