239.70K
Category: managementmanagement

Сатып алу және тарату логистикасы, тарату логистикасы және маркетинг арасындағы байланыс

1.

Сатып алу және тарату логистикасы,
тарату логистикасы және маркетинг
арасындағы байланыс

2.

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Тарату логистикасы
б) Сатыр алу логистикасы
в) Тарату логистикасы және маркетинг
арасындағы байланыс
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

3.

Тарату логистикасы түсінігі
Тарату логистикасы – материалды ағымның түрлі
көтерме сатып алушылары арасында бөлу үдерісінде
жүзеге асатын өзара байланысты функциялар
кешені. Мысалы, алынған табыс сомасын
кәсіпорындар ,мемлекет және түрлі қорлар арасында
тарату, алынған пайда сомасын акционерлік
қоғамның мүшелері арасында тарату және т.б.

4.

Таратудың тарихына шолу:
Тарату
функциясына интегралды көзқарас 60-70- ші
жылдардың басында дамыды. Бұл кезеңде өндірістік өнімді
таратуға қатысты түрлі функцияларды бір басқару
функциясына біріктіру тиімділікті жоғарлатудың үлкен
резерві болатынын көбісі түсінді.
Түрлі тарату функцияларын өткізудегі интегралды тәсілдің
нәтижесі, ұйымды және кәсіпорынды функционалды
басқару құрылымына таратуды енгізу болып табылады.
Жалпы
тарату функциясын қамтитын жеке функциялар
басқарудың дербес функциялары ретінде пайымдалды.

5.

Таратудағы материалды ағым түсінігі
Тарату
логистикасындағы зерттеу объектісі- жабдықтаушыдан
тұтынушыға өту сатысындағы материалды ағым.
Тарату
логистикасының негізгі түсінік
түсінігі болып табылады
материалды ағым
Материалды
ағымдар дегеніміз – логистикалық операцияларды
жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға
жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды
құндылықтар болып табылады.
Материалды
ағымдар түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір
кәсіпорынның ішінде жүруі мүмкін.

6.

Материалды
ағымдар түрлі материалдық операциялар
қосылған үрдісте қарастырылатын жүктер ретінде анықталған.
Жүктер мен логистикалық операциялардың көп түрлілігі
материалды ағымдарды зерттеуді және басқаруды қиындатады.
Нақты мәселені шеше отырып, қандай ағымдар зерттеліп
отырғанын дәл анықтау қажет. Бір мәселені зерттеген кезде
зерттеу объектісі көп операциялар тобы бар үрдісте
қарастырылатын жүк болуы мүмкін. Мысалы, тарату торын
жобалауда және қойма саны мен орналасуын анықтау кезінде.
Басқа мәселелерді шешуде – мысалы, қоймаішілік
логистикалық үрдісті ұйымдастыруда әр операция жеке-жеке
зерттеледі.

7.

Материалды
ағым өлшемі бөлшек түрінде
беріледі, оның алымында жүктің өлшем
бірлігі көрсетіледі (дана, тонна және т.б.), ал
бөлімінде уақыттық өлшем бірлігі (тәулік, ай,
жыл және т.б.).Мысалы, материалды ағым
өлшемі-тонна / жыл.

8.

Материалды ағымды тарату көптеген уақыттан бері
шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып
табылады,дегенмен маңызды функция жағдайына
тек жақында ғана ие болды. Тарату арналарын
таңдау,тауарларды
орау
мәселесі
,оларды
тасымалдауға және алушыға жеткізуге дайындық
мәселелері , өндіріс және материалды сатып алу
мәселелері бір-бірімен әлсіз өзара байланыста
шешіледі.Жалпы тарату функциясын қамтитын жеке
функциялар басқарудың дербес функциялары
ретінде пайымдалды.

9.

Тарату логистикасының міндеттері
Тарату логистикасының міндеттерін шешу үдерісінде
мынандай сұрақтарға жауап беру керек:
өнімді тұтынушыға қай арналар арқылы жеткізу;
өнімді қалай орау керек;
қай маршрутпен жіберу керек;
логистикаға қоймалар торы қажет пе, егер қажет болса,
қандай және қанша;
қызмет
көрсетудің қандай деңгейін қамтамасыз ету
керек, тағы басқа бірқатар мәселелер.

10.

Тарату логистикасының міндеттер құрамы микро және
макродейгейде әр түрлі. Кәсіпорын деңгейінде , яғни
микродеңгейде логистика төмендегідей міндеттер
қойып, оларды шешеді:
өткізу үдерісін жоспарлау;
тапсырысты алуды және өңдеуді ұйымдастыру;
орау түрін таңдау, жинақтау туралы шешім қабылдау, сондайақ түсіруге тікелей байланысты басқа да операцияларын
орындалуын ұйымдастыру;
өнімнің түсіруін ұйымдастыру;
жеткізуді ұйымдастыру және тасымалдауды бақылау;
өткізгеннен кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

11.

