Similar presentations:
5-дәріс
1.
2.
Мазмұны:5.1. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе
Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы.
Әбілқайыр ханның билікке келуі.
5.2. Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) – XIV ғ. соңы – XV ғ. аумағы
және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының көршілес
мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
5.3 Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы
мен құлауы.
5.4 Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының
құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы,
этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
3. Әбілқайыр хандығының құрылуы
XV ғасырдың 20-жылдары Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Әбілқайыр хандығықұрылды. Жаңа хандықтың қалыптасуы Ақ Орданың күйреуі нәтижесінде жүзеге
асты.
Көшпелi тайпалар мен рулардың ірі өкілдері қолдауымен 1428 жылы Әбiлқайыр
хан болып жарияланды.
Атауы: Көшпелі өзбектер мемлекеті, Өзбек ұлысы, Әбілқайыр ұлысы
Құрамындағы тайпалар:
қыпшақ, қарлұқ және түркiленген моңғол тайпалары
XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың бірінші жартысында бұл тайпалар ортақ
«өзбектер» атауымен белгілі болды.
4.
5.
Территориясы:Батысы-Жайық
Шығыс-Балқаш
Оңтүстік-Сырдарияның төменгі ағысы
Солтүстік-Ертіс
⭕
Сығанақ
6.
Жошы әулетінің оның ішіндеИбакхан,
Берке-сұлтан,
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж) елдің саяси
жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін
күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді.
Орыс ханның ұрпақтары
Жәнібек пен Керей
тағы басқалары Әбілхайырға үнемі
қарсы шығып отырды.
салдары
Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытыраңқы болып қала берді. Бұған
Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғыстары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да
хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқты, елдегі үстем тап өкілдерінің талабына сай
қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жасау, жаңа елдерді басып алу, соғыс
барысында қолға байлық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.
7. Саяси тарихы
Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін ХV ғасырдың 30 жылдарынан бастайды. Еңәуелі ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Жошы
балаларының бірі Тоқы-Темірдің тұқымдары Махмұд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал,
Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстанға жол ашады. Әбілхайыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы
көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430
жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды.
8. Саяси тарихы
1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі-Мұстафа ханныңәскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қартау баурайындағы Созақ,
Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына
айналдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайырдың бағындыруының үлкен саясиэкономикалық маңызы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария
қалалары Әбілхайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі
өзбек хандығының әмірлері мен сұлтандарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр
сұлтанның, кейін оның баласы Әлеке сұлтанның иелігіне көшті, Үзген – маңғыт Уақас бидің қол
астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қарамағында қалды
9. Саяси тарихы
ХV ғасырдың 50-жылдары: Әбiлқайыр хан Әмір Темiр ұрпақтарының iшкiалауыздықтарына араласа отырып, Мауараннахрға шапқыншылықтарын жалғастырды.
Бұл Әбiлқайырдың соңғы жеңiстерi болатын.
Замандастары жазғандай, «мемлекетті басқару бұрынғы дәстүрге сәйкес келмеді».
Әбілқайыр хан Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде басқыншылық соғыстар
жүргізді. Хорезмді, Сырдариядағы бірнеше қаланы басып алды. Сығанақ мемлекет
орталығына айналды. Ол өзін қолдаған тайпалардың көсемдеріне қалаларды
үлестер(сойырғал) түрінде таратты.
10.
Саяси тарихы1457 жылы сығанақ маңында: Әбілқайыр әскерлері VS ойраттар
Әбiлқайыр қатты жеңiлiске ұшырады. Қарсылыққа кездеспеген ойраттар
Сырдарияның бүкiл алқабын тонады. Түркiстан, Ташкент, Отырар қалалары
басып алынды.
Осыдан кейiн оның беделi мүлдем түстi, мемлекеті құлдырады.
XV ғасырдың 50-жылдарының соңында Керей мен Жәнібек сұлтандар
бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілқайыр хандығынан Моғолстанға көшіп
кетті. Хан оларды жазалауға тырысып, Жетісуға жорық ұйымдастырды.
1468 жылы Әбілқайыр хан жолда қаза тауып, оның әскері кері қайтты.
11. Әбілқайыр хандығының құлауы
Әбілқайырдан кейін хандық күйреді. Шайбани ұрпақтары Шығыс ДештіҚыпшақтағы биліктен айырылды, бірақ саяси күрестен бас тартпады.
Қазақ хандығының құрылуына байланысты шайбанилықтардың Шығыс Дешті
Қыпшақ аумағындағы билігі жойылды.
Көшпелі өзбектер мемлекетінің құлау себептері:
1) мемлекет билігінің әлсіздігі;
2) өзара қырқыстар;
3) көшпелілердің Әбілқайыр саясатына наразылығы.
12. Мұхаммед Шайбани
Шайбани ұрпақтарын Әбілқайырдың жас, қажырлы да батыл немересіМұхаммед Шайбани басқарды. Мұхаммед Шайбани өзін жақтаушылармен бірге
Әмір Темір ұрпақтарына қарсы шықты. Бұл кезде Әмір Темір ұрпақтарының
мемлекеті құлдырай бастаған еді.
