ЖОСПАР.
1.44M
Category: biologybiology

Өсімдік ауруын анықтау

1.

2. ЖОСПАР.

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
1. Өсімдік ауруын анықтау.
2. Анатомиялық өзгерістер.
3. Жасуша мембранасының өзгеруі.
4. Саңырауқұлақтарды қоздыратын ауруларды не
микоздарды анықтау.
5. Ауру қоздырғыштардың патотиптері мен нәсілдері.
6. Өсімдіктерді жасанды залалдау.
7. Аурулардың таралуы мен дамуын анықтау.

3.

Өсімдік ауруларын анықтау. Ең алдымен олардың
туындау себептерін білгеніміз жөн. Өсімдік аурулары
жұқпайтын немесе физиологиялық, жұқпалы яғни
инфекциялы деп екі топқа бөлінеді. Соңғылары
микоздар немесе саңырауқұлақтар, бактериоздар –
бактериялар және вироздар – вирустар қоздыратын
ауруларға жіктеледі.

4.

Анатомиялық өзгерістер.
Бірінші кезекте ауруға
шалдыққан мүшелерді
жай көзбен жіті қараса,
оларда анатомиялық
өзгерістердің бар-жоғы
байқалады.
Екінші көңіл аударатын
мәселе, өсімдіктің ауруға
қай мүшесі шалдыққаны
– жапырақ немесе
сабақ, масақ пен дән
және басқада жеміс
түзетін мүшелер, тамыр
немесе тамыр-жемістