Бағаны басқару Баға белгілеудің әдістері мен стратегиясы
Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:
Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне бай
95.10K
Category: managementmanagement

Бағаны басқару Баға белгілеудің әдістері мен стратегиясы

1. Бағаны басқару Баға белгілеудің әдістері мен стратегиясы

Бағаны басқару
Баға белгілеудің әдістері мен 
стратегиясы
Орындаған:Бақберген Ш.Б
Тексерген:
Тобы:Т-341

2.

Баға және баға белгілеу нарықтық
экономиканың негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Баға – күрделі
экономикалық категория. Бағада іс
жүзінде экономиканың жалпы коғам
дамуының барлық негізгі мәселелері
түйінделген және шоғырланған. Бұл
тауарларды өндіру және сатып өткізу,
олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі
өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу
мен пайдалануға қатысты болады.

3. Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:

Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп 
көрсетуге болады:
қандай да бір тауар
нарығында сатып
алушылар сұранысы
мен сатушылар
ұсынысы арасында
өзара әрекет
ету негізінде
нарықтық баға
белгілеу.
орталықтандырылған
мемлекеттік баға
белгілеу – шығындық
баға белгілеу
шеңберінде өндіріс пен
айналым шығындары
қойылу арқылы
бағаларды
мемлекеттік
мекемелердің бағаны
анықтауы.

4. Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне бай

Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай
ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне,
басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және
кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге
бөлінеді.
Ішкі
факторлар:
Сыртқы
факторлар:

5.

- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші
бағаны да соншалыкты көтере алады);
- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты
жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);
- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке
өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары
болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде
төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);
- өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе
бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);
- өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
- өндірістік процестің жинақылығы;
- тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
- сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.

6.

- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын
елдердегі саяси тұрақтылық;
- еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың
(еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
- инфляцияның деңгейі және динамикасы;
- нарык көлемі;
- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық
сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы
және оның деңгейі

7.

Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс
пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің
орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
- сұраныс бағасы – сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
- ұсыныс бағасы – сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін
шегерімсіз нарыктық баға;
- өндіріс базасы – барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу
арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
- реттелетін бағалар – мемлекеттік басқару органдары орнататын
бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, 
шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан
шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:
- шектеулі бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде
баға белгілей алмайтын бағалар;
- бекітілген бағалар – белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың
өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана
болуы мүмкін.

8.

қатаң баға (тұрақты) – шартқа
қол қойылған кезде, қойылатын
және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу
мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
- өнімді жедел жеткізу;
- өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
- ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
- жылжымалы баға – егер шартта айтылғандай, оны орындау
кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе),
онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
- сырғымалы баға – ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым
дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі
өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы
шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден
бастап есептеледі.

9.

Уақыт
факторын есепке алу бойынша келесі баға
түрлері анықталады:
- тұрақты баға - әрекет ету мерзімі алдын-ала
анықталмаған баға түрі.
- маусымдық баға – маусымдық тауарлардың сипаттағы
сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
- белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы
сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы
анықталады;
- сатылы баға – белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала
анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін
баға түрі.

10.

Әлемдік бағалар – бұл нақты тауарларды сататын
халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі
экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін
бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі
топтарында келесідей болып анықталады:
1. Шикізат тауарлары бойынша олар экспорттаушы немесе
импорттаушы елдердің бағалары деңгейімен, немесе
аукциондар мен биржалар бағаларымен анықталады.
2. Өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша –
жетекші әлемдік өндірушілер бағалары;
3. Тұтыну тауарлары бойынша – көш басындағы ірі сауда
үйлерінің каталогтарында жарияланған бағалармен
анықталады.
English     Русский Rules