Есім хан
Қатаған қырғыны
Есім ханның – Ескі жолы
Әкімшілік-аймақтық бөлініс
Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
Жәңгір ханның соңғы жорығы
Тәуке хан (1680-1715/1718ж.)
Тәуке ханның ішкі саясаты
Тәуке ханның сыртқы саясаты
Деректер
Әйтеке би
Жеті Жарғы заңдар жинағы
Жеті жарғыдағы қылмыстық жауапкершілік
ХІІІ-XVғғ. Жазба және халық ауыз әдебиеттері
Ауыз әдебиетi
Ауыз әдебиетінің өкілдері:
Қазақ халқының әйгілі жыраулары
Ертегілер мен эпостар
Қазақ хандығындағы қалалар
Археологиялық деректер - Отырар қаласы
Қалалардың сауда өмірі
4.30M
Category: historyhistory

6.1

1.

2.

6.1.1. XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ
және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар.
6.1.2. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар
қатынастары.
6.1.3.Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында
шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.
6.1.4.Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық
түрлері, олардың ерекшеліктері.
6.1.5. Халық ауыз шығармашылығы. Данагөйлер мен ақын-жыраулар:
Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа,
Ақтамберді. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.
6.1.6. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғ.
– XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі, оның себептері.

3. Есім хан

ЕСІМ ХАН
• Есім хан кімнің баласы? Шығай ханның
• Есім ханның бауыры: Тәуекел хан
• Есім хан билік етті: 1598-1628ж.
• Есім хан тұсындағы астана: Түркістан
• Есім хан тұсында қабылданған заңдар жинағы: Есім ханның
Ескі жолы

4.

Есім хан VS Бұхара
хандығы
1.Сырдария аумағы үшiн
соғыс созылды: 20 жылдан
астам уақытқа (1603–1624
ж)
2. 1621–1624 жылдары Есiм
ханның басшылығымен бiрнеше
шайқастар өтіп, нәтижесiнде
бұхарлықтар толық талқандалды.
Бұхар хандығының мақсаты:
Ташкент, Сайрам және
Әндiжанды қайтару, қазақтарды
Сырдариядан қуып шығуды
Сыр бойындағы қалалар үшін Орта Азия
билеушілерімен екі жүз жылға созылған
күресті жеңіспен аяқтады: Есім хан
Ташкент пен Түркістанның Қазақ
хандығына өтуі осы күрес нәтижесі
болды.

5.

Есім ханның сыртқы
саясаты
Қазақ VS қарақалпақ
ХVIғ. соңында Тәуекел хан қарақалпақ
руларының өтiнiшi бойынша оларға
берген жер: Арал бойынан
Бiрақ бiрнеше жыл өткеннен кейiн
қарақалпақтар қазақтарға қарсы көтерiлдi.
Есiм хан бүлiктi басып тастады.
ХVII ғасырдың басында ойрат
тайпалары Қазақстан аумағына
шабуылдар жасай бастады.

6. Қатаған қырғыны

ҚАТАҒАН ҚЫРҒЫНЫ
• 1613 жылы: Ташкент билеушісі Тұрсын VS Есім хан
• 1613 жылы: Аштархани Имамкули хан Тұрсын сұлтанды қазақтардың жоғарғы ханы Ташкент билеушісі
деп жариялады.
• 1620-1622жылдары: Имамкули хан мен Тұрсын ханның арасында соғыс болды.
• Есім ханға қарсы шығып, өзін хан деп жариялады: Тұрсын хан
• 1627 жылы Есім хан ойраттарды талқандап, жорықтан қайтып келе жатқанда Тұрсын оның ордасы
Түркістанға шабуыл жасады. Есім әскерімен Ташкентке жылжыды.
• Ташкент маңында: Есім хан VS Тұрсын
• Тұрсын ханды қолдаған ру: қатаған руы
• Есім хан жазалаған ру: қатаған
• Әбілғазының айтуынша, қатағандықтар Тұрсын ханның тірегі болған. Есім хан жорықта жүргенде
қатағандықтар Түркістан қаласын тонауға белсене қатысып,оның отбасын тұтқынға алды. Қатаған
тайпасының жазадан аман қалған бір бөлігі Ауғанстанға кетті, біразы ұйғырлар мен қырғыздар арасында
сіңіп кетті. Бұл оқиға тарихқа «Қатаған қырғыны» ретінде енді.

