Similar presentations:
6-дәріс тарих
1.
2.
ЖОСПАРЫ:6.1.Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және
негізгі оқиғалары.
6.2.Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария
бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
6.3.Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
6.4. Моғолстанның саяси әлсіреуі, күйреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең
күшті мемлекеттердің біріне айналуы.
6.5.Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ халқының этникалық аумағы
қалыптасуының аяқталуы.
3. Қазақ мемлекетінiң құрылу үдерісi
• Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: (Әбiлқайыр хандығы Көшпелi өзбектер мемлекетi)• Бұл мемлекеттен кетуге түрлi себептер әсер етті: өзара қырқыстар, басшының жағымсыз қасиеттерi, билеушiнiң кек
алуынан қауiп және т.б.
• Әбiлқайыр хан билiгiнiң құлдырауына және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуiне себеп болған оқиға: 1457 жылы
Сығанақ маңында Әбiлқайыр ойраттардан жеңiлуі.
• Осыдан кейiн оның беделi мүлдем түстi. Хан ойраттардың баса-көктеп кiруiнен зардап шеккен иелiктерiн ретке
келтiру үшін алым-салықты өсірді. Бұл қол астындағылардың қарсылығын тудырып, мемлекеттiң құлауына әкелдi.
• Халықтың басым бөлігі Керей, Жәнібекпен бірге Батыс Жетісуға көшіп кетті.
4. Қазақ хандығының құрылуы
1465ж.Жетісу
Қозыбасы
Моғолстан
5.
1. Есенбұғаның сол кезде солтүстiк көршiлерiнiңжылжуына қарсы тұрарлықтай мүмкiндiгi болмады.
Моғолстан ханы
Есенбұғаның
сұлтандарға достық
көзқарасының
себептері:
2. Есенбұға өзiнiң иелiктерiн қазақ сұлтандарының
Әбiлқайыр ханнан және ойраттардан қорғай алатынына
сендi.
3. Есенбұға өз билiгiн нығайту мақсатында «Керей мен
Жәнiбектің келуiн жақсылыққа жорыды». Есенбұға
ханзадаларды құрметпен қарсы алып, оларға
Моғолстанның батыс бөлiгiн берді. (Шу мен Талас)
6. Қазақ хандығы
• Қазақ хандығы құрылған кезде халық саны: 200 мың.• Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде Қазақ хандығы қашан
жарияланды: 1465жылы
• Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді: 2015 жылы
7. Деректер
ДЕРЕКТЕРМахмұд ибн
Уәли
• «Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкiл дала салт аттылардың мұндай санына
таршылық еткендей болды. Әскер Жетiқұдық мекенiне келiп тоқтаған кезде
нөсер жауын құйып, қалың қар түстi, оның соңы қатты аязға ұласып,
Әбілқайыр әскерінің iс-қимылын тежедi. 1468 жылы Әбiлқайыр ауырып,
қайтыс болды» (Әбілқайырдың Моғолстанға жорығы туралы)
• «Өзбек хандарының иелiктерiнде берекесіздік пайда болды», – деп
жазды.
• 1469–1470 жылдары Керей мен Жәнiбек өздерiнiң қазақтарымен бiрге
Моғолстаннан Дештi Қыпшаққа оралып, Ұлы Даладағы саяси билік үшiн
Ибн Рузбихан
күресті бастады. Әбілқайыр хан мұрагерлері бұл соғыста толық жеңілді.
8.
Ұрыс ханТоқтакия
Болат хан
Барақ хан
Керей мен Жәнібек хандар
Керей хан
Жәнібек
хан
9.
1. Дешті Қыпшақтағы саяситалас-тартыстар аяқталды.
Қазақ хандығы
құрылуының тарихи
маңызы:
2. Дешті Қыпшақтағы билік
заңды мұрагерлер Керей мен
Жәнібектің қолына өтті.
3.Қазақ халқының қалыптасу
процесі аяқталып,
орталықтандырылған
мемлекет құрылды.
10. Сырдария қалалары үшiн күрес
СЫРДАРИЯ ҚАЛАЛАРЫ ҮШIН КҮРЕСХV ғасырдың соңғы ширегiнде Керей мен Жәнібек Қазақ
хандығын басқыншылардан қорғауға мәжбүр болды,
көршi ойрат тайпаларының шапқыншылықтарына
тойтарыс берді, Сырдария бойындағы қалалар үшiн
Мұхаммед Шайбанимен, маңғыт әмiрлерi және
ортаазиялық билеушiлермен кескілескен күрес жүргiздi.
