Similar presentations:
Лекция №7
1.
Кафедра педагогика№7. Зерттеу дизайны: жоспарлау
және ұйымдастыру
Арай Аманова
PhD, қауымд. профессор
2.
Кафедра педагогикаЖоспар:
1. Зерттеу жоспарының құрылымы
2. Іріктеме (Выборка / sample) және іріктеу әдістері
3. Қорытынды
Дәрістің мақсаты:
Болашақ зерттеушілерге ғылыми зерттеу процесін жоспарлаудың логикасын, құрылымын және
іріктеме әдістерін түсіндіру, зерттеу сапасын қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін меңгерту.
2
3.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
Зерттеу дизайны (Research Design) – зерттеу мақсатына жетудің жүйелі жоспары, зерттеу
логикасын, әдістерін, құралдарын, деректер көздерін және талдау тәсілдерін қамтитын құрылым.
Зерттеу дизайнын әзірлеу ол турасындағы шындық пен білімге байланысты болып келеді. Шындық
пен болмысқа деген көзқарасыңыз онтология, ал шындықты қалай танитындығыңыз эпистемология деп
аталады. Зерттеудің онтологиялық, эпистемологиялық және әдіснамалық негіздері зерттеу парадигмасын
құрайды (Khun, 1996).
Зерттеу дизайны – зерттеу сұрағына жауап беруге бағытталған құрылымдық жоспар. Ол
парадигмаға (онтология, эпистемология, әдіснама) сүйенеді.
ОНТОЛОГИЯ
ЭПИСТЕМОЛОГИЯ
МЕТОДОЛОГИЯ
3
4.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
• Парадигма зерттеушінің зерттеу жұмысын (яғни әдіснама) қалай жүргізу керектігі
туралы ғана емес, сондай-ақ зерттеушінің ақиқат пен шындықты (онтология) қалай
анықтайтындығы туралы және оның ол ақиқат немесе шындықты (эпистемология)
қалай танитындығы туралы болжамдарын қамтиды (Guba & Lincoln, 1994).
• Әлеуметтік ғылымдар мән мәтінінде «парадигма» терминін қолданғанда біз:
парадигма – «зерттеушіге әдісті таңдауда ғана емес, сонымен қатар онтология мен
эпистемологияға қатысты да басшылыққа алатын негізгі сенім жүйесі немесе
дүниетанымы» деген анықтаманы ұстанамыз (Guba & Lincoln, 1994, 14-б.).
Зерттеу парадигмасының үш негізгі сұрағы
4
5.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
• Онтология сізді бәлкім, өзіңіздің теориялық құрылым шеңберіңізге апаратын
бастапқы нүкте болып табылады (Mack, 2010). Зерттеушінің сенімі мен
дүниетанымдық көзқарасы оның зерттеуді ұйымдастырып, алынған мәліметтерді
талдаудағы әдіснамалық шешімін айқындайды.
• Онтология – шындық пен болмыс туралы көзқарас.
• Егер онтология шындыққа қатысты болса, ал эпистемология білімді зерттейді.
«Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістерінің энциклопедясына» (SAGE баспасы)
сәйкес, «эпистемология білімнің қай түрі мүмкін екенін анықтауға және білімді
қалай дұрыс, заңды деп бағалауға болатынын шешуге философиялық негіз болады».
• «Эпистемология» термині әлеуметтік ғылымдарда сенімді ғылыми білімді ұсына
алатын зерттеу үдерістерін талқылау мән мәтінінде пайдаланылады.
• Эпистемология – білімді қалай және не арқылы танимыз.
• Әдіснама – деректерді жинау мен талдау жолдары
5
6.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Көптеген авторлар зерттеу жұмысын енді бастаған зерттеушілерге ғылыми жобаларды
ұйымдастыру барысында сенім жүйесінің зерттеу әдіснамасына қалай ықпал ететіні
туралы ойланып, өз ойларын құрылымдауға кеңес береді. Кротти (Crotty, 1998)
зерттеушілерге төмендегі төрт сұраққа жауап беруге кеңес береді:
6
7.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Білім беру зерттеулерінің философиялық және әдіснамалық негіздерін түсіндіруде біз
Кресуэлл
және
Кресуэлл
(2020)
ұсынған
құрылымға
сүйенеміз.
Бұл модель зерттеу процесін үш өзара байланысты деңгейде сипаттайды:
• Философиялық
көзқарас
(парадигма)
—
зерттеушінің
сенім
жүйесі
мен
дүниетанымы;
• Зерттеу дизайны — зерттеу стратегиясын ұйымдастыру тәсілі;
• Зерттеу әдістері — деректерді жинау және талдау құралдары.
