Similar presentations:
Үндістан
1.
ҮНДІСТАН2. Үндістан туралы
Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістантүбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса
бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі
ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік
ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған
әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі
махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды
сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен
саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді
шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін
біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған”
(Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік
Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.
3.
Үндістан, Үндістан Республикасы —Үнді
мұхиты алабында, Гималай таулары
нан оңтүстікке қарай Оңтүстік,
Оңтүстік-Батыс Азия елдерін
Еуропа және Африкамен
байланыстыратын маңызды теңіз
және әуе жолдарының торабында
жатыр. Батыс жағалаулары Араб
теңізінің, шығыс
жағалаулары Бенгал
шығанағының суларымен
қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км²
(Лаккадив, Андаманжәне Никобар а
ралдарын қоса есептегенде).
Астанасы — Дели (Нью-Дели)
қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн.
4. Табиғаты
Үндістан негізінен Үндістантүбегін, Гималай мен Қарақорымның бір
бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал
шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар
тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі —
жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік
Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай
900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз
жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз
тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз,
сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына
(Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен
салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп,
Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз
жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы
ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т.б.)
жазықтармен тілімденген.
5.
Үндістан табиғаты6. Тарихы
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасырыкезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін
дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель
мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд
өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің
қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне
жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б.
3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2мыңжылдықтың 1-жартысына
дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда
болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2мыңжылдықтың 2-жартысында
Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты,
соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни
мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы
— ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді.
Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі
қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда
бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.