Макродеңгейдегі тарату логистикасының
міндеттеріне мыналар жатады:
материалды өнімді тарату схемасын таңдау;
қызмет көрсететін территориядағы тарату орталықтарының
оңтайлы санын анықтау;
қызмет көрсету территориясындағы тарату орталығының
оңтайлы орналасу жерін анықтау, сондай-ақ аймақ, облыс, ел,
материк немесе бүкіл жер шарының территориясы бойынша
материалды ағымның жылжу үдерісін басқарумен байланысты
бірқатар басқа мәселелер.

12.

13.

Таратуды жүзеге асыратын көліктер
Көліктің жалпы өнімі кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы
және көліктік қызмет көрсетуге мамандандырылатын кез келген
меншік нысанындағы кәсіпорындар жатқызылатын барлық
көрсетілетін қызметті өндірушілер көрсететін көліктік қызмет
құнын
білдіреді,
бақыланбайтын
экономика
саласында
қалыптастырылатын көрсетілетін қызметтің құнын қамтиды.
Көліктік көрсетілетін қызметтер шығарылымы жүк және
жолаушылар тасымалы үшін төлем ретінде алынатын қаражат
сомасы (табыс) ретінде есептеледі және қызмет түрлері бойынша
жүргізіледі:
Теміржол көлігі
Ішкі су көлігі
Теңіз көлігі
Автомобиль және қалалық электр көлігі
Құбыржол көлігі
Әуе көлігі

14.

15.

Тарату арналары мен торлары
Өндіруші фирманың өнімі және сәйкес қызметі соңғы
және аралық тұтынушыларға белгілі бір тарату арналары
арқылы жүргізіледі, олар фирманың жалпы өткізу торын
құрайды. Американдық маркетинг ассоциациясының
анықтамасы бойынша , тарату арнасы- бұл фирмаішілік
ұйымдық бірліктер және фирмаішілік агенттер мен
дилерлер, көтерме саудагерлер мен ритейлердің (бөлшек
саудагерлердің) құрылымы, ол арқылы тауар , немесе
қызмет рынокқа жеткізіледі.

16.

Өткізу арнасы
Өткізу
арнасы (тарату арнасы)-бұл бір
атаулы
дайын
өнімнің
материалды
ағымдарын, сондай-ақ өндіруші фирманың
сәйкес қызметін соңғы немесе аралық
тұтынушыға
жеткізетін
логистикалық
тізбектер мен олардың учаскелері жататын
жартылай
реттелген
көптеген
түрлі
делдалдар.

17.

Өткізу арналарының барлығы фирманың өткізу торын
құрайды. Өткізу арналарының түрлері мен тор
құрылымы төмендегілерге байланысты:
дайын өнім өткізу рыногындағы фирманың стратегиялық
және тактикалық мақсаттары мен мәселелеріне;
фирманың логистикалық стратегиясына;
материалдық ағымдар түрлеріне және параметрлеріне;
өнім атрибуттарына және бірқатар басқа факторларға.

18.

Таратудағы логистикалық делдалдар
Жоғары
мамандалған қазіргі бизнес фирмалардың өткізу
арналарында түрлі функцияларды орындайтын логистикалық
делдалдарды қолдану қажеттілігіне алып келеді. Жалпылай бұл
функцияларды былайша бөлуге болады:
жеке тарату функциялары (операциялары);
алмасу функциялары (сату – сатып алу);
қолдайтын функциялар (бөлу сапасын стандарттау, қаржыландыру,
ақпараттық қолдау, тәуекелділікті сақтандыру және т.б.).

19.

Жеке тарату операцияларындағы делдалдар – түрлі
маманданған тасымалдау , жөнелту, тасымалдаужөнелту фирмалары, жеке тарату компаниялары, жүк
терминалдары және терминалды кешендер, жүк тарату
орталықтары, дайын өнімді сұрыптау, таралау және
орау кәсіпорындары , жүк өңдеуші және басқа да
кәсіпорындар. Жеке таратуға жататын логистикалық
функцияларды сауда делдалдары да орындай алады.

20.

Тарату логистикасының дәстүрлі өткізу және сатудан
айырмашылығы мынада:
материалды
және ақпараттық ағымдарды басқару
үдерісін маркетинг мақсаттары мен мәселелеріне
табындыру;
тарату үдерісі мен өндіру және сатып алу үдерісінің
жүйелі өзара байланысы(материалды ағымдарды
басқару бойынша);
тарату ішіндегі барлық функциялардың жүйелі өзара
байланысы.

