Similar presentations:
Дәріс 3. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері (VІ-ХІ ҒҒ.)
1.
Дәріс 3. Монғол кезеңіне дейінгі ОрталықАзиядағы түркі тілдес этностардың
этномәдени интеграциясы кезеңдері
(VІ-ХІ ҒҒ.).
2.
ЖОСПАР3.1.Көне түркі кезеңіндегі көшпелі
мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы.
Жазба және археологиялық деректер мәліметтері.
32.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы
және саяси тарихы.
3.3. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы:
құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен
қарым-қатынастары.
3.
Әдебиеттер тізімі:1. Акинжанов С.М. Кыпчаки в истории
средневекового Казахстана. - Алма-Ата, 1995.
2. Ақынжанов М.А. Қазақ халқының шығу
тегі. Алма-Ата, 1957.
3. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков.
Москва, 1965.
4. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В.
Қазақ шежіресі хақында. Алматы, 2000.
5. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы.
Алматы, 1997.
4.
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫБАТЫС ТҮРІК
ҚАҒАНАТЫ
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ
5.
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552-603 ЖЖ.)V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін
созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті.
Солардың бірі-түрік тайпасы.
Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан
Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде
айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын
мекендеген аварларға (жуан-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден
түріктердің қағаны Тумын (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне
шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады.
Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуан-жаунь) қарсы шығып, авар
қағаны ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне
бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады.
6.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы екі дербес-Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуменаяқталады. Батыс қағанатының орталығы Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын
жерде) болады.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті.
Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы
түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне
(Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл
жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды.
Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген
кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554жж.) түріктер шығыста қайлар
(татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу
жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Орта Азия жеріндегі Эфталит патшалығын
басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс
Түркістанға дейін созылып жатқан.
553 ж. Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында
аварларды екінші рет жеңеді.
552-жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны
Анағұй өзін-өзі өлтіреді.
7.
Бумын қаған(552)
Қара –Еске
(552-553)
Мұқан қаған
(553-572)
Тобо
(572-581)
Иштеми
(576)
8.
Түркіқағанаты
Батыс Түрік
қағанаты
(603-704)
Шығыс Түрік
қағанаты
(682-744)
9.
Түрік қағанаты жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттің бірі. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстікбатысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан тұрады.10.
11.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)12.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси
билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир
тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі
тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды.
Саяси тарихы
Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта
құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби
арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы
Жетісуға басып кіреді.
Қағандары
Шегу, Тон, Ешбар Елтеріс.
Орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты (Жамбыл облысының
Астанасы
Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты).
Территориясы
Шығысы Алтайға дейін, батысы Тарым өзені мен Памир тауына дейін.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық - маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды.
Шаруашылығы Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана
бастады.
Этникалық
Он тайпа: бес нушеби (Шу өзенінен шығысқа қарай) және бес дулу (Шу өзенінен батысқа қарай) тайпаларына
құрамы
бөлінді.
Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты
Шығыс Түрік
мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы
Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай
қағанаты
бастады.
13.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ЖЫЛДАР)ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ҚАҒАН
жоғарғы билеуші және
әскербасы болып
саналды
БЕКТЕР
жергілікті жерлерде
қағанның негізгі тірегі
ЯБҒУ, ШАД,
ЕЛТЕБЕР
жоғарғы лауазымды
қаған руынан шыққан
ақсүйектер иеленді
ҚАРА БҰДЫНДАР
қарапайым халық
БҰРЫҚТАР,
ТАРХАНДАР
сот істерін
жүргізушілер
Түрік қоғамында
«тат» сөзі құл
деген мағынаны
білдіреді.
14.
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (704-756 ЖЫЛДАР)15.
Түргеш мемлекетінің негізін қалаушы - ҮшлікТүргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелікқаған. Оның билік жүргізген жылдары – 699-706 жыл. Ол
Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып,
Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің
өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы Шу өзені
бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші орталығы Іле өзені
бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа
(бөлікке) бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер
ұстады.
16.
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (704-756 ЖЫЛДАР)Түргеш қағанаты 704-756 жылдары аралығында өмір сүрген.
Алғашқы қағаны –Үшлік.
Сұлу қаған үш жақты күрес жүргізді.
батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді,
шығыста Қытай қауіп төндірді,
Шығыс Түрік қағандығы Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты.
Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге
Саяси тарихы
тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты
арабтар оған «Сүзеген», «Мүйізді қаған» деп ат қойған. Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді. 751 жылы
Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар мен қарлұқтар бірлесіп, қытай әскеріне
күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.
Бірақ жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері
756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Қағандары
Үшлік, Сақал, Сұлу.
Астанасы
Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды.
Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан
Территориясы
Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен
Шаруашылығы
шұғылданды.
