Similar presentations:
Халықаралық рынокта сауданың ұйымдасқан нысандары
1. Халықаралық рынокта сауданың ұйымдасқан нысандары
Төкеш ГүлжанНегматулла Айя
Джаксылыкова Айнур
Антай Алиби
2.
Ұйымдастырылған сауда рыногы - халықаралық жәнеұлттық нормативтік құқықтық актілерде бекітілген ережелерге
сәйкес функцияларды атқаратын, белгілі бір тауарлар тобы
үшін арнайы құрылған нарық, және сатушылар мен сатып
алушылар алдын ала белгілі бір уақытта халықаралық сауда
келісім-шарттарын жасасу арқылы бұл тауарларға сұраныс
пен ұсынысты қалыптастырады.
Бұндай нарық арқылы сауда жасау жүргізу сауда
операцияларын жүргізудің жанама әдісі болып табылады.
3.
Халықаралықтауар
биржалары
Халықаралық
көрмелер мен
жәрмеңкелер
Сауданың
ұйымдасқан
нысандары
Халықаралық
тендерлер
Халықаралық
тауар
аукциондары
4.
Биржалық сауда – биржалардың қатысуыментауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар
болып табылады,олар келісімдерге қатыспайды,
бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
Тауар
биржасы
Қор
биржасы
Еңбек
биржасы
Валюта
биржасы
5.
Тауар биржасы• Сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір
тауарларды сатып алу мен сату ұйымдасқан нарықты
қамтамасыз ететін сауда.
Қор биржасы
• Таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Еңбек биржасы
• Жұмыс үшін жалдау кезінде кәсіпкер қызметкерлер
арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік
мекеме.
Валюта биржасы
• Бұл валюта нарығы
6. Халықаралық тауар биржасы
» Үнемі жұмыс жасайтын көтерме сауда нарығыболып табылады
» Сатып алу –сату келісімшарттарының объектісі 2
үлкен топқа бөлінеді;
1) Жаппай шикізат пен азық-түлік, сапалы, біртектес әрі
өзара алмастырылатын тауарлар (заттай –
материалдық нысандағы тауарлар);
2) «Ұстатпайтын» тауарлар ( қаржы құралдары немесе
қаржы нысандарындағы келісімшарттар).
7.
» Тауар биржасы – заңды тұлға құқығына ие ұйым.» Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір
уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін
өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті
ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын
қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар
өзінің атауында Тауар биржасы немесе “биржа” деген атауды
пайдалана алмайды.
» Тауар биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта,
металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі
көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір
топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға
маманданады. Мәміле мерзімдік сипатта болады (ең көп
таралған мерзім – 6 ай), мұның өзі баға айырмасынан пайда табу
мүмкіндігін туғызады. пайда табу мүмкіндігін туғызады.
Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде
баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады.
8.
» Биржа ережесі биржалықсауда-саттықтардың
барлық қатысушылары
үшін міндетті болып
табылады.
» Тауар биржасы биржалық сауда-саттықтардың
барлық қатысушыларына биржалық
мәмілелердің жасалуы бойынша тең
шарттарды қамтамасыз етеді.
» Тауар биржасының мүшелері биржалық
тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы
бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып
табылады.
9.
Фьючерстік мәмілелер, банктік пайыздықмөлшерлемелер, акциялардың қор индекстері, жалдау
келісімшарттары, мемлекеттік бағалы қағаздар секілді
сауданың қаржылық құралдарының әсерінен тауар
биржасы өте қарқынды өсіп жатыр. Сол себепті ЮНКТАД
сарапшылары «Тауар биржасына» нақтырақ анықтама
беріп, оның мағынасын жетілдіруді шешті.
«Қазіргі заманның тауар биржасы – сауда-саттық
келісімшарттарының қатысушылары (хеджерлер мен
спекуляторлар) пайда табу мақсатында шикізаттар мен
«товарлық емес құндылықтарды» олардың бағасына
ілесетін контрактілермен қоса баға тәуекелін болдырмау
және оны басқа нарық қатысушыларына беру немесе
керісінше, бұл тәуекелді кейін пайда табу есебімен өз
мойынына алу арқылы сауда саттық жасайтын қаржылық
нарық».
10. Биржалық мәмілелер тобы
Нақты тауарғажасалатын
мәмілелер
Нақты тауарсыз
жасалатын
мәмілелер
«Спот»
мәмілелері
Фьючерстік
мәміле
Форвардтық
мәмілелер
Опциондық
мәміле
11.
«Спот» мәмілелері –бұл дереу немесе
жақын арада
орындалатын қолмақол ақша қаражатына
жасалған мәміле.
«Спот» мәмілесі дереу
биржа жабылған бойда,
«ертеніңде», яғни
биржалық жақын күнде
(бірнеше күннен кейін)
орындалуы мүмкін.
