23.37M
Category: historyhistory

Моғолстан XIV ғасыр ортасы-XVI ғасыр басы

1.

Қазақстан тарихы
МОҒОЛСТАН
XIV ғасыр ортасы–XVI ғасыр басы

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
Қалыптасу
Қоғамдық құрылысы
2
4
Аумағы
Саяси тарихы

3.

Шағатай ұлысы
Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай:
иеліктеріне Шығыс Түркістан, Жетісудың үлкен
бөлігі мен Мауараннахр енді.
Астана Алмалық болды.
Шағатайдың бұйрығымен Үрімші арқылы Шығыс
Түркістанға жол және Іле алқабында тау асуы
салынды.

4.

Кебек хан
1307‒1326 жылдары
• Шағатай ұрпағы:
• «Кебек» есімі жазылған күміс теңге айналымға
енгізілді.
• Мұсылман мәдениеті орнықты.
• Мауараннахрға қоныс аударды. Жетісу –
мемлекет орталығынан шет аймаққа айналды.
• Әкімшілік билік түмендерге бөлінді.

5.

XIV ғасырдың ортасына қарай
Шағатай ұлысы ыдырай
бастайды.
• Батыс бөлігі – Мауараннахрда құрылған
мемлекет Әмір Темір мемлекеті
• Шығыс бөлігінде – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен
Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекет
құрылған.

6.

Құрылуы
• Құрылған уақыты: 1348 жылы.
• Моғолстан мемлекетін құруда белді рөл атқарған
дулат тайпасының әмірі Поладшы.
• Моғол хандығында билік еткен Шағатай әулеті.
• Астанасы – Алмалық қаласы
Құрамы
• Моғолстанның халқы түрік тілдес тайпалар: дулат,
қаңлы, үйсін, арғын, барлас.
• Дулат – мемлекеттің құрылуына басты рөл атқарған
тайпа.

7.

8.

Аумағы
• Шығысы- қалмақтардың жерімен шектеседі және
Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады.
• Батысы- Түркістан мен Ташкентпен шектеледі.
• Солтүстігі- Көкшетеңіз (Балқаш).
• Оңтүстігі- Ферғана әулетімен, Қашғар, Ақсу,
Шалыш, Турфанмен шектеседі.

9.

М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди»
еңбегі:
• Шағатай хан өз мемлекетін
үлестерге бөлгенде өзіне адал
қызмет еткен дулат әмірі
Поладшыға Маңлай Сүбе жерін
берген. Маңлай Сүбе Шығыс
Түркістаннан Ферғанаға дейінгі
кең байтақ жерді алып жатты.
• «Ал Шағатайлардың орнына
олардың мұрасындағы қалалар
мен уәлаяттарды (басқа)
адамдар иеленіп алды. Алайда
қазіргі Моғолстан деп аталатын
ұзындығы мен ені 7-8 айшылық
жол (қашықтық) болып
табылады, оңтүстігінде Ферғана
уәлаятымен, Қашғармен,
Ақсумен, Шалышпен және
Тұрфанмен шектеседі...»

10.

Моғолстанның
қоғамдық
құрылысы

11.

• Мемлекет басқаруда көмектескен: Ұлысбектер.
• Моғол мемлекетіндегі дулат тайпасының
мұралық лауазымы: «Ұлысбек».
• Түрік тайпалары басшаларының атауы: «әмір».
• Алым-салық жинап, тәртіпті
қадағалаған: Даруғалар.
• Ханның аңшылық ісін басқарушы:Миршикар.
• Сарай қызметінің басшысы: Ішік аға басы.
• Жиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді
қадағалап отырған: Жасауылдар.
• Моғол мемлекетіндегі хан баласының
тәрбиешісі: «Атабек».
• «Көкілташ» – мұрагердің «тел бауыры».
• Моғол хандығында жастай сайланған ханға ақыл
беретін кеңесші:«Наиб».

12.

Саяси тарихы

13.

Тоғылық-Темір 1348-1362 жылдары
• Дулат
әмірі
Поладшының
көмегімен 16 жасында Моғолстан
алғашқы ханы болып сайланған.
• Билеушілер
әулетінің
негізін
қалады.
• Ислам дінін мемлекеттік дін
ретінде жариялады.
• М.Х.Дулати:
«Моғолстанда
Тоғылық-Темір тұсында бір күнде
160 мың адам ислам дінін
қабылдаған».
• Ислам
дінін
қабылдамығын
әмірлер мен бектерді өлім
жазасына кескен.
• Басына
шалма
(сәлде)
тақпағандарға
қатаң
жаза
қолданған.
• Шағатай
ұлысының
кезінде
орныққан Орта Азиядағы билікті
қалпына келтіруге тырысты.

14.

Мәуреннахрға жорығы
• 1360-1361 жылдары Мәуараннахрға жорық
жасайды.
• Екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны
Мәуараннахрдың хан тағына отырғызды.
• 1362 жылы Моғолстанға оралып қайтыс болады.
Моғол аңыздарына сәйкес, хан Алмалық қаласына
жақын Іле алқабында жерленді. Хан қабірінің үстіне
кесене салынды.