21.

Сатып алу логистикасы
Сатып алу дегеніміз компанияның шикізаттағы, материалдар
мен
қосалқы
бөлшектеріндегі
мұқтаждықтарын
қанағаттандыратын бір әдіс болып табылады. Екінші жағынан бұл
мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өз қолмен бұл қосалқы
бөлшектерді жасауға кірісу сияқты сонымен қоса қайта
вертикальды интеграцияның төте жолы болып табылады. Сатып
алу жөніндегі шешімдерді қабылдау жақсылап ойланнанғаннан
кейін ғана қолдануы керек. Ондай тәсіл «МОВ» деп аталады яғни
жасау немесе сатып алу. Бірақ барлық жағдайларда да сатып алу
логистикасының алдыңғы орындағы мақсаты өндірістің
қажеттіліктерін минималды шығындармен ең тиімді жолдармен
қамтамассыз ету болып табылады.

22.

Сатып алуды болжау
Кәсіпорынның материалдарда, шикізаттарда және қосалқы бөлшектеріндегі
сұраныс көлемін анықтау. Қандай материалдар қандай көлемде керек екенін
айқындап білу үшін бізге кәсіпорынның берілген өнімге сұраныс деңгейін
анықтауға тура келеді.. сұранысты болжау сандық және сапалық тәсілдермен
жүруі мүмкін.
Сұранысты жоспарлаудың сапалық әдістері.
Субьективті немесе сапалық болжаулар негізінен адамдардың интуицияларына
өте байланысты болып келеді.
Адамдардан сұрақ жауаптарды алу арқылы адамдар таурларды таңдау
мақсатында оның тарифтік технологиялық мінездемелердің қорытындылау
нәтижесінде тауарды сатып алу мүмкіншіліктрі (шкала 0-жоқ, 0,2 аз мүмкінді,
0,4-жеткілікті түрде, 0,6 - өте жоғарғы мүмкіншілікті, 0,8 тым жоғарғы
мүмкіншілікті болып келеді.). бұндай есептеулер кәсіопорын басшыларына
сұранысты есептеп болашаққа деген маркетингтік, өндірістік, қаржындыру, және
де сату саясатын таңдауға мүмкіндік береді. әдетте бұндай сауалнамалар көп
уақытта тұтынатын тауарлар үшін жүргізеді.

23.

1. Фирмалардың сату қызметкерлерінің сауалнамасы. Болашақта
сатушылардың сату көлемі жайындағы ой қозғаулар, мысалға ол
абьективтивті болуы мүмкін – олар нарықты өте жақсы біледі одан басқа
сатып алушының әр қимылын болжай алады.
2. Эксперттік бағамалар. Бұндай болжамдарды жасау үшін ең алдымен
эксперттердің көмектеріне жүгінеді. Олар бір немесе одан да көп
аумақтарда немесе салаларда эксперттер болулары мүмкін.
Эксперттік бағамдауды орындау процедуралары.
Эксперттерді тағайындау. Эксперттерді таңдау келесі критерийлермен
жүсеге асып келеді:
Компитенттілік – эксперттің нақты бір саласы ретіндегі дәрежесін
көрсетеді.
Компитенттілік
коэффицентін эксперттердің салыстырмалы саны
ретінде есептеуге болады. Олар бір экспертті эксперттік топқа кіруін
мақұлдайды. Бұл ретте бір эксперттке берген дауыстар санын барлық
эксперттер санына бөледі.

24.

.Сатып алу нарығын зерттеу.
Сатып
алу нарығын зерттеуді жабдықтаушылар нарығының
тәртібін талдаудан бастайды. Содан соң барлық сатып
алынатын материалдық ресурстардың мүмкін көздерін алдын
ала бақылау, сондай-ақ нақты нарыққа шығумен байланысты
тәуекелдіктерді талдау қажет.
Материалды ресурстарға қажеттілікті анықтағанда, жеткізудің
салмағына, мөлшеріне және басқа да параметрлеріне, сондай-ақ
жеткізу қызметтеріне де талаптар белгіленеді. Әр номенклатура
және номенклатуралық топтық позициясына сызбалар мен
әрекеттерге қарай жоспар жасалынады.

25.

