Similar presentations:
Рим
1.
Патшалық кезеңде (б.з.б.753-509 жж.) РимАппенин түбегіндегі шағын ғана мемлекет
болатын. Б.з.б. 509 жылы Рим республикаға
айналған соң, Италияны жаулап алуға
кірісті.
Алғашында олардың негізгі қарсыластары
солтүстікте - этрускілер - ал солтүстікшығыста - сабиндер, шығыста эквтар,
оңтүстік-шығыс-та вольсктар болды.
2.
• Бірінші Латын соғысы (б.з.б. 499-493 ж.ж.)• Рим өздері тақтан тайдырған патша Тарквиний Гордыйдың
қолдауына сүйенген этрускілерге тойтарыс берді, ал б.з.б. 499-493
жылдары латын қалаларының Ариций федерациясын жеңіп, олармен
бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара әскери көмек және олжаларды
теңдей бөлу туралы одақ құрады.
• Екінші Латын соғысы (б.з.б. 340-338 ж.ж.)
• Римнің кұдіретінің артуы латындармен байланысты нашарлатады. Бұл
Екінші Латын соғысына себеп болады. Соғыстың нәтижесінде Латын
одағы ыдырап, латындардың біраз жерлері тартып алынады және әр
қауыммен жеке-жеке келісім жасалады.
3.
• Бірінші Самнит соғысының (б.з.б. 343- 341 ж.ж.)• Кампандық Капуя каласының тұрғындары, самниттерден жеңіліп,
Римнің қол астына өтеді, бұл Бірінші Самнит соғысының басталуына
себеп болады, соғыс римдіктердің жеңісімен және Батыс Кампанияның
олардың иелігіне өтуімен аяқталады.
• Екінші (б.з.б. 327-304 жж.) және Үшінші (6.3.6. 298-290 жж.) Самнит
соғыстарында римдіктер Самниттердің Федерациясын талқандап,
олардың одақтастары этрускілер мен галлдарға да соққы берді. Олар
Риммен тең дәрежеде емес одақ құруға мәжбүр болады және өздерінің
аумақтарының бір бөлігін береді.
• Рим Лукания мен Этрурпядағы өз ықпалын арттырады. Пицен мен
Умбрияға бақылауын орнатады. Сенондық Галлиді иеленеді, сөйтіп,
Солтүстік Италияның билеушісіне айналады.
4.
• Оңтүстік Италияға басып кірген римдіктерАппениндегі грек колонияларымен
қақтығысады. Б.з.б. 280 жылы Гректердің
Италиядағы ең кұдіретті қаласы Тарентте,
олардың одақтасы Эпир патшасы Пиррдің
қатысуымен қанды қырғын өтеді. Б.з.б. 276275 жылдары римдіктер Пиррді тізе
бүктіреді, осы арқылы олар б.з.б. 270 жылға
қарай Луканияны, Бруттийді және
Италияның оңтүстігіндегі грек қалаларын
өздеріне қаратады.
• Римнің Италияны Галлияның шегарасына
дейін жаулап алуы б.з.б. 265 жылы Оңтүстік
Этруриядағы Вольсинин қаласын басып
алуымен аяқталады.
5.
• Римнің әлемдік державаға айналуы.• Б.з.б. III ғасырда Италияны толық
жаулап алған римдіктер енді одан тыс
жерлерге жорық жасауға ұмтылды.
• Римдіктердің Сицилия аралдарын
жаулап алу әрекетіне Карфаген
мемлекеті қарсылық танытады. Ол
Солтүстік Африкадағы Жерорта
теңізінің оңтүстік жағалауында
финникиялықтар негізін қалаған ірі
мемлекет болатын. Римдіктер Карфаген
мен Африканың солтүстік
жағалауындағы халықтарды пунийлер
немесе пундер деп атады. Осыдан келіп
римдіктердің карфагендіктермен
соғысы пунилық деген атауға не
болды.
6.
• Бірінші Пуни соғысында (б.з.б. 264-241ж.ж.) жеңіске жеткен римдіктер
Сицилияны басып алады.
• Римдіктер Екінші Пуни соғысында
(6.3.6. 218-201 жж.) қарсыластарын
ойсырата жеңіп, Батыс Жерорта теңізін
толық өз бақылауына
• Үшінші Пуни соғысында (б.з.б. 149-146
жж.) Карфагенді қорғаушылардың
ерлікпен шайқасқанына қарамастан,
римдіктер жеңіске жетеді, қала тоналып
әрі толық қиратылады.
7.
• Македонияға қарсы соғыс бастаған римдіктер өз қатарларына гректердіқосып алады, оларға македон билігінен құтқаруға уәде береді. ал
Сирия патшасын оларға көмек беруге көндірді. Осының нәтижесінде
Македон патшасы V Филипп жеңіліске ұшырап, Грекиядан өз әскерін
әкетеді.
• Б.з.б. 196 жылы римдіктер грек калаларына бостандықтарын
қайтаратындарын жариялады.
• Б.з.б. 189 жылы римдіктер сирия патшасы ІІІ Антиохты
бағындырады.
• Б.з.б. 168 жылы римдіктер Македония патшасының әскерін Пидне
манында толығымен талқандайды. Осының нәтижесінде Македония
патшалығы өмір сүруін тоқтатады.
8.
• Италиядан тыс жерлердегі жаулап алынған аумақтарды римдіктерпровинция (лат. жеңілген елдер) деп жариялады. Бірінші
провинция Сицилия болды.
• Рим Сенаты провинцияларды басқару үшін билеушілер
тағайындады, олар жергілікті аймақтарды аяусыз тонады.
• Б.з.б. І ғасырдың ортасына қарай Рим ірі отарлық держава болды.
Рим Жерорта теңізінің жағалауына тарихтағы жалғыз
мемлекет.
9.
• V ғасырдың аяғында Рим империясының аумағыұланғайыр еді.
• Оның құрамына Еуропаның батыс бөлігі,
Дунайдың оңтүстік жағалауындағы жерлер,
Балқан түбегі, Жерорта теңізіндегі аралдар,
Солтүстік Африка және Мысыр, Қара теңіздің
шығыс жағалаулар Азия, Сирия, Палестина,
Месопотамияның бір бөлігі кірді.
• ІІ ғасырдың аяғынан бастап, Рим империясы
дағдарысқа ұшырай бастады.
• ІV ғасырда Рим империясы әлсіреді. Оның
бірнеше себептері болды
• Ең басты себебі - құлдар еңбегінің тиімсіздігі
еді.
• 395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс
және Шығыс болып екіге бөлініп кетті.
10.
• Император Диоклетиан (284-305) кезінде.• Сенат іс жүзінде таратылып, өз орнын императорлық кеңеске берді.
• Абсолюттік билік орнады.
• Император Константин кезінде (306-337).
• Империя аумағында христиан дінін уағыздауға еркіндік берді.
• Христиан діні мемлекеттік дін болып 313 жылы жарияланып, 381
жылы император Константин қайтыс болғанға дейін ғана сақталды.
• Дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер
қозғалысын туғызды.
11.
• Рим империясының солтүстік көршілері (гректер менримдіктер оларды «варварлар» деп атаған)
германдықтар, кельттер, славяндар еді.
• Варвар деген гректің «жатжерлік адам» деген сөзінен
шыққан.
• Батыс империяға герман тайпалары - вандалдар (батыс
готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын франктер
және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті.
• Вестгот королі Аларих 410 жылы Римді жаулап алды.
• 455 жылы вандалдар Римді жаулап алып, тонады.
• 451 жылы Галлия қалалары: Мец, Шпейер, Реймс өртке
оранды.
• Осы жылы Каталаун даласында римдіктер мен ғұндар
арасында үлкен шайқас болды. Бұл соғыс 453 жылы
Атилланың өлуімен аяқсыз қалады.
12.
• 476 жылы Батыс Рим империясының тағына 16 жасар РомулАвгуст отырғызылады.
• 476 жылы императорды тақтан құлатып, жер аударды. Одоакр өз
жауынгерлеріне және көмекке келген құлдарға байлардан тартып
алынған жерлерді бөліп берді. Осы жыл тарихта
құлиеленушілік құрылыстың жойылған және Батыс Рим
империясының құлаған жылы деп саналады.