Форвардтық мәмілелер –
тараптардың беру туралы
келіскен және шартта
белгілеген болашақта беру
және емеп айырысу
мерзімінің талаптары
бойынша ұйым-сатушының
ұйым-сатып алушы
меншігіне берген тауарына
жасалатын мәміле. «Беру
мерзімі өтіп кеткен нақты
тауарға қатысты нақты
құқықтар мен міндеттерді
өзара бір-бірімен беру»
12.
Фьючерстік мәміле - сатушының сатыпалушыға белгілі бір мерзімде белгілі бір
орынға жеткізіп беретін белгілі бір
тауардың қандай да бір санына
байланысты стандарттық міндеттеме
болып табылады. ның мақсаты —
акциялардың бағасындағы немесе
бағамындағы мәміле .
Ол екі қатысушы арасындағы
стандартталған келісім шарт болып
табылады. Оның үстіне мәміле белгілі бір
уақыт аралығында және өте сирек
жағдайда іске асырылады‚ өйткені
келісімшарттың өзінде тауардың қасиеті —
сатылу және сатып алыну қасиеті болады.
Келісімшарттармен жасалатын сауда
мамандандырылған
фьючерстік биржаларда жүзеге
асырылады. «Биржалық тауарды берудің
стандарттық шарттарына қатысты
құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне
беру»
Опциондық мәміле – бұл кейіннен
жоғарырақ бағамен қайта сату және
мәміленің жасалу мезетіндегі баға
мен оны сату мезетіндегі бағаның
айырмасы есебінен пайда табу
мақсатында опциондық шартты
сатып алу және сату.
Опциондармен сауда «еркін айқай»
әдісімен жүзеге асады. Іс жүзінде бұл
келесідей түрде жүргізіледі. Сауда
әрекетімен реттеуші жетекшілік етеді.
Оның жан-жағына брокерлер мен
дилерлер жиналады. Реттеуші әдетте
бір акция түрімен жұмыс істейді. Ол
сауда күнінің ашылуына баға белгілей
отырып, сауда күнінің жабылуына
қарай бағаны нақтылайды, топ
арасынан сатып алу және сату
бұйрықтарын тіркейді, нарық жағдайы
туралы ақпараттар береді және т.б.
«биржалық тауарды берудің
стандарттық шарттарына қатысты
құқықтар мен міндеттерді болашақта
беру үшін құқықтарынан шегіну »
13.
Халықаралық құқық тәжiрибесiнде бағалы қағаздарменмәмiлелер жасаудың ең көп тараған түрлерiне төмендегiлер
жатқызылады
1)бағалы қағаздарды бағамдарының көтерiлуiне есеп
жасай отырып сатып алу;
2) бағалы қағаздарды iшiнара кредит төлеп сатып алу;
3)қарызға алынған бағалы қaғаздарды сат.
Жалпы алғанда, шарттардың бұл
тобын бағалы қағаздарды сатып алусату шарты деген жалпы атаумен
бiрiктiрyге болады. Бағалы
қағаздарды бағамдарының
көтерiлуiне есеп жасай отырып сатып
алу басқаша ұзын сатып алу деп
аталады, өйткенi инвестор бағалы
қағаздарды кейiннен оларды қайта
сату (жоғарырақ бағамен)
мақсатында сатып алады.
14. Халықаралық тауар аукциондары
» Аукцион - сатып алушының бағасымен сатып алу-сатумәмілесі бар арнайы ұйымдастырылған, мерзімді
бизнес-нарық
» Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында,
алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда
кезінде бұйым көрмеге қойылады.
Аукцион тауарлардың, бұйымдардыңбелгілі бір
түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны
көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін
түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және
құпия түрде жүргізілуі мүмкін.
15.
Халықаралық аукциондарөткізу техникасы 4 этаптан
тұрады
1.
дайындық
2. тауарды
тексеру
4. аукционды
рәсімдеу
және тіркеу
3.
аукциондық
торг
16. 1 этап дайындық
Кейде бірнеше айға созылатын аукциондыдайындау кезінде тауардың иесі аукционды
ұйымдастырушының қоймасына жеткізеді.
Тауарлардың саны көп болған жағдайда олар
лотқа бөлінеді. Лотұа сапасы бірдей тауар
таңдалады. Лоттың мөлшері тауардың құнына
байланысты. Әрбір лотқа осы аукционның
каталогына лоттың сипаттамасымен енгізілген сан
берілген. Тауарларды сұрыптау аяқталғаннан кейін,
тауардың сипаттамаларына қосымша, аукционның
орны, уақыты, мерзімі, инспекция уақыты, саудасаттық ережелері көрсетіледі.
17. 2 этап тауарды тексеру
Тауарды инспекциялау, әдетте, аукциондыашқанға дейін бір апта немесе 10 күн бұрын
басталады. Аукциондармен танысу үшін бөлінген
күндер саны оның көлеміне және инспекцияны
ұтымды ұйымдастыруына байланысты. Тексеру
үшін қабылданған уақытты қысқарту тауарларды
тексеретін залдардың жабдықтарын жетілдіру
арқылы қол жеткізіледі. тауарларды алдын-ала
қарау міндетті болып табылады, себебі аукцион
өткізу кезінде ақаулар болған жағдайда (жасырын
қоспағанда), сатып алудан кейінгі талаптар
қабылданбайды.
