Әдебиеттер тізімі
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
Астық дақылдарына арналған тиімді жүйелік фунгицидтер
Басқа да ауылшаруашылық дақылдарына арналған жүйелік фунгицидтер
Басқа да ауылшаруашылық дақылдарына арналған жүйелік фунгицидтер
Тұқым өңдейтін фунгицидтер
Тұқым өңдейтін фунгицидтер
Тұқым өңдейтін фунгицидтер
Металлқосылысты пестицидтер
Түрлері
Бейорганикалық күкірт препараттары
1.91M
Category: biologybiology

Жүйелік фунгицидтер. Дәріс №11

1.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дәріс №11
Жүйелік фунгицидтер
Лектор: Сапахова Зағипа Бейсеновна
PhD, профессор

2. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттердің тізімі
1. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нуржанов Ә.С., Қалмақбаев Т.Ж., Өсімдікті
химиялық қорғау Алматы, 2013. – 215 б.
2. Ашықбаев Н.Ж., Есеркепов У. Өсімдік қорғау.-Астана.:Фолиант, 2010. – 150 б.
3. Тулеева Ә.Қ., Әжбенов В.К., Сүлейменова З. Ш., т.б. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің
зиянкестері және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы. Астана, 2007. – 153 б.
4. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң (улы
химикаттардың), 2013 – 2023 жылдарға арналған тiзiмi. 2013. – 214 б.
5. Груздев Г.С., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И. Химическая защита растений. – М.:
Агропромиздат, 1987. – 414 с.
6. 3. Протасов М.И., Миренков Ю.А., Соскевич П.А. Химическая защита растений. – Минск,
Триолта, 2006. – 336 с.
Қосымша әдебиеттердің тізімі
7. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер
мен аурулардан қорғау. Алматы, 2010. – 172 б.
8. Афанасьева А.И., Груздев Г.С., Дмитриев Л.Б., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И.
Практикум по химической защите растений. – М.: 1983. – 272 с.
9. Голышин Н.М. Фунгициды в сельском хозяйстве. – М.: Колос, 1982. – 184 с.
10. Захаренко В.А., Ченкин А.Ф. Справочник по применению гербицидов. – М.: Агропромиздат,
1990. – 240 с.
11. Инструкция по технике безопасности при хранении, транспортировке и применении
пестицидов в сельском хозяйстве М., «Агропромиздат», 1985, 40 с.

3. Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1
•Астық дақылдарына арналған тиімді жүйелік
фунгицидтер
2
•Басқа да ауылшаруашылық дақылдарына
арналған жүйелік фунгицидтер
3
• Тұқым мен отырғызылатын материалдарды
баптауға қолданылатын фунгицидтер
4
5

