Similar presentations:
Тригонометриялық бірлік шеңбер моделі және оны қолдану әдістері
1.
№80 IT мектеп-лицейінің математика пәнімұғалімі, педагог-шебер Бакирова Назира
Курбанхожаевна
2.
Тақырыбы: ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ БІРЛІК ШЕҢБЕРМОДЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына
тригонометриялық бірлік шеңбер арқылы
тригонометриялық функцияларды тиімді жолмен
меңгеруіне ықпал жасау
3.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ:“МЕН ШӘКІРТТЕРІМДІ ЕШҚАШАН ДА
ҮЙРЕТПЕЙМІН, МЕН ТЕК ОЛАРДЫҢ
ҮЙРЕНУІНЕ ТИІМДІ ЖАҒДАЙЛАР
ЖАСАУҒА ТЫРЫСАМЫН”
4.
Көкейкестігі:Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр.
Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде
өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет.
Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдістәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Білім дегеніміз мектепте оқытқанның
барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе. Мектепте алған білімін өмірде
қолдана алатындай етіп сабақты құру, мұғалімдерден көп шығармашылық
ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру
және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті
үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің
алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру
үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң,
этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл
көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады
5.
Тригонометриялық бірлік шеңбер көмегімен келесі ұғымдарды білуге болады:•бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін анықтау;
•бұрыштарды радиандық өлшеу;
•тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен диапазоны
•сандық және бұрыштық аргументтің кейбір мәндері үшін тригонометриялық
функциялардың мәндерін;
•тригонометриялық функциялардың периодтылығы;
•жұп және тақ тригонометриялық функцияларды;
•тригонометриялық функцияларды көбейту және азайту;
•азайту формулалары;
•кері тригонометриялық функциялардың мәндерін;
•қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу;
•ең қарапайым теңсіздіктерді шешу;
•тригонометрияның негізгі формулалары.
6.
ӘдіснамасыТригонометрияда оқылатын материалдың ең көп
мөлшері 10-сыныпқа келеді. Бұл тригонометриялық
материалдың көп бөлігін үйренуге және есте
сақтауға тригонометриялық бірлік шеңберді (тік
бұрышты координаталар жүйесінің басына центрленген
бірлік радиусының шеңбері) пайдалануға болады.
7.
Сондықтан оқушыларға күнделікті сабақта тригонометриялық бірлікшеңберді сызып түсіндіргеннен гөрі, неге тиімді жағын қарастырмасқа
деген ой келді. Яғни мен тригонометриялық функцияларды бір жүйеге
біріктіре отырып, оның моделін жасауды ойладым. Оқушылар осы
модельді сабақ барысында күнделікті қолмен ұстап отырып пайдалана
білсе, есте сақтау арқылы формула, кестені пайдаланбай, жоғарыда
көрсетілген ұғымдрды анықтай алады, сондай ақ кері функцияны да
анықтайды.
8.
Бірлік шеңбер арқылы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау9.
Бірлік шеңбер арқылы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау10.
Бірлік шеңбер арқылы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау11.
Бірлік шеңбер арқылы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау12.
Бірлік шеңберді тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде қолдану13.
Бірлік шеңберді тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде қолдану14.
Бірлік шеңберді тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде қолдану15.
Бірлік шеңберді тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде қолдану16.
• Бұл тригонометриялық бірлік шеңбердің моделінде бұрыштың синусын,косинусын, тангенсін және котангенсін анықтау, және қарапайым
тригонометриялық теңсіздікті шешуді пайдаланудың жадынамасын QR
code арқылы видеосабақтан көре аласыздар.
17.
ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ БІРЛІК ШЕҢБЕР МОДЕЛІН ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУ18.
Орталық Азия және Түркия Республикасыпедагогикалық қызметкерлеріне арналған
«Қолданбалы және теориялық педагогикалық
зерттеулердегі инновациялар, жетістікер және
проблемалар: Түркия - Орталық Азия» атты І
дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясында.
19.
ОҚМПУ -85 жыл мерейтойына арналған "МИФ сабақтары: басымдықтаржәне жетілдіру стратегиялары" тақырыбындағы ғылыми әдістемелік
семинары
20.
“Математика пәнінен білім берудің бәсекегеқабілеттілігін арттыру”
тақырыбында өткен қалалық ғылыми-практикалық
тамыз конференциясында
21.
Қорытынды:Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі
көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық
үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы
орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне
тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ
беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген
екен. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты - оқушыны терең білім алу мен
сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде алдымыздағы шәкірттің
жан-жақты, білімді, ой-өрісі кең болып шығуына ықпал ететін мұғалім екені
түсінікті. Сондықтан сабақта шығарылатын есептер оқушының ойлау қабілетін
дамытатын есептер болу керек.