Этникалық
Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір
құрамы
сүрген.
17.
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (704-756 ЖЫЛДАР)Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы
Соғдылар-Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық. Ежелден Зеравшан мен
Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. VI-VIII ғасырларда соғдылықтарды
Түрік қағандығы жаулап алған.
Зерттеушілердің соғдылар туралы пікірлері
В.В.Бартольдың айтуынша, соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға
байланысты. Сондай-ақ араб шапқыншылығы да соғдылардың Жетісуға қоныс аударуын
күшейтіп жіберді. Мұны археологиялық зерттеулерден, Іле, Шу, Талас бойындағы қалалық
өмірдің дамуынан байқауға болады. Әсіресе VI-VIII ғасырларда соғдылықтар Жетісуға ағыла
бастаған.
VII ғасырдың бас кезінде Жетісуда болған қытай саяхатшысы Сюань Цзянь өзінің
күнделігінде «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар.Олар басқаларға тәуелсіз,
бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар» деп жазған.
Махмуд Қашқари еңбегінде «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ»-деп
жазады.
18.
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756-940 ЖЫЛДАР)19.
Қарлұқ тайпаларының қоныстанған аумағыҚарлұқ тайпалары VII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар
Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең
байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен
Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас
аңғарларын, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендеді. Қарлұқ
тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар (Фараб)
қаласы маңына барып қоныстанған.
Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктері – Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші
тайпаның аты Моула – бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисы – шігіл деп аталды.
Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы
Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ
қоныстрының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың тайпа көсемдерін «жабғу» деп
атаған
20.
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756-940 ЖЫЛДАР)Саяси тарихы
Астанасы
Территориясы
Мәдениеті
Этникалық
Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден
билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. 9 ғасырдың соңына дейін жерін кеңейту үшін көршілес елдермен соғысты.
Басты қарсыласы ұйғырлар.
840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының
билеушісі Білге Күл Қадыр -хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен
“ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті
болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды.
Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген.
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды.
Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері
Оғұлшақпен бірге 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалады.
Баласағұнды екі жылдан кейін (942 ж.) Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде
қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
Суяб қаласы, екінші астанасы Баласағұн
Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық.
Худуд әл- алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер.
Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар. Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды
қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7 - 8 ғасырлардан
құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының
ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік
жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.
Араб тарихшысы әл Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ ,
21.
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)X-XI ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ қалаларының болғандығы айтылады.
Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі мол дамыған аймақтармен тығыз байланыс
жасап тұрған.
22.
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)Саяси тарихы
ІХ ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құрылды.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965
жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар
қағанаты талқандалады. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып,
бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады.
Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады.
Үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын
салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады.
Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады.
1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола
ығыстырады. 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Астанасы
Янгикент қаласы (Жаңа Гузия).
Территориясы
Сырдарияның орта және төменгі ағысында
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың
отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ , Сауран
қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.
Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашқыда 24 тайпадан тұрған. Бұл -оғыздардың жаңадан әр
түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады. Бұл
кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі
болып есептеледі.
Мәдениеті
Этникалық
құрамы
23.
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)ЖАҒБУ
КҮЛЕРКІН
жағбудың
кеңесшілері
СЮБАШИ
әскербасы
ҰЛЫ, КІШІ
ҚҰРЫЛТАЙ
ИНАЛ
жағбудың
мұрагері
АТАБЕКТЕР
иналдың
тәрбиешісі
24.
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)25.
Қимақ мемлекетінің26.
Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады.Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің орын
алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс
етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп қимақтардың жерінде
феодалдық қатынастар орныға бастайды.
1Х ғасырдың екінші жартысы мен Х1 ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде
ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты.
Қаған елді көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан.
Қимақтар мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен
жазған.
Қимақтар табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына
сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның
тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен
тараған.
27.
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)Саяси тарихы
ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды.
10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды.
Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған.
Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады.
Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ
қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады.
Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған.
Біріншісі-қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы.
Екіншісі-сыртқы қайшылық.
Астанасы
Орталығы-Имақия, екінші астанасы Алакөл жағасындағы Карантия болды
Территориясы
Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты.
Шаруашылығы
Мәдениеті
Этникалық құрамы
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан
айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы
жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ
шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.
Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар:
эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары- қимақтар мен
қыпшақтар.
28.
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)ҚАҒАН
• билеуші
ЯБҒУ
• қағаннан
екі саты
төмен
тұрды
ИМАҚ • бірнеше
тайпа
ЖАҒБУ көсемі
ШАДТҮТІК
• жеке
тайпа
көсемдері
29.
X ғасырда Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауыҚимақ мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап,
Сырдария, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан
қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін
басып алғаннан кейін, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген
жерлерді «Дешті қыпшақ», яғни Қыпшақ даласы деп те атады.
history