Бұл үш деңгей зерттеу логикасының негізін құрайды және зерттеу тәсілін (сандық,
сапалық, аралас) айқындайды.
7
8.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Білім беру зерттеулерінің құрамдас үш бөлігі (Creswell & Creswell, 2020)
Зерттеу парадигмасы
(зерттеушінің сенім жүйесі)
Позитивтілік
Постпозитивтілік
Конструктивтілік
Прагматизм
Трансформациялық парадигма
Зерттеу дизайны
Сандық дизайн (мысалы сарап- тамны
қолдану)
Сапалық дизайн (мысалы, этнографиялық
зерттеу әдістерін пайдалану)
Аралас дизайн (мысалы, дерек- терді
сандық талдаудан кейінгі сапалық талдау
реті)
Зерттеу тәсілдері
• Сандық
• Сапалық
• Аралас
Зерттеу әдістерін таңдаудағы негізгі аспектілер
• Зерттеу сұрақтары
• Деректерді жинау
• Деректерді талдау
• Зерттеу нәтижелерінің сәйкестілігін тексеру
8
9.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Guba мен Lincoln (1994) және Creswell мен Creswell (2020) әлеуметтік
ғылымдардағы бес басты парадигманы айқындайды:
Парадигма түрі
Негізгі идея
Әдіснамалық бағыты
Позитивтілік
Шындық объективті, өлшенеді
Сандық зерттеу
Постпозитивтілік
Шындық толық танылмайды, бірақ
дәлелдермен жақындауға болады
Сандық әдістер (болжамды
тексеру)
Конструктивтілік
Шындық әлеуметтік тұрғыда қалыптасады
Сапалық зерттеу (интервью,
бақылау)
Прагматизм
Шындық әрекет арқылы ашылады
Аралас зерттеу
Трансформациялық /
Партиципаторлық
Зерттеу қоғамды өзгертуге және
қатысушыларды шешімге тартуға
бағытталады
Сыни және бірлескен зерттеулер
9
10.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Позитивтілік және постпозитивтілік
Позитивтілік:
• Шындық объективті және зерттеушіден тәуелсіз.
• Барлық құбылыстар болжамды және жүйелі.
• Ғылыми зерттеу себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды.
• Негізгі әдістер: эксперимент, сауалнама, статистикалық талдау.
Постпозитивтілік:
• Зерттеуші шындыққа толық жетпесе де, ең дұрыс дәлелдерге сүйенеді.
• Айғақтар әрқашан жетілмеген, қателік болуы мүмкін.
• Мақсат: дәлелдер негізінде теорияны сынау және жетілдіру.
• Негізгі әдістер: эмпирикалық бақылау, гипотезаларды тексеру.
Бұл екі парадигма сандық зерттеу философиясының негізін қалайды.
10
11.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Конструктивтілік және Прагматизм
Конструктивтілік парадигмасы:
• Шындық – адамдардың тәжірибесі мен өзара әрекеті арқылы құрылады.
• Мағыналар әлеуметтік контекстте қалыптасады.
• Мақсат: зерттеуге қатысушылардың тәжірибесін терең түсіну.
• Әдістер: сұхбат, бақылау, мәтіндік талдау (qualitative).
Прагматизм парадигмасы:
• Шындықты түсінудің басты жолы – іс-әрекет пен тәжірибе.
• Прагматиктер зерттеу сұрағына жауап беру үшін кез келген тиімді әдісті
қолданады.
• Мақсат: практикалық шешімге жету.
• Әдістер: аралас тәсілдер (mixed methods).
11
12.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Трансформациялық және Партиципаторлық парадигмалар
Трансформациялық:
• Мақсаты – қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті азайту.
• Сыни теория мен феминистік зерттеу негізінде қалыптасқан.
• Қатысушылардың пікірлері зерттеудің ортасында тұрады.
Партиципаторлық:
• Зерттеу үдерісіне қатысушыларды барлық кезеңге –
мақсат қоюдан бастап талдау мен қорытындыға дейін – қатыстыру.
• Қатысушылар зерттеу субъектісінен бірлескен зерттеушіге айналады.
• Мақсат: тәжірибелік білім алу және оны қоғам игілігіне пайдалану.
12
13.
Кафедра педагогика1. Зерттеу жоспарының құрылымы
“
Creswell (2020) зерттеу үдерісін тоғыз негізгі кезеңге бөледі:
13
14.
