Құрлықтық фаунаны аудандастыру
Үнді-Малай облысы
Құрам бөлігі:
8.33M
Category: geographygeography

Құрлықтық фаунаны аудандастыру

1. Құрлықтық фаунаны аудандастыру

2.

Зоогеографияның маңызды міндеттерінің бірі
құрылық пен мұхит аймақтарын оның фауналары
арқылы сипаттау болып табылады. Жер шарының
бірнеше ерекше массивтерге бөлінген, олардың
фаунасы ұзақ геологиялық уақыт аралығында бірбіріне тәуелсіз дамыған. Құрылықтар арасында
тікелей континетальды байланыстар болған. Осыған
орай әртүрлі құрылықтарда жануарлар мен
өсімдіктердің ұқсас таксондарының өкілдері
кездеседі, мысалы Африкада, Австралия және
Америкада немесе Мадагаскар мен Оңтүстік-Шығыс
Азия және тағы басқалары.

3.

Континенттердің мезозой эрасының ортасындағы күйі

4.

Жер
шарының
түкпір-түкпіріндегі
фауна
құрамындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар
зоогеографиялық
аудандастыруды,
яғни зоогеографиялық облыстарды қалыптастыруды
және оларды облыс тармақтарына бөлуді талап
етеді.Зоогеографиялық
облыстарды
бөлудің,
анықтаудың негізгі әдіс-тәсілі болып – фауналардың
салыстырмалы түрдегі ежелгілігі табылады
(Африка фаунасы Сахарадан оңтүстікке қарай
эоцендік сипатта болса, Оңтүстік Азия фаунасы –
миоцендік сипатта және т.б.).Ежелгіліктер басқа
фауналардың тарихи байланысы мен таксономиялық
ұқсастықтары да қарастырылады.

5.


1
Патшалық
Арктогей
Зоографиялық
облыс атауы
1.Голарктикалық
облыс
2.Үнді-Малай
облысы
2
Палеогей

Облыс тармағы
1
Арктикалық
облыс тармағы
2
Канадалық облыс
тармағы
3
Сонорлық облыс
тармағы
4
ЕвропалықСібірлік облыс
тармағы
5
Жерортатеңіздік
облыс тармағы
6
Орталықазиялық
облыс тармағы
7
МаньчжурҚытайлық облыс
тармағы
8
Үнді облыс
тармағы
9
Бирман-Қытай
облыс тармағы
10
Зонд облыс
тармағы
11
Филлипин облыс
тармағы
12
Целебес облыс
тармағы
3.Мадагаскар
облысы
4.Эфиопия
облысы
13
Батыс Африка
облыс тармағы
14
Шығыс Африка
облыс тармағы
15
Оңтүстік Африка
облыс тармағы

6.

3
Неогей
16
Патогония Чилий
облыс
тармағы
17
Бразилия
облыс
тармағы
18
Орталық
Америкалық
облыс
тармағы
19
Антиль
облыс
тармағы
5.Неотропикалық
облыс
6.Полинезей
облысы
4
Нотогей
-
20
Австралия
облыс
тармағы
21
Папуасс
облыс
тармағы
7.Австралия
облысы
8.Жаңа Зеландия
облысы
-

7.

Құрлықтың фауналық аймақтары

8.

Бұл жағдайда фауналардың жүйелік ара қатынасының
қатаң статистикалық жақындығы мен алшақтығы
есепке алынады.Отряд, тұқымдас, туыстардың
жалпылығы
немесе
ерекшелігі
қаралады.
Зоогеографиялық аудандастыру неғұрлым ұсақталса
(облыс тармағы, провинция және т.б.) соғұрлым
қазіргі экологиялық фактордың әсері күшті болып
келеді.Ең алғашқы зоогеографиялық аудандастыруды
қолдануды зоологиялық зерттеулерде пайдалана
бастаған П.Склэтер (1875) мен А.Уоллес (1876)
болды. Одан кейінгі ғалымдар Мензбир (1934),
Cеменов-Тянь-Шанский (1936), Гептнер (1936), И.
Пузанов (1938) және басқа ғалымдар болып
табылады.

9.