4. Астық дақылдарына арналған тиімді жүйелік фунгицидтер

Жүйелі фунгицидтер өсімдіктің ішіне еніп, ішкі ұлпаларына таралып қоздырғыштарды жояды. Бұлардың әсер етуі
өсімдіктің ұлпасына тез арада енуіне және метеорологиялық уақытына байланысты. Жүйелі фунгицидтерді жанасушы
фунгицидтерден кейінірек 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолдана бастады.
Бұл препараттарды топқа бөлу уақытша болып табылады. Мысалы, көптеген профилактикалық препараттар үлкен
мөлшерде немесе жоғары концентрацияда емдік қасиетке ие, тұқым улағыш және топырақта болатын аурулардың
қоздырғыштарын жояды
Фунгицидтердің негізгі топтарының бірі триазолдар. Сипаты жағынан жүйелік,
зиянды ағзаларға қарсы қасиеті ұзақ сақталатын фунгицид. Мұндай препараттар өсімдік бойымен жылжып,
акрепетальды қасиет көрсетеді. Жапырақтарға тез сіңгіш, белгіленген жұмсау мөлшерінде фитоуыттылық қасиет
көрсетпейді. Оларды дақылдардың ақ ұнтақ, шірік, тат, дақ, парша, септориоз, церкоспореллез, ринхоспориоз
ауруларына қарсы кеңінен қолданады.
Бензимидазолдар. Бензимидазолды фунгицидтер жүйелік қасиеттері бар, адамға уыттылығы төмен, 0,2 % ерітінді
күйін-де қолданылады. Өсімдіктің тамырына сіңуі арқылы, өзегімен бойына таралады. Қорғайтын өсімдікке
фитоуыттылық қасиеті жоқ, дәрілеуіш зат ретінде пайдалануға болатын суспензия. Тамыр шірігі ауруына қарсы тиімді
препарат. Сол сияқты басқа да саңырауқұлақ ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылады. Мысалы, ақұнтақ,
церкоспорелла, фузариозды тамыр шірігі, сұр және ақ шіріктер, фузариозды солу, аскохитоз, қарлы зең, тозаңды және
қатты қара күйе, қызыл шірік, перикуляриоз, фомоз, антракноз ауруларына қолдануға болады.
Бензимидазолдар патогенді саңырауқұлақтардың жасушаларының бөліну кезіндегі метаболизм процестерін (митоз)
әлсіретеді. Осы кезде митоттық аппараттың негізгі құраушысы митоттық веретеноны бұзады. Бұл топтың құрамына
кіретін заттар қара зеңге қарсы тиімділігі жоғары.Препарат жүйелі әсер етеді, тамыр жүйесіне жақсы еніп, сабақ арқылы
жоғары таралады. Өсімдікке залалсыз, яғни күйдірмейді. Сонымен қатар, 2% суспензияны тұқымды дәрілеу негізінде
қолдануға болады. Тамыр шірігімен күрес үшін ең үздік фунгицид. Оларға мына фунгицидтер жатады:
1) Феразаим, терминатор, карбендазим, дерозал, штефазал, бавемтин, БМК;
2) Бенлат, фундазол, агроцит, беномил;
3) Виал, винцит, текто, тиабендазол.

5. Басқа да ауылшаруашылық дақылдарына арналған жүйелік фунгицидтер

Альто 400 SC с.к.(ципроконазол, 400 г/л) Сингента, Швейцария. Жаздық, күздік бидайларда, арпа, қара
бидай, сұлыда қоңыр, сары, сызықты (сабақ) таттарына, септориоз, гельминтоспориоз, церкоспориоз,
ринхоспориоз, фузариоз, ақ ұнтақ ауруларына 0,1-0,2; қант қызылшасында церкоспориоз, тат, ақ ұнтақ
ауруларына қарсы 0,15-0,2 л/га. Күту мерзімі қант қызылшасында 20, астық дақылдарында 30 күн. Жылына
астық дақылдарында 1, қант қызылшасында 2 рет қолдануға болады.
Альто супер 330, к.э. (пропиконазол, 250 г/л+ципроконазол, 80 г/л) Сингента, Швейцария. Жаздық, күздік
бидайларда, арпа, қара бидай, сұлыда, қоңыр, сары, сызықты (сабақ) таттарына, ақ ұнтақ, гельминтоспориоз,
септориоз ауруларына қарсы 0,4-0,5 л/га. Күтетін мерзім 30 күн, 2 рет қолдануға болады.
Байлетон, 25% с.у. (триадимефон, 250 г/кг) Байер Кроп Саиенс. Жаздық, күздік бидайларда қоңыр тат және
ақ ұнтаққа-0,5, септориоз, сары, сызықты (сабақ) таттарға-1,0, күздік бидайда ақ ұнтақ және қоңыр таттына-0,5.
Арпада ақ ұнтақ, тат, тор датына-0,5; тұқымдық жүгеріде көпіршік қара күйесі, тамыр шірігі, фузариоз, жүгері
собығының зеңденуіне-05; қант қызылшасында ақ ұнтақ таттына-0,6; ашық жерде ақ ұнтаққа-0,6-0,12; жабық
жерде қиярдың ақ ұнтаққа-0,2-0,6; жабық жерде қызанақтың ақ ұнтаққа-1,0-4,0, алма ағашта ақ ұнтақ және
қотырына-0,15-0,2; жүзімде оидиум және сұр шірігіне-0,15-0,3; қарақатта америкалық ақ ұнтақта-0,35-0,4;
бүлдіргенде ақ ұнтақ және сұр шірігіне-0,24; жабық жерде раушан гүлдер ақ ұнтаққа қарсы-0,75 кг/га. Күтетін
мерзім алма ағаш пен жүзімде 30, басқаларында 20, жабық жерлерде қиярда 5, қызанақта 10 күн. Жылына 1-2
рет қолдануға болады.
Импакт, 12,5% с.к. (флутриафол) Кеминова А/С, Дания. Жаздық, күздік бидайларда қоңыр, сары, сызықты
(сабақ) таттарына, септориоз, ақ ұнтаққа-1,0; қант қызылшада ақ ұнтақ, фомоз және церкоспориозына-1,0;
жүзімде оидиумға-0,2; алма ағашта ақ ұнтаққа қарсы-0,2-0,3 кг/га. Күтетін мерзім алма ағаш пен жүзімде 20,
қант қызылшада және бидайда 30 күн. Жылына бидайда, қант қызылшасында 1, жүзім мен алма ағашта 2-3 рет
қолдануға болады.
Импакт 25% с.к. Бұл фунгицид Импакт 12,5 пайыз с.к. сияқты қолданылады, бірақта алынатын мөлшері 2
есе кем.