• V ғасырдың аяғына қарай ғұндардың ығыстырумен Рим
империясының жеріне басып кірген франктер Галлияда, остготтар
Италияда, ағылшын-сакстер Британия аралдарында өз
мемлекеттерін құрды.
13.
• Ғұндардың жаулап алу жорықтарының себептері.• 375 жылы көшпелі ғұн тайпалары Еуропа аймағына басып кіріп, жойқын
соғыс бастайды. Осылай «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» басталды.
• Варварлық тайпалардың батысқа аса ауқымды қоныс аударуына бірқатар
факторлар себеп болды. Онын ең бастысы жаһандық табиғи-климаттық
өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық процестер болды, мұндай
өзгерістер варварлық тайпаларда да, Рим империясында да орын алды:
• 1) ІІ ғасырдан бастап жаһандық суыту басталды, бұл IV-V ғасырларда су
жүйелеріне, топырак пен өсімдіктің құрамының өзгеруіне әсер етті, бұл
көшпелі халықты малға жаңа жайылымдық жер іздеуге мәжбүр етті.
• 2) Құлиеленуші жүйедегі дағдарыс Рим империясының әскери күшін
әлсіретті
14.
• Солтүстік Қытай мен Монголия аумақтарын мекендеген көшпелілердің,ұйымдасқан қуатты тайпалары хунну деп аталды, олар б.з.б. ІХ гасырдан
бастап Қытай империясынын мазасын ала бастады. Хуннулар (ғұндар )
малшаруашылыгымен айналысатын көшпелілер елі.
• Б.з.б. І ғасырда ғұндардың билеушісі Меде 24 ғұн тайпасының басын
біріктіріп, мемлекет құрды.
• Б.з.б. І ғасырдың ортасында ғұндар мемлекеті ыдырап, солтүстік және
онтүстікке бөлініп кетті.
• Б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысында ғұндар тағы да батысқа қарай
жылжыды. Азов және Дон маңындағы далаларды жаулап алған ғұн
тайпалары 370 жылы Босфор патшалығын талқандап, Қырым түбегіне
қарай жылжыды.
• 375 жылы олар Еділден өтіп, остготтармен шайқасып, оларды өздеріне
бағындырды. Вестготтар бассауғалап, батысқа қарай қашады.
• 380 жылдан кейін ғұндар Римнін провинциясы Паннонияға қоныстанып,
тайпалық одақ құрады, оған еріксіз түрде ант, бургунд, гепид, герул, остгот,
руги, скир, тюринг секілді тайпаларды біріктіреді.
15.
• ІV ғасырдың соңында ғұндар аландармен, готтармен және бағынышты басқа датайпалармен бірігіп, Шығыс және Батыс Рим империясына қауіп төндіре бастайды.
• Ғұндар көсемі Ульдин вестгот Аларихтің одақтасы болады, ал Мундзук пен
Ругила көсемдер ғұндарды бастап римдіктерге бірнеше мәрте шабуыл жасайды.
• Ғұн державасының дамуы ғұндар көсемі Ругиланың есімімен байланысты болды.
Ол римдіктермен бейбіт қарым-қатынаста болуды қалады. Алайда олардың
арасында толық бейбіт келісім орнамады. Ругиланын ісін оның жиені Аттила
жалғастырды.
• Гот тарихшысы Иордан: «Бұл адам әлемге халықтарды күйзелту мен барлық
мемлекеттерге үрей тудыру үшін келген» деп жазды.
• Француз тарихшысы Амедей Тьерри. Атиллаға өз заманының ең ұлы қайраткері деп
баға берген. Ол: «Атилла есімі адамзат тарихында Александр және Цезарь секілді
ұлы тұлғалармен қатар аталады», деп жазды.
16.
• Атилланы замандастары «құдайдың камшысы» деп атады, олшамамен 400 жылы дүниеге келеді.
• 434 жылы мұрагерлікпен билікке келеді. Патшалық таққа отырған
Аттила 60 мыңдық қолымен Италияға басып кіріп, По өзенінің
жағалауына дейін жетеді, император Плацидиді тізе бүктіреді.
• Ғұн тайпаларының одағын басқара отырып, 441 жылы Аттила Рим
аумағынын бірнеше қалаларын басып алады. 442 жылы римдіктермен
келіссөз жүргізе отырып, бітімге келеді.
