Similar presentations:
Қазақ хандығының құрылуы
1.
Қазақстан тарихыҚазақ хандығының құрылуы
2.
Сабақтың мазмұны:1
3
Керей хан тұсындағы
Қазақ хандығы
Бұрындық хан
тұсындағы Қазақ
хандығы
2
4
Жәнібек хан
тұсындағы Қазақ
хандығы
Қасым хан тұсындағы
Қазақ хандығы
3.
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ4.
Керей хан 1458(65)–1473 жылдары• Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы
Болат сұлтанның баласы
• М.Х.Дулатидың дерегінше халқы
200 мың
адам.
• Ордасы Үшқоңыр жайлауында
орналасқан.
1462–1469 жылдары
Моғолстан ханы
Досмұхаммедтің орынсыз
саясатынан Керей
хан Жүніске қолдау көрсетеді
5.
Әбілқайыр хандығына қарсы жорық• 1468 жылы Әбілқайыр хан Керей мен Жәнібек хандарға
жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан
қайтыс болды.
Әбілқайыр өлімінен кейін Көшпелі өзбектер
мемлекетіндегі саяси дағдарыс күшейді.
Әбілқайырдың қарсыластары – Ахмет пен Махмұт
хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбыршы, Сібір
ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ
хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар
ханға қарсы шығып, хандықты жойды.
6.
Әбілқайыр хандығына қарсы жорық• Мұхаммед Шайбани Әбілқайыр ханның немересі, XV
ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі
қарсыласы.
Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандары мен
Шайбани хан арасындағы шайқас 30 жылға созылды
Қазақ хандығына қарсы: Әмір Темір әулетімен; Ногай
мырзаларымен; Моғолстан хандарымен одақтасты.
1469–1470 жылдары Керей мен Жәнібек Дешті
Қыпшақтағы Әбілқайыр ханның мұрагерлерін жеңеді.
1470 жылы Керей хан Түркістан қаласына шабуыл
жасады.
1470 жылы Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс
тапқан Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани хан
Бұқараға қашты.
Созақ пен Сауран Қазақ хандығының құрамына енді.
XV ғасырдың 70 жылдарында Мұхаммед Шайбани
Сығанақты басып алды. Бірақ Керейдің ұлы Бұрындық
сұлтан Шайбани әскерін талқандады.
Қазақ хандары Сырдария мен Қаратау
өңірін бағындырды.
7.
Өмірден өтуі1472–73 жылдары Сыр бойы қалалар үшін Моғолстан
ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл
жасаған кездерінде соңғы рет есімі айтылады.
Кей деректерде 1473(1470) жылдары Сыр бойы
қалалары үшін соғыста қайтыс болған делінеді.
Хандықты 10 жылдай билеп, Хан тауы етегінде
жерленген.
8.
Жәнібек хан (Әбусаид) 1473-1480 жылдары• 1473–1480 жылдары билік
құрған
Асан қайғы Уәзірі болды.
Ақ Орданың ханы ҰрысҚойыршақ-Барақ-Жәнібек
Ордасы Қазіргі Шудың
солтүстік-шығысындағы
Хантауды жайлаған.
Созақ қаласында жерленген.
XV ғасырдың ІІ жартысында Қазақ
хандары мен Шайбани ханның
арасындағы шайқастар Созақ, Сауран,
Сығанақ, Отырар қалаларының
маңында өтті.
9.
Бұрындық (Мұрындық)1480-1511 жылдары
• Керей ханның ұлы
• Жетісу мен Орталық
Қазақстандағы тайпаларды
біріктірді.
1495 жылы Бұрындық хан
Орталық Қазақстанға өз
билігіне қаратты
Деректерде Бұрындық
ханды Қазақ хандығы
қалыптасу кезеңіндегі ең
мықты мемлекет
басшысы.
10. Шайбани-Моғол, Қазақ келісімі
XVғасырдың
80-жылдары
Шайбани хан Моғол ханының
қолдауымен Қазақ хандығына
шабуылдап, Созақ, Сығанақ
қалаларын басып алады.
XV ғасырдың соңында Қазақ
хандары мен Шайбани хан
арасында Сыр бойы қалаларын
үшін келісім жасалды:
1. Қазақ хандығына Созақ,
Сығанақ, Сауран қалалары
мен
Түркістанның
солтүстік
бөлігі кірді.
2.
Мұхаммед
Шайбаниге
Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент
қалалары
мен
Түркістан
аймағының бір бөлігі қарады.
3.
Моғолстан
хандығына
Ташкент
пен
Сайрам қалалары қарады.
