№ 6 ДӘРІС.Зиянкестермен күресу құралдары. Хлорорганикалық, фосфорорганикалық құрылымдар.
Зерттеулердің концептуалдық моделі
Фосфорорганикалық пестицидтер
126.81K
Categories: biologybiology industryindustry

Зиянкестермен күресу құралдары. Хлорорганикалық, фосфорорганикалық құрылымдар. № 6 дәріс

1. № 6 ДӘРІС.Зиянкестермен күресу құралдары. Хлорорганикалық, фосфорорганикалық құрылымдар.

1.Зиянкестермен күресу құралдары.
2.Хлорорганикалық құрылымдар.
3.Фосфорорганикалық құрылымдар.
1. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне,
ауруларына және арам шөптеріне қарсы қолданылатын қазіргі кездегі белсенділігі жоғары инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер – аз
жұмсалу мөлшерімен, жоғары тиімділігімен және
таңдамалы қасиетілігінің мақсаттылығымен
ерекшеленеді.

2.

Пестицидтер біріншіден, зиянды организмдерге
қарсы қолданылып өнім сапасын арттыратын болса,
екіншіден, табиғат пен адам өміріне зиянын тигізеді.
Сондықтан пестицидтердің неғұрлым әсері күшті,
экономикалық жағынан пайдалы және уыты адамға
да, малға да зиян келтірмейтін препараттарды таңдап
алу қажет және тиімді қолдана білудің маңызы зор.
Пестицидтердің кластары.
Кластар
Альгицидтер
Негізгі химиялық топтар
Қалайыорганикалық қосылыстар
(брестар)

3.

Фунгицидтер Дикарбоксимидтер(каптан)
Хлорлы ароматикалық
көмірсутектер (пентахлорфенол)
дитиокарбаматтар (манеб)
сынапқосылыстары (фенилсынап
ацетаты)
Гербицидтер
амидтер, ацетамидтер (пропанил)
бипиридилдер (паракват)
карбаматтар, тиокарбаматтар (барбан)
феноксиқышқылдар (2,4,-Д)
динитрофенолдар (динитрокрезол)
динитроанилин (трифлюралин)
мочевина туындылары (монурон)
триазиндер (атразин)

4.

Нематоцидте
р
Моллюскоцид
тер
Инсектицидтер
галогенді алкандар (этилен
дибромид)
хлорлы көмірсутектер (байлусцид)
хлорлы көмірсутектер
ДДТ (ДДТ) аналогтары
хлорлы терпендер (токсафен)
фосфорорганикалық қосылыстар
(паратион)
карбаматтар (карбарил)
тиоцианаттар (летан)
динитрофенолдар (ДНОК)

5.

Инсектицидтер
фторацетаттар (ниссол)
өсімдік улары
никотин
ротеноидтар (ротенон)
перитроидтар (перитрин)
өсуші гормондардың аналогтары
(метопрен)
мышьяк туындылары (қорғасын
арсенаты) фторқосылысты
қосылыстар (натрий фториді)

6.

Акарицидтер
күкірторганикалық қосылыстар
(овекс) формамидин
(хлордимеформ) динитрофенолдар
(динекс) ДДТ аналогтары
(хлорбензилат)
Родентицидтер антикоагулянттар (варфарин)
алкалоидтар (стрихнин сульфаты)
фторқосылысты қосылыстар
(фторацетат)
тиомочевина туындылары
(нафтилтиомочевина)
таллий қосылыстары (таллий
сульфаты)

7.

Пестицидтерді қолданудың қауіпті жағдайлары
әртүрлі факторлармен байланысты. Ең негізгісі, жеке
препараттың физико-химиялық қасиеті, өңдеу мерзімі және мөлшері, қайталау, зиянды организмдерден
қорғалатын дақылдардың ерекшеліктері, топырақклимат жағдайлары болып табылады, күн радиациясының қарқындылығымен байланысты. Яғни, ауа
температурасы, топырақ, жауын-шашын және басқа
факторлар пестицидтердің сыртқы ортадағы айырмашылықтарын көрсетеді, сондықтан әртүрлі аймақтарда пестицидтерді қолдану регламенті де әралуан
болады.

8.

Ауылшаруашылық өндірісі - тамақ өнеркәсібінің негі
зі. Әлбетте, ауыл-шаруашылық өнімдерінің мол болуы оларды өсіру барысында күту және қорғау арқылы жүзеге асырылады. Алынған өнімнің сапалық
көрсеткіштері мемлекеттік стандарттың талаптарына
сай болуы санитарлық-гигиеналық және экологиялық зерттеулер нәтижесінде бағаланады.
Ол үшін ізденулер, белгілі бір жан-жақты талданған
жүйе арқылы жүргізілуі керек. Осы мақсатқа жету
үшін төменде көрсетілген концептуалдық модель
пайдаланылады.

9. Зерттеулердің концептуалдық моделі

Пестицид
Инсектицид Фунгицид Гербицид
Жұмса
лу мөл
шері,
Ауарайы,
Уақыт
Ө Сапа
Зиян келтіруші нысандар
ПестицидтерЗиянкестер Аурулар Арамшөптер
Н дің
қалдық
мөлшері
Өсімдік
І БиохиАуылшаруашылық дақылдар
миялық
көрсетТопырақ
М кіштері

10.

• Бұл жүйе, алдын-ала талдау негізінде, қарапайымдық
принципін сақтай отырып, әрбір негізгі блоктары үш
фактордан артық емес етіп құрастырылды. Мысалы,
әсер етуші факторлар - инсектицидтер, фунгицидтер,
гербицидтер; әсер етілуші факторлар - зиянкестер,
аурулар және арамшөптар, өсімдіктер, топырақтар;
өтпелі үрдістерге жауапты факторлар – пестицидтердің мөлшері, ауа-райы, уақыт; өнімнің сапасына
жауапты факторлар ретінде - өнім мөлшері, пестицидтер қалдығы және өнімнің биохимиялық көрсеткіштері. Модель негізгі үш блоктан (өтпелі үрдістерге жауапты блок, пестицидтердің тікелей әсер
ететін блогы және өсімдіктер өнімінің блогы)
тұрады.

11.

• 2. Органикалық қосылыстардың ішінде хлорорганикалық пестицидтер суда нашар ериді, ал органикалық ерітінділерде, әсіресе майларда жақсы ериді.
Сонымен қатар, олардың көпшілігі ұшқыш қосылыстар, термиялық және химиялық жағынан сыртқы
ортаға (температураға, күн сәулесіне, ылғалдылығына) тұрақты. Сондықтан зиянкестерден қорғайтын препараттар ұзақ уақыт сақталатындықтан
сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдеріне қауіпті екені белгілі. топтың препараттары топырақта
2-15 жыл аралығында сақталуы мүмкін, топырақтың беткі қабатынан, ішкі құрылымына баяу көшіп
отырады. Содан кейін препараттар өсімдік ішіне
тарайды, жаңбыр сулары арқылы өзендер мен
көлдерге түседі.

12.

Топыраққа шашылған хлорорганикалық қосылыстар 1-8 аптаның ішінде топырақтың микробиологиялық белсенділігін уақытша төмендетеді, бірақ
топырақтың қасиетіне елеулі әсер етпейді. Суға өткен химиялық қосылыстар бірнеше апталар немесе
айлар бойы табылады. Уақыт өте келе судағы өсімдіктер мен жануарлар организмдеріне сіңіп, жиналады. Сонымен қатар хлорорганикалық инсектицид
тердің негізгі топтары топырақта 18 айға жуық
сақталып, баяу ыдыраған.

13.

Хлорорганикалық инсектицидтер жоғары температураның әсерінен ауаға ұшып, қопсытылған топыраққа келетін құстарға, өңделген танапта жұмыс істей
тін адамдарға қауіп төндіреді. Бұл қосылыстар өсімдік пен топырақта (қайталап өңдеуден кейін қалдық
мөлшері 30-75 күн аралығында, ал тамыр арқылы
таралған препарат вегетация кезінде) баяу ыдырайды. Зиянкестердің организмдеріне енген хлорорганикалық препарат оның жүйке жасушасындағы мембрананың липоидты тепе-теңдігін бұзады, жүйке серпілісіне кедергі жасайды. Нәтижесінде зиянкестер жүй
ке жүйесінің бұзылуынан өледі немесе сал ауруына

14.