Қазіргі кездегі фауналық аудандастырулар әртүрлі
авторлада
түрлі
зоогеографиялық
жүйелер
қолданылады, мысалы Н.А.Бобринский (1951),
Н.А.Бобринский, Второв, Дроздов, (1979, 2001),
Лопатин (1986) және т.б. Біз Н.А.Бобринскийдің
ұсынған жүйесін кейбір өзгерістемен қолданамыз.

10.

Зоогеографиялық
облыстардың
шекараларын
анықтау шартты түрде жүргізіледі. Тұрақты
шекараны белгілеу тек ұзақ геологиялық уақыт
аралығында өзгермей қалып, қазір екі түрлі
ландшафтпен
ажыратылған
жағдайда
ғана
белгіленеді. Нақты шекара болмаған жағдайда
біртіндеп бір фауна екінші фаунамен алмасады, яғни
облыстар арасындағы шекара айқын болмағанда кең,
өтпелі жолақты территорияны араласып кездесе
береді.

11. Үнді-Малай облысы

Бұл облыс Азияның оңтүстік-шығыс материктік бөлігімен
шығысында
Бали, Сулавеси және Филиппинді қоса Малай
архипеллагына
дейін
созылып
жатыр.
Солтүстігіндегі
Голарктикамен шекарасы Гималай таулары арқылы өтеді, ол
таудың оңтүстік беткейі Үнді-Малай облысына қарайды. Батыста
үнділік фауна алдыңғы азия фаунасымен алмасады, бұл арада
сызықтық шекара жүргізу қиынға соғады. Тар шөлдаласы екі фауна
арасындағы өтпелі жолақты құрастырады, алайда одан солтүстікке
қарай орналасқан Пенджаб және Кашмир өңірлері үндістандық
фаунадан тұрады. Үнділік фауна элементтері Голарктикаға
тереңдеп еніп жатыр. Шығыстағы өтпелі жолақ айтарлықтай
жалпақ болғанымен шекара Хуанхэ және Янцзы өзендері бассейіні
арқылы өтіп, Янцызы өзенінің сағасымен Тынық мұхитына келіп
тіреледі, сөйтіп субтропиктік орманның солтүстік шекарасына сай
келеді. Шығыс Азияның ландшафтының физикалық-географиялық
кескіні өте күрделі болып келгендіктен солтүстік Амурға дейін
аралас фауналық құрамнан тұрады.

12. Құрам бөлігі:

Басқа облыстармен тығыз көршілік жағдайда орналасуына
байланысты Үнді-Малай облысында басқа облыстар
элементтері көптеп кездеседі. Түрлердің эндемиктік және
әралуандығы Зонд облыс тармағындағы аралдарында
сипатталған. Климантана аралында 11 мың, ал Ява аралында
6 мың түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері кездеседі.
Голарктика облысының өкілдері Үнді және Бирман-Қытай
облыс тармақтарында кездеседі. Осының барлығы ҮндіМалай облысынң түр құрамына шұбарлық береді.

13.

Үнді облыс тармағы бүкіл Үндістанды шығысында Ганга
және Брахмапутра өзендерінің дельтасына дейін қамтиды.
Шри-Ланка аралыда осы тармаққа кіреді, ол материктен
салыстырмалы түрде, геологиялық уақытпен айтқанда,
жуықта бөлінген болып саналады. Үндістанның Индпен
түйісетін солтүстік батыс жазықтықтары Сахарадан бастап
созылып жатқан, ыстық та құмды, шөптесін-бұталы өсімдікті
шөлдалалардың шеткі шегі болып келеді. Қазіргі уақытта
Инд даласы толығымен дерлік мәдени өсімдіктер
алқаптарымен қамтылған.

14.

Ганганың шығыс бөлігі құнарлы жерлер, толығымен ағаш
текті өсімдіктермен пальма, бамбук және тағы басқаларымен
қамтылған.Гималай тауларының етегінде ит тұмсығы
өтпейтін джунглимен қамтылған болса, ал тау беткейіне
көтеріле флора бере ылғалды-тропиктік орманды пальма,
банан, бамбук, папортниктер мен лиана өсімдіктерінен
тұрады. Біртіндеп орман субтропиктік және қоңыржай
орманмен алмаса бастайды.Ылғалды тропиктік ормандар
оңтүстік-батыс муссондар ықпалындағы Батыс Гат
тауларында да бар. Декан тауқыраты құрғақ болғандықтан
құрғақшылық мезгілде жапырағын тастайтын биік ағаш текті
өсімдіктер тек тау шатқалдарында ғана өседі, ал
Үндістанның ашық аймақтары саваннамен қамтылған.