7. Есім ханның – Ескі жолы

ЕСІМ ХАННЫҢ – ЕСКІ ЖОЛЫ
• Шыңғысхан ұрпақтарының саяси құқықтары шектеліп, тайпалар мен ру көсемдерінің
құқықтары кеңейді.
• Заң шығаратын билік орны: Құрылтай
• Құрылтай өткізілді: Түркістанда, жылына – 1 рет.
• Құрылтай шешкен мәселелер: соғыс пен бейбітшілк, жайылымдар мен суаттарды бөлу,
хан сайлау

8. Әкімшілік-аймақтық бөлініс

ӘКІМШІЛІК-АЙМАҚТЫҚ БӨЛІНІС
• XVII ғасырдың басында ұлыстық жүйенің орнына орнықты: жүздік ұйым
• Қазақ жері үш шаруашылық аумақтық-бірлестік – жүздер арасында бөлінді.
• Жүздер басында тұрды: билер, тайпа басшылары
• XVIII ғасырдың басында сұлтандар әр жүз құрамындағы ықпалды басшыларға айналды.
• Қазақтың барлық үш жүзінде билердің орнына елді басқаруға келді: Шыңғысхан ұрпақтары
(сұлтандар)

9.

Есім хан
туралы
деректер
Тарихшы
Махмұд ибн
Уәли
Әбілғазы
Есiм хан 1628 жылы
дүниеден өтіп, Түркiстан
қаласындағы Қожа Ахмет
Ясауи кесенесi қасында
жерленді.
Тiптi Тұрсынмен күрестің
қиын кезеңінде де,
«бұрынғыдай қарапайым,
қонақжай және кiшiпейiл
болған».
Батыр, ұзын бойлы, қарулы адам болғандықтан, халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім»
атаған. Деректердің айтуынша, ол «тәкаппарлық пен атаққұмарлықтан азат»,
ақжарқын, қарапайым адам едi.

10. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.

• ХVI ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақ билеушiлерi алғаш рет соғысты: қалмақтармен (ойраттар)
• ХІV ғасырдың басында Монғолдардың батыс тайпалары ойрат одағын құрған еді
• ХVII ғасырдың басында құлады: Ойрат одағы. Оның бiр бөлiгi Солтүстiк Қазақстан арқылы төменгi
Едiл бойына көшiп кеттi, сол жерде Қалмақ хандығының негiзiн салды.
• Жоңғар хандығы құрылды: 1635 жылы
• Жоңғар хандығын құрды: Батыр қонтайшы

11.

12.

Жәңгір хан
(1628\291652ж.)
Есім ханның
баласы
Жоңғарлар
мен
күресті
Жеке ерлігі мен әскери
жеңiстерi үшiн қазақтар оны
«Салқам Жәңгiр» деп атады.
Қазақ ханы қалмақтармен
күресте Қашғария
моғолдарынан қолдау тапты,
қырғыздармен одақ құрды

13.

Орбұлақ
шайқасы(1643ж.)
Жәңгір хан VS Батыр
қонтайшы
1993 жылы: шайқастың
350 жылдығы атап өтілді.
Қазақ сарбаздарына Самарқан билеушiсi
Жалаңтөс батыр 20 мың адамымен
көмекке келдi. Ойраттар талқандалып,
он мыңдай адамынан айырылып, кейiн
шегiнеді.

14.

Орбұлақ шайқасы жайлы
деректер:
Сол кезеңдегi орыс құжаттары
бойынша, Жәңгiр өз адамдарының
жартысына «от қарумен» тау
арасындағы өткелде ор қазып бекiнуге
бұйырады. Ал өзi үш жүз адаммен
тауда жасырынады.
Ойраттар шатқалға енген кезде оларды
бораған мылтық оғы қарсы алды. Жау
дүрлiгiп есi шықты, осы сәтте тылдан
Жәңгiрдiң өзi соққы бердi.

15.

Жоңғарлар
жорықтарын неге
көктемде жасады?
Жоңғарлар көшпелiлер ретiнде бұл
кезеңнiң ерекшелiгiн бiлдi. Көктем шыға
төл алу басталады, бие құлындап, қой
қоздайды да,көшпелiлердiң жас төлмен
көшiп-қонуға мүмкiндiктерi болмай,
қыстау маңында қалады.
Ал қыстаулар мал өрiсi кең болуы
үшiн бiр-бiрiнен шалғайда
орналасты. Мұндай жағдайда
дұшпанға қарсылық көрсету үшiн
әскердi тез жинау мүмкiн емес еді.

