Similar presentations:
Логистикалық тізбек құрылымының негізгі сипаттамалары, тарату логистикасының функциялары мен ережелері
1.
Логистикалық тізбекқұрылымының негізгі
сипаттамалары, тарату
логистикасының
функциялары мен ережелері
2.
Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгітүсініктерінің бірі болып табылады. Экономикалық механизмнің
қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер бар. Бұл көпшіліктің
ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық
жүйелерді бөліп қарастыру қажет. Логистикалық жүйе түсінігі
жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке болып табылады. Сондықтан
да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп, содан кейін
қандай жүйелер класы логистикалық жүйеге жататынын
анықтаймыз.
Энциклопедиялық сөздікте "жүйе" түсінігінің мынадай
анықтамасы берілген: "жүйе (грек сөзінен алынған - біртұтас,
бірігу деген мағынаны білдіреді) бір-бірінен өзара байланысты
және байланыста болатын, белгілі бір "тұтастықты, бірлікті
құрайтын көптеген элементтер".
3.
Кез келген жүйеге тән төрт қасиеттің шеңберінде логистикалықжүйенің қасиеттерін сипаттайық.
• Бірінші қасиеті: жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара әрекет ететін элементтердің
біртұтас жиынтығы.
• Логистикалық жүйені элементтерге бөлуді түрліше жүргізуге болады.
Макродеңгейде материалды ағымның бір кәсіпорыннан екіншіге өткен
кезінде элементтер ретінде кәсіпорындардың өздері, сондай-ақ оларды
байланыстыратын көлік те қарастырылуы мүмкін.
Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі элементтерден тұруы
мумкін.
• Сатып алу — материалды ағымның логистикалык жүйеге түсуін қамтамасыз
ететін элемент.
• Өндірісті жоспарлау және басқару — бұл элемент материалды ағымдарды
сатып алу бөлімінен қабылдап алып, оны еңбек затынан еңбек өніміне
айыратын түрлі технологиялық операцияларды орындау үрдісінде
басқарады.
• Өткізу — бұл элемент материалды ағымның логистикалық жүйеден шығуын
қамтамасыз етеді
4.
Екінші қасиеті (байланыс) логистикалық жүйе элементтеріарасында заңды қажеттілікпен интегративті сапаларын анықтайтын
маңызды байланыстар бар. Макрологистикалық жүйелерде элементтер
арасындағы
байланыс
негізін
келісім-шарт
кұрайды.
Микрологистикалық жүйелердегі элементтер бір-бірімен өндірісттік
қатынастармен байланысты.
Үшінші қасиеті (ұйымдастыру); логистикалық жүйе элементтері
арасындағы байланыстар белгілі тәртіппен реттелген, яғни
логистикалық жүйе ұйымдасқан.
Төртінші қасиеті (интегративті қасиеттер): логистикалық жүйенің
оның жеке алғандағы элементтеріне тән емес, интегративті қасиеттері
бар. Бұл қажетті тауарды керекті жерге, қажетті уақытта, қажетті сапада
минималды шығындармен жеткізу қабілеттілігі, сондай-ақ сыртқы
өзгерісіне бейімделу қабілеттілігі (тауарлар немесе қызметтерге
сүраныстың өзгеруі, техникалық құралдардың күтпеген жерден істен
шығын қалуы және т.с.с).
5.
Логистикалық жүйелер, макро- және микрологистикалық болыпбөлінеді.
Макрологистикалық жүйе — елдің түрлі аймақтарында немесе
түрлі елдерде орналасқан, түрлі өнеркәсіптік, делдалдық, сауда және
тасымалдау ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды
ағымдарды басқаратын ірі жүйе. Макрологистикалық жүйе аймақ,
елдердің немесе елдер тобының экономикасының белгілі бір
инфрақұрылымын білдіреді.Түрлі елдерді қамтитын макрологистикалық
жүйенің қалыптасуы кезінде халықаралық экономикалық қатынастардың
құқықтық және экономикалық ерекшеліктерімен байланысты, елдердің
көлік зандылықтарының ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарды
және, сондай-ақ басқа кедергілерді төзу қажет. Мемлекетаралық
бағдарламалардағы макрологистикалық жүйелердің қалыптасуы
біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуын, ішкі шекараларысыз
тауарларды,
капиталдарды,
ақпараттарды,
еңбек
қорларын
тасымалдаудағы кедендік кедергілерсіз ортақ нарықтың құрылуын талап
етеді.
6.
• Микрологистикалық жүйелер, макрологистикалық жүйелердің құрылымдыққұрамдасы, бөлімі болып табылады. Оларға түрлі өндірістік және сауда
кәсіпорындары, территориалды-өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық
жүйелер өндірісшілік логистикалық жүйелер класына жатады, олардың құрамына
біртұтас инфрақұрылыммен біріккен, технологиялық байланысқан өндірістер
кіреді.