• Керей мен Жәнібек өзiнiң құрамына Орталық
Қазақстан аймақтарын, Батыс Жетiсу аумағын,
Сырдарияның төменгi ағысын қосып алды.
11.
Сырдария бойы аумағына өз билігін орнату болды.ХV ғасырдың соңы – ХVI
ғасырдың басындағы
Қазақ хандығы сыртқы
саясатының басты мiндетi
–
Әбiлқайырдың немересi Мұхаммед Шайбани Шайбанилықтарды
басқаруға келді. Ол Әбiлқайыр ұрпақтарының Шығыс Дештi
Қыпшақтағы билiгiн қалпына келтiруге ұмтылды.
ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Сырдария бойындағы қалалар
үшiн күрес қазақтар мен моғол, шайбанилер арасында жүрді.
12. Мұхаммед Шайбанимен күрес
МҰХАММЕД ШАЙБАНИМЕН КҮРЕСМұхаммед Шайбани ХV ғасырдың 70-жылдары Сығанақты басып алды.
Бiрақ оның жетiстiгi осымен аяқталды. Әскери iс-қимылдардың нәтижесiн Керейдiң ұлы –
Бұрындық сұлтан қолбасшылық еткен әскер шештi. Мұхаммед Шайбани әскерi толық
талқандалды.
Мұхаммед Шайбани 1500жылы өз әскерімен оңтүстiкке жылжып,
Әмір Темiр ұрпақтарының әлсiрегендiгiн пайдаланып, Самарқанды,
Бұхараны және бiрнеше маңызды қалаларды басып алды.
1509-1510 жылдары Мұхаммед Шайбани Керей мен Жәнібектің
мұрагерлерiне қарсы үш жеңiстi жорық жасады.
1510 жылдың басы Мұхамед Шайбани үшін соңғы жорық сәтсiз
аяқталды. (Сығанақ түбінде Қасым сұлтан VS Мұхамед Шайбани)
Мұхаммед Шайбани бұдан кейiн Иран шахы Исмаилмен соғысады.
1510 жылы Мерв түбiндегi шайқаста Мұхаммед Шайбани әскерi жеңiлiп, оның өзi
өлтiрiледi. Шайбанилықтардың иеліктері екі мемлекетке бөлiнедi.
13.
ХV ғасырдың соңы – ХVIғасырдың басында Қазақ
хандығында билік етті:
Бұрындық хан
(1474-1511ж.)
Қасым хан
(1511-1518ж.)
14.
Бұрындық хан(Мұрындық хан)
(1474-1511ж.)
Керейдің үлкен
ұлы
Әскери жорықтарды өзі
бастап, шайқаста бiрнеше рет
жараланды.
Тарихшылар Бұрындық ханды
Қазақ хандығы қалыптасу
кезеңіндегі ең мықты мемлекет
басшысы ретiнде сипаттайды.
15. Бұрындық хан туралы Деректер
БҰРЫНДЫҚ ХАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРИбн
Рузбихан:
• «Кез келген уақытта, – Бұрындық хан қазақ ұлысына: «аттарыңа мiнiңдер,
жауға аттанамыз» деп бұйрық берген мезетте жер қайысқан қол жиналған».
• 1509–1510 жылдарға қарай Бұрындық хан саналса да Жәнiбектің ұлы
Қасымның ықпалы зор болды, бүкiл билiк Қасым сұлтанның қолында
едi. Хандықтың ең беделдi екі адамы арасындағы бәсекелестiк
құдiреттi де жiгерлi сұлтанның жеңiсiмен аяқталды. «Тарих-иМұхаммед
Рашиди» еңбегiнде Бұрындық өзіне жақын топпен бірге Самарқанға
Хайдар
кеткендігі айтылады.
16. Қасым хан
ҚАСЫМ ХАН• Қасым – Жәнібек ханның ұлы.
• Қасым сұлтан деректерде алғашында Бұрындық ханның «белгiлi
сұлтаны, атты әскер басшысының бiрi» ретiнде айтылады.
• ХVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлi хан лауазымын
қабылдаған жоқ, бiрақ оның билiгiнің зор болғандығы
соншалықты, ешкiм Бұрындық ханды есiне алмады».