15.

Ілияс-Қожа хан 1362-1365 жылдары
• Тоғылық Темірдің ұлы. Мұрагерлікпен таққа келді.
• 1365 жылы 22 маусымда Әмір Темір мен ІлиясҚожа арасында Ташкент маңында «Батпақ шайқасы»
(Лайсаң шайқасы) болды.
• Кескілескен шайқас болғаны соншалықты, екі
жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. Әмір Темір
әскері жеңілді.
• Жеңілген Әмір Темір Самарқанға қашады. Ал ІлиясҚожа әскерлері арасында жамандат ауыруы тарап кері
шегінуге тура келет.
• «Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанды
қоршауға аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық
қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ қоршаудан
қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары
жамандат індетінен қырыла бастағандықтан
шегінуге мәжбүр болды Қаланы алудың мүмкін
еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға
мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысы кезіндегі
билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы
сәтсіздікпен аяқталады». Әмір Темір мен Ілияс
Қожа арасындағы күрес

16.

Ілияс-Қожа хан 1362-1365 жылдары
• Ілияс-Қожа тұсында Моғол хандығында дулат
тайпасының атақты әмірлері Камар ад-дин мен оның
інісі Шамс ад-дин билік жүргізген.
• Саяси бытыраңқылық нәтижесінде Ілияс Қожа қайтыс
болады.

17.

• 1370 жылы
Мәуараннахрда билікке
келіп күшейген Әмір Темір
1371-1372 жылдары
Моғолстанға әскер
аттандырды .
• 1375-1377 жж. екінші
жорықта Оңтүстік
Қазақстан арқылы
Жетісудың Шарын өзеніне
дейін жетті.
• 1377 жылы Қамар ад-дин
Әмір Темір әскерлерінен
Қаратау етегінде және
Ыстықкөлге баратын
жолдағы Бұғым
шатқалында екі рет күйрей
жеңіледі.
• 1371 жылдан 1390 жылға
дейін Әмір Темірдің
Моғолстанға жасаған
жорықтарының саны:Он

18.

Қызыр-Қожа хан 1380-1399 жылдары
• Тоғылық Темірдің баласы.
• 1380 жылдың аяғында Әмір Темірге қарсы Ақ Орда
мен Моғолстан билеушілері одақтасты.
• 1380‒1390 жылдары Әмір Темір 120 мың әскермен
Моғолстанға жорық жасайды.
• 1390 жылдары Әмір Темірге өзінің тәуелділігін
мойындады.

19.

Мұхаммед хан 1408-1416 жылдары
• Моғолстан Темір әулетінің
тәуелділігінен құтыла
бастады.
• Әмір Темір қайтыс
болғаннан кейін оның
әулетінің ішіндегі таластартысты пайдаланды.
• 1408 жылы Мұхаммед
хан Темірдің немерелері
Ахмед
мырза мен Ұлықбектің ар
асындағы Ферғана үшін
таласта, ол Ахмед
мырзаға көмектесіп,
жеңіске жетті. Осы кезден
бастап Моғолстан өз
тәуелсіздігін ала бастаған.

20.

Уәйіс хан 1418-1428 жылдары
• Мұхаммед хан қаза
болғаннан кейінгі билік үшін
талас-тартысты пайдаланып,
Темірдің немересі Ұлықбек,
өзін жақтаушы ШерМұхаммедтің хан болуына
көмектеседі. Бұған қарсы
болған Моғол
шонжарлары Уәйісті хан
тағына отырғызады.
• 1425 жылы Темір ұрпағы
Ұлықбек Моғолстанға
шапқыншылық жасады.
• ХІVғасырдың басында
шығыстан ойраттар шабуыл
жасап отырды.
• М.Х.Дулати: «Уәйіс хан 10
жыл ішінде қалмақтардың
612 шабуылына тойтарыс
берген».

21.

Есен–бұға хан 1433-1462 жылдары
• 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс
болғаннан кейін, балалары
Жүніс пен Есен-бұға билік
үшін таласты.
• Дулат әмірлерінің
қолдауымен хан тағына
отырған.

22.

Жүніс хан 1462‒1487 жылдары
• Ел әлсіреп кетті. Жетісуға билігін жүргізе алмады.
• Ойрат қонтайшысы Амасанчидің 300 мыңдық
қолы Алмалыққа қауіп төндірді.
• Баласы сұлтан Ахмед 1484 жылы Қашғарияның
негізін қалады
Махмұт хан 1487‒1508 жылдары
• Ағасы Ахмед хан өлген соң (1503-1504 жылдары),
оның ұлдары сұлтан Сайд пен Халилді өзіне
бағындырғысы келеді. Бірақ жеңіліп қалады.
• Халил мен Сайдты жеңеді. Бірақ Қасым мен Қашғар
билеушісі Әбу Бакр Дулатидың қысымынан
Турфанға кетеді.

23.

Абд ар-Рашид хан 1509-1566 жылдары
• Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады.
• Моғолстанның ыдырауына
себеп болған: Хандық билік үшін талас.
• Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.

24.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Rules