772.86K
Category: psychologypsychology

Тұлға және топ

1.

Тұлға және топ
Орындаған:Есімбекова Әдемі
Тексерген:Курмангалиева Карлыгаш
Бахытовна

2.

Жоспары:
Тұлға және топ
Топтардың бөлінуі
Әсер ету механизмдері

3.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік,
әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып,
адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам
мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы,
қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет
ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке
адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.

4.

Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам
өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға
қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның
психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті
жатады.Оның қалыптасуына тек қана педагог, ата-ана ғана емес
қоршаған орта, айналасындағы араластын адамдардың да әсері
баршылық.

5.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан
белгілі бір нышандары негізінде
бөлінетін адамдардың шектеулі
шамадағы қауымдастығы; бұл
нышандар атқаратын
қызметтерінің сипаты, әлеуметтік
не таптық қатыстылығы, даму
деңгейі және т.б. болуы мүмкін.

6.

Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам
баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да
басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні
белгілі. Ал, топтың сан алуан түрлері бар. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар.
Бұл – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық
араласып, іс-әрекетке түсетіндер.

7.

Топтар бірнеше түрге бөлінеді:
үлкен, шағын
ресми, бейресми
формалы, формасыз
жасанды, табиғи
ұйымдасқан,
ұйымдаспаған

8.

Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының
қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-
жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне
айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі
жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі де жоғары
болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы
келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара-бара беделінен айырылатын болады.

9.

Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде
мұны «әлеуметтік-психологиялық ахуал» деп те
атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, ұжым
мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ
тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның
қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы,
топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің
орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл-күйі ұжымдық
міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді.
Білек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ,
өзара сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде
қандай ауыр жұмыс болса да жеңіп атқарылады.
Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары
уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын
қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс
болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру
мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды,
білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса
қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.

10.

Топқа психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір
сипаттамалар негізінде негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан
бөлініп шығатын
шамасы шектелген
жалпыламалық болып
табылады.

11.

Қарым-қатынас кезінде негізгі 3 құралдары бар:
1.Жұқтыру
Жұқтыру баяғыдан бері пайда болған көпшілікті ұйымдастыру әдісі. Оның көріністері:
көпшілік, психоз, көпшіліктің спортқа елігуі, дінге берілуі және т.б. Жұқтыру-индивидтің
санасыздық ырықсыз түрде белгілі психологиялық күйге түсуі.
2.Еліктеу.
Еліктеу-индивидтің қоғамда көрсетілген мінез-құлықты жаңғырту.
Кейбір ғалымдар жұқтыру еліктеудің көрінісі деп атайды.
3.Сендіру.
Сендіру-Б.Ф.Поршневтің теориясы. Жұқтыру сияқты ежелгі кезден бастап пайдаланатын
психологиялық құрал. Сендіру әдейі түрде және ойламаған жерден де пайда болады. Сендіру
көбінесе вербалды әдістер көмегімен жүзеге асады.

12.

Қорытынды:
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін
бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. А.С.Макаренконың
айтуынша ұжым бұл – мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір
салт дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың
жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың
тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ
белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп
атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Тұлға ұжымнан
оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Тұлғаның
өмірінде ұжым, топ маңызды,
себебі адамдар арасындағы
коммуникативтік әрекет тікелей ұжым арқылы

13.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ж.Р. Бәшірова.; Н.С. Әлқожаева- Тұлғааралық қарым- қатынас. Алматы
«Қазақстан Университеті» .2011. Жалпы бет: 174; Беті: 46-56; 4-23.
2.Қуаналиева М.А. - Кикілжің туралы, Алматы 2010, жалпы беті: 26 Беті: 815.
3.www.google.ru- Кикілжің және одан шығу жолдары.

14.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Rules