6 тақырып. Сыртқы сауда операциялары
Сыртқы сауда (халықаралық) келісім-шарты – бұл түрлі елдердегі тараптар арасындағы келісім-шарт.
Тауарға төлем жүргізу формасына байланысты:
67.69K
Category: economicseconomics

Сыртқы сауда операциялары. 6 тақырып

1. 6 тақырып. Сыртқы сауда операциялары

2.

• Кәсіпорындар арасындағы
сыртқыэкономикалық байланыстар
сыртқыэкономикалық операциялар
көмегімен нақты жүзеге асырылады, ол
дегеніміз СЭІ қандай да бір түрін немесе
формасын дайындау, қорытындылау мен
атқару бойынша шаралар кешенін
білдіреді.
• Сыртқыэкономикалық операция нақты
мәселелерді шешуге бағытталған, оларды
орындау үшін ұйымдық және
коммерциялық сипаттағы кезеңдік
әрекеттер қажет.

3.

• Сыртқыэкономикалық операциялардың
субъектілері – кәсіпорындар мен ұйымдар,
одақтар мен кәсіпорын бірлестіктері,
кәсіпкерліктер бірлестіктері.
• Сыртқыэкономикалық операциялардың
объектілері – материалдық процестер:
тауарлар және қызметтермен сауда-саттық,
өндірістік, ғылыми-техникалық және
инвестициялық қызметтестік.
• Сыртқыэкономикалық операциялар негізгі
және қызмет көрсетуші немесе көмекші
деп жіктеледі.

4.

• Негізгі операциялар:
• Материалдық формада тауарлармен
халықаралық айырбас жасау бойынша;
• Ғылыми-техникалық білімменхалықаралық
алмасу бойынша;
• Техникалық ыжәне құрылыс қызметтерін,
ақпаратты ұсыну бойынша;
• жалғалық;
• түрлі формалардағы халықаралық
өндірістік және ғылыми-техникалық
қызметтестік бойынша.

5.

• Көмекші операциялар (қызмет көрсетуші)
— бұл негізгі операцияны жүзеге асыру
мүмкін болмайтын операциялар. Оларға
мыналар жатқызылады:
• тасымалдау;
• сақтау;
• сақтандыру;
• есеп-айырысу-қаржылық сипаттағы.

6.

• Сыртқыэкономикалық операциялар (СЭО)
экономикалық, валюта-қаржылық және
құқықтық сипаттағы өзара қатынастардың
кең кешенін қамтиды.
• Сыртқы сауда мәмілесі — бұл түрлі
елдердегі тараптардың азаматтыққұқықтық қатынастарын орнату, өзгерту
немесе тоқтатуға бағытталған және
экспортты-импорттық, бір реттік, тауар
айырбастық, ұзақ мерзімдік және өзге де
мәмілелер сипатына ие әрекет.

7.

• Сыртқы сауда келісім-шарты — бұл
келісілген шарттарға сәйкес белгіленген
тауар көлемін жабдықтау немесе қызмет
көрсету көлемін көрсету бойынша түрлі
елдерде орналасқан екі немесе бірнеше
фирмалар арасындағы келісім-шарт.

8.

• Қазіргі таңда сыртқыэкономикалық
мәмілелерге келесі сипатты белгілер тән:
• халықаралық айналымға түсетін өнімнің
ассортиментін, номенкластурасын кеңейту;
• келісім-шартты атқару мерзімін ұзарту;
• кешенді сипат, онда бүгінгі күнгі ірі
ауқымды мәмілелер консорциумдарды
құру барысында компаниялармен жүзеге
асырылады;
• «кілт астында» жабдықтау тәжірибесін
кеңейту.

9.

• Оферта дегеніміз ұсыныс жасаған тұлғаның
ұсынысты қабылдаған адресатпен келісімшартқа отырдым деп есептейтін, бір немес
бірнеше нақты тұлғаларға бағытталған ұсыныс.
Офер¬та шарттың маңызды шарттарын қамтуы
керек; Вена конвенциясының 14 бабына
сәйкес оларға тауардың сипаттамасы, оның
сапасы мен бағасы жатқызылады.
• Акцепт дегеніміз оферта жіберілген тұлғаның
оны қабылдау туралы жауабы. Акцепт толық та
сөзсіз болуы керек. Оферта қабылдаған
тұлғаның шарттағы жағдайларды жүзеге
асыруы акцепт болып есептеледі, егер ол
шаралар акцепт үшін белгіленген мерзімде
орындалуы керек.

10.

