174.00K
Category: historyhistory

Азия мен Еуропадағы ғұндар империясы

1.

Тақырыбы:
Азия мен Еуропадағы
ғұндар империясы

2.

Сабақтың мақсаты:
Ғұндардың шығу тегі
және империя тарихына
тоқталу

3.

Жоспар:
1. Ғұндардың шығу тегі
2. Ғұн империясы

4.

Ежелгі ғұндар туралы ең алғашқы
жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы
еді
Қытай
тарихшыларының
атасы – Сыма Цянь
(б.з.д. 1635-67
ж.)Оның “Ши-цзи”
(“Тарихи жазбалар”)
еңбегінде кездеседі,
130 бөлімнен тұрады.
Фай Е-нің “Хоу Ханьшу” (“Шығыс Хань
мемлекетінің
құжаттары”) бұл
еңбектің артықшылығы
– түркі халықтары
туралы арнайы тарауы
бар.
Бань-Гу, еңбегі “Цянь
Хань-шу” (“Батыс Хань
мемлекетінің
құжаттары”). Бұл еңбек
б.з.б. 206 жылдан
басталып, б.з. 25
жылына дейінгі
оқиғаны қамтиды.

5.

Еуропа тарихшыларынан жазған аммиан
Марцеллин – б.з. ІҮ ғасырындағы Рим
тарихшысы. Ол б.з. І ғасырынан Ү
ғасырына дейінгі хундар туралы
маңызды деректер қалдырған. Оның
еңбегі – “Іс-қимылдар” деп аталатын 31
кітаптан тұратын шығарма. Ал, Гот
тарихшысы, б.з. Ү ғасырында өмір сүрген
Иордан хундар көсемі ругила, Аттила
басқарған мемлекет туралы және
Аттиланың Римге жорығы туралы,
соғыстың жеңістері жөнінде өте бағалы
мәліметтер келтірген.

6.

Орыс тарихшылары ішінде аса құнды
деректер жазған Бичурин Н.Я., негізгі
еңбектері Орта және Орталық Азиядағы
түркі тілдес халықтардың көне тарихы
мен этнографиясын қытай
деректемелері бойынша зерттеуге
арналған. Ғұндар тарихнамасына
айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Н.А.
Аристов, В.В. Бартольд, Л. Гумилев, Қ.
Акишев, Г.А. Қушаев, академик Ә.Х.
Марғұлан, әкелі-балалы Аманжолов С.
және Аманжолов А. еңбектерін айтуға
болады.

7.

Ғұндар
мекендеген
аумақ
Б.з.б. мың ж.
ортасынан бастап
Хуанхэ өзенінің орта
тұсы мен төменгі
ағысындағы қазіргі
Қытай жерін Орта,
Орталық Азия көп
бөлігін қамтып,
Шығыс Түркістаннан
Оңтүстік Манчжурияға
дейінгі аумақ
Б.з.б. мың ж.
сыртқы
Монғолияда,
солтүстік
Манчжурияда түркімонғол тілінде
аралас сөйлеген
сәнбилер. Кейіннен
сәнбилер Вэй
әулетін құрған (386534 жж.)
Түркі тілінде
сөйлеген
тайпалар
қоныстанған орта.
Ішкі Монғолияда,
Байкалда,
Ордостан (Ордос –
Қытайдағы өзен),
Алтай,
Тарбағатай,Жетісу
ға дейінгі жерлер.

8.

“Сүй патшалығының тарихы” деген кітаптың “Жағрапиялық
дерек” деген бөлімінде былай делінген: “Бесбалық құмды
аймағының терістігі – алдыңғы Хань патшалығы тұсында
(б.з.б. 223-206 жж.) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы
Хань патшалығы тұсында (б.з.б 225-220 жж.) ғұндардың
ордасы туған жер. Ордадағы (ғұндардың, әскери лагері
мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер
басшысы ғұндардан шекаралық аймақты босатуды талап
етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдардар ғұндардың
көсемі Мөдеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты.
Бұған Мөде: “Жер – мемлекеттің негізі, оны беруге бола
ма, сірә?”,- деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді
де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып,
шығысқа қарай жылжиды. Дунхуларға тұтқиылдан
шабуыл жасап, оларды талқандады, Басшысын өлтірді,
адамдарын және малдарын өзіне қосып алды ”. Ғұн
тәңірқұтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай
жеткізеді.

9.

Мөде мен оның мұрагерлері, дәлірек
айтқанда , тәңірқұт Лаошаньның ең қатал
соғысты ұлы жүздермен (юэчжилермен)
жүргізуіне тура келді (б.з.б 177-176 жж.)
Күрес ширек ғасырға созылды және б.з.б.
174-167 жж. ғұндар үйсіндермен одақта
болудың нәтижесінде қатты шиеленіскен
соғыста жеңіске жетті.

10.

Ғұн империясының құрылуымен және
ұзаққа созылған ғұн – юэчжи (ұлы
жүз) соғысының аяқталуымен кең
далада бейбітшілік орнады. Б.з.б. ІІ
ғасыр ғұндардың көшпелі
шаруашылығының өркендеген
уақыты болды.

11.

Б.з. 48 жылы
ғұндар екіге
бөлінеді
Оңтүстік
Солтүстік

12.

Қорытынды
Түркілер – ғұн ұрпақтары, адамзат тарихында ежелден келе
жатыр. Олардың қалыптасуын ежелгі Қытай, Грек, Рим
жұртының қалыптасу тарихымен қатар қойып салыстыруға
болады.
Ғұн империясының басқарушы тобы рулық-тайпалық негізде
қалыптасты; мемлекеттің жоғарғы басшыларын сайлауда
туыстық қатынас шешуші мәнін сақтады. Барлық
ақсүйектер ру ішілік дәне тайпа ішілік байланыстарды
сақтай отырып, қатардағы тайпалармен қандас ретінде
көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-түліктерді бөлу
жайылым жерлерге деген жеке меншіктілік
жоғарыдағылардың саяси күшінің негізін құрады.
Ғұн империясының үш ғасырдай өмір сүргенін және ұсақ ғұн
мемлекетінің бірнеше ғасырғы өмірін жалғастыру үшін бұл
құрылымдардың барлығы толық тұрақтылыққа ие болды.
English     Русский Rules