6. Басқа да ауылшаруашылық дақылдарына арналған жүйелік фунгицидтер

Топаз 100 к.э. (пенконазол, 100 г/л) Сингента, Швейцария. Ақ ұнтаққа ашық жердегі қиярда0,125-0,15, жабық жердегі қиярда-0,5-0,75; қара қарақатта ақ ұнтақ және америкалық ақ ұнтаққа0,2-0,4; жүзімде оидиумға-0,4-0,5; таңқурайда дақ және сұр шірікке қарсы 0,3-0,6 л/га. Күтетін
мерзім жабық жердегі қиярда 3, басқа дақылдарда 20 күн. Жылына 2-4 рет қолдануға болады.
Браво 500, с.к. (хлороталонил, 500 г/л) Сингента Швейцария. Жаздық және күздік бидайда
қоңыр, сары, сызықты (сабақ) таттар, септориоз ауруларға қарсы 2,2-3,0 л/га. Күтетін мерзім 30
күн, жылына 2 рет қолдануға болады.
Ридомил голд мц 68, с.у. (мефеноксам, 4 пайыз+манкоцеб, 64 пайыз) Сингента, Швейцария.
Картопта фитофтороз, пиязда пероноспороз, қиярда ақ ұнтақ, переноспороз, жүзімде оидиум
ауруларына қарсы 2,5 кг/га. Күтетін мерзім 20 күн, жылына 3 рет қолдануға болады.
Тилт 250 к.э. (пропиконазол, 250 г/л) Сингента, Швейцария. Жаздық және күздік бидайда,
сұлы, қара бидай, арпада қоңыр, сары, сызықты (сабақ), тәжді таттарына, септориоз,
гельминтоспориоз, ақ ұнтақ, ринхоспориоз, церкоспориоз, тор және қызыл-қоңыр таттарына
қарсы 0,5; қара қарақатта антракноз, септориоз, америкалық ақ ұнтаққа қарсы 1,5 л/га. Күтетін
мерзім 30 күн, 1 рет қолдануға болады.
Скор 250, к.э. (дифеноконазол, 250 г/л) Сингента, Швейцария. Алма ағашта қотыр, ақ ұнтаққа0,15-0,2; қант қызылшасында церкоспориоз, ақ ұнтақ ауруларына қарсы-0,4 л/га. Күтетін мерзім
20 күн. Жылына қант қызылшасында 2, алма ағашта 4 рет қолдануға болады.