16. Жәңгір ханның соңғы жорығы

ЖӘҢГІР ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОРЫҒЫ
• Қазақтардың соққысынан есiн жиған Батыр
қонтайшы қайтадан Қазақ хандығына жорыққа
шықты.
• Жәңгiр хан 1652 жылы шайқастардың бiрiнде қаза
тапты. Бұл шайқаста қазақтар жеңiлiп, Алатаудың
бөктерiн тастап кетуге мәжбүр болды.

17. Тәуке хан (1680-1715/1718ж.)

• Тәуке ханның әкесі: Жәңгір хан
• Тәуке хан билік етті: 1680-1715/1718ж.
• Тәуке хан туралы деректер кездеседі: Шығыс
авторларының еңбектерiнде, қытай, орыс
деректерiнде, сондай-ақ халық ауыз әдебиетiнде
• Тәуке хан билік еткен кезең қалай аталады: «Алтын
ғасыр», Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
заман
ТӘУКЕ ХАН (16801715/1718Ж.)
• Тәуке ханның ел басқарудағы шеберлігі:
«Дауласқандарды табыстырып, шешендiк
қабiлетiмен қарамағында халық санының
көбеюiне» қол жеткiзгендігін және «күшпен емес,
неғұрлым ақылымен, тiл табысуымен билік
еткендігін» жазады.
• Тәуке ханның жанындағы ақылгөй билер: Ұлы
жүзде – Төле, Орта жүзде – Қазыбек, Кiшi жүзде –
Әйтеке билер.

18. Тәуке ханның ішкі саясаты

ТӘУКЕ ХАННЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ
Жеті Жарғы заңы
«Жеті жарғы» заңына ХVII
ғасырдағы қазақ қоғамының
қажеттi лiктерiне жауап
берген қағидалар ендi.
Заңдар жинағын жасауға
жалпы саны 7 би қатысты.
Бұл заңдар жинағы ХІХ
ғасырдың 60
жылдарындағы
реформаларға дейін
қолданылды.
Жеті Жарғыны жасау
барысында Қасым ханның
қасқа жолы, Есім ханның
ескі жолы басшылыққа
алынды.

19. Тәуке ханның сыртқы саясаты

ТӘУКЕ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Тәуке хан билеген тұста
Қазақ хандығының
Ресеймен жақындасуы
басталды:
1. ХVII ғасырда Қазақстан мен Ресейдiң
Алтайдағы шегаралары Жоңғар
хандығымен түйісті де, бұл жерде жоң
ғарлар мен қазақтар және орыстардың
мүдделері тоғысты
2. Жоңғарлардың қысымы нәтижесiнде
халықтың солтүстік аймақтарға көшуі
басталды. Бұл Ресей бодандығындағы
Едiл қалмақтарымен, башқұрттармен,
Сiбiр казактарымен тiкелей араласуға
әкелдi.

20.

Қазақ VS
Жоңғар
ХVII–ХVIII ғасырларда:
Жоңғар тағына қонтайшы
Цеван Рабтан отырды.
ХVIIIғ. басы:
басқыншылар Орта
жүздiң солтүстiк-шығыс
аудандарына баса-көктеп
кiрдi.
Ол билiк еткен жылдары
қазақ еліне үлкен қауіп
төндірді.
1710жылы: Қарақұм
құрылтайы. Оның негiзгi
мақсаты – жоңғарларға
қарсылықты ұйымдастыру
едi.

21.

Тәуке ханның
Қазақстан
тарихындағы рөлi:
1. Ол Қазақ хандығының
ыдырауына жол бермеді.
2. Тәуке хан билiгi бүкiл
мемлекет аумағына
жүрді.
3. Ол халықты сыртқы
жаудан қорғады.Қазақ
хандығының абыройын
асырып, күш- қуатын
арттырды.
4. Тәуке хан ойраттармен
күрестiң қиын жылдарында
Қазақ хандығының бiрлiгiн
сақтай алды.

22. Деректер

ДЕРЕКТЕР
Дереккөздер:
• «Тәуке хан ақылды адам болды және қырғыздар (қазақтар) арасында
кереметтей құрметке ие болды».
• Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөйі Ликургпен теңеген. (Ликург ХIХ ғасырда
Спартандық заң шығарушы)
орыс ғалымы
А.И. Левшин:

23.