• 1511 жылы Бұрындық хан билікті Қасым ханға тастап, кеткен
қаласы: Самарқан
• Керейдің тек бір ғана ұлы таққа отырған. Ал басқа хандардың
барлығы ХІХ ғасырға дейін Жәнібек ханның ұрпақтары болған.
Қасым хан
(1511-1518ж.)
17.
Мұхаммед ХайдарДулати (Тарих-иРашиди
еңбегіндегі)
Қасым хан туралы
деректері
«Даланың нағыз ұлы ретiнде үлкендi
сыйлау дәстүрiн ұстанған Қасым сұлтан
бастапқыда Бұрындық ханға барлық
жағынан бағынды»
Бұрындық хандық құрған соңғы жылдары
Қасым өзiн Бұрындықтан алысырақ
ұстауға тырысты. Себебi «жақын болып
тиiстi құрмет көрсету дәстүрін
сақтамаса, бұл ханға қарсылық
бiлдiргендік едi, ал ол бағынуды
қаламады».
«Қасым хан Жошы ханнан кейiн
ешкiм жете алмаған бүкiл Дештi
Қыпшақтағы қуатты әмiршiге айналып,
даңқы мен құдiретi артты»
18. Сыртқы саясаты
СЫРТҚЫ САЯСАТЫ• Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекетi арасында алғашқы байланыстар орнатылды: Қасым
хан тұсында
• Осы кезде қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгiлi болды. Қазақтар туралы деректер
XVIғ. І жартысындағы неміс дипломаты жазбаларында кездеседі.
• Қасым хан тұсында хандықтың шекаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың
бiраз бөлiгiн қамтыды, солтүстiк-шығысында Ертiске дейiн жеттi.
19.
1513 жылы қазақ әскерлерi Сайрамға келдi.Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi.
Осылайша Қазақ хандығына Сырдария бойындағы
бірнеше қалалар өтті.
Қасым ханның
жорықтары
Қасым VS Ноғай мырзалары, Жайықтан ары
Едiлге қарай көшіп кетті. Маңғыт жұртының
бiр бөлiгi қазақ хандығына қосылды. Қасым
Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың
арғы бетіне дейiн жеткіздi.
Қасым ханның моғол билеушiлерiмен қарымқатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның
негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының
құрамына қосылды
20.
Қасым ханныңтұсындағы
хандықтың
шекарасы:
Сырдарияның сол
жағалауы мен
Жетiсудың бiраз
бөлiгiн қамтыды
Солтүстiк-шығысы:
Ертiске дейiн
жеттi
21. Қасымның ішкі саясаты
ҚАСЫМНЫҢ ІШКІ САЯСАТЫҚасым туралы Мұхаммед Хайдар және басқа да көптеген замандастары, мәселен, Ибн Рузбихан мен Бабыр
жоғары пiкiр бiлдiрдi.
Мұхаммед Хайдардың деректеріне сәйкес, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып,
сонда жерлендi.
М. Х. Дулатидің
деректері:
Қасым ханның
тұсындағы халық
саны жетті: 1
млн
Қасым хан қанша
қарулы жауынгер
шығара алды: 300
мың
22. Қасым ханның-қасқа жолы
ҚАСЫМ ХАННЫҢ-ҚАСҚА ЖОЛЫ1. Мүліктік
заң
Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу
ережелері ендi.
2. Қылмыстық
заң
Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға
байланысты жазалар қарастырылды.
3. Әскери заң
Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер
жасақтау жөнiндегi мiндеткерліктері, аламан,
әскери мiндеттер, жасақ құру қағидалары,
әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды.
4. Елшілік
салт ережесі
Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi
қарастырылды.
5. Жұртшылық
заңы
Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ
мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай
тәртібіне арналды.
23. Аласапыран және өзара қырқыстар дәуірі:
• Бұл дәуір Қасым ханнан кейін басталды.• Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашиди еңбегінде: “Бұдан кейін қазақтар жоғалып кетті”деп жазды.
• 1520-1540 жылдар қазақтар үшін ауыр сынақ жылдары болды. Қазақтар этникалық аумағының
маңызды бөлігін жоғалтып алды.
• Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, 1518 жылы Қасым ханнан кейiн таққа оның ұлы Мамаш
отырды. (1518-1522ж.)