7. Тұқым өңдейтін фунгицидтер

Тұқым өңдейтін фунгицидтер. Тұқым өңдейтін фунгицидтер: Жанама әсер етуші фунгицидтермен
өңдегенде өсімдіктің сыртқы қабатында сақталып, қоздырғыштар жанасу кезеңінде жойылады. Мысалы
тұқымның сыртқы қабатына ену арқылы тереңдеп әсер ету қабілеті бар. Жанама әсер ететін фунгицидтердің
әсер етуі ауа-райына, санына, өңделетін жерде сақталу уақытына, фотохимиялық және химиялық
тұрақтылығына байланысты. Жанама әсер ететін фунгицидтерді XIX ғасырдың соңынан бері
ауылшаруашылығында пайдаланып келеді.
Жанама әсер ететін фунгицидтердің тобына әсер етуші заттары - тиокарбомат және тирам тобына жататын
және манкоцеб, метирам және ТМТД жатады. Бұл қосылыстар әсер ету шегі кең және дақылдардың
сезімталдығы жоғары заттарға жатады. Фунгицидттік әсері саңырауқұлақ жасушаларының метаболизімін
тежеу арқылы сипатталады. Бұл қосылыстар ұсақ ұрықты дақылдарды өңдеуде қолданылады. Сол сияқты
қызылшаның, рапстың, жүгерінің және картоптың тұқымдарын өңдеуге арналған.
Фенилпирролдар жартылай жүйелік қасиет көрсетеді және өсіп келе жатқан өсімдіктерді қорғайтын аймақ
түзеді. Бұл препараттар қатты күйе, тұқым өскіндерінің ауруларына және фузариозға қарсы тиімділігі жоғары.
Фунгицидтердің бұл тобына флудиоксинил жатады.
Фунгицидтердің стробилуриндер класы - өсімдікке жартылай жүйелі түрде оның құрамында түзілген зат депо
ретінде оның бойымен көтеріледі. Стробилуриндер саңырауқұлақ жасу-шаларының митохондрияларына еніп,
тыныс алу процестеріндегі ферменттерден фосфорлану тотықсыздануына әсер етеді.
Стробилуриндер - жүйелі, төзімді стимуляциялы әсер етеді. Ақұнтақ, шіріктер, тат, тазқотыр, переноспороз,
фитофтороз, жалған ақұнтақ және басқа дақ ауруларына қарсы қолданады. Препараттың бұл түрінің әсер ету
аймағына барлық саңырауқұлақ тұқымдас фитопатогендер кіреді. Стробилуриндер саңырауқұлақтың 4 класын
жояды: оомицет, аскомицет, базидиомицет және дейтеромицет. Акропетальді әсер етеді, яғни өсімдіктің өсу
нүктесімен жылжып, жас өскін органдарын қорғайды. Температура өзгерісіне тұрақты, өсімдікке тез енеді, ұзақ
сақталуын қамтамасыз етеді. Өсімдік ауруларына профилактикалық өңдеу негізіне арналған. Оларға мына
препараттар жатады:
1). Строби, крезоксимметил. 2). Флинт, трифлоксистробин. 3). Квадрис, азоксистробин.

8. Тұқым өңдейтін фунгицидтер

Фунгицидтердің гидроксианилидтер класы - жаңа пайда болған топ.
1) Тельдор - сұр және жеміс шірігі, ақұнтақ ауруларымен күресуге арналған ең жақсы фунгицид. Фитозалалсыз,
қоршаған ортаға және адамға қауіпсіз. Гүл өңдеуге жақсы. Ұзақ жанама әсер етеді. Фунгицидтердің карбамат
класы - жүйелі әсер етеді. Субстратты суғару әдісін қолдануға болады. Тамыр арқылы еніп, сабақ жүйесімен
жоғары таралады.
1). Превикур, пропамокарб - жүйелі және жоғарылату әдісі, оомицеттерге қарсы кең спектрлі әсер етеді (сабақ
және тамыр шірігі, жалған ақұнтақ саңырауқұлақтары).
2). Тату, пропамокарб. 3).Топсин-М, тиофанатметил. Ақұнтақ, тазқотыр, жеміс шірігі, церкоспорозға қарсы
қолдану тиімді. 4). Фундазол, бенлат, беномил, агроцит.
Фунгицидтердің пиперазиндер туындылары класы - қорғау және емдеу арқылы әсер етеді. 1). Сапроль,
трифорин - ақұнтақ, сұр шірік, тазқотыр, ооидиумға қарсы тиімді.
Фунгицидтердің пиримидинамин класы - жүйелі немесе шектеулі жүйелі әсер етеді. Тазқотыр, ақұнтақ, жеміс
шірігіне қолданады. 1). Рубиган. 2). Мильго, этиримол. 3). Хорус, ципродинил.
Фунгицидтердің имидазолдар класы - ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы қолдану тиімді.
1). Мираж. 2). Спортак. 3). Трифмин.
Фунгицидтердің оксатикарбон қышқылдар туындылары класы - жүйелі әсер етеді.
1). Витавакс. Карбоксин. Тұқымды жүйелі улаушы.
Фунгицидтердің дитиокарбоматтар класы - жанама әсер етеді, сондықтан көбіне басқа әсер етуші заттардың
қоспаларымен бірге қолданылады. Аз күнге немесе өсімдікті соңғы өңдеу кезеңінде қолдану тиімді. 1).
Поликарбацин, полирам, метирам. 2). Дитан, манкоцеб.
3). Антракол, пропинеб-цинк құрамды. Бактерицидті қабілеті бар фунгицид. 4). Акробат (манкоцеб-манеба мен
цинеба кешені). 5). Тату, құрамдас фунгицид, манкоцеб (екінші ә.з. пропа-мокарб). 6). Ридомил-Голд құрамдас
фунгицид, манкоцеб) екінші ә.з. металаксил).
7). Кабрио Топ, метирам.