• Төле би – әйгілі би, шешен, Ұлы жүздiң бас биi, билеушiсi. Ол
халық арасында әдiлеттiлiгiмен белгiлi болды. Төле би
Абылайдың билік басына келуіне ықпал етті. Тәукенің де хан
сайлануына, Түркістанның Қазақ хандығының орталығы ретінде
қалыптасуына қатысты. Ол үш жүздiң ынтымағын нығайтуға,
бiртұтас Қазақ хандығының дамуына, жоңғарларға қарсы
әскери одақтың құрылуына ықпал етті.
• Қазыбек би - орта жүзден шыққан әйгiлi би. Халық арасында
Қаздауысты Қазыбек би деген атпен белгiлi болған.
• Қазыбек би мемлекеттiк iстерге белсене қатысты, қазақ
хандарының iшкi және сыртқы саясатының жүзеге асуына ықпал
еттi. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық күрестi
ұйымдастырушылардың бірі болды. Ресеймен достық қарымқатынасты орнатуды қолдады.

24. Әйтеке би

ӘЙТЕКЕ БИ
• 30 жасында Кiшi жүздiң аға биi атанған. Әйтеке шешендiгi,
әдiлдiгiмен бiрге жоңғарлармен ұрыста қол бастаған батыр
да болған.
• Әйтеке би жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысты.
• Қазақ, қарақалпақ пен қырғыздардың жоңғар
шапқыншылығына қарсы бiрiгiп соғысуына ықпал еттi. Тәуке
хан саясатына оңды ықпал етіп, бірсыпыра мәселенің бейбіт
шешілуіне ұйытқы болды.

25. Жеті Жарғы заңдар жинағы

ЖЕТІ ЖАРҒЫ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫ
Аңызға сәйкес, Тәуке хан Күлтөбе жайлауында (Сырдария аймағы) әйгілі
билермен бірге Қасым мен Есiм хандардың тұсындағы ескi әдет-ғұрыптарға
жаңа жарғылар енгiзедi. Ғылыми әдебиетте «Жетi жарғы» «Тәуке ханның
заңы» деп аталады.
қазақ қоғамының қажеттiлiктерiне байланысты
әдет құқығының ескірген қағидаларын жаңа
ережелермен толықтыру
Жеті жарғының жасалу
себептері:
жоңғар шапқыншылығы мен өзара қырқыстар
күшейе түскен кезде бүкіл халықты біріктіру

26.

Жеті жарғыда
қаралды:
1. қылмыстыққұқықтық қағидалар
3.мүлік заңы
4.отбасы заңы
2. жеке тұлғалар
туралы
5. сұлтандардан басқа шамасы бар кез-келген
азамат салық төлеуі міндеттелді

27. Жеті жарғыдағы қылмыстық жауапкершілік

ЖЕТІ ЖАРҒЫДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
кiсi өлтiрушi жәбірленуші тарапқа ер
адам үшiн 1000, әйел адам үшiн 500
қой төледi
Кiсi өлтiргенi үшiн құн төлеу жазасы енгізілді.
Құнның көлемi жәбiрленушiнiң әлеуметтiк
жағдайына байланысты едi.
Ал сұлтанды немесе қожаны
өлтiргенi үшiн жетi кiсiнiң құны
төленді.
Егер жауапкер құнды төлей алмаса,
онда құн ақысы оның туыстарынан
немесе ауылынан өндiрiлiп алынды.

28.

Ұрланған зат
Ұрланған зат иесіне құнынан
бірнеше есе артық етіп
қайтарылды.
«Жеті жарғыда» мүлікті
тәркілеу мен бүкіл жұрт
алдында масқара ету жазасы
да қарастырылды.
Жазаның бұл түрi жат дінге өткен
адамдарға, ата-анасын
жәбiрлегендерге қолданылды.
Өлім жазасы
Әйелге зорлық-зомбылық жасау
кісі өлтірумен теңестіріліп, өлім
жазасына кесілді
Некеге тұру
Отбасылық неке
қатынастарында бала
өміріне ата-ананың құқығы
бекітілді

29. ХІІІ-XVғғ. Жазба және халық ауыз әдебиеттері

ХІІІ-XVҒҒ. ЖАЗБА ЖӘНЕ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТТЕРІ
Қисса сул-әнбия
«Мұхаббатнама»
поэмасы
Авторы-Хорезми
Хұсрау мен Шырын
Авторы-Низами
• Бiздiң заманымызға қыпшақ тiлiнде жазылған және қазақтар
арасында кеңінен таралған шығармасы жеттi. Мұнда
пайғамбарлар туралы аңыздар мен әңгімелер, мифтер, өлеңжырлар жинақталған.
• Алтын Орда дәуiрiнің әдебиетінде маңызды орын алады.
Поэмада әдiлеттiлiк, адамгершiлiк туралы баяндалады.
• Оны Құтыб атты ақын қыпшақ тiлiне аударды.