15.

Шри-Ланка
ылғалды
тропиктік
ормандармен
тек
оңтүстігінде қамтылған. Қазіргі уақытта 1800 м биіктіктегі
ормандардың барлығы шай плантациялары алқаптарымен
алмастырылған. Платотәрізді тауды 1800- 2700 м теңіз
деңгейінен биіктікке дейін мәңгілік жасыл аласа орман алып
жатса, аралдың солтүстік бөлігінде саванналар жайқала
орналасқан. Флораның эндемиктік деңгейі жоғары.
Кездесетін 3100 түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктердің
шамамен 800 түрі эндемиктер.

16.

Бирман-Қытай облыс тармағы Азия материгінің оңтүстікшығыс бөлігін (Малакка аралынсыз), Тайвань, Хайнань
аралдарын қамтиды. Ылғалы үлкен таулы өлкенің көпшілік
жері мәдени өсімдіктер плантацияларымен қамтылған.
Негізгі ормандар Үндіқытайдың тек таулардың адам аяғы
баса алмайтын жерлерінде ғана сақталған. Құрғақ аудандар
көбіне шөптесін өсімдікті алқаптардан тұрады, жылдың
құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын сирек ағаштары бар
алқаптар тек Бирма, Тайлан және батыс Аннама
ойпаттарында ғана кездеседі.

17.

Қарастырылып отырған облыс тармағында Үнді-Малай
облысының фаунасының барлық тән қасиеттері бар. Ағаш
тектес өсімдіктердің басым болуына байланысты бұл жердегі
жануарлардың барлығы ағашпен байланысып тіршілік етеін
болып келеді. Маймылдырдан жіңішке маймылдар, макакалар
мен гиббондар, ағашта тіршілік ететін шұбалаң құйрықтылар,
сусарлар, тиіндер мен ұшарлар, жүнқанаттылар, жуан лори,
малай аюы, гаур, бантенг, гаял. Бұл жерлерде тек суматралық
мүйізтұмсық кездеседі, ал Ява мүйізтұмсығы бұл облыс
тармағында жойылып біткен және тек Зонд облыс
тармағындағы Ява аралында ғана бар.Янцзы өзенінің
сағасына 100 км жетпей Дунтинху көлінде қытай көл
дельфині, ал Янцызы өзенінің төменгі ағысында қытай
қолтырауыны кездеседі.

18.

Макака
Қытай қолтырауыны
Мүйізтұмсық
Жуан лори

19.

Зонд облыс тармағы Малакка жарты аралы мен Үлкен Зонд
аралдарын: Суматра, Ява және Климантана аралдарының
қасындағы ұсақ аралдарымен қоса қамтиды. Климаты
ылғлды-тропиктік, ауа-райының ылғалы мол, ыстық.
Ормандары қалыңдығымен әралуандығы жағынан тропиктік
Американың
ормандарымен
бәсекелесіп,
африка
ормандарынан озып кетеді. Орман ағаштарының биіктіктері
45, 60, 70 м асады. Пальмалардың түр құрамы жүзден артық,
ал кейбіреулерінің биіктіктері 100 метрден де асып кетеді.
Бамбуктердің кейбіреулерінің биіктігі 30 метрден, діңнің ені
30
сантиметрден
асатындары
болады.
Кейбір
папортниктердің жапырағының жалпақтығы 6 метр
шамасында. Барлығы лиана өсімдіктерімен оратылған.
Банандар өте көп. Эпифиттер немесе қыналар жақсы
дамыған.

20.

Осы облыс тармағы толығымен аралдарда орналасқанымен
оның фаунасы материктік сипатта, яғни бұл аралдар
құрылықтан геологиялық жақын уақыт аралығында
ажыраған. Сақалды шошқа, гиббондар, тупайлар мен
тиіндер, көгершіндер көптеп саналады. Малакка мен
Суматрада чапрачты салпыерін кездеседі, ол шығыс жарты
шарда таралған жалғыз салпыерін.Суматра гиббон-сиамангі
эндемик, ол дене бітімінің үлкендігімен ерекшеленеді.
Орангутандар Климантанада да Суматрада да бар.
Климантананың эндемигі болып үлкен мұрынды «носач»
маймылы саналады. Явада бір мүйізді мүйізтұмсық кездессе,
Климантана мен Суматрада екімүйізді мүйізтұмсық тіршілік
етеді.