9. Тұқым өңдейтін фунгицидтер

Фунгицидтердің ацетамидтер және оксазолидиндер класы
1)Танос. Құрамдастырылған фунгицид (цимоксанил, фам-оксадон) - фитофтороз, альтернариоз және жалған
ақұнтақ ауруларына қарсы тиімді.
Фунгицидтердің аминоқышқыл туындылары класы - жалған ақұнтақ ауруына қарсы тиімді, жүйелі әсер
етеді. 1). Металаксил, Ридомил. 2). Алацид. 3). Апрон. 4). Крептан.
5). Сандофан. 6). Арцерид. 7). Максим, метелаксил-М.
Фунгицидтердің пирол фтор құрамды туындылары класы
1). Максим, флудиоксонил.
Фунгицидтердің фосфорорганикалық класы - ақұнтақ, саңырауқұлақ ауруларына қарсы тиімді. Афуган ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы тиімді. Әсер етуші заты алюминий фосэтилі. Жалған ақұнтақ
саңырауқұлақтарына қарсы қолдану тиімді. Жүйелі әсер етеді.
1). Альетт, алюминий фосэтилі. 2). Эфаль. 3). Мицу. 4). Алюфит.
Фунгицидтердің морфолиндер класы
1). Акробат МЦ (диметоморф). 2). Аллегро Плюс құрамдас фунгицид (фенпропиморф).
3). Фадеморф (триморфамид). 4). Корбел.
Фунгицидтердің ароматты оксималар классы: 1). Алегро плюс, крезоксимметил.
Фунгицидтердің дитиандар классы: 1). Делан, дитианон.