30. Ауыз әдебиетi

АУЫЗ ӘДЕБИЕТI
• Халық бiрлiгi идеясын, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлаған Сыпыра жырау, Қодан тайшы
және Асан қайғы есiмдерi кеңiнен белгiлi.
• ХІІІ–ХІV ғасырлардағы эпостарда Алтын Ордада өткен оқиғалар көрiнiс тапты. Мәселен,
«Қобыланды батыр» жырында елді басқыншылардан қорғау, ер-азаматтардың батырлық
істері баяндалады. Атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істері «Едiге батыр» эпосына
негiз болды. «Ер Сайын» эпосында Ноғайлы дәуіріндегі батырлар жорықтары айтылады.

31. Ауыз әдебиетінің өкілдері:

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ:
Кетбұға жырау
• Жырау, күйші, аңыз кейіпкері Кетбұғаның шығармалары халық
арасында кең тарады. Ол сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал етті.
Халық аңыздары Жошы өлiмi туралы жырды Кетбұға
шығармашылығына жатқызады.
Сыпыра жырау
• ХIV ғасырдағы Сыпыра жырау ел бірлігін көздеді. Жырау халықты
бірлікке шақырып, жауласушы жақтарды бітістіріп отырды
Қодан Тайшы
(XVғ.)
Асан Қайғы
(XVғ.)
• Дала жұртына белгiлi жырау, ақын. Ол Әбілқайыр ханнан бөлініп,
дербес ел болуды ойлаған. Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен
Жәнiбек сұлтандарды белсендi түрде қолдады.
• Сол замандағы белгiлi қазақ жырауы Асанқайғы тарихи
оқиғаларға баға беріп, болашақты болжай білді. Қазақ
хандығының тұңғыш жырауы атанған Асан Қайғы өз
жырларында халықты бiрлiкке, бабалар өсиетiне адалдыққа
шақырды.

32.

• ХV-ХVII ғасырлар аралығы қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Осы кезеңде
әдебиет және музыка өнері жетіле түсті.
• Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғаулар
орындайтындар.
• Жыраулар күрделі қоғамдық әлеуметтік мәселелер, ел тағдыры туралы толғаулар шығарды

33. Қазақ халқының әйгілі жыраулары

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЙГІЛІ ЖЫРАУЛАРЫ
Қазтуған жырау
(XVIIғ.)
Ол ерлікті жырға
қосып,
тайпалардың
қазақ
хандарының қол
астына бірігуі
үшін күресті.
Шалкиіз жырау
(XV-XVIғ.)
Поэзиясы терең
философиялық
мәтінмен
ерекшеленді.
Доспамбет
жырау (XVXVIғ.)
Жиембет жырау
(XVIIғ.)
Жырларында
батырлық пен
қаһармандықты
дәріптеді.
«Еңсегей бойлы
ер Есім»
жырының авторы.
Жоңғарларға
қарсы соғысты.

34. Ертегілер мен эпостар

ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЭПОСТАР
• XIV-XVғасырлардағы батырлық эпостар – “Ер Тарғын”, “Қамбар
батыр”
• Лирикалық-эпостық поэмалар – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Қыз
Жібек”, “Айман-Шолпан”
• ХV-ХVII ғасырлардағы халық ауыз әдебиетінде түрлі жанр: мақалмәтелдер, жұмбақтар, қанатты сөздер, ақындар айтысы, шешендік
өнер кең таралды.

35.

• «Бабырнама». Авторы - Бабыр (1483-1530 ж.)
• Шығарма «Осындай жылдың оқиғасы» т.б. тақырыптармен берiлген,
бiрiн-бiрi ауыстырып отыратын оқиғалар шежiресi сияқты сюжеттерге
құрылған. Туындыда ондаған адамдар есiмi, жүздеген үлкенді-кiшiлі
оқиғалар тізбектеліп беріледі. «Жазбалар» дәуiрдiң өзiндiк ерекшелiгiн
қамтып, сол кездегi қоғам өмiрiн бейнелейдi.
• «Тарих-и-Рашиди». Мұхаммед Хайдар (1499-1551 ж.) Негiзгi мазмұны
– ХIV– ХVI ғасырлардағы Моғолстанның тарихы. Кiтапта сондай-ақ
қазақтар мен Орталық Азияның басқа түркi халықтарының тарихы
туралы деректер бар.
• Оның жазбалары – Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы және кейiнгi
тарихын жүйелi баяндаған бiрден-бiр құнды еңбек.

