Экономика көптеген мәселелерді қарастырады, бірақ олардың барлығы келесі екі аксиомамен түсіндірілетін бір ғана мәселеден
А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы
Экономиканың маңызды үш сұрағы:
Өндіріс факторлары
Өндіріс – ресурстарды адамдардың қажеттіліктерін тікелей немесе жанама қанағаттандыратын игіліктерге айналдыру үдерісі
Нарықтың атқаратын қызметтері
Нарықтық шаруашылықтың субъекттері және объекттері
Нарық түрлері
Нарықтың негізгі элементтері:
Нарықтық сұраныс
Алайда сұраныс заңына бағынбайтын, яғни берілген тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасында тура тәуелділік болатын жағдайлар да
Нарықтық ұсыныс
123.66K
Category: economicseconomics

Экономика көптеген мәселелерді қарастырады, бірақ олардың барлығы келесі екі аксиомамен түсіндірілетін бір ғана мәселеден

1.

Экономика (economics) жекелеген адам мен
жалпы қоғамның өмір сүруі үшін қажетті игіліктер
жиынтығын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
үдерісі барысында адамдар арасындағы қарымқатынастар мен әрекеттерге тән заңдылықтарды
зерттейтін ғылым.

2. Экономика көптеген мәселелерді қарастырады, бірақ олардың барлығы келесі екі аксиомамен түсіндірілетін бір ғана мәселеден

туындайды.
Бірінші аксиома: адамның (қоғамның)
қажеттіліктері шексіз.
Екінші аксиома: адамның (қоғамның) үнемі өсіп
отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін қолданылатын ресурстары шектеулі.

3. А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы

Өзін өзі дамытуға
деген қажеттілік
Сыйластыққа деген
қажеттілік (өзін өзі сыйлау,
өзгелердің сыйлауы,
жетістікке жету)
Әлеуметтік қажеттіліктер (достық,
сүйіспеншілік, өзара түсіністік және
т.б.)
Экзистенциалды қажеттіліктер (аурудан,
қылмыстан, т.б. қорғану және қолайлы тұрмыс
жағдайларына қажеттілік)
Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, баспана, киім және
т.б.)

4.

Шексіз, бәріне бірдей еркін қол жетімді
ресурстар экономикалық емес
ресурстар деп аталады.
Шектеулі ресурстар экономикалық
ресурстар деп аталады.

5. Экономиканың маңызды үш сұрағы:

1) не өндіру керек (қоғамдық қажеттіліктерді
қалай қанағаттандыру қажет);
2) кім үшін өндіру қажет (өндірілген өнім
кімге арналады, оны кім алады);
3) қалай өндіру керек (ресурстарды қалай
қолдану қажет).

6. Өндіріс факторлары

капитал
жер
еңбек
кәсіпкерлік қабілет

7. Өндіріс – ресурстарды адамдардың қажеттіліктерін тікелей немесе жанама қанағаттандыратын игіліктерге айналдыру үдерісі

Ұдайы
өндірісі
ұлғаймалы
экстенсивті
интенсивті
жай
аралас

8.

Әрбір нақты өндіріс процесі белгілі бір
факторлар жиынтығымен, олардың
арасындағы тұрақты
арақатынастармен сипатталады, яғни
белгілі бір технологиямен жүзеге
асырылады. Технология – өндіріс
факторларының тұрақты
үйлесімділіктері.

9.

Нарықтық экономика -өндірушілер мен
тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін
шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.
Нарық – бұл өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну аясында сату және сатып алу
арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық –
экономикалық қатынастар жүйесі.

10. Нарықтың атқаратын қызметтері

реттеушілік - тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі, яғни не өндіру керек,
кім үшін өндіру керек және қалай өндіру керек деген мәселелер шешіледі;
баға белгілеу - өндірушілер мен тұтынушылардың тауар мен қызметке деген
сұранысы мен ұсынысының өзара әрекетінің нәтижесінде нарықтық баға
қалыптасады;
делдалдық - нарық өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал бола
отырып, оларға сауда саттықтың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді;
ынталандырушылық - баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді
қысқартып, жаңа техника-технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру
арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады;
ақпараттық - баға арқылы тауар өндірудің технологиялық дәрежесі мен
шығындары, шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы
экономикалық ақпарат беріп отырады;

11. Нарықтық шаруашылықтың субъекттері және объекттері

нарық
объекттері
субъекттері
мемлекет
үй
шаруашылықтары
фирмалар
тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс
факторлары, ақша, бағалы қағаздар және
т.б.

12. Нарық түрлері

Экономикалық мүдделері бойынша - тауар мен қызмет нарығы;
өндіріс факторларының нарығы; қаржы нарығы.
Географиялық орналасуы бойынша - жергілікті нарық; ұлттық
нарық; дүниежүзілік нарық.
Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша - монополиялық нарық;
олигополиялық нарық; жетілдірілген бәсеке нарығы; монополиялық
бәсеке нарығы.
Сала бойынша - автомобиль нарығы; компьютерлік нарық, т.б.
Сатылу сипаты бойынша - көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда
нарығы; фьючерстік сауда нарығы.
Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық; «жасырын»
нарық.