10. Металлқосылысты пестицидтер

Металлқосылысты пестицидтер: Металлқосылысты пестицидтер екі класқа: бейорганикалық және
органикалық фунгицидтер деп бөлінеді. Бейорганикалық пестицидтерге фторқосылысты, цианқосылысты,
роданқосылысты, күкіртқосылысты, мысқосылысты, мышьякқосылысты пестицидтер жатады.
Органикалық препараттарға: көмірсутектер, альдегидтер және олардың туындылары (бромды метил, жасыл
сабын, формалин, метальдегид және басқалары).
Металлқосылысты пестицидтер сыртқы ортада тұрақты, топырақтан өсімдікке өтіп белсенділік танытады,
топырақ пен судағы микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді.
Металлқосылысты пестицидтерге мыналар жатады:
Мыс купоросы - фунгицид. Әсер етуші заты - мыс сульфаты. Кристалды кесек ұнтақ түрінде шығарылады
(әсер етуші заты 93-98% құрайды). Жеміс-жидектер бүршік атқанға дейін препараттың 1% -дық
концентрациясын алманың таз қотырына, филлокстиктозға, коккомикозға қарсы қолданады. Орташа улы.
Жұмсалу мөлшері 8,0-20,0 кг/га.
Бордос сұйықтығы - фунгицид. Әсер етуші заты магний сульфаты+кальций гирооксидінің қоспасы. 100 мл
бордос сұйықтығын жасау үшін 100 л суға 1 кг мыс купоросы мен 1 кг әкті сумен араластырады. Сұйықтық
нейтралды немесе әлсіз сілтілі ортада болуы тиіс. Оны жеміс-жидектердің, жүзімнің, көкөністердің, техникалық
дақылдардың, дәрілік өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданады. Бал арасы үшін аздап улы препараттың
сақталу уақыты дәрілік шөптерде 20 күн болса, аталған дақылдарда 15 күн. Жұмсалу мөлшері - 6,0-60,0 кг/га.
Мыс хлорокисі - фунгицид. Брутто формуласы: 3Cu(OH)2 CuCI2H2O. Препарат 90%-ды борпылдақ ұнтақ
күйінде шығарылады. Орташа улы. Фунгицидпен бау-бақшаны, көкөністерді, техникалық дақылдарды өнімді
жинауға дейінгі 20 күннің ішінде бүркіледі.
Альетт - жүйелі фунгицид, өсімдік ұлпасына тамыр мен жапырақ арқылы енеді, өсімдік ішінде жақсы
қозғалады. Химиялық формуласы: трис (этилфосфат) алюминий. Әсер етуші заты - фосэтилалюминий. Брутто
формуласы: C6H18 ALO9P3. Жылықандыларға улылығы төмен. Препарат техникалық дақылдар мен басқа да
дақылдардың пероноспороз ауруларына қарсы вегетация кезінде қолданылады, мөлшері - 1,2-5,0 л/га. Жұмсалу
мөлшері әр дақылда әртүрлі.