11. Шайбани ханмен Сыр бойы үшін күресі
• Мұхаммед Шайбани 1500жылы Дешті Қыпшақ
тайпаларымен
Мәуереннахрға жорық бастап,
Самарқан мен Бұхараны
басып алып, Самарқанды
астана етті.
Шайбани 1503, 1505, 1506
жылдар қазақ даласына
тонаушылық жорықтарын
жасады.
Шайбани 1509 жылы Жаныш
сұлтанның қыстауы
Қараталға шабуыл жасап,
қазақтарды шығынға
ұшыратты.
12. Шайбани ханмен Сыр бойы үшін күресі
• 1509–1510 жылдары қыста Шайбани хан Қасым ханныңҰлытаудағы ордасын тонап, Қазақ хандығының күшеюіне
жол бермеді. Сол жорығында Қасым әскерінен жеңіліп кейін
шегінді.
1510 жылы Мерв түбінде Иран шахы І Исмайлмен
шайқаста Мұхаммед Шайбани қаза тапты.
«Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай
сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы
жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас
болмасын» деген жарлық шығарған.
Қазақ хандығымен сауда байланысын тоқтатты.
13. Биліктен кетуі
1511 жылы Бұрындық хан
Қасым сұлтанмен билік
үшін күресте жеңіліп,
елден кетті.
Билікті өмірінің соңына
дейін ұстай алмаған хан
ретінде ерекшеленді.
Самарқанда қаза тауып,
жерленді.
14. Бұрындық хан туралы деректер
Ибн Рузбихан: «Кез келген уақытта Бұрындық хан қазақұлысына: «аттарыңа мініңдер, жауға аттанмыз» деп
бұйрық берген мезетте жер қайысқан қол жиналған».
« ....Кейбір саяси ойлармен Шайбани хан қазақ көпестері
мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап
алынсын деген жарлық берді. Хан жарлығының мәні бар еді.
Өзбек мемлекетіне келген қазақтар оның күш-қуаты мен
ресустарын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске
түсер еді, сол кезде оларға қарсы тұру қиын болар еді....
М.Х.Дулати: «1509–1510 жылдарға қарай Бұрындық хан
саналса да Жәнібектің ұлы Қасымның ықпалы зор болды,
бүкіл билік Қасым сұлтанның қолында еді. Хандықтың ең
беделді екі адамы арасындағы бәсекелестік құдіретті де
жігерлі сұлтанның жеңісімен аяқталды. Бұрындық хан
өзіне жақын топпенбірге Самарқанға кетті».
«Даланың нағыз ұлы ретінде үлкенді сыйлау дәстүрін
ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға
барлық жағына бағынды»,-деп жазды.
15. Қасым хан 1511-1518(23) жылдары
Жәнібек ханның ұлы.
Сарайшықта жерленген.
Халық саны: 1 миллион
адам.
Әскер саны: 300 мың
атты
Қасым ханның билігі
жүрген жоқ: Қырғыздарға.
XVІ ғасырда Қазақ
хандығының нығаюына
белсене араласқан тұлға.
Этникалық аудандарын
хандыққа біріктіріп, бір
орталықтан басқару
жүйесін жетілдірді.
М.Х.Дулати 1518 жылы,
ал Орыс 1523 жылы
қайтыс болды.
16.
Астаналары• Сығанақ – саяси-әкімшілік және сауда экономикалық
орталығы
• Түркістан – Қазақ хандығының кейінгі астанасы
• Сарайшық – Қасым хан өмірінің соңғы кездерінде билік
жүргізген
Хандық территориясы
Батысы – Жайық;
Шығысы – Шу, Талас, Іле өзендір.
Оңтүстігі – Сыр бойы қалалық аймағы;
Солтүстігі – Балқаш, Қарқаралы жері;
17. Қасым ханның «Қасқа жолы»
1) Мүліктік заңы (жер дауы, малмүлік дауы);2) Қылмыстық заңы (кісі өлтіру,
шапқыншылық жасау, ұрлық
істеу);
3) Әскери заң (аламан міндеті,
қосын жасақтау, қара қазан,
ердің құны, тұлпар ат);
4) Елшілік салт ережесі
(майталман шешендік,
халықаралық қатынастағы
сыпайылық, әдептілік,
ибалық);
5) Жұртшылық заңы (шүлен
тарту, ас, той, мереке, думан
үстіндегі ережелер, атжарыс,
бәйге ережелері, жасауыл):
18.
Саяси өмірі19.
Жетісу мен Еділді бағындыруы• 1513 жылы Шайбани мемлекетіндегі таққа таласты
пайдаланып,Сайрам қаласын басып алды.
• 1514 жылы Қазақ хандығы мен Моғолстан арасында
достық қатынас қалыптасты.