• 443 жылы Аттила Шығыс Рим империясына басып кіріп, оған күйрете
соққы жасады. Византия императоры II Феодосий Аттиламен еріксіз
бейбіт келісімге келеді және оларға алым-салық төлеп тұруға мәжбүр
болады.
17.
Аттила африкалық вандалдар королі Гейзерихпен одаққұрып, Шығыс империяға қарсы тағы да жорыққа
аттанады. Ол кескілескен үш соғыста жеңіске жетіп,
Фракия, Македония мен Грекияны басып алып,
Константинопольге дейін жетеді.
II Феодосий екінші мәрте келісім сұрайды. Бейбіт
келісімге келгенмен онын шарты 443 жылғы келісімнен
де ауыр болды. Аттила ғұндарға Дунай орта ағысының
оңтүстігінен үлкен аумақты беруін талап етіп, тағы да
алым-салық төлеуге мәжбүрлейді.
Византияны басып алған Аттила, батысқа ат басын
бұрады. Гейзерихпен келісімге келген Аттила 451 жылы
Испания мен онтүстік Галлиге билік жүргізіп отырған
вестготтарға және Шығыс Галлияны басқарып отырған
Рим билеушісі Аэцийге қарсы жорыққа шығады.
Аттила грундор, остготтар, гепидтерден және аландардан
құралған қалың қолын бастап Оңтүстік Германияға басып
кіреді. Лех өзенінде де ол Солтүстік герман халқымен, ал
Неккарда шығыс франктармен бірігіп, бургунд королін
жеңіп, Рейннен өтеді.
18.
• Осы хабарды естіген Аэций тездетіп Луара жағалауына аттанып,ондағы Батыс франк пен бургун және сарматтардың жалдамалы
әскерлерімен бірігеді. Ал римдіктердің одақтасы вестгот королі
Теодорих Аврелиан қаласында шеп құрады.
• Аттила 700 мың жауынгерлерін өзі бастап вестготтарға қарсы
аттанып, қалған күштерді Аврелианды басып алуға жібереді.
Кескілескен қанды шайқас орын алады, жеңіс Теодорихтің қаза
табуымен айқындалады.
• Оның 100 мың жауынгері майдан даласында мерт болады.
Теодорихтің үлкен ұлы Торисмунд бастаған вестгот әскерінің
қалған бөлігі Толозға (Тулуза) шегінеді.
19.
• 451 жылы Галлиядағы Каталаун жазығында одақтастардыңқысымына ұшыраған Аттила жеңіліп, мұның соңы оның кері
шегінуімен аяқталады.
• 453 жылы Шығыс Рим империясы жорығана аттанар алдын
Аттила бургун королінің қызы Ильдикоға үйленіп, сол күні қайтыс
болады. Кейбір дерек бойынша оны ұйықтап жатқанда Аэцийдің
үйретуімен Ильдико өлтірген, тағы бір болжам бойынша өзінің
қару тасушыларының қолынан қаза тапқан.
20.
• Батыс Рим империясының орнына пайда болған варварлықмемлекеттік құрылымдар өз беттерінше сырткы саясат жүргізе
бастады. Олардың бірқатары империяға қарасты иеліктерді өздеріне
қосып алды.
• Батыс Рим империясының үкіметі Италия мен Испанияның шағын
ғана бөлігіне ғана бақылау жүргізді. Біраз уақыт өткен соң бұл
жерлердін өзі де герман тайпаларының иеліктеріне өтті.
• 476 жылы римдік әскери қолбасшы германдық шағын скир
тайпасының көсемі Одоакр римнің соңғы императоры 16 жасар Ромул
Августулға бағынудан бас тартып, императордың қасиетті белгісін
Константинопольге шығыс императорына жібереді. Одоакр Рим
императорының титулын қабылдаудан бас тартып, варварлық
мемлекеттердегі секілді өзін конунг-король деп жариялайды.
21.
• Византия империясы• Император Константин 324 жылы астананы Рим
қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын
қалаға көшірді.
• 330 жылы ол қаланың аты Константинополь деп
өзгертілді.
• 395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және
Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Константинополь
Шығыс Рим империясының астанасы болып қалды.