Сатып алуды жүзеге асыру.
Бұл қызметті жүзеге асыру келісім жүргізуден басталуы тиіс,
олар сол шарттың бекітілуімен аяқталуы қажет. Сатып алуды
жүргізуге сатып алу әдісін таңдау, жеткізу шарттары мен
төлем ақысын жасау, сондай-ақ материалдық ресурстарды
тасымалдауды ұйымдастыру жатады.
Жабдықтаушыларды таңдау.
Оған жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеу, жабдықтаушылар
жөнінде
мәліметтер
базасын
құру,
таңдалған
жабдықтаушылармен жасаған жұмыстардың нәтижесін бағалау
жатады.

26.

Сатып алу бюджетін дайындау.
Мұнда төмендегідей шығындар түрлерін анықтайды:
Материалды ресурстардың негізгі
орындауға кететін шығындар;
Тасымалдау, жіберу және сақтау шығындары;
Жүк өңдеу шығындары;
Жеткізу шартының орындалуын бақылау кететін шығындар;
Материалды ресурстардың қабылдануына және тексерілуіне кететін
шығындар;
Әлеуетті жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеуге кеткен шығындар.
түрлері
бойынша
тапсырысты

27.

Маркетингке жалпы түсінік:
Тарату логистикасының не екендігіне және жалпы не жқмыс жасайтынына тоқталып
өттік. Енді маркетинг дегеніміз не екеніне жауап қарастырамыз.
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның
(фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін
ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен
келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін
қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың
өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚
болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың
осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және
басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен
өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет
түрлері жатады.

28.

Маркетинг логистикаға қарағанда ертерек пайда болды, себебі сол
кездегі тауарларды өткізу қиындықтарына байланысты тәжірибе
жүзінде қажет болған. XX ғасырдың ортасында өндірісті нарыққа
қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сұранысты зерттеуде,
сұранысқа әсер етуде маркетингтік әдістерді қолдану бәсекеге
қабілеттілікті жоғарылататын шешуші фактор болды. Материалдық
ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді құру
мәселесі ол кезде өзекті болмады, себебі, біріншіден, экономикада
мұндай жүйелерді құрудың техникалық мүмкіндіктері жоқ еді,
екіншіден, сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану
есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді. Бүгінгі жағдайларда
тек қана маркетингті пайдалану негізінде «алға шығу» мүмкін
емес. Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақтылы, тез және
дәл жеткізу арқылы қанағаттандырылуы тиіс («тез жауап беру
технологиясы»). Пайда болған сұранысқа бұл «тез жауап » тек бір
қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады.

29.

Тарату логистикасы және маркетинг арасындағы
байланыс.
Маркетинг және логистика саласындағы зерттеу объектілері мен
пәнінің салыстырмалы сипаты
Обьектілер
Логистика
Тарату логисткасы
Зерттеу
объектісі
Нақты тауарлар мен
қызметтер нарығы
Осы нарықтарда айналатын
материалдық ағымдар
Зерттеу
пәні
Тауарлар мен қызметтерді өткізу бойын - Материалдық ағымдарды
ша нарықтық тәртіпті оңтайландыру
басқару үрдісін оңтайландыру
Зерттеу
әдістері
Нақты тауарлар мен қызметтер бойынша Материал өткізуші тізбекті құрудың жүйелі тәконъюктураны, сұраныс пен ұсынысты сілі, сондайақ, өндірістік және экономикалық
зерттеу әдістері
жүйелерді жоспарлау және басқару кезінде
қолданылатын жалпыға белгілі әдістер
Қорытынды
ережелер
Компанияның өндірістік өткізу стратегиялары
және тактикасы бойынша ұсыныстар: нені,
кандай көлемде, қай нарықтарға және қандай
мерзімде өндіру керек? Қандай қорытындылар
болуы мүмкін.
Логистиканың мақсатына жауап беретін жүйелер
жобалары: қажетті тауар, керекті орында,
қажетті көлемде, керекті сапада, қажетті уақытта
минимальды шығындармен.

30.

Маркетингтік логистика және тарату логистикасы
Тарату логистикасының мәні және оның маркетинг тұжырымдамасымен
өзара байланысы. Тарату логистикасының өзектілігі. Нарықтық ортада
маркетинг және логистика арасындағы өзара іс-қимыл схемасы, пайда
болатын қақтығыстар және оларды шешу жолдары. Тауар қозғалысының
логистикасы дайын тауарлар мен қызметтердің коммерциялық, арналық
және физикалық таратуын басқару процесі ретінде.
Қарқынды, селективті және эксклюзивті тарату. Көлденең және тік тарату
жүйесі. Өткізу жүйелерінің нұсқалары. Оңтайлы тарату нұсқасын таңдау
тізбегі. Ең төменгі дисконтталған шығындардың критерийі.
Кәсіпорынның тарату қызметін басқару процесі. тарату арнасын басқару.
Коммерциялық делдалдарды (дистрибьюторлар, дилерлер) таңдау мәселесі.
аумағында өнімді бөлу басқару саясаты. Аймақ бойынша таратуды басқару
саясаты.