• Моғолстан билеушісі: Саид хан Қасым ханнан
шайбандықтарға қарсы көмек сұрады.
• Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс
Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы
билігін нығайтты.
• 1517–1521 жылдары Қазақ хандығының батысында
белсенді саясат жүргізіп, Ноғайлардың бір бөлігі
қазақтарға қосылғаннан кейін шекара Еділге дейін
жетеді.
20.
Шет елдермен дипломатия• Ресей, Сібір хандығы, Еділ бойындағы елдермен
дипломатиялық байланыстар орнатты.
• Ресеймен Василий ІІІ-мен сауда және дипломатиялық
байланыстар жасалды.
• XVI ғасырдың І жартысында Қазақ хандығы тәуелсіз,
дербес мемлекет ретінде Орта Азия мен Шығыс
Еуропаға белгілі болды
21.
Қасым ханның Мамашқа айтқан өсиеті«Менің бар арманым – қазақ жерін тәуелсіз елге
айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді
өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі
тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның
мәдениетін, салт-дәстүрін әрқашан құрметте!
Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан
бірлікте бол. Егер сен халықтың бірлігін
сақтап қалғың келсе, елде бүлікшілікке жол берме»!
22.
Деректер23.
М.Х.Дулати• «Даланың нағыз ұлы ретінде үлкенді сыйлау дәстүрін
ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға
барлық жағынан бағынды. Ханның белгілі сұлтаны,
атты әскер басшысының бірі болды. Қасым өзін
Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебі
жақын болып тиісті құрмет көрсету дәстүрін
сақтамаса, бұл ханға қарсылық білдіргендік еді, ал ол
бағынуды қаламады».
• «ХVІ ғасырдың басында Қасым әлі хан лауазымын
қабылдаған жоқ, бірақ оның билігінің зор болғандығы
соншалықты, ешкім Бұрындық ханды есіне алмады».
• «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақта билік жүргізді.
Халқының саны миллионнан асты. Әскер саны 300
мың. Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан
болған емес».
• «Әлі хан лауазымын қабылдаған жоқ, бірақ оның
билігінің зор болғандығы соншалықты, ешкім Бұрындық
ханды ешкім есіне алмады».
24.
Бабыр«....жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары
мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым
хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы
атты әскер саны 300 мыңға жуық еді».
Қ.Жалайыри
«Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі
болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді.
Ұзақ уақыт атасының ұлысына иелік етті.
Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы
аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім
болған....Ақыры Сарайшықта өлім тапты. Бүгін оның
қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық
сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қамбар
барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды.».
25. Алам-ара-йи шах Исмаил
«Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек сұлтанның көзі бір
сәт Қасым ханға түседі. Қараса, патша өзінің тағында
аруақтанып отыр екен! Тағы таза саф алтыннан
жасалыпты. Тақтың төрт бұрышы арыстанның,
жолбарыстың, қабыланның, аждаһаның бастарымен
және құстардың суреттерімен өрнектеліпті. Басына
әшекей тастармен көмкерілген «шыңғысхандық»
үлгідегі баскиім киіпті… 1200 әміршісі жанында отыр».
26. Орта Азия тарихшылары
«Қазақ билеушілері Сауранды басып алып, Шайбани
ханның інісі Махмұт сұлтанды отбасымен бірге
қолға түсірді. Бұрындық хан бұрыннан жау болу
себепті, оны өлтіруге бұйырды. Бірақ Қасым ханның
шешімімен келіспеді. Ол тұтқынды өлтіру туралы
ниетінен қайтып қана қоймай, тіпті Махмұт
сұлтанды босатып жіберді». Қасымның кеңпейілділігін
жоғары бағалады.
С.Герберштейн есімді Австрия дипломаты 1517‒1526
жылдары Ресейде елшігінде қазақтар туралы
«Москвалық жазулар» кітабында жазып кетет.
27.
Ә.Бөкейхан:«Қасым хан қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен
әскери күшке ие болды. Қарауындағылардың бақытына
орай, ол өзінің бейбітшілік саясатымен халықтың
ыстық ықыласына бөленді, есімі ерекше әйгілі болды».
Ә.Х.Марғұлан:
«Заң елдегі саяси жағдайдың шиелініскен кезінде
туған. Бұл заң қазақтың от ауызды, орақ тілді, елге
сыйлы билерінің ықпалымен халықтың ерте заманнан
ұстанып келген «Жарғы» заңын күшейткен. Осы
себепке байланысты халық Қасымның шариғат жолын
алмай, билер заңы «Жарғыны» алып, жаңадан
көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы»
деп атап кетті».
28.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
history