ұшырайды. Бұл улану үрдісі 7 күнге созылуы мүмкін. Сонымен қатар, хлорорганикалық қосылыстар
орташа және аса жоғары улылық қасиеттерімен ерекшеленеді, химиялық және термиялық берік заттар,
сыртқы ортаның әсеріне де төзімді. Демек, препараттың ұзақ уақыт сақталуы зиянды организмдерді құртуға себепші болады. Бірақ, олардың баяу ыдырауы,
сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдерін ластайды.
Хлорлы көмірсутек туындыларының метаболизмі
зиянкес организмінде және басқаларында негізгі үш
бағытпен жүреді:

15.

1) бір немесе одан да көп HCI молекуласының
дегидрохлорлануымен уыты аз өнімнің түзілуі;
2) уыты аз метаболиттердің эпоксидтерге дейін
тотығуы (активациялануы);
3) организмде суда еритін заттардың тез шығуы метаболизм процесінің бұл бағыты қосылыстар мен
олардың токсикологиялық құрамына тәуелді.
Хлорорганикалық инсектицидтердің ішінде белгілі
препараттардың бірі - ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) 1874 жылы синтездеп алынған. Препараттың
инсектицидтік құрамын 1939 жылы ең бірінші анықтаған швейцариялық химик Паул Мюллер болатын.

16.

Ашқан жаңалығы үшін ол 1940 ж. Нобель сыйлығына ие
болған. ДДТ препараты Ұлы Отан соғысы жылдарында безгек
(малярия) ауруларына, битке және де басқа зиянкестерге
қарсы қолданылған.
Даконил - жүйелі фунгицид, астық тұқымдастар мен техникалық дақылдардың ауруларына (тат, септориоз, фитофтороз
және т.б.) қарсы қолданылады. Химиялық формуласы: 2,4,5,6
- тетрахлоризофталонитрил. Брутто формуласы: С8CI4N2.
Әсер етуші заты - хлороталонил. Жапырақтарда ұзақ сақталады, өсімдіктің беткі қабатына толығымен тарайды және
өнім сапасын жоғарылатады. Жылықандыларға улылығы аз
мөлшерде болады. Жұмсалу мөлшері - 0,3-50,0 кг/га.
Спортак - ақ ұнтаққа, септориозға, теңбіл даққа қарсы
қолданылады. Химиялық формуласы: N-пропил-N-2-(2,4,6трихлорфенокси)-этилимидазол-1-карбоксамид. Брутто
формуласы: С15 Н16CI3N3О2. Әсер етуші заты - прохлораз.
Жылықандыларға улы. Фунгицидті әсері күшті, өсімдіктің
барлық органына енеді, сақталу белсенділігі 4 немесе одан да
көп аптаға созылады. Астық тұқымдастарға вегетация кезінде
1,0 л/га концентраиясымен бүркіледі.

17. Фосфорорганикалық пестицидтер

Фосфорорганикалық пестицидтер химиялық қосылыстардың ішіндегі негізгі топтарға жатады. Себебі
өсімдік пен топырақта тез ыдырайды, жұмсалу шығыны аз және экономикалық тиімділігі зор.
Фосфорорганикалық пестицидтер зиянкестерге қарсы жоғары инсектицидті және акарицидті белсенділік көрсетеді; заттардың жүйелі әсері; препаратты аз
жұмсалатын мөлшермен өңдеу және олардың зиянкестерге тез әсер етуі; топырақта тез ыдырауымен
қатар балықтарға улы екені анықталған. Олардың
ішінде аз және орташа ұшқыш қосылыстары терінің
сіңіріп алуына ықпал етеді.

18.