11. Түрлері

1. Агро-Кп 2,50 % с.с. (диметилолкарбонмид) ЖШС АПК Сұнқар, Алматы. Арпаның тозаңды және тасты күйелері мен тамыр шірігіне қарсы 3,0 л/т. Судың
қажеттілігі 10-12 л/т.
Дивиденд 030. к.с. (дифеноконазол, 30 г/л) Сингента, Швейцария. Жаздық, күздік бидайлар, арпа, жүгерінің әр түрлі күйелеріне, тамыр шірігіне, тұқым зеңі
ауруларына қарсы 2,0-3,0 л/т. Судың қажеттілігі 5-10 л/т.
Дитам- М, с.п. (манкоцеб, 90 г/кг) Дау Агро Саенсес, АҚШ. Тұқымдық картоптың ризоктониозына 2,0-2,5 кг/т.
Колфуго-супер, 20 % с.с. (карбенозим) ЖШС Агрохимия, Қазақстан, Агро-Кеми Кфт, Венгрия. Жаздық, күздік бидайлар мен арпаның әр түрлі күйелеріне,
тамыр шірігіне, тұқым зеңі ауруларына қарсы 1,5-2,0 л/т. Судың қажеттігі 10 л/т.
Дерозол, 50 пайыз с.у., 50% к.э. (карбендазим) Байер Кроп Сайенс. Жаздық, күздік бидайлар, қара бидай, арпа, тары, күріш, май бұршақ, бұршақ, рапстың
әр түрлі күйелеріне, тамыр шіріктеріне қарсы 2,0-2,5 кг/т, л/т. Судың қажеттілігі май бұршақта, бұршақта, күріште, рапста 5-8 л/т, ал басқа дақылдарда 10 л/т.
Сэнсэй, с.с.к. (диниконазол-М, 80 г/л), ЖАҚ Фирма Август, Ресей. Күздік бидайдың әр түрлі күйелеріне, тамыр шірігіне, тұқым зеңі ауруларына қарсы
0,375-0,5 л/т. Судың қажеттілігі 8-10 л/т.
Суми-8,2% ФЛО (димиканозол) Сумитомо Кемикал, Жапония. Жаздық, күздік бидайлар, арпаның әр түрлі күйелеріне, тамыр шірігіне, тұқым зеңі
ауруларына қарсы 1,0 л/т. Судың қажеттілігі 10 л/т.
Премис, 2,5 к.с. (тритиконазол, 25 г/л) Баейр Кроп Сайенс, БАСФ Агро Б.В., Швейцария. Жаздық бидай мен арпаның әр түрлі күйелеріне, тамыр шірігіне,
тұқым зеңі ауруларына қарсы 1,0-1,5 л/т. Судың қажеттілігі 8-10 л/т.
Премис екі жүз, 20% к.с. (тритиконазол, 200 г/л) Байер Кроп Сайенс, БАСФ Агро Б.В., Швейцария. Бұл тұқым өңдегіштердің қолдануы премис, 2,5% к.с.
сәйкес келеді, бірақта алынатын мөлшері 8 есе кем.
Раксил, 6% с.е.к. (тебуконазол, 60 г/л) Байер Кроп Сайенс. Жаздық, күздік бидай мен арпаның ұнды және тозаңды күйелеріне, тамыр шірігіне, тұқым зеңі
ауруларына қарсы 0,4 л/т. Судың қажеттілігі 10 л/т. РЕД астық дәндерінде 0,2-1,0 мг/кг.
Раксил ультра, к.с. (тебуканозол, 120 г/л) Байер Кроп Сайенс. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6% с.е.к. сәйкес келеді, бірақта алынатын мөлшері
2 есе кем.
Рексол, 6% с.е.к. (тебуконазол, 60 г/л) Лейтон Агрио Лтд, Венгрия. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6 % с.е.к. сәйкес келеді.
Табу, 6% с.е.к. (тебуконазол, 60 г/л) Тагрос, Үндістан. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6% с.е.к. сәйкес келеді.
Тебу, 6% май э. (тебуконазол, 60 г/л) Чангджоу Куангмай Кемикап, КХР, ЖАҚ Щелково Агрохим, Ресей. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6% с.е.к.
сәйкес келеді.
Бункер, с.с.к. (тебуконазол, 60 г/л) ЖАҚ фирма Август, Ресей. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6 % с.е.к. сәйкес келеді.
Винцит экстра, к.с. (флутриафол, 50 г/л) Кеминова А/С, Дания. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы раксил, 6 % с.е.к. сәйкес келеді, бірақта алынатын мөлшері
0,5-0,47 л/т.
Сункар-1, 10% с.с. (доксиметилмочевина) ЖШС АПК Сұнқар, Алматы. Жаздық, күздік бидайлар мен арпаның әр түрлі күйелеріне қарсы 3,0 л/т. Судың
қажеттігі 10-20 л/т.
Сункар-3, 20 пайыз с.с. (моно,-ди-, үш- оксиметилмочевиналар) ЖШС АПК Сұнқар, Алматы. Мақтаның гомоз және тамыр шірігіне қарсы 2,0 л/т.
ТМТД, 80 пайыз с.у. (тирам) РӨҚХЗҒЗИ Ресей. Жаздық, күздік бидайлар, қара бидай, жүгері, соргоның әр түрлі күйелеріне, тамыр шіріктеріне, тұқым
зеңіне қарсы 1,5-2,0; әр түрлі қызылшаларда фомоз, пероноспориоз, церкоспориоз, тамыр шірік, тұқым зеңіне-4,0-6,0; тұқымдық картопта фомоз, су шірік, әр
түрлі қотырларға-2,1-2,5; күнбағыста переноспориоз, ақ және сұр шіріктер мен тұқым зеңіне-2,0-3,0; мақтада тамыр шірік, тұқым зеңіне-8,0-10,0; көкөніс,
бақша дақылда әр түрлі ауруларға-4,0-8,0; алма, алмұрт ағаштарда тұқым зеңі, тамыр шіріктерге-2,0, бір және көп жыдық бұршақ тұқымдас өсімдіктерге
аскохитоз, фузариоз, антракноз, бактериоз, сұр шірік, тұқым зеңі ауруларына қарсы 3,0-4,0 кг/га. Судың қажеттілігі дақылдарға байланысты 5-10 л/т. Адамдар
мен жылы қанды жануарларды орташа уландырады. РЕД астық өнімдерінде рұқсат берілмейді.