36.

• «Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Авторы –
Қадырғали Жалаири. Кітап ХV-ХVI ғасырлардағы қазақ тарихына
арналған. 1587 жылы ол Оразмұхаммед сұлтанмен бiрге орыстарға
тұтқынға түсiп, ұзақ уақыт орыс патшалығында тұрды.
• Бұл еңбекте Қазақ хандығы, оның билеушiлерi мен батырлары
туралы материалдар келтiрiлген. Кiтап араб әрпiмен, қазақ тiлiнде
жазылған маңызды тарихи дереккөз.
• «Шыңғыснама» тарихи еңбегін ХVІғасырда Өтеміс қажы жазған.
Кітапта Жошы әулетінің тарихы баяндалады.
• Бұл шығармада ХIII-XV ғасырлардағы саяси тарих, Алтын Орданы
басқарған хандар, сол кезеңдегі Батыс және Оңтүстік Қазақстан
туралы көптеген деректер бар.

37.

• «Тарих-и Әбілқайыр хани». ХVI ғасырға жатады.
• Авторы - Масуд бин Осман Кухистани.
• Кітапта Әбілқайыр хан билік еткен кезеңдегі «көшпелі
өзбектер» тарихы баяндалады.
• «Шежре-и түрк» («Түрік шежіресі»). Авторы - Хиуа қаласының
ханы, тарихшы, Әбілғазы Баһадүр (1603-1664 ж).
• Еңбек – Шыңғысхан әулетінің тарихына арналған. Онда қазақ
халқының құрамына енген түркі тайпалары туралы құнды
деректер бар.

38. Қазақ хандығындағы қалалар

• ІХ-ХІ ғасырлармен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан қалаларының саны 3 есеге жуық азайды.
• ХV ғасырдың ортасынан бастап Отырар маңы қаңырап қалды. ХVІ ғасырға қарай бүкіл қала
тіршілігі оның орталық бөлігінде ғана шоғырланды.
• ХVІII ғасырға қарай тұрғындар қаланы тастап кетті. Жер аумағының азаюы Сайрам, Сығанақ, Созақ
қалаларынан да байқалды.
• ХVIІ ғасырдан бастап Түркістан Қазақ хандығының діни және саяси орталығына айналды.
ХVХVII ғасырлардағы жазба деректерде «Түркістанның отыз қамал-қаласы» туралы атап өтеді.
• Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу және нығаю кезеңінде қалалар маңызды рөл атқарды.
Мәселен, Сығанақ қаласы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ үшін «сауда айлағы» және алғашқы қазақ
билеушілерінің ордасы болды.

39.

Aiplus

40. Археологиялық деректер - Отырар қаласы

• Археологтар Отырардан ХVІ-ХVII ғасырларға жататын махаллалар (қала орамдары) орнын
тапты.
• Қала ішінде монша салу кездеседі. Сонымен қатар қалаларда кілем тоқу дамыды.
• Отырардан ХVІ ғасыр соңындағы қыш-шеберлері махалласы қазып алынды, мұнда
қолөнершілер шеберханаларға бірікті.
• Ұсталық кәсіп пен зергерлік өнер дами түсті. Ұсталар темірден орақ, пышақ, қазан, таға т.б.
заттар жасады. Зергерлер асыл тастардан, алтын күмістен әшекей-бұйымдар жасады.

41. Қалалардың сауда өмірі

• Орта Азия мен Ресейдің сауда қатынастарын қазақ даласы арқылы дамыту ХV ғасырдың
екінші жартысы мен ХVII ғасырдағы жаңа құбылыс еді.
• Ресей Қазақстан мен Орта Азияға мата мен тұрмыс заттары, аң терісі, күміс т.б. шығарды.
Сауда керуендері Сығанақ пен Түркістан арқылы өтті.
• Жазба деректер халықаралық сауда туралы мәліметтер береді. Отырар, Түркістан, Сауран
қалаларының орнынан ХVІ-ХVII ғасырлардағы қытай фарфоры, орыс және ортаазия теңгелері
табылған.

42.

Сенің қолынан бәрі
келеді!
English     Русский Rules