21.

Носач маймылы
Суматра гиббон

22.

Филлипин облыс тармағы өзі аттас аралдар кіреді.
Ормандары өте қалың емес, көбіне субтропиктік ағаштардан
тұрады, солтүстік аралдардың тауларында қоңыржай
климаттық ормандар қалыптасқан. Ландшафт жағынан
жоғарыда сипатталған облыс тармағына ұқсас.Фаунасы
аралдық сипатта, яғни кедейлігі мен жеке топтағы
жануарлардан тұратындығымен ерекшеленеді. Мысалы,
облыс тармағының ең үлкен аралы Лусонда тышқандардың
7 эндемик туысы кездеседі, олардың 3 австралиялықтарға
ұқсас. Австралиялық элемент болып осы жерде кездесетін
какаду құсы да табылады. Жүнқанаттылар мен ұзынтабанды
маймылдардың эндемик түрлері мен құстардан маймыл
жегіш құстың туысыда жатады, үлкен денелі, ол үлкен
тұмсықты жыртқыш құс.

23.

Целебес облыс тармағы, негізгі аты Сулавесс, ылғалды
тропиктік орманмен қамтылған, австралиялық түрлердің
көптігінен кейбір ғалымдар бұл облыс тармағын Австралия
облысына да кіргізіп жібереді. Бұл жерде кус-кустар
кездеседі, бұл облыс тармағы қалталылардың таралуының ең
солтүстік нүктесі болып табылады. Сулавесиде тиіндер,
бұғылар,
жертесерлер,
кесірттер,
тоқылдақтар,
шұбалаңқұйрықтылар және т.б. кездеседі, яғни австралия
облысына кірмейтін түрлер де кездеседі. Эндемиктер саны
біршама: айдарлы павиан немесе макак, қарапайым енекеаноа (буивол), өте үлкен ит тістері бар бабирусс шошқасы да
кездеседі. Сонымен сулавеси фаунасы өтпелі жолақ болып
табылады.

24.

Аноа енекесі қазіргі заманда тіршілік ететін бұқалардың ең
ұсағы: оның бойының биіктігі 60—100 см, салмағы 150—300
кг. Оның кішкене басы мен аяқтары еліктерге ұқсас етеді.
Мүйізі қысқа 39 см шамасында ғана.
Бабируусс шошқалар тұқымдасына жататын, күйіс
қайырмайтын сүтқоректі. Оларды ерекше құрылысына
байланысты жеке тұқымдас тармағна ажыратады.

25.

Үнді-Малай толығымен тропиктік және субтропиктік белдеу
бойында орналасқан, рельефі әр түрлі болғандықтан түрлі
ландшафты береді. Батыс бөліктерінде нағыз шөлдалалар
кездеседі. Алдыңғы үндістанда шөптесін саванналар мен
мәдени өсімдіктер өсірілген егістіктер көп. Облыстың қалған
бөлігі субтропиктік және тропиктік орманмен қамтылған,
олар аралдарда өте көркейген. Қытайда да өте үлкен
алқаптарда мәдени өсімдіктер өсіріледі. Бұл ландшафтың
әралуандығы оның фаунасының ерекше болуын, яғни ежелгі
және біршама жас фауналық таксондарға бай болуын
қамтамасыз етеді, алайды оларды сипаттау қиыншылықтар
туындатады. Бұл Үнді-Малай облысының Мадагаскар және
Эфиопия облыстарының арасындағы ежелгі байланыспен
түсіндіріледі. Үндістан жартыаралы Карбон дәуірі кезеңінде
Африканың құрамдас бөлігі болған Шығыс Африкамен,
Антрактида және Мадгаскармен континенталды байланыста
болған.

26.

