3.74M

Қыпшақ хандығы

1.

2.

Nur-Agai

3.

Қыпша қ ханды ғы
ХР: ХІ-XIІІ ғғ
ЖА: Дешті Қыпшақ
Алтай - Дунай
Батыс Дешті Қыпшақ
Дунай – Еділ
Тоқсаба руы
Шығыс Дешті Қыпшақ
Еділ – Алтай
Елбөрілі руы
Астанасы:
Оң қанаты – Сарайшық(Жайық)
Сол қанаты – Сығанақ(Сырдария)
Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңі:
1. VII–VIII ғасырлар – Батыс Түрік қағанаты құрамындағы кезең.
2. VIII–ХІ ғасырлар – Қимақ қағанаты құрамындағы кезең.
3. ХІ–ХІІІ ғасырлар – дербес Қыпшақ хандығы.

4.

VIII–ІХ ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде:
Шығыста - қыпшақтар
Русьте – половецтер
Еуропада - командар
Шығыс тарихшылары мен орыс жылнамашылары қыпшақ-половецтердің саны көп, күштi тайпа
екендігін және бүкiл Ұлы Даланың солардың атымен аталғанын жазады. «Қыпшақ» этнонимi алғаш
рет VIII ғасырдағы көне түркi руна ескерткiшiнде кездеседi.
Қыпшақтар Қимақ мемлекетiнiң батыс қанатын құраған. ХI ғ Қимақ қағанаты құлағаннан кейiн
олардың жері қыпшақ хандарының қолына өттi.
ХI ғасырдың ортасында қыпшақтар оғыздарды Сырдария аймағынан және Каспий даласынан
ығыстырды. Осы кезде қыпшақтар Едiлден өттi, бірқатар тайпаларды бағындырып, Дунайға дейiн
жеттi. Батысқа жылжуы барысында олар Шығыс Еуропа, атап айтқанда, Русь, Византия, Венгрия
халықтарымен байланыс орнатты.
ХI ғасырда қыпшақтар Жетiсумен қатар бүкiл Қазақстан жеріне үстемдік етті. Еуразияның Алтайдан
Дунайға дейiнгi аумағындағы үлкен тайпалық одақ саналды. ХI ғасырдағы Оғыз мемлекетiмен
соғыстар; салжұқ, Хорезм шахымен және Қарахан әулетiмен күрес; сыртқы қауiпсіздікті қамтамасыз
ету – Қыпшақ мемлекетi құрылуының басты себептерi болып табылады.

5.

Қыпшақ ұлысының пайда болуы:
а) Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа тұрғындарының түркіленгендігін;
ә) біртұтас жалпы-түркілік мәдениеттің қалыптасқандығын білдірді.
Алайда қыпшақ халқы қалыптасуын монғол шапқыншылығы үздi. Қыпшақтар
қазіргі түркі тілдес халықтар – қазақ, башқұрт, татар және басқалардың ұлт ретінде
қалыптасу негізін қалады.
Малға жекеменшiк мүлік теңсiздiгiнің негiзiн қалады. Байлық жылқы санымен
өлшендi. Плано Карпини: «Олар (қыпшақтар) түйе, iрi қара, қой мен ешкi, жылқыға
өте бай. Оларда жүк таситын мал орасан көп, бiздiң ойымызша бүкіл әлемде
мұндай байлық ешкiмде жоқ», – деп жазады

6.

ХI–ХII ғ төменгi Сырдария бойындағы қалалар (Жент, Янгикент және басқалары)
мен Маңғыстау қыпшақ көсемдерінің қолында болды. Осы аумақ қыпшақ хандары
мен Орталық Азия билеушiлерi арасындағы кескiлескен ұрыс алаңына айналды.
Махмұд Қашғари деректерi бойынша, қыпшақ ақсүйектерi Қарахан
билеушiлерiмен өзара күрделі қарым-қатынаста болды. Исламды тарату
мақсатында Хорезмшахтары мемлекетінің билеушісі қыпшақтарға қарсы жорыққа
шықты. Алайда ХII ғасырдың екiншi жартысынан бастап хорезмдiктер қыпшақ
ақсүйектерiмен жақындасу саясатын жүргiзе бастады.
Хорезмшахтары мемлекетінің билеушісі бұл саясатта мына мақсатты көздеді:
а) қыпшақтардың бүкіл ақсүйек қауымын ислам дініне енгізу;
б) мемлекеттің қуаттылығын әлсірету;
с) қыпшақ әскерін өз мүддесіне пайдалану
Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күрестi жалғастыра бердi. Қыпшақтар мен
хорезмдiктердiң күресiн монғолдардың жаулап алушылық жорықтары тоқтатты.

7.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Rules