31.

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, компьютер клавиатурасынан
қолымен енгізген 300 белгіде 1 қате болады. Штрих кодтарды
пайдалануда бұл көрсеткіш 3 млм. Белгіге бір қатеге дейін
төмендейді. Штрихкодтаумен мәліметтерді автоматты түрде жинау
техникасының негізінде қарапайым физикалық заңдар жатыр.
Штрих код дегеніміз – белгілі бір ережеге сәйкес құрылған, түрлі
енді күңгірт ашық жолақтардың алмасуы. Штрих код, жүйедегі
басқару объектісі болып табылатын затқа бекітіледі. Бұл затты
тіркеу үшін сканерлеу операциясын жүргізеді. Бұл кезде 37
сканерлейтін құрамның жарқыраған лазер сәулесі штрих код
бойымен күнгірт және ашық жолақтарда бейнеленген сәулені
жарық сезетін құрал қабылдап алып, дискретті электр сигналына
айналады. Алынған сигнал бейнеленген жарыққа тәуелді. ЭЕМ
электр сигналын оқып, оны сандық кодқа айналдырады

32.

Маркетингті басқару процесі
Рыноктық мүмкіндіктер талдауы фирма мақсаттары мен ресурстарын міндетті
есепке алуды, маркетингтік зерттеулерді жүргізуді, маркетингтік ортаны, жеке
тұтынушылар рыноктары мен кәсіпорын рыноктарын зерделеу-ді болжайды.
Талдау нәтижесінде фирма өзі үшін маркетингтік күштердің тартымды
бағыттарын анықтауы керек, олардан бәселекелестік басымдыққа жете алады.
Мақсаттық рыноктарды іріктеу тәртібі - сұраныс көлемдерін өлшеуден,
рынокты сегменттеуден, мақсаттық сегменттерді таңдаудан және рынокта
тауарға ұстаным жасаудан тұрады.
Маркетинг кешенін жасау тауарды шығарумен, бағаны қоюмен, тауарды тарату
әдістерін таңдаумен, өтімді жақсартумен байланысқан.
Маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыру – бұл дайындалған стратегияға сәйкес
жоспарлау және жоспарларды жүзеге асыру процесін басқару.
Маркетинг туралы қазіргі заманғы түсінік тұтынушымен өзара қатынастың
келесі принциптеріне негізделеді

33.

Қорытынды
Тарату логистикасы қазіргі таңда логистканың маңызды салаларының бірі
болып келеді. Сұранысты ынталандыру және анықтаумен айналысатын
маркетингтен тарату логистикасының айырмашылығы, ол жүйелендірілген
маркетингтік сұранысты минималды шығынмен қанағаттандыруға
бағытталған. Сонымен қоса, өнімді тұтынушының негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыру міндеттерін ескере отырып, келесі қоса кеткен жөн:
уақытылы тауарды жеткізу, тапсырыс берушінің шұғыл қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қабілеттілігі, тауарларды жүктеу және түсіру жұмыстары
кезінде мұқият қарау, өндірушінің ақау шыққан өнімдерді шұғыл ауыстыруға
әзір болуы және тауар материалдық қорлардың белгілі деңгейде ұстап тұру.
Тарату логистикасы – бұл тасымалдауды, қоймалауды және барлық
логистикалық операцияларды, соңғы тұтынушының талаптары мен
қызығушылықтарына сәйкес тауарларды жеткізу процесін, сонымен қоса
сақтау және сәйкес ақпараттарды өңдеуді басқару.

34.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Миротин Л.Б., Ташбаев Ы.Э., Порошина О.Г., Эффективная логистика.–
М.,Экзамен, 2003.
2. Неруш Ю.М. Логистика: Учебник для вузов. 2 – е изд., перераб. и доп. –
М.: ЮНИТИ: ДАНА, 2000.
3. Основы логистики: Учебное пособие \ Под ред. Л.Б.Миротина и
В.И.Сергеева., М.: Инфра. – М, 1999.
4. Родников Л.П.Логистика: Терминологический словарь. – М.: Инфра –
М, 2000.
5. Сергеев В.И. Логистика В бизнесе. Учебник. – М.: 2001.
6. Транспортная логистика / Под.ред.Миротина Л.П., М.: Экзамен, 2004.
7. Тулембаева А.Н. Учебное пособие. Логистика. Алматы: «ИздатМаркет»,
2002.
English     Русский Rules