13. Нарықтың негізгі элементтері:

Өндіруші мен тұтынушы - бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі үрдісінде
қалыптасады, бірі тауарды өндіреді, екіншісі тұтынады;
Баға - баға тауарға деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарықта
еркін қалыптасады;
Сұраныс - бұл тауарларға қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне
қажетті тауарлар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу қабілеттілігі;
Ұсыныс - бұл өндірушілердің белгілеген бағалар бойынша сатуға
дайындаған тауарларының жиынтығы;
Бәсеке - нарықтық қатынасқа қатысушылардың тауар өндіру, оны сату,
сатып алудың ыңғайлы жағдайлары үшін экономикалық сайысы.

14. Нарықтық сұраныс

сұраныс – бұл сатып алушылар берілген бір уақыт бірлігінде сатып алғысы
келетін және сатып ала алатын игіліктер саны, көлемі. Демек сұраныс –
тұтынушылардың қалауы мен төлемқабілеттіліктерін сипаттайтын экономикалық
категория.
сұраныс функциясын келесі түрде бейнелеуге болады:
Qid=f (Pi ,Pj , Pn ,I, W, T, E, K, R)
Pi – берілген тауар бағасы;
Pj , Pn – алмастырушы немесе толықтырушы тауарлар бағасы;
I – белгілі бір уақыт бірлігіндегі сатып алушы табысы;
W – жинақталған байлық;
T – тұтынушылардың талғамдары мен әдеттері;
E – сатып алушының болжалы (соның ішінде инфляциялық болжалдары);
K – мәдени-психологиялық факторлар;
R – табиғи-климаттық жағдайлар.

15.

Сұраныс заңы берілген тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері
тәуелділікті сипаттайды. Сұраныс заңына сәйкес, аталған басқа факторлар
өзгермей, берілген тауар бағасы Pi өссе, сұраныс көлемі Qid төмендейді.
P
P
D'
A
B
C
D2
D
D1
Q
1.1-сурет. Сұраныс қисығы
Q1 Q2 Q3
1.2-сурет. Сұраныс көлемінің
өзгеруі және сұраныс
қисығының жылжуы

16. Алайда сұраныс заңына бағынбайтын, яғни берілген тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасында тура тәуелділік болатын жағдайлар да

болуы мүмкін
1) Гиффен парадоксы (сапасы төмен тауарлар және алмастырушы тауарлар);
2) ассиметриялы ақпарат (төмен баға тауардың төмен сапасы туралы «белгі
береді» немесе, керісінше, жоғары баға жоғары сапа туралы «белгі береді»);
3) «лайықты» тұтыну (Веблен эффекті). Бұл жағдайда тауар сапасы үшін
емес, жоғары бағасы үшін сатып алынады. Бұл жағдайда тауар бағасының өзі
тұтынушылық игілік болып табылады.
4) күтілген инфляция эффекті. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында тауар
бағасының елеусіз өзгерістерінің өзі тұтынушылардың инфляциялық
күдіктерін күшейтуі, сәйкесінше сатып алу көлемінің өсуіне әкеліп соқтыруы
мүмкін.

17. Нарықтық ұсыныс

Нарықтық ұсыныс – берілген белгілі бір уақытта және жағдайларда
өндірушілер өндіре алатын және өндіргісі келетін тауар көлемі (саны).
Qs =f (Pi ,Pj , Pn , T, t, N),
мұндағы Pj , Pn - басқа тауарлар мен өндірістік ресурстар бағасы;
Т – қолданылатын технология сипаттамасы;
t – салық мөлшерлемесі;
N – өндірістің табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы.

18.

Ұсыныс заңы басқа факторлар өзгермеген жағдайда баға өскен сайын
ұсыныс көлемі де өсетінін көрсетеді. Демек, ұсыныс заңына сәйкес, басқа
жағдайлар өзгеріссіз болғанда берілген уақытта берілген тауар бағасы
неғұрлым жоғары болса, өндірушілер сол тауарды соғұрлым көбірек өндіргісі
келеді.
P
P
S1
S
S2
А
Q
1.4-сурет. Ұсыныс қисығы
Q1
Q2
Q3
Q4
1.5-сурет. Ұсыныс көлемінің өзгеруі
және ұсыныс қисығының жылжуы

19.

Нарықтық тепе-теңдік – бұл берілген баға деңгейінде
сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болатын нарық
жағдайы.
P
P
артық
ұсыныс
Р2
B
А
Р*
S
S
С
Р1
F
Q*
Е
Р*
Р1
артық
сұраныс
Q1 Q2
Р2
Q 3 Q4 Q
Q
D
Q1
Q*
Q2
1.6-сурет. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы
а) Л.Вальрас бойынша; б) А. Маршалл бойынша
English     Русский Rules