Similar presentations:
Іс жүргізу технологиясы және оны ұйымдастыру (реферат)
1. Іс жүргізу технологиясы және оны ұйымдастыру
2. Іс қағаздары туралы түсінік
0 Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтынсаласы жоқ. Адам дүниеге келген сəттен бастап бақилық
болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз
өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген
жан жоқ, сірə. Адам баласы кəмелеттік жасқа толғаннан
кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап,
ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат
толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның
бəрін арнайы ретпен, белгіленген тəртіпке, жүйеге сəйкес
жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен
дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс
қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек əр алуан
мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, əрбір азамат адам
үшін де өте маңызды.
3.
0 Кез-келген мекеме мен кəсіпорындақұжаттардың, құжат айналымы жүйесін
дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор.
Құжаттардың негізінде басқару шешімдері
қабылданады, даулы мəселелер шешіледі.
Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып,
заңды күшке ие болған құжат қана табысты
жұмыстың кепілі болады. Ұйымда құжат
айналымының талапқа сай
ұйымдастырылмауы құнды құжаттардың
жоғалуына, кəсіпорын жұмысының
жүйесіздігіне алып келеді. Мұның өз
кезегінде түрлі қиыншылықтар мен даулы
оқиғаларға соқтыратыны айтпаса да
түсінікті. Бұлардың барлығы да
Қазақстанның іс қағаздарын жүргізу
саласында қолданылып жүрген заңдары мен
нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше
көрініс тапқан. Іс қағаздарын жүргізудің
негіздеріне арналып отырған бұл
оқуқолданбалы құралы еліміздегі түрлі
нысандағы кəсіпорындардың, іс қағаздарын
жүргізумен айналысушы мамандардың
қызмет барысында пайдалануына арналған.
4.
0 Шығыс құжаттарының жіктелуіШығыс құжаттары жауап құжаттар
немесе бастамалық құжаттар болуы
мүмкін. Жауап құжаттарда келіп түскен
құжаттар, азаматтардың өтініштері,
депутаттық сұратулар бойынша
жүргізілген жұмыстардың нәтижелері
жазылады. Бастамалық құжаттарда
басшылардың, консультативтік-кеңестік,
алқалы органдардың және ұйым
мамандарының құрылтайшылық
құжаттар мен лауазымдық
нұсқаулықтарға сәйкес қабылдаған
шешімдері көрініс табады.
Шығыс құжаттарының жобалары
жөнінде мүдделі құрылымдық
бөлімшелер басшыларымен, өзге
ұйымдармен (қажет болған жағдайда),
заң қызметімен келісіледі. Келісімдер
саны іскерлік қажеттіліктерге қарай
белгіленеді.
5.
0 Шығыс құжаттарының айналымыҚұжаттың келісілген жобасы оның
аутенттік (тең нұсқалық) аудармасымен
қоса ұйым басшысына қол қоюға (бекітуге)
ұсынылады. Жобаны әзірлеуге негіз болған
құжаттар да оларға қоса тіркеледі.
Орындаушы әзірленген құжатты қол қоюға
(бекітуге) тапсырмас бұрын оның
мазмұнын, қосымшаларын тексереді;
құжаттама қызметі ресімделуінің
дұрыстығын, қажетті деректемелерінің
түгелдігін тексереді. Дұрыс ресімделмеген
құжаттар толықтыру үшін
орындаушыларына кері қайтарылады.
Қол қойылған (бекітілген) шығыс құжаты
тіркеу нөмірі мен күнін қою арқылы
тіркеуден өткізіледі.
Мұнан соң құжаттама қызметі жөнелтілетін
құжаттарды экспедициялық өңдеуден
өткізеді. Бұл алушылар бойынша бөлектеу,
конверттерге салу, оған (конвертке) пошта
мекен-жайы мен алушы атауын жазу, ұйым
мөртабанын қою, құжаттарды пошта
бөлімшесіне тапсыру жұмыстарын қамтиды.
Құжат дайындаушы
6.
Құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарқұжат қозғалысының және онымен операциялардың біртұтас
технологиялық сұлбасын әзірлеу, қызметкерлердің құжаттармен
жұмыс функцияларын регламенттеу, олардың орындалуын
бақылауды қамтамасыз ету, құжат айналымы көлемін тұрақты
талдау міндеттілігі болып табылады.
Кіріс құжаттарын өңдеудің тәртібі Кіріс құжаттарын бастапқы
өңдеу – жеткізудің
дұрыстығын және салымдардың
тұтастығын тексеру ұйымға келіп түсу фактісін жазу, құжаттарды
бағдары бойынша тапсыруға дайындау болып табылады.