Кафедра педагогика2. Іріктеме (выборка/ sample) және іріктеу әдістері
“
Іріктеме (немесе выборка немесе sample) — бұл зерттеуге немесе
статистикалық талдауға қолданылатын нақты топтан алынған деректердің
кіші бөлігі. Іріктеме толық популяцияның сипатын көрсетуі керек,
сондықтан оның дұрыс таңдалуы өте маңызды. Іріктемені дұрыс таңдау
зерттеудің нәтижелері мен олардың дұрыстығына тікелей әсер етеді.
Іріктеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін және оларды екі негізгі топқа бөлуге
болады: анықтамалық (қауіпсіз әдіс) және тәуелсіз (рандомизация).
14
15.
Кафедра педагогика2. Іріктеме (выборка/ sample) және іріктеу әдістері
“
Іріктеме
(sample)
–
зерттеуге
қатысатын
Іріктеу (sampling) – сол бөлікті таңдау әдісі.
популяцияның
бөлігі.
Негізгі түрлері:
1. Ықтимал іріктеу (probability):
• кездейсоқ (random),
• қабатталған (stratified),
• кластерлік (cluster).
2. Ықтимал емес іріктеу (non-probability):
• мақсатты (purposive),
• қарлы кесек (snowball),
• ыңғайлы (convenience).
Іріктеу тәсілі зерттеу парадигмасына және мақсатқа сай таңдалады.
15
16.
Кафедра педагогика2. Іріктеме (выборка/ sample) және іріктеу әдістері
“ 1.
Іріктеу әдістері
Кездейсоқ (рандомды) іріктеу (Random Sampling)
• Бұл әдіс ең әділ болып табылады, өйткені әрбір элементтің таңдалуы бірдей
ықтималдылықпен орындалады.
• Іріктемеге жататын әрбір нысанның немесе адамның таңдау ықтималдығы бірдей.
• Мысал: 1000 студенттен кездейсоқ 100 студентті іріктеу.
2. Қабаттық іріктеу (Stratified Sampling)
• Бұл әдіс популяцияны бір немесе бірнеше қабаттарға бөлу арқылы әр қабаттан үлгі алу
арқылы іске асырылады.
• Әр қабаттың өзіне тән ерекшеліктері болады, сондықтан әр қабаттың дұрыс көрсетілуі үшін
іріктеу маңызды.
• Мысал: Жыныс бойынша (ерлер мен әйелдер) немесе жас тобы бойынша (жас, орта жас,
егде жастағы адамдар) іріктеу.
16
17.
Кафедра педагогика2. Іріктеме (выборка/ sample) және іріктеу әдістері
“ 3.
Іріктеу әдістері
Кластерлік іріктеу (Cluster Sampling)
• Популяция бірнеше кластерлерге бөлінеді, ал одан кейін осы кластерлердің бір немесе
бірнешеуі таңдалады. Бұл әдіс үлкен популяцияда қолдану үшін тиімді.
• Кластерлер — бұл популяцияның кіші топтары немесе топтары.
• Мысал: Ауылдардан немесе мектептерден кластерлер таңдап, солардан толық деректер
жинау.
4. Жүйелі іріктеу (Systematic Sampling)
• Бұл әдісте іріктеу тұрақты интервалмен орындалады. Әрбір N-шы элемент таңдалады.
• Мысал: 1000 адамнан әр 10-шы адамды таңдау (мысалы, тізімнің әрбір 10-шы элементі).
17
18.
Кафедра педагогика2. Іріктеме (выборка/ sample) және іріктеу әдістері
“ 5.
Іріктеу әдістері
Құрамы бойынша іріктеу (Convenience Sampling)
• Бұл әдіс оңай қолжетімді немесе ыңғайлы болған адамдарды немесе нысандарды таңдау
арқылы жасалады.
• Бұл әдіс ең аз уақытты талап етеді, бірақ зерттеудің нәтижелері бұрмалануы мүмкін.
• Мысал: Студенттердің топтарынан алынған жауаптар.
6. Тақырыптық (кездейсоқ емес) іріктеу (Non-random Sampling)
• Бұл әдіс зерттеу үшін таңдаулы топтар немесе нысандарды сұрыптау негізінде жүреді.
• Зерттеу нысандары алдын ала белгілі мақсаттарға сәйкес таңдалады.
18
19.
“3. Қорытынды
Кафедра педагогика
Қорытынды
Зерттеу дизайны – ғылыми жұмыстың логикалық қаңқасы. Ол зерттеу мақсатына сәйкес әдістер
мен стратегияларды жүйелі түрде жоспарлауға көмектеседі.