1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанды,Бұхараны және бірнеше қаланы
басып алып, Самарқанды өз ордасы етіп жариялады. Мауараннахр XVI
ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының билігінде болып келді.
13. Ноғай Ордасының құрылуы
Алтын Орданың құлауы мен Ақ Орданың әлсіреуінәтижесінде құрылды.
Территориясы: Еділ мен Жайық аралығында
Орталығы: Атырау жанындағы Сарайшық
Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында
Жошы ұрпақтары қалады.
14.
Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесіндеҚазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі –
Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші
жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай Әмір Едіге тұсында
XIV ғасырда жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426-1440)
кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар
болды. ХІІІ ғ. екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың
уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді.
Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.
15. Ноғай Ордасының құрылуы
Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылыпжатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді.
Оның халқы солтүстік батыста Қазанға, оңтүстік батыста
Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті Маңғыстау
мен Хорезмге дейінгі жерлерді көше қонып жүріп
мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да
бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады.
16.
Жаңа мемлекеттің атауы Алтын Орданың әскербасы Ноғай есімімен байланысты.Ноғай үлкен ұлысты басқарды, мемлекеттегі маңыздылығы жағынан екінші
орындағы беклербек лауазымын иеленді.
Жайық пен Еділ аралығындағы тайпалар бірлестігі Ноғай ұлысына енген маңғыт
тайпасының атымен Маңғыт жұрты деп аталды.
XV ғасырдың бірінші жартысында маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының)
қалыптасуы аяқталды. Ноғай Ордасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
Едіге тұсында басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды.
Едіге билік еткен тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады.
17. Ноғай Ордасының саяси тарихы
Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. Ол 1399 жылы Литва-Польшаәскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 жылы орыс
әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежірежылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады.
Едіге Тоқтамыспен де егесіп соғысқан. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын
нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл
саяси билік пен экономикалық жағдай шын мәнінде оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолында болды.
Мұнда Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктерде Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едіге ұрпағының
келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты.
18. Ноғай Ордасының саяси тарихы
Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсындатүпкілікті түрде оқшауланды.
Ноғай Ордасы бірнеше ұлыстан құралды. Ұлыстар басында мырзалар (түрік
тайпаларының басшылары) тұрды. Мырзалар өз иеліктерінде шексіз билікке ие
болды. Үлкен кеңес жоғарғы билік болып табылды, оған ақсүйектер мен Едіге
ұрпақтары енді. Кеңес соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті.
Едiге ұрпақтарынан мемлекет басшысы бидi сайлады. Би бүкiл атқарушы және
сот билiгiне ие болды.
19. Ноғай Ордасының құлдырау кезеңі
Ноғай Ордасында сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамайүнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. XV ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы
ыдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі
қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді.
Шоқан Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атады.
Едіге, Қамбар батыр, Ер Тарғын және басқа батырларға арналған көптеген
эпостар Ноғай Ордасы өркендеу дәуірінің белгісі болып табылады.
20. Сібір хандығы
Территориясы: Батыс Сiбiр мен Солтүстiк Қазақстан жерлерi. Қазақстанныңсолтүстiк- шығыс бөлiгi.
Бұл аумақ ең алдымен Жошы ұлысының құрамына енiп, Шайбани әулетiне тиесiлi
болды.
Халқы: түркі тілдес тайпалар
Орталығы: Чимги-Тура (қазiргi Түмен қаласы), ХV ғасырдың соңында Іскер қаласы
саналды.
Хандықтың негізін қалаушы: Шайбани ұрпағы Ибақ хан
21. Ибақ хан
Сiбiр хандығы қазақ хандары Керей, Жәнiбекпен және орыс патшасымендостық, одақтастық туралы келiсiм жасап, сауда қатынастарын орнатты.
Ибақ хан өлгеннен кейін мемлекетте жергілікті ақсүйектер қауымы – түркілік
тайбұға әулеті (негізін салушы – Тайбұға) басымдыққа ие болды.
Тайбұға әулетінен жоғары билікті иеленген Сібір мырзалары шықты.
22. Көшім хан
1563 жылы хандықтағы билік Шайбаниұрпағы Көшімге көшті.
Ол сыртқы саясатты өзгертіп, ноғайлар мен
қазақ жерлеріне басқыншылық шабуылдар
жасады, Орыс мемлекетімен қарымқатынасты үзді.
23. Мемлекеттің құлауы
1581–1583 жылдары атаман Ермак бастағанорыс казактары Iскер қаласы мен Көшімнің
иеліктерін басып алды.
ХVI ғасырдың соңында орыс әскерлері
Сiбiрдiң соңғы ханы Көшiмді жеңіліске
ұшыратты. Ресей өзіне Батыс Сібір жерін
қосып алды. Бұрынғы Сібір хандығының дала
тайпалары Қазақ хандығының құрамына енді.
history