Similar presentations:
Қыпшақ хандығы
1. Презентация
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан МемлекеттікУниверситеті
Такырыбы: Қыпшақ хандығы
Орындаған: Батырша Нұрсұлтан
Тобы: См-15-2к2
Қабылдаған: Сапарбекова Ботакөз
2. Жоспар:
1.2.
3.
4.
5.
Қыпшақтар туралы жалпы мәлімет.
Әлеуметтік және сословиелік жағы
Тайпалық және этникалық құрамы
Қыпшақтардың Қазақстан аумағы
Дерек көздер
3.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркіхалықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта
ғасырларда Орта Азия менШығыс Еуропаны мекендеген
аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында
бұрынғы қимақ, қыпшақ және қумантайпалары
қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ
хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік
басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік
және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады,
мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс
Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас
орнатуға жеткізді.
4. Әлеуметтік және сословиелік жағы
пшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ.Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқыбасты байлық
саналды. Орта ғасырлардагы авторлардың хабарлағанындай,
қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал
олардың кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны
иеленген.
Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген,
ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың
көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат
жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі
жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе
ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан»
(этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау» және
«қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу
жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер
ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу
қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдықкөшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды,
дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды
деп есептелді.
5. Тайпалық және этникалық құрамы
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейінқыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың
сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен
олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақтақыпшақ хандары
күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз
мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы
зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары
батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші
жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси
және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах
Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ
деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс
далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055
жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай
аударылған «половец» деген атпен кездеседі.
6. Қыпшақтардың Қазақстан аумағы
Қыпшақтардың Қазақстан аумағындағы көшіп жүретінаймағы Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында
болды. Маңғыстау мен Үстірттегі қыстауларынан қыпшақ
рулары жаздыгүні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайықөзендерінің
аңғарларына кететін, Каспий теңізінің солтүстік жаға- лауынан
жаздыгүні Еділ, Бала және Үлкен өзендерінің аңғарлары
мен Оңтүстік Орал тауының етегіне көшіп баратын. Араб
географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи
қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді:
«Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал
жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары
аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі
мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде
солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған.
Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ.
Мәселен, Ертісте имектер (қимақтар) жинақы мекендеді, Арал
өңірінде адам саны көп қанды тайпалары орналасты, ал Жайық
пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары
7. Дерек көздер
1.2.
3.
Қазақстан Энциклопедиясы
Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс»
баспасы, 2005
Интернет желісі