124.38K
Category: lawlaw

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігін рәсімдік–процестік кодекске беру: теория және практика мәселелері

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
Ақылбек Есенұлы Медиев
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АУҚЫМДЫ БӨЛІГІН РӘСІМДІК–
ПРОЦЕСТІК КОДЕКСКЕ БЕРУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
«7М04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы бойынша
магистр дәрежесін алу үшін магистрлік жоба
Ғылыми жетекші:
Т.С. Нурышева, з.ғ.к.

2.

ЖОСПАР :
Кіріспе
1 Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жекелеген әкімшілік жазаларды
ӘРПК-мен реттеу аясына ауыстыру: теоретикалық-құқықтық негіздері
1.1 Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік рәсімдік-процестік реттеу
жүйелерінің құқықтық табиғаты
1.2. Жекелеген әкімшілік жазаларды (арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан
айыру, қызметті тоқтата тұру) шет елдерде қолдану ерекшеліктері
2 Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігін рәсімдікпроцестік кодекске беру: практикада қолдану мәселелері
2.1 Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жекелеген жазаларын түрлерін
тағайындау: сот практикасы
2.2 Уәкілетті органдарға арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру, қызметті
тоқтата тұру әкімшілік жазаларын беру салдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

3.

ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫНЫҢ
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Мемлекет басшысы Қ.К.
Тоқаевтың 2022 жылғы 1
қыркүйегіндегі Қазақстан
халқына Жолдауында –
әкімшілік әділет саласын
кеңейту мәселесін жүзеге
асыруды, яғни әкімшілік құқық
бұзушылықтардың ауқымды
бөлігін ӘРПК аясына беру
қажеттілігін мәлімдеді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік
кодекс және әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодекстің
нормаларын өзара үйлестіру және
әкімшілік әділетті орнату
мақсатындағы мемлекеттік
органдар мен жеке және заңды
тұлғалардың әкімшілік құқықтарын
қамтамасыз ету саласындағы
ашықтық мен әділеттілікті
қалыптастыру жоба тақырыбының
өзектілігі болып табылады.

4.

Жобаның мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін рәсімдіккодекске беру тиімділігін/тиімсіздігін анықтау және сәйкестелген ұсыныстар беру болып
табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу
үшін келесі міндеттерді шешу
қажет:
Әкімшілік
құқықбұзушылықтар үшін
жекелеген жазаларын
түрлерін тағайындау
бойынша сот
практикасына талдау
жасау (Әкімшілік құқық
бұзушылық істеріне сот
төрелігін жүзеге
асыратын Маңғыстау
облысының
мамандандырылған
ауданаралық және оған
теңестірілген соттарының
мысалында);
Жекелеген әкімшілік
жазаларды (арнайы
құқықтан айыру,
рұқсаттан айыру,
қызметті тоқтата тұру
немесе оған тыйым
салу) шет елдерде
қолдану
ерекшеліктерін
қарастыру;
Уәкілетті органдарға
арнайы құқықтан
айыру, рұқсаттан
айыру, қызметті
тоқтата тұру немесе
оған тыйым салу
түріндегі әкімшілік
жазаларын беру
бойынша ұсыныстар
беру.
Әкімшілік
құқықбұзушылықтар
үшін жекелеген
әкімшілік жазаларды
ӘРПК-пен реттеу
аясына ауыстырудың
теоретикалық және
құқықтық негіздерін
зерделеу;

5.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША КЕЛЕСІ ҰСЫНЫСТАРДЫ КЕЛТІРЕМІЗ:
1.
ӘРПК-ң реттеу
саласына әкімшілік
құқық
бұзушылықтардың
құрамын ауыстыру
қажеттілігін негіздеу
үшін – әкімшілік
рәсімді жүзеге
асырумен байланысты
болғандықтан
әкімшілік жазалардың
нақты түрі рұқсаттан
айыру жазасы алынды.
Мұндай жағдайда
ӘРПК рәсімі
бойынша
рұқсаттан айыру
жазасы
қолданылатын
тұлғалардың ісәрекеттерін құқық
бұзушылық деп
санау керек пе деген
сұрақ туындайды?
Ғылыми тұрғыдан алғанда,
бұл қатынастар деликтті
болуды тоқтатпайды және
қолданатын жазаның
құқықтық табиғаты белгісіз
бола тұра, әкімшілік орган,
салалық заңның
нормаларын бұзғаны үшін
рұқсаттан айыруды
қолданады.
Сол
себепті

6.

