Similar presentations:
Қылмыстық қаржылық құқық бұзушылық
1.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ
2. Жоспар
ЖОСПАР• 1. Қылмыстық қаржылық құқық бұзушылықтар
3. Қылмыстық қаржылық құқық бұзушылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ• Қылмыстық қаржылық құқық бұзушылық-қаржы заңнамасын
бұзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану
тәуелсіз негізінде жүзеге асырылады және бюджеттік құқық
бұзушылық болып табылады
Қылмыстық қаржылық құқық бұзушылықтар ҚР Қылмыстық
кодексінде көрсетілген.
4.
Мысалы:214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет
1. Кәсiпкерлiк немесе банктік қызметтi (банк операцияларын) тiркелусіз,
сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не рұқсаттар
және хабарламалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асыру, сол сияқты
кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл ісәрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі
мөлшерде табыс алумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін
тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен
ұштасса, –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
5.
• 215-бап. Жалған кәсіпкерлік1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз,
кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған
қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе
осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк
субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау
құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты
оларға басшылық ету, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке iрi залал келтiрсе, –
• екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6.
216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей,
тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
1. Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс
жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиепжөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға
немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы –
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не
сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
7.
• 217-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты
қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке
пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге
мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың
жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу
(мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық
(инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық
ету –
• мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi
мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8.
218-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру
(жылыстату)
1. Қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар
болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу
арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды
айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық
бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы
сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке
құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы
мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және
(немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл іс-әрекеттер
айтарлықтай мөлшерде жасалса, –
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл
салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
9.
• 219-бап. Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi
немесе кепiл мүлкi туралы немесе кредиттi, дотацияны, кредиттеудiң жеңiлдiктi
шарттарын алу үшін елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған
мәлiметтердi банкке немесе өзге де кредиторға ұсыну арқылы дара кәсiпкердiң
немесе ұйым басшысының кредитті, дотацияны не кредиттеудiң жеңiлдiктi
шарттарын алуы, сол сияқты кредиттеудi, дотация берудi тоқтатуға,
жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген кредит пен дотация мөлшерлерiн шектеуге
әкеп соқтыруы мүмкін мән-жайлардың туындағаны туралы ақпаратты банкке
немесе өзге кредиторға хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрсе,
–
• екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.