• Парадигма – зерттеушінің шындыққа, білімге және әдіснамаға деген көзқарасын білдіретін
сенім жүйесі.
• Парадигма түрлері:
Позитивтілік → объективті шындық, сандық әдіс
Постпозитивтілік → дәлелге негізделген білім
Конструктивтілік → субъективті, әлеуметтік шындық
Прагматизм → әдістерді біріктіру
Трансформациялық және партиципаторлық → қоғамды өзгертуге бағытталған
• Іріктеме және іріктеу әдістері:
Іріктеме – зерттеу нысанының бөлігі, іріктеу – оны таңдау тәсілі.
• Ықтимал (кездейсоқ, қабатталған, кластерлік)
• Ықтимал емес (мақсатты, қарлы кесек, ыңғайлы
19
20.
Кафедра педагогикаҚолданылған әдебиеттер
“
Негізгі әдебиеттер
1.О’Лири Зина. Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.
– 472 б. https://openu.kz/kz/book/gylymi-zertteu-zhurgizu-distemesi
2.Құрманәлиев М.Қ. Ғылыми-зерттеу негіздері: оқу құралы. – Алматы: Альманах, 2021. – 258 б. https://urlshortener.me/4FHR
3.Сағынтаева А. (жоба жетекшісі). Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі. – Нұр-Сұлтан: Білім беру саласындағы
зерттеушілердің қазақстандық қоғамы, 2020. – 68 б. https://nur.nu.edu.kz/items/d95c88b7-d13f-49b6-86ac-37c12d5b0062
4.Сағынтаева А., Қамбатырова Ә., Қарабасова Л., Қанай Г., Әлмұхамбетова А. Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер. – Нұр-Сұлтан: Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, 2022. – 232 б.
https://www.researchgate.net/publication/365374722_Bilim_beru_zertteulerine_kirispe_teoria_dister_zne_tziribeler
5.Таубаева Ш. Педагогикалық зерттеудің әдістемесі мен әдістемесі: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 340 б.
6.Молдашев К.Б. От идеи к публикации: методология исследований в социальных науках. – Алматы: СДУ, 2017. – 167 б.
https://www.researchgate.net/publication/321098672_Ot_idei_k_publikacii_metodologia_issledovanij
7.Аубакирова Р.Ж., Тайболатов Қ.М. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру: кешенді тәсіл. – Павлодар: Toraighyrov
University, 2019. – 181 б.
Қосымша әдебиеттер
8.Пушкарь А.И., Потрашкова Л.В. Основы научных исследований и организация научно-исследовательской деятельности. –
Харьков: ХНЭУ, 2009. – 236 с.
9.Қаңтарбай С.Е. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқулық. – Алматы: Білім, 2012. – 272 б.
10.Тайболатов Қ.М. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне кіріспе: әдістемелік құрал. – Семей, 2016. – 45 б.
11.Оспанов Е. Академиялық жазылым. – Алматы, 2018. – 120 б. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1594967
20
21.
Кафедра педагогикаҚолданылған әдебиеттер
“
Электрондық және интернет-ресурстар
12.Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері https://adilet.zan.kz/rus
13.Ашық НҚА (Электронды үкімет) https://legalacts.egov.kz
14.Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының нұсқау хаттары https://www.uba.edu.kz/ru/metodology/2
15.Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының оқу-әдістемелік ұсынымдары
https://www.uba.edu.kz/ru/metodology/3
16.Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы https://kazneb.kz/
17.«Педагогика» цифрлық кітапханасы http://digitallibrary.kz/book?lang=2
18.Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана (РМЭБ) http://rmebrk.kz/
19.Ғылыми электрондық кітапхана eLIBRARY.RU https://elibrary.ru/
20.Ғылымометриялық дерекқор Scopus https://www.scopus.com
21.Ғылымометриялық дерекқор Web of Science https://www.webofscience.com
22.Index Copernicus дерекқоры https://journals.indexcopernicus.com
23.Арнайы журнал мақалаларының дерекқоры (JSTOR) https://www.jstor.org/
24.Қазақстанның диссертациялар дерекқоры https://nauka.kz/page.php?page_id=107&lang=1
25.Назарбаев Университетінің репозиторийі https://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/925
26.Ғылыми жарияланымдарға арналған іздеу жүйесі Google Scholar https://scholar.google.com/
27.DOAJ (Directory of Open Access Journals) онлайн платформасы https://doaj.org/
21
education