Үнді-Малай облысының фаунасы материктік сипатта:
Эфиопия фаунасындай болмаса да өте бай және әралуан. Облыс
фаунасының ерекшеліктері:
•Сүтқоректілер класынан кездесетін эндемиктер қатарына тек екі
отряд жатады, олар жүнқанаттылар және ұзынтабандылар.
Гиббондар немесе ұзынқол мешін мен тупайлар тұқымдастары
эндемиктер қатарына жатады. Сонымен қатар маралдар, тиін,
ұшан және қырғауылдар түрлері эндемиктер болып келеді.
•Эфиопия фаунасымен ұқсастығы кейбір жоғары деңгейлі
жануарлар топтарының болуымен сипатталады: мысалы, пілдер,
мүйізтұмсықтар, тартанаулы маймылдар, жартылай маймылдар,
кесірттер, оленьоктар, мүйіз тұмсық құстар, питон және тағы
басқалары.
•Неотропика облысымен ұқсастықтары қатарына тапирлар мен
жанаттардың болуы жатады.

27.

Жәндіктер фаунасы өте бай, олар ірі әрі алуан түсті болып
келеді, мысалы көбелектер. Алайда олар америкалық
тропиктік көбелектердің әралуандығынан қалып қояды.
Жәндіктер фаунасының туыстары төрт мыңнан асады, туыстар
деңгейіндегі эндемизм 40% құрайды. Сарышаяндар мен
өрмекшітәрізділер фаунасы да көптүрлі, мысалы құсжегіш
өрмекшінің дене ұзындығы 9 см.
Құсжегіш өрмекші (Mygale avicularia)

28.

Балықтар фаунасы эфиопияның балықтар фаунасына ұқсас,
бірақ тұқытәрізділер мен жайынтәрізділердің әралуандық
орталығы болып табылады. Тұқытәрізділерден шамамен
2000 түр кездеседі. Су асты шытырман жерлерінде тіршілік
ететін балықтарда көптеп кездеседі, олар атмосфера
ауасымен тыныс алуға бейімделген. Бұл тұқымдасқа
аквариумдарда өсірілетін балықтар да кіреді: гурами,
лялиустар және петушоктар және тағы басқалары.

29.

Маржанды гурами
лялиустар
петушок

30.

Амфибиялар көптеп саналады. Олардың ішінде эндемиктер
тек туыс деңгейінде ғана. Аса көп тарағандарының қатарына
«ұшатын бақалар» да кіреді. Жіңішке ауызды бақалар жалпы
оңтүстік жарты шардың облыстарына тән болып келеді.
Ұшатын бақа

31.

Қосмекенділер фаунасында эндемизм тұқымдас деңгейінде.
Оларға үлкен басты тасбақалар, құлақсыз кесел, қалқан
құйрықты жыландар, ұзын тұмсық крокодилдер (эндемик түр
ганг крокодилі немесе ұзын тұмсық крокодил) жатады. Нағыз
крокодилдер Үнді Малай, Австралия, Эфиопия, Мадагаскар
облыстарында таралған. Ал гавиал немес ұзын тұмсық
крокодил тек Малака жарты аралы, Суматра мен Клмиантанада
ғана кездеседі. Кесірткелер мен жыландар көптеп саналады.
Усыз жыландардан ұзындығы он метрге жететін торлы питон
болса, улы жыландардан кеңалқам жылан немесе кобраны атап
өтуге болады, ол Голарктика облысында Орталық Азияға дейін
таралған. Су жыландары тұқымдасына жататын дөң басты
жылан Неотропикалық облыста да таралған. Қабыршақты
сцинктер қатарынан артқы аяқтарымен жылдам жүгіретін
ұшқыш дракондар қызығушылық тудырады. Құбылғылар
немесе хамелеондар көп кездеспейді.

32.

Ганг крокодилі
Үлкен басты тасбақа
Қалқан құйрықты жылан
Нағыз крокодил

33.

Құстар фаунасы көп, әрі әралуан. Тек бір листовкалар
тұқымдасының 12 түрі эндемиктер қатарына жатады. Жалпы
осы облыста кездесетін 600 туыстың шамамен 150 түрі
эндемиктер.
Тауықтәрізділердің
бірқатар
туыстары
эндемиктер. Олардың қатарына тауыс және жабайы тауықтар
жатады, бұлардан банкив тауықтары облыстың ормандары
мен джунглилерінде кездеседі. Австралия облысында көптеп
саналатын тотықұстардың материк пен Малай архипелагында
бар жоғы 11 түрі кездеседі. Үлкен тұмсықты мүйіз тұмсық
құстар мен қырғауылдар көптеп саналады.