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру,
сондай–ақ тізілімнен алып тастау, қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түріндегі
әкімшілік жазалары көзделген ӘҚБтК-нің 75 бабын екі топқа бөлуге болады деп санаймыз:
бірінші топқа
нақты тұлғаға қолданылатын
арнайы құқықтан айыру
түріндегі жаза (көлік құралдарын
басқару құқығы, аң аулау,
аңшылық қаруды сақтау және
алып жүру құқығы және т.б.) –
әкімшілік құқық бұзушылық
заңнамасының қорғау
функциясын және құқық
бұзушылықтарды алдын алу
міндеттерін әлсіретуге әкелуі
мүмкін болғандықтан ӘҚБтК-де
сақтау қажет деп санаймыз.
Мысалы, Германияда жүргізуші
куәлігінен айыру түріндегі жаза
Қылмыстық заңнамамен жүзеге
асырылады;
екінші топқа
ӘҚБтК – де көзделген жекелеген жаза түрлері
кәсіпкерлік саласына қатысты болғандықтан,
ӘРПК тәртібімен қараған жөн.
Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік
органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерін даулау
құқықтарын сақтайды, олардың құқықтары мен
мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді және
көрсетілген санаттағы істерге сот бақылауының
функциясы сақталады.
(құқықтары мен мүдделері бұзылған тұлғалар
уәкілетті органдардың шешімдеріне сот арқылы
шағымдануға құқығы бар екенін атап өту қажет)
Мысалы, Германияда кәсіпкерлік қызметтің
белгілі бір түріне рұқсаттан айыру сот тәртібімен
дауласуға болатын Әкімшілік акт түрінде
шығарылады.

7.

2.
Жекелеген әкімшілік жазаларды ӘРПК-ң реттеу аясына ауыстырылған жағдайда ӘҚБтК-нің
санкциясында көзделген жазаларды сақтай отырып салалық заңдарға көшірілмеуі тиіс,
себебі бұл тұрғыда бір әрекет үшін екі жауапкершіліктің көзделуіне алып келеді
МЫСАЛЫ
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян
келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы
ӘҚБтК – нің 610
бабы бойынша
арнайы құқықтан
айыру және
айыппұл
Жазалардың
қайталануы
салалық
заңнама
бойынша
арнайы құқықтан
айыру және
айыппұл

8.

3.
Сыбайлас
жемқорлықты
алдын алу және
жолын кесу
мақсатында
Мүдделер
қақтығысын
болдырмау
мақсатында
Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан
айыру немесе оның қолданылуын
тоқтата тұру, сондай–ақ тізілімнен
алып тастау, қызметті тоқтата тұру
түріндегі әкімшілік жазаларды
қолданған уәкілетті органның өзі
немесе жоғары тұрған органның
қабылданған шешімі қолайсыз
әкімшілік акт болып сотпен
танылған жағдайда, олардың
жауаптылық мәселелерін көздейтін
норманы ӘҚБтК-ге немесе салалық
Заңға енгізу қажет.
Лауазымды
тұлғалардың
жұмыс
статистикасы
мен
көрсеткіштерін
жалған
көтеруді
болдырмау
мақсатында

9.

4.
ӘҚБтК-ге қызметпен айналысуды тоқтата тұруды /
тыйым салуды көздейтін бірқатар әкімшілік құқық
бұзушылықтар құрамын салалық заңдарға көшіру
кезінде әкімшілік-деликтілік заңнамадағы қызметті
тоқтата тұру тек әкімшілік жаза ретінде ғана емес,
іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары ретінде
қарастырылғандықтан, оларды Кодекстің әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс
жүргізуді қамтамасыз ету шаралары бөлігінде
сақтау қажет деп есептейміз.

10.

Екі құқық саласының негізгі міндеттерінде көзделіп тұрғандай бірі
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза
қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай
тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайтынына көз жеткізсек, екіншісі
тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау
және қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырады.
Осылайша, әкімшілік әділет тұжырымдамасы мен әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс жүргізу тұжырымдамасы арасында ортақ ештеңе жоқ
және олар материалдық-құқықтық және іс жүргізу табиғаты бойынша бірбірінен түбегейлі ерекшеленеді деген пікірге келуге болады.
Екі құқықтық жүйенің арақатынасына қатысты мәселені тұжырымдай
келгенде, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік рәсімдік-процесттік
құқықтық реттеу жүйелерінің арақатынасын ажырату әлі де болса толыққанды
бір тұжырымдамаларды қалыптастыруға жеткіліксіз болып табылады. Бұл
мәселе төңірегіндегі талқылаулар тек Қазақстан Республикасында ғана емес,
жалпы көптеген мемлекеттерде дау туғызып келе жатқандығына көз жеткіздік.
Әрине, әкімшілік әділет саласындағы жаңа реформаны қабылдаған Қазақстан
Республикасы үшін бұл өте өзекті болып отыр және оның тиімді немесе тиімсіз
салдары көптеген посткеңестік мемлекеттер үшін де үлгі болатындығы айқын.
English     Русский Rules