• Макрологистика шеңберіндегі жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы
байланыстар тауар-ақша қатынастарының негізінде бекітіледі. Микрологистикалық
жүйелер ішінде, сондай-ақ элементтер әрекет етеді. Дегенмен, олардың өзара
әрекетінің негізі тауарлы емес. Бұл - фирма, бірлестіктер немесе бір экономикалық
нәтижеге жұмыс істейтін басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер.
Логистикалық жүйенің үш түрі бар: тікелей байланысы бар, икемді және
эшелонданған логистикалық жүйелер.
• Тікелей байланысы бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалық жүйелерде
материалды ағым өнім өндірушіден тұтынушыға делдалсыз, тікелей өтеді.
• Эшелонданған логистикалық жүйелер. Мұндай жүйелерде материалды ағым
жолында кем дегенде бір делдал бар.
• Икемді логистикалық жүйелер. Мұнда материалды ағымның өнім өндірушіден
тұтынушыға қозғалысы тікелей, сондай-ақ делдалдар арқылы жүруі мүмкін.
7.
Тарату логистикасының дәстүрлі өткізу және сатуданайырмашылығы мынада:
• материалды және ақпараттық ағымдарды басқару үдерісін
маркетинг мақсаттары мен мәселелеріне теңестіру;
• тарату үдерісі мен өндіру және сатып алу үдерісінің жүйелі өзара
байланысы(материалды ағымдарды басқару бойынша);
• тарату ішіндегі барлық функциялардың жүйелі өзара байланысы.
8.
Таратулогистикасының
анықтамасы
төмендегідей
қалыптасады: тарату логистикасы – материалды ағымның түрлі
көтерме сатып алушылары арасында бөлу үдерісінде жүзеге асатын
өзара
байланысты
функциялар
кешені.
Логистикадағы бөлшек сату үдерісі қарастырылмайды. Бұл
үдерістің тиімділігі негізінен логистикадан тыс факторларға
байланысты, мысалы, сатып алушы психологиясын білу,сауда
залын безендіре білу,жарнама ұйымдастыру және т.б.
9.
Тарату арналарын таңдау, тауарларды орау мәселесі, олардытасымалдауға және алушыға жеткізуге дайындық мәселелері,
өндіріс және материалды сатып алу мәселелері бір-бірімен әлсіз
өзара байланыста шешіледі. Жалпы тарату функциясын қамтитын
жеке функциялар басқарудың дербес функциялары ретінде
пайымдалды. Тарату функциясына интегралды көзқарас 60-70- ші
жылдардың басында дамыды. Бұл кезеңде өндірістік өнімді
таратуға қатысты түрлі функцияларды бір басқару функциясына
біріктіру тиімділікті жоғарлатудың үлкен резерві болатынын
көбісітүсінді.
Түрлі тарату функцияларын өткізудегі интегралды тәсілдің
нәтижесі, ұйымды және кәсіпорынды функционалды басқару
құрылымына таратуды енгізу болып табылады.
10.
Тарату логистикасының міндеттерін шешу үдерісіндемынандай сұрақтарға жауап беру керек:
- өнімді тұтынушыға қай арналар арқылы жеткізу керек;
- өнімді қалай орау керек;
- қай маршрутпен жіберу керек;
- логистикаға қоймалар торы қажет пе, егер қажет болса, қандай
және қанша;
- қызмет көрсетудің қандай деңгейін қамтамасыз ету керек, тағы
басқа бірқатар мәселелер.
11.
Тарату логистикасының міндеттерінің құрамы микро жәнемакродейгейде болады. Кәсіпорын деңгейінде , яғни микродеңгейде
логистика төмендегідей міндеттер қойып, оларды шешеді:
- өткізу үдерісін жоспарлау;
- тапсырысты алуды және өңдеуді ұйымдастыру;
- орау түрін таңдау, жинақтау туралы шешім қабылдау, сондай-ақ
түсіруге тікелей байланысты басқа да операцияларын орындалуын
ұйымдастыру;
- өнімнің түсіруін ұйымдастыру;
- жеткізуді ұйымдастыру және тасымалдауды бақылау;
- өткізгеннен кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
12.
Макродеңгейдегімыналар жатады:
тарату
логистикасының
міндеттеріне
материалды
өнімді
тарату
схемасын
таңдау;
- қызмет көрсететін территориядағы тарату орталықтарының
оңтайлы
санын
анықтау;
- қызмет көрсету территориясындағы тарату орталығының оңтайлы
орналасу жерін анықтау, сондай-ақ аймақ, облыс, ел, материк
немесе бүкіл жер шарының территориясы бойынша материалды
ағымның жылжу үдерісін басқарумен байланысты бірқатар басқа
мәселелер.
13.
Тарату логистикасының ережелеріБіз
тарату
логистикасының
"үш
алтын
ережесін"
тұжырымдаймыз.