18. 3 этап аукциондық торг
Аукционның негізгі кезеңі - аукционшы көмекшімен біргеөткізілетін аукцион. Ол арнайы жабдықталған бөлмеде алдын ала
белгіленген күні мен сағатта басталады. Бағаны арттырудың бірнеше
жолы бар: ашық және құпия.
Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы)
нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім
артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы
бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым
арттырып, өз бағаларын атайды.
Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға
көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы
сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды.
19. 4 этап аукционды рәсімдеу және тіркеу
Аукционның соңғы сатысы аукциондық мәмілені тіркеу жәнетауарларды сатып алушыға жеткізу болып табылады. Мәміле
аукционның әкімшілігімен аукционшы көмекшісінің жазбалары
негізінде ресімделеді. Аукцион барысында немесе келесі күні
аукцион әкімшілігі сатып алушы сатып алған тауарларға келісім
жасайды. Сатып алушы келісімшартқа қол қояды және оны
аукциондық кеңсеге қайтарады, оның көшірмесін қалдырады.
Келісімшарт негізінде сатып алушы төлейтін шот-фактура
шығарылады. Аукционда сатылатын тауарларға арналған
төлем әдетте бөліп төлеу арқылы жүргізіледі: 30-35% -ы
келісімшартқа қол қою кезінде төленеді, ал қалған сома тауарларды алғаннан кейін немесе тиеп жөнелткеннен кейін,
бірақ мерзімінен кешіктірілмей төленеді. Төлем уақытында
жасалмаса, сатып алушы шығындарды өтеуге міндетті болуы
мүмкін.
20.
Қазіргі заманғы халықаралық тәжірибеде сауданың еңтаралған формаларының бірі саудаластық (тендерлер).
Саудаластық - тауарларды сатып алу, тапсырыстарды
орналастыру және келісімшарттарды беру тәсілі, онда сатып
алушы (тапсырыс беруші) тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету
немесе белгілі бір сипаттамалары бар жұмыстарды орындау үшін
сатушыларға (мердігерлерге) конкурс жариялайды және белгілі
бір мерзімде алынған өтінімдерді салыстырудан кейін ең
тиімдісін таңдайды (баға және басқа коммерциялық немесе
техникалық шарттар бойынша).
Халықаралық саудаластық өткізу шетелдік қатысушыларды
тартуды көздейді.
Саудаластықты ұйымдастырушылар әртүрлі елдердің
мемлекеттік органдары, қалалық кеңестер, қоғамдық ұйымдар
және жеке компаниялар болуы мүмкін.
21.
Саудаластықты кеңіненқолдану дәстүрлі әдістен
қарағанда мәмілелерді
жасаудың тиімді әдісі
болып табылады.
Оларды жүргізу:
˃ әңгімелесушілердің шеңберін кеңейтіп, тұрақты қаржылық
жағдайы бар ең бәсекеге қабілетті тауарлармен серіктес
таңдуға;
˃ әлеуетті сатушылар мен жабдықтаушылар арасындағы
бәсекелестіктің артуына байланысты шарттың қолайлы
шарттарына қол жеткізуге (оңтайлы бағалар,
қаржыландыру шарттары, кепілдіктер және т.б.) ерік
береді.
22.
Халықаралықсаудаластық
тәртібі түрлі
құқықтық
мәртебесі бар
бірқатар
құжаттармен
реттеледі.
Олардың ішінде:
халықаралық келісімдер;
халықаралық ұйымдардың
ұсыныстары;
ұлттық заңнамалық актілер.
23. Жіктелуі және түрлері
Саудаластықмынадай түрлерге
жіктелуі мүмкін:
• сауда-саттық субъектісінің түрі бойынша (саудасаттық шартын жасасу құқығына конкурстық
немесе келісімшарттық келісім);
• қатысушылардың құрамы бойынша (ұлттық
(жергілікті) және халықаралық саудаластық,
қатысушылардың қатысуымен саудаластық
және топтық бірлестіктердің қатысуымен
саудаластық);
• бұйрықтың бастапқылығы бойынша (бастапқы
саудаластық, қайталама, жоғары);
• қатысушылардың хабарлану деңгейі бойынша
(ашық және құпия саудаластық);
• қатысушыларды іріктеу әдістемесі бойынша
(ашық және жабық (шектеулі), бірыңғай
саудаластық).
24.
Саудаластықтың барлық процесін бірнешенегізгі кезеңдерге бөлуге болады:
» Тендерлерді дайындау.
» Саудаластыққа қатысушылардың ұсыныстарын
дайындау және ұсыну.
» Саудаластықты ұйымдастырушылармен
қатысушылардың ұсыныстарын бағалау және
шартты беру