34.

Сүтқоректілерден жүнқанаттылар отряды эндемиктер қатарында,
олардың жақын екі түрі ғана бар. Олар көлемі мысыққа ұқсайтын
бунақденелі қоректілер, жарқанаттар мен жартылай маймылдарға
ұқсас болып келетін жануарлар. Олардың тістері тамырында
біріккен пластинкалардан тұратын тараққа ұқсайды, бұндай тіс
басқа сүтқректілердің біреуінде де жоқ. Тропик және субтропик
ормандарды мекендейді, мойын, дене, құйрық арасындағы жарғақ
терілерін жайып жіберіп бір ағаштан екінші ағашқа қалықтай
ұшып тіршілік етеді. Өсімдік текті қорекпен қоректенеді. Қалталы
кус-кустар тек Сулавеси аралында ғана кездеседі.Бунақденелі
қоректілерден жертесерлер, кірпілер, көртышқандар кездеседі.
Үндістан, Үнді Қытай мен Малай архипелагының батыс бөлігін
мекендейтін тупайлар ерекше аңдар, олардың 6 туысы мен 65 түрі
кездеседі, кей авторлар оларды бунақденелі қоректілерден бөліп
приматтарға жақын бөлек отрядқа жатқызады. Олардың пішін аса
үлкен емес, тиіндерге ұқсайтын, жартылай ағашта, жартылай жерде
тіршілік етіп, жәндіктер мен жемістер, жұмыртқалармен
қоректенетін аңдар.

35.

Кемірушілерден тышқантәрізділер көптеп саналады. Тиіндер
мен ұшандар да көп, олардың дене пішіндері әртүрлі болып
келеді. Нағыз жайралар да бар.Күйіс қайырмайтындар нағыз
шошқалармен сипатталған, европалық қабанға жақын туысы
осы жерлердегі үй шошқаларының ата тегі болып табылады.
Оленькилерден екі түр кездеседі, киіктерден Алдыңғы
индияға тән түрлері бар, ең ірі киіктің дене бітімі жылқымен
бірдей, ол нильгау деп аталады және ерекше төрт мүйізді
киік. Жартылай ешкілердің эндемик туысында екі түр бар.
Оның бірі тар деп аталады, Гималай тауларының жоғарғы
белдеулерінде кездеседі, екіншісі Оңтүстік Үндістан
тауларын мекендейді. Нағыз ешкілерден кішкене мүйіздері
мен сақалдарының болмауымен ерекшеленеді.Нағыз күдірден
немесе бұқадан гаур, гаял және бантенгтер кездессе,
енекелерден үнді енекесі мен кішкене целебасс аноасы
кездеседі.

36.

Нильгау
Гаур
Тар
Гаял

37.

Аноа
Бантенг

38.

Жыртқыштар түрлерге бай. Жолбарыс кездеседі. Ірбіс кең
таралған, Индияның ашық саванналарында қабылан
мекендейді. Сілеусін, сұр түсті қабылан, суматралық
мысықтарда бар. Суматралық мысықтың тырнақтыры
қабыландікі сияқты ішке тартылады. Үнді қасқыры
евразиялық қасқырға өте ұқсас. Қызыл қасқыр, жолақты
қорқау қасқыр, харза, итаю, шиебөрі, пальма сусары және
шұбалаң құйрық кездеседі, олардың ішінде мангуст
жыландарды қорек етеді. Африкадан айырмашылығы,
Цейлоннан бастап Гималай тауларына дейінгі қалың
ормандарда ірі, қара, сабалақ жүнді салпыерін аю кездеседі,
ал Малаккада қысқа жүнді малай аюы кездеседі.

39.

Жартылай маймылдардың екі түрі кездеседі – жіңішке және
жуан лори.

40.

Суматра мен Климантана аралдарының ормандарында
Азияның жалғыз адам тәрізді маймылы орангутан кездеседі.
Ұзын қолды, терісі ұзын жирен жүнмен қапталған,
горилладан күші мен пішіні жағынан қалыспайтын маймыл.
English     Русский Rules