• Қатты оферта — бұл мерзімі көрсетілу
арқылы бір мүмкін болатын сатып алушыға
оферентпен жіберілген белгілі тауар
партиясын өткізуге жазбаша ұсыныс.
• Еркін оферта бір тауарлар партияларының
мүмкін болатын бірнеше сатып
алушыларына жіберіледі. Ол жауап үшін
мерзімді орнатпайды, сондықтан оферентті
өз ұсынысымен байламайды.

11.

• Экспортты мәмілені дайындаудың келесі кең
таралған тәсіліне сатып алушыдан алынған
тапсырыс шартын талқылау жатқызылады.
• Тапсырысты дәлелдеу — бұл тапсырыс
шарттарын қабылдау туралы экспортердің
хабарламасын білдіретін коммерциялық
құжат.
• Егер келіссөзге түсу инициативасы сатып
алушыдан түсетін болса, онда оның офертаны
жіберу туралы сатушыға ұсынысы сұрау деп
аталады. Сұраулардың басты мақсаттарының
бірі – экспорттық фирмалардан нақты
ұсыныстарды алу, олардан талдау нәтижесінде
ең жақсылары таңдалып алынады.

12. Сыртқы сауда (халықаралық) келісім-шарты – бұл түрлі елдердегі тараптар арасындағы келісім-шарт.

• Келісім шарт – бұл қандай да бір мәселел
бойынша тараптардың құқықтары мен
міндеттерін бекітетін пункт, параграф немес
шарт бабы. Баптарда шарт бойынша
контрагенттердің өзара міндеттері мен
құқықтары сипатталады.

13.

• Келісім-шартқа әдетте сатушы мен сатып
алушы үшін ортақ болып табылатын ережелер
енгізіледі:
• Шығындарды есептеу түсінігі мен тәртібі,
оларды өтеу тараптардың біреуінің құқықты
бұзуын талап етуі мүмкін;
• Төлемді кешіктіру бойынша пайыздар алуға
құқық;
• Жауапкершіліктен босату қағидасы;
• Шартты бұзу салдарлары;
• Атқаруды тоқтату құқығы;
• өзге тараптың тауарын сақтау бойынша
міндет.

14.

• Сатып алу-сату келісім-шарттарының мынадай
түрлері болады:
• бір реттік жабдықтау шарты;
• үнемі жабдықтау шарты (келісілген уақыт
аралығында үнемі жабдықтауды
қарастырады);
• ақшалай формада төлем жүргізу шарты;
• тауарлы формада төлем жүргізу шарты
(тауарайырбас мәмілесі, компенсациялық
мәміле);
• аралас формада төлем жүргізу шарты.

15.

• Бір реттік жабдықтау шарты – белгілі
мерзімде, күнде, уақыт мерзімінде
келісілген тауар көлемін жабдықтауды
қарастыратын жалғыз ғана келісім-шарт.
• Бір реттік келісімдерде жабдықта мерзімі
қысқа және ұзақ болуы мүмкін;

16.

• үнемі жабдықтау шарты келісім-шартта
көрсетілген уақыт бойы белгілі тауар санын
үнемі жабдықтау дегенді білдіреді, ол
қысқа мерзімдік (әдетте бір жыл) және ұзақ
меозімдік болуы (5 - 10 жыл, кейде одан да
көп) мүмкін;

17.

• Жиынтық құрал-жабдықты жабдықтау
шарты экспортер мен сатып алушы
арасында байланыстың болуын
қарастырады – құрал-жабдық импортері,
сондай-ақ осындай жабдықтауға қатысатын
маманданған фирмалар арасында
байланыстың болуы. Мұнда бас
жабдықтаушы жабдықтаудың толық болу
ымен уақытылы жабдықталуына жауапты
болады.

18. Тауарға төлем жүргізу формасына байланысты:

• Ақшалай формада немесе тауарлы
формада жартылай немес толық түрде
төлем жүргізу келісім-шарттары. Ақшалай
формада төлем жүргізу келісім-шарттары
шартта көрсетілген төлем тәсілдерін
(қолма-қол төлем, аванспен төлем және
несие) және есеп-айырысу формаларын
(инкассо, аккредитив, чек, вексель) қолдана
отырып, тараптармен келісілген валютада
есеп-айырысуды білдіреді;

19.

• Аралас формада төлем жүргізу шарттары.
Мысалы, кәсіпорында мақсатты несиелеу
шартында шығындарды төлеу жартылай
ақшалай, жартылай тауарлы формада жүзеге
асады;
• Бартерлі мәмілелер – тауар айырбасы және
компенсациялық келісім-шарттар. Ол бір
тауарды екінші тауарға айырбастаудың
қарапайым айырбасын білдіреді.
• Қарапайым компенсаииялық келісім, тауар
айырбасы сияқты тең құнын белгілей отырып,
тауарларды өзара жабдықтауды білдіреді.
English     Русский Rules