1. ЛДТ (логистикалық дистрибутивтік тізбек) түпкілікті өткізу
нүктелеріне
мүмкіндігінше
терең
енуі,
мүмкіндігінше
жиі
пайдаланылуы және мүмкіндігінше үлкен сыйымдылықты қамтамасыз
ететін өнімнің жүк бірліктерін және жүк көлік бірліктерін (transaction
units) пайдалану жолымен барынша үлкен қашықтыққа тасымалдауды
жүзеге асыруы тиіс.
Көлік бірлігі (transaction units) - кез келген тасымалданатын
қаптама не жүктің бірлігі немесе біртұтас ретінде қаралатын және
тасымалдауға және сақтауға арналған бір немесе одан да көп қаптамалар
бірлігі.
14.
2. ЛДТ-те сыйымдылығына қарамастан TU (transaction units)ең аз мөлшерін пайдалану қажет. TU-дің ең аз мөлшері осы
бірліктердің айналым саны туралы ұғымға сәйкес келеді, яғни бұл
TU-ны тұтынушыларға уақытында беруге болатын реттік саны. Бұл
аталған бірліктерді технологиялық өңдеу үшін жабдықты
қарқынды пайдалануды және көптеген көлік түрлерімен
тасымалдау кезінде TU пайдалануға мүдделі инфрақұрылым
ұйымдарының болуын білдіреді. Бұл ережені қолдану маркетинг
саласында макро және микро деңгейлердегі мүмкін сценарийлердің
тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізуді талап етеді.
15.
3. Стационарлық қойма (егер оны құруға жол берілмесе) ЛДТорталығында орналасуы керек: бастапқы өндіріс процесі мен соңғы
сауда нүктелеріне жақындық арасындағы келісімге келу.
Өндіріс
пен тұтыну қарқыны шамамен бірдей болған жағдайда нөлдік қор
болуы мүмкін. Нақты жағдайларда резервтен аулақ болу мүмкін
емес. Бұл ережені қолдану оның орналасқан жерін — жергілікті
нарықта немесе өндірушіде таңдауға мүмкіндік береді. Басқаша
айтқанда, сатудың жылдамдығы мен сенімділігі арасында таңдау
қажет.
16.
Тарату логистикасының алдында тұрған міндеттерді шешуүшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.
Біріншіден, тарату логистикасының ішінде ресурстар да,
нәтижелер де жоқ, тек одан тыс жерде екенін атап өткен жөн.
Тарату логистикасының нәтижесі тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандыру және кәсіпорынның пайда табуы болып табылады.
Нәтижені алу ең алдымен сатып алушыларға байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында сатып алушыны сатып алуға
мәжбүрлеу мүмкін емес, бірақ тарату логистикасы сатып
алушының шешіміне аздап әсер етуі мүмкін.
17.
Екіншіден,тарату
логистикасының
нәтижелеріне
проблемаларды шешудің орнына мүмкіндіктерді пайдалану арқылы
қол жеткізіледі. Бұл кәсіпорынның нарықтық әлеуетін бағалау және
тауарлар мен қызметтерді нарыққа жылжыту кезінде оның
артықшылықтарын
толық
пайдалану
дегенді
білдіреді.
Үшіншіден, тарату логистикасының нәтижелеріне қол
жеткізу үшін ресурстарды проблемаларды шешуге емес, кәсіпорын
мен нарықтың мүмкіндіктерін пайдалануға бағыттау керек.
18.
Төртіншіден, тарату логистикасының үлкен нәтижелеріненарық заңдары мен тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере
отырып, нарықтағы шынайы көшбасшылық кезінде қол жеткізуге
болады.
Бесіншіден, қол жеткен нәрсеге сенудің қажеті жоқ. Тарату
логистикасының қосымша күш жұмсаман кездегі жалпы бағытыбұл өзін-өзі жоюдың жолы. Сондықтан негізгі проблема жаңа
нарықтық нишаны немесе өнімді нарыққа жылжытуды
ұйымдастырудың жаңа әдістерін үздіксіз іздеу болып табылады.
Алтыншыдан, басқарусыз өздігінен жұмыс істейтін тарату
логистикасы көбінесе дұрыс жұмыс істемейді.
19.
Тарату логистикасында материалдық ағындарды жылжытуарналары мен тізбектерін таңдау күрделі басқару шешімі болып
табылады, ол ағындарды басқаруға байланысты барлық басқа
шешімдерге тікелей әсер етеді.
Іс жүзінде, көп жағдайда логистикалық арналар мен тізбектер
тікелей экономикалық байланыстар негізінде қалыптаспайды,
дегенмен мұндай мақсат әрқашан қажет, бірақ делдалдардың
қатысуымен оны пайдалану өндірушілер үшін де, тұтынушылар
үшін де тиімді болуы мүмкін.