• ХVI ғасырдың 20–30жылдары таққа отырды: Жәнiбектiң ұрпақтары Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш
хан
• М. Х. Дулати Тахир хан жайлы: «ол табиғатынан мейірімсіз және қатал, еш пендеге сенбейтін адам
болатын. Осыған байланысты сұлтандардың одан көңілдері қалды», - деп жазады.
24. Хақназар хан
ХАҚНАЗАР ХАН• Билік еткен уақыты: 1538-1580ж.
• Хақназардың әкесі: Қасым хан
• Хақназар хан Қазақстан тарихына жігерлі,
құдіретті билеуші ретінде енді.
25. Хақназардың сыртқы саясаты
ХАҚНАЗАРДЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫХақназар VS Ноғай
Ордасы
Хан тағына отырған Хақназар
Қазақ хандығының Жайық
жағасындағы жағдайын
нығайтты. Ол жерден ноғай
мырзаларын Едiлдiң арғы
жағына ығыстырды.
ХVI ғ. 60–70-жылдары:
Хақназар VS Ноғай Ордасы
Хақназар Аралдың солтүстік бойы
мен Жайық жерін қосып алды.
Сондықтан ноғай руларының үлкен
тобы Қазақ хандығының құрамына
қосылды.
26.
Хақназар ханныңбилігі
ХVI ғ. 60–70жылдары
Хақназар хан билiгiн
башқұрт пен ноғайлардың
кейбiр руларына жүргiзді.
Олардан алым-салық жинап,
өзiн «қазақтар мен
ноғайлардың ханы» атады.
Оңтүстiк көршi –
қырғыздармен де осындай
қатынас орнатты,
тарихшылар оны «қазақ пен
қырғыз ханы» деп те
атайды.
27.
Хақназардың Орта Азиямемлекеттерімен қарымқатынасы:
ХVI ғ. 70–80-жылдары
Мауараннахрда Бұхара билеушiсi
шайбанилық Абдаллах басқарған
мықты мемлекет құрылды.
Хақназар хан + Абдаллах «достық
және әскери одақ туралы ант
берiскен келiсiм» VS Ташкент
билеушісі Баба сұлтан
28.
Хақназар VS Бабасұлтан
Хақназар басқарған қазақ
жасағы ташкенттiк
билеушiнi Түркiстан мен
Саураннан ығыстырып,
бұл жерлерді Қазақ
хандығына қосып алды.
1579 жылдың соңында Баба
сұлтан келiсiм жүргiзу
үшiн келген Хақназардың
екi ұлын өлтiруге бұйрық
бердi.
29. Хақназар кезіндегі Қазақ хандығының территориясы
ХАҚНАЗАР КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢТЕРРИТОРИЯСЫ
• Батыс-Жайық
• Солтүстік-Есіл
• Шығыс-Балқаштың арғы жағы
• Оңтүстік-Ташкент
30. Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі:
• Хақназардың тұсында 1552 жылы Қазан, 1556 жылы Астрахань Ресейге қосылды.• Хақназар хан елшілік қарым-қатынас орнатқан Мәскеу билеушiсi: Иван Грозный.
• Хақназардың ұлдары қазақ жерлерi үшiн ұрыста қазаға ұшырап, билiк Жәнiбектің басқа
ұрпағына өттi.
• Хақназар хан қалай қайтыс болды: Ташкент билеушiсiмен арадағы қиян-кескі күрес
барысында Хақназар 1580 жылы қаза тапты
• «Оның ұрпағы бұдан былай хандық етпедi», – деп атап өтедi ХVII ғасырдың басындағы
тарихшы Қадырғали Жалаири.
31. Шығай хан
ШЫҒАЙ ХАН• Хақназар ханның өлімінен кейін билікке келді: Жәнібек ханның немересі Шығай
• Шығай хан билік етті: 1580-1582ж.
• Шығай хан туралы толық деректердi келтiредi: Қадырғали Жалаири.
• Ол Шығай хан мен оның батырлығы туралы аңыз «қазiрге дейiн халық жадында
сақталғандығын» жазады.
• Шығай ханның ұрпақтары қазақ даласында екi ғасырдан астам уақыт бойы билік құрды.
32. Тәуекел хан
ТӘУЕКЕЛ ХАН• Тәуекел ханның әкесі: Шығай хан
• Тәуекел хан билік етті: 1582-1598ж.