12. Бейорганикалық күкірт препараттары

2. Агро-Кп 6,30% с.с. (фурфурилиздендикарбамид, 15 пайыз + диметилолкарбамид, 5 пайыз)ЖШС АПК Сұңқар, Алматы.
Жаздық бидай мен арпаның әр түрлі күйелеріне қарсы 3,0 л/т. Судың қажеттілігі 10-12 л/т.
Виал, с.с.к. (диниконазол-М, 60 г/л+тиобендазол, 80 г/л) ЖАҚ Фирма Август, Ресей. Күздік бидайдың әр түрлі күйелер,
тамыр шіріктері мен тұқым зеңі ауруларына қарсы 0,4-0,5 л/т. Судың қажеттілігі 10-12 л/т.
Виал, с.с.к. (диниконазол-М, 60 г/л+тиобендазол, 80 г/л) ЖАҚ Фирма Август, Ресей. Күздік бидайдың әр түрлі
күйелер, тамыр шіріктері мен тұқым зеңі ауруларына қарсы 0,4-0,5 л/т. Судың қажеттілігі 8-10 л/т.
Виалл, с.с.к. (тиабендазол, 80 г/л +тебуконазол, 60 г/л) Цзянсу Институт, КХР, ЖАҚ Фирма Август, Ресей. Жаздық
бидай мен арпаның әр түрлі күйелер, тамыр шіріктері мен тұқым зеңі ауруларына қарсы 0,3-0,4 л/га. Судың қажеттігі 10
л/т.
Ламадор, к.с. (протиканозол, 250 г/л+тебуконазол, 150 г/л) Байер Кроп Сайенс. Бұл тұқым өңдегіштің қолдануы виалл,
с.с.с. сәйкес келеді, бірақта алынатын мөлшері 0,12-0,15 л/т.
Винцит, 5% к.с. (флутриафол, 25 пайыз+тиабендазол, 2,5 пайыз) Кеминова А/С, Дания. Жаздық, күздік бидайлар мен
арпаның әр түрлі күйелер, тамыр шіріктері мен тұқым зеңі ауруларына қарсы 1,5 л/т. Судың қажетті мөлшері 10 л/т.
Юнта, к.с. (тебутоназол, 13 г/л+имидоклоприд, 233 г/л) Байер Кроп Сайенс. Жаздық бидайда әр түрлі күйелер, тамыр
шіріктері мен тұқым зеңі аурулары мен бүргелерге, шыбындарға, бидай трипсына қарсы 1,5-1,75 л/т. Судың қажеттігі 10
л/т.
Витавакс 200 ФФ, 34% с.с.к. (карбоксин 17 пайыз+тирам 17 пайыз) Кромптон АҚШ. Жаздық, күздік бидайлар, арпа,
жүгері, тары, сұлының әр түрлі күйелеріне, тамыр шіріктері мен зеңі ауруларға қарсы 1,5-3,0 л/т. Судың қажеттігі 10 л/т.
Мақтада гомоз бен тамыр шіріктер ауруларға қарсы 4,0 л/т. Судың қажеттігі 16 л/т. Адамдар мен жылы қанды
жануарларды әлсіз уландырады. РЕД астық өнімдерінде рұқсат берілмейді .
Витарос, с.с.к. (карбоксин, 198 г/л+тирам, 198 г/л) ЖШС Фирма Август, Ресей. Күздік бидайдың әр түрлі күйелеріне,
тамыр шіріктері мен зеңі ауруларға қарсы 2,0-2,5 л/т. Судың қажеттілігі 8-10 л/т.
Дивиденд стар 036 ағатын паста (ципроканозол 6,3 г/л+дифеноканозол, 30 г/л) Сингента, Швейцария. Жаздық бидай
мен арпаның әр түрлі күйелеріне, тамыр шіріктері мен зең ауруларына қарсы 1,0-1,25 л/т. Судың қажеттігі 10 л/т.
Дивиденд экстрим 115, а.с. (дифеноконазол, 92 г/л+мефеноксам, 23 г/л) Сингента, Швейцария. Бұл тұқым өңдегіштің
қолданылуы дивиденд стар 036 а.п. сәйкес келеді, бірақта алатын мөлшері 0,4-0,5 л/т.

13.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
English     Русский Rules