• Византияның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия,
Сирия, Палестина, Мысыр, Месопотамия мен
Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің
шығысындағы аралдар мен Қырым, Кавказдағы
иеліктер кірді.
• Халықтың құрамы ала-құла болды: гректер, еврейлер,
арабтар, иллирийліктер, дактар, армяндар, грузиндер
т.б.
22.
• VІІ ғасырға дейін латын тілі мемлекеттік тіл болғанымен,көпшілік грек тілінде сөйледі.
• Византия империясының күшеюі себептері
• Құнарлы жері мен қолайлы табиғи жағдайығы жоғары қарқында
дамыды
• Ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымы басым болды
• Варварлардың жойқын шапқын-шылықтарына ұшырамады
23.
• Юстиниан тұсындағы Византия.• Византия империясы I Юстиниан (527-565) билік құрған кезінде
күшейді.
Василевс(монарх)
Сот міндеті атқарды
Заңдар шығарды
Әскерді басқарды
24.
Византия қоғамында «димдер» деп аталған саясипартиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде
әсіресе венеттер (көгілдір) мен прасиндер
(жасылдар) партиялары ерекше оқшауланатын.
532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған
Ника (жеңу) көтерілісі әрең дегенде басылды.
I Юстиниан билік құрған кезде христиан діні үстем
жағдайға ие болып қана қойған жоқ, ол бірден-бір
мемлекеттік дін деп жарияланды.
Христиан шіркеуі императорлардың одақтасына,
мемлекеттің тірегіне айналды.
I Юстиниан 532-537 жылдары Константинопольде
Әулие София соборын салғызды.
25.
• Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі - Византияхалықтарының бәріне бірдей міндетті заңдар мен құқықтар негізінде
өмір сүруі болды.
• I Юстиниан билігі кезінде жазылған «Азаматтық құқықтар жинағы»
византиялық заң шығарылды. Ол заңдар императордың шексіз билігін,
құлиеленушілік құрылысты нығайтатын меншік құқын қорғауды
көздеді.
• I Юстиниан 534 жылы Солтүстік Африкадағы вандалдар корольдігін
талқандады.
• 535-555 жылдары Италияны остготтардан тазартты, Испания үшін
вестготтармен шайқасты.
• 540-562 жылдар аралығында Иранмен соғысты.
26.
• V ғасырдың аяғынан бастап Византияға солтүстіктен славян тайпалары үлкен қауіп төндірді.Олар Дунайдан өтіп, тіпті Константинопольге дейін жорықтар жасап отырды.
• VІ ғасырдың аяғына қарай славян тайпалары Византия жеріне басып кіріп, Фракияда,
Македонияда орнығып алды.
• 681 жылы Византияның солтүстік-шығысында алғашқы славян мемлекеті Болгария
патшалығы құрылды.
• VIII ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы орыстардың шапқыншылығы
басталды. Олар Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Византия иеліктеріне шабуыл жасап
тұрды.
• 860 жылы орыстар Константинополь қаласына дейін келіп, Византиямен келісім жасасып,
кері қайтты.
• 907жылы орыстар тағы да қала маңындағы елді мекендерді тонап кетті. Константинополь
түбінде орыстар «грек отының» көмегімен талқандалды.
• 988 жылы Киев Русі Византиядан христиан дінін қабылдады.
• Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында достық қатынастар басталды
27.
• Император II Юстин кезінде Византия мен Түрік қағанатының арасында сәтті келіссөздержүргізіледі (Иранға қарсы келіссөз).
• Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Константинопольге көпес Маниах басқарған елшілік
жіберді.Византия императоры бұл елшілікті құрметпен қарсы алып, қайтарында Византия
елшісі Земархты қосып Түрік қағанатына аттандырды.
• VІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауіп төндірді.• Арабтар
Византиядан оның ең бай жерлерін Сирия, Палестина, Жоғарғы Месопотамия, Мысырды
тартып алды.
• Арабтардың Византия жерін оңай басып алуына халыққа салынатын салық мөлшерінің
шектен тыс өсуі себеп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде қарсы алып
отырды.
• VII ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып
алды.
• Сыртқы шапқыншылық салдарынан империя аумағы үш есе кеміді. Тек VІІІ ғасырдың
ортасында ғана Византия арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып
кірді.