• 1582 жылы: Тәуекел хан VS Ташкент билеушісі Баба сұлтан
• 1583 жылы жазда: Кезектi жорықтан кейiн Бұхараға қайтып оралған Тәуекел Абдаллахтың
«достық ниетiнен» күмәнданып, Қазақ даласына кетедi.
33.
Бiрiншiден, ол Абдаллахтың ықпалындақалса, өз халқының тәуелсiз билеушiсi
бола алмайтын еді.
Тәуекел VS
Абдаллах
Екеуінің
соғысуының
себебі:
Екiншiден, Баба сұлтанмен соғыстың
аяқталуына байланысты бұхарлықтар мен
қазақтардың ортақ жауы жойылған еді.
Үшiншiден, қазақ сұлтандары ендi
Абдаллахты одақтас емес, Сырдария
бойындағы қалаларды иелену жолындағы
бәсекелес ретiнде көрдi. Тәуекел
Абдаллахқа қарсы күресу мақсатында қол
жинауға Мауараннахрдан кетіп қалады.
34.
Сырдария бойы қалалары үшін күрес:Тәуекел VS Сiбiр ханы Көшiм
Тәуекел ханның
сыртқы саясаты:
Тәуекел ұлдарының бiрiн қарақалпақ
руларының билеушiсi, ал iнiсiн
қалмақтарды басқарушы етіп қойды.
Қазақ ханы Қашғардағы Моғол
мемлекетiнің iшкi саясатына белсенді
түрде араласты.
35. Тәуекел ханның Мәскеумен күресі
ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ МӘСКЕУМЕН КҮРЕСІ• Тәуекел хан орыс патшалығымен әскери одақ жасауға ұмтылды: 1594-1595ж.
• Тәуекел Мәскеуге елшілік жіберді: 1594жылы
• Елшіліктің мақсаты: Оразмұхаммед сұлтанды тұтқыннан босату, Мәскеу мемлекетiмен әскери
одақ келiсiмiн жасау, орыс патшасынан «от қаруды» (оқ-дәрiмен атылатын қару) алу.
• Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Бұхар ханы Абдаллахпен алдағы күрес
кезінде Ресей мемлекетінің қолдауын қалады. Осы мақсатпен ол Мәскеуге Құл-Мұхаммед
бастаған елшi жiбердi.
• Тәуекел хан Иран шахымен қай мемлекетке қарсы одақ құрғысы келді: Бұхар хандығына
36. Сырдария бойы аймағы үшін күрес
СЫРДАРИЯ БОЙЫ АЙМАҒЫ ҮШІН КҮРЕС• Қазақ хандығы сыртқы саясатының басты бағыты: Сырдария бойы қалалры үшін күрес
• 1586 жылы Тәуекел хан басып кірді: Бұхар ханының иеліктеріне
• 1597-1598 жылдары Ташкент пен Самарқан арасында Бұхар ханы VS Тәуекел әскері
• Тәуекел аз уақытта басып алды: Сайрамды, Ташкенттi, Түркiстанды, Әндiжанды, Самарқанды.
• Қазақтардың екпiндi қимылына тойтарыс берілді: Бұхара қаласында.
• Қала қорғаушылары шабуылға төтеп беріп, қазақтарды жеңiлiске ұшыратты.
• Бұхара түбiндегi шайқастардың бірінде қаза тапты: Тәуекел хан
• Бiраз уақыт өткен соң оның мұрагерi Есiм хан бейбiт келiсiм жасады: Бұхарамен. Қазақтар
өздерiне Ташкент, Сайрам, Түркiстан қалалары мен бiрнеше басқа қамалдарды сақтап қалды.
• Есім қай қаладан бас тартып, Бұхар әмiрiне қайтарып бердi: Самарқан
37.
1. Сырдарияныңорта ағысындағы
қалалар
қазақтардың қол
астына өтті.
Тәуекел хан сыртқы
белсенді саясаты
арқылы мынадай
жетістіктерге қол
жеткізді:
Орыс үкiметiмен
байланыстар орнады.
Қазақ хандығының
ықпалы ноғайлар мен
башқұрт елiнiң
шегаралық аймақтарына
таралды.
Сібір ханы Көшімнің
иелігіндегі жерлер
Қазақ хандығының
құрамына қосылды.
history