6.90M
Category: historyhistory

Осман Мемлекеті (1299-1923)

1.

ОСМАН МЕМЛЕКЕТІ (1299-1923)

2.

3.

Османлылар
ата-тегі
оғыздардың
қайы
тайпасынан шығады. Бұл тайпа сол кездегі (XIII
ғасыр) моңғол шапқыншылығынан құтылып,
Анадолы (Anadolu) жеріне көшеді. Тайпаның
басшылары осында әскер жинап жатқан
хорезмшаһ
Жалаладдиннің
(1199-1231)
қызметінде болады. Кейінірек Ертоғрыл (11981281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы
Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол
кездегі сұлтаны Алаеддин Кейкубад I (1192-1237)
Ертоғрылға Анадолыдағы Сөгүт (Söğüt) қаласын
сыйлайды.
Ертоғрылдың ұлы I Осман Сөгүтте Османлы
бейлігін негізін қалайды.

4.

I Осман (1258-1324) және оның баласы I Орхан (12881362) Анадолының біраз жерін басып алады.

5.

1326 жылы Бурса қаласы алынып, жаңа дамып келе жатқан мемлекеттің
астанасы болады. 1331 жылы Ниқия (Изник), 1337 жылы Никодиум
(Измит) қалалары алынады. 1340 жылдары Кіші Азиядағы Византияның
Константинопольдан басқа аймақтарының барлығы түріктерге қарады.
1354 ж. Анкара алынды. Осы жылы Галиполи аралдарына кіреді.

6.

I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасы секілді Анадолының біраз жерлерін
басып алды. Бұл жетістіктерді пайдаланып Европаға кіруді жылдамдатты.
1361 ж. Едирне қаласы алынып, оны саяси астана қылады. Европада
Македония, Болгария, Сербияны, 1389 ж. 6 шілдеде Косовоны алады.
Косово даласындағы шайқаста сербтер тарапынан қаза тапты.

7.

8.

I Баязит (1357-1403) 13 жыл ішінде мемлекеттің аумағын екі жарым
есе ұлғайтты. Бұл оның шешім тез қабылдауы мен оның әскерінің
шапшаң жылжуының әсері болар. Осыған байланысты ол «Шапшаң»
(Yıldırım) лақап атымен әйгілі.
1390 ж. Ең күшті әмірлік Карманда берілді. Оған Кіші Азия, Оңт
Шығыс Европа, Византияның барлық жері (астанасынан басқа)
қарады.
1394 ж. Каирге хат жолдайды.
1395 ж. Константинопольды қоршайды. Крест жорықтары
салдарынан тоқтатылады.
1396 ж. Никополюс шақасында жеңіске жетеді. Константинопольды
тағы қоршаған кезде Темірлан әскерінің келуімен тоқтатылады.
Алып аймақтарды билеп келе жатқан Темірлан Кіші Азияға шабуыл
жасап тоқтайды.
1399 ж. Темірлан әскері қайта жорық жасайды.
1402 ж. 28 шілде айында екі жақтың Анкара маңындағы шайқасты
Османлылар Темір әскеріне қарсылық көрсете алмайды.
Шапшаң Сұлтан Баязит тек бір ғана шайқаста жеңілді, ол Анкара
шайқасы. Бұл жеңіліс ел ішінде өзара соғысты туғызды.
I Баязиттің ұлдары Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет арасында соғыс
болды. Мехмет жеңіп билікке келді.

9.

I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан әбден әлсіреген
мемлекетті қайта қалпына келтірді. Әділ, момын, бейбітшіл
және білімді деп сипатталды.

10.

11.

• II Мұрат (1404-1451) өте қайратты билеуші болды.
Оның тұсында османлылар өзінің ескі иеліктерін
қайта қайтарды.
• Гректерді, Мажарларды, Сербтерді жеңді. Крест
жорықтарын басты.
• 1422 Константинопольды қоршады.
• 1430
Македония
жорықтары
аяқталып
Салониканы алды.
• 1440 Венгрлердің қатты қарсылықтарынан кейін
Белград алынды.
• Елде мешіттер салынды, өнер өрледі, ғылым
дамыды және мәдениет өркендеді.
• Тақты 12 жасар баласы Мухаммедке (Фатих) беріп,
өзі Бурсада аскеттік ғұмыр кешті. Мухаммедке
Хани Паша мен Мулла Хусревті кеңесші етеді.

12.

Мухаммад Фатих 1453 жылы 29 мамырда Константинополь (Стамбул)
қаласын алды.
Византия империясын толығымен жояды.
Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға
кіріседі. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына
кедергі болды. Фатих Сұлтан Мехмет (Fâtih Sultân Mehmet) 1481 жылы Гебзе
қаласында мерт болды. Өзі салған Фатих мешітінде жерленді.

13.

14.

1516 – 1518 жж. Араб елдері алынды Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін
жойды. Өзінің қатал саясаты үшін ол «Жауыз» атанады. (Yavuz Sultân
Selim) Өзіне «Халифа» атағын алады. Келесі османлы сұлтандары да осы
атақты алып, Ұлы Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады.
I Селим 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Курдистанды,
Шамды, Мысырды, Медине мен Меккені және Жазайырды жаулап алды.

15.

16.

• I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 5560 мыңдық әскерімен мажарлар мен чехтердің 38-41
мыңдық әскерін толығымен жеңеді.
• Соғыстың нәтижесінде османлылардың Еуропадағы беделі
артты.
• 1529 ж. Венаны қоршайды
• 1537 ж. Үнді мұхитынан Португалдарды қуады
• 1555 ж. Мальтаны алады.
• I Сүлеймен өзінің 42 жылдық (1520-1566) билік жүргізген
заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны,
Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Либияны,
Тунисті жаулап алды.
• I
Сүлейменнің
тұсында
османлылардың
билігі
шарықтауының шыңына жетті. Сұлтан 7 қыркүйек 1566
жылы Зигетвар шайқасында қаза табады.
• Сулеймание мешітінде жерленеді.

17.

II Селимнің (1566-1574) тұсында османлылар Кипр аралы мен
Арабия түбегін толығымен алды.

18.

III Мұрат (1574-1595) өз сұлтандығының басында сафауилерге қарсы
жорыққа шығып, нәтижесінде 1579 жылы Грузия мен Әзірбайжанды,
1580 жылы Каспий теңізінің оңтүстік пен батыс жағалауын жаулап алды.
1590 жылы Константиния келісімі бойынша Ұлы Османлы Мемлекетіне
Тебриз, Кавказ, Курдистан, Луристан және Хузестан қарады.

19.

• Австриялық әскерлерді
талқандып, Мажарыстаннның
көп бекіністерін өздеріне
қаратты

20.

III Мехметтен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті тоқырау кезенін
бастан кешті. I Ахметтен VI Мехметке дейінгі сұлтандар елдің
ыдырауын тоқтата алмады.
English     Русский Rules