Фосфорорганикалық пестицидтерді қолдануда қоршаған ортаға, фосфорорганикалық қосылыстардың
аз мөлшері жұмсалса да, препараттардың метаболизмі жылықанды жануарларға эмбриотоксикалық
әсер көрсетеді. Қоршаған ортада пестицидтердің
ыдырауы физикалық және химиялық факторлардың
әсерінен болады. Факторлардың ішіндегі ең маңыздысы пестицидтер топырақта адсорбцияланып белсенді биологиялық әсер етеді, ал атмосфераға буланып, ауаға тарайды. Сонымен қатар атмосферада тез
ыдырап, негізінен қарапайым қосылыстары озон
қабатында тотығады, көпшілігі гидролизденеді.

19.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша ұзақ сақталатындары да белгілі болған. Мысалы, Қазақстанның
оңтүстік-шығысында шегіртке зиянкестеріне қарсы
фосфорорганикалық дурсбан, адонис препараттары
қолданылып, өсімдік пен топырақта 4 айға жуық
сақталған.
Инсектицидтердің фосфорорганикалық класы шектеулі жүйелі, кең спектрлі әсер етеді.
1) Актеллик, пиримифос-метил - инсектоакарицид
2) Сумитион, фенитратион, овадофос, метатион –
инсектицидтер
3) Золон. Фозалон. Бензофосфат - инсектоакарицид
4) Нурел Д, Пиринекс, Дурсбан, Матадор; хлорпирифос - фосфорорганикалық инсектиоакарицидтердің ең
күшті құрамдасқан түрі, адамға келтіретін зияны өте
үлкен.

20.

5) Базудин. Диазинон. Диазол, Гром-2, Громобой,
Бунчук, Медведокс.- топырақта өмір сүретін
зиянкестерге қарсы қолдануға болады.
6) Би-58, Рогор-С, Диметрин, Акцент, Пилармакс,
Данадим - инсектоакарицид
7) Фуфанон - Фосцебид, Карбофос, Малатион инсектоакарицид
8) Вофатокс, Фосфамид, Паратионметил, Парашют,
метилпаратион - топырақта өмір сүретін
зиянкестермен күресуге қолданады.

21.

Фосфорорганикалық инсектицидтер (ФОИ) - көп
мөлшерде фосфор және тиофосфор қышқылдарының
эфирлерінен тұрады. Бұл препараттар хлороргани-калық
препараттарға қарағанда өте улы, бірақ қор-шаған ортада
тұрақсыз, тез ыдырайтындықтан экологиялық көзқарас
жағынан қауіпсіз. ФОИ 1930 жылдары Германияның
Герхард Шрадер зертхана-сында түзілген.
Дурсбан (Дэу АҚШ, П-1) - инсектицид, әсер етуші заты хлорпирифос. Брутто формуласы: С9Н11CI3NO5PS.
Химиялық фор-муласы: О-(3,5,6,-трихлорпиридил-2)-О,)диэтилтио-фосфат. Бұл препарат техникалық және жемісжидек дақылдарының вегетация кезінде инсектоакрицид
ретінде сорғыш және кеміргіш зиянкестерге, кенелерге
(әсіресе шегіртке зхиянкестеріне) қарсы қолданылады.
Улылығы жоғары. Улылық әсерінің ұзақтығы 10-12 күн.
Жұмсалу мөлшері 0,2-0,4 л/га.

22.

Нурелл Д (Дэу АҚШ, П-1) - жанама әсер етуші
инсектицид. Химиялық формуласы: (1RS)-цис,
транс-3-(дихлорвинил) 2,2-диметилциклопропанкорбон қышқылы (1%)+(RS)-3-фенокси-1-цианбензилді эфир (5%) + О-(3,5,6,-трихлорпиридил-2)-О,Одиэтилтиофосфат (50%). Әсер етуші заты циперметрин 5% + хлорпирифос 50%. Улылығы орташа.
Препарат колорадо қоңызына, кенелерге, жапырақ
ширатқыш көбелекке және күйе көбелегіне қарсы
қолданылады. Жұмсалу мөлшері 0,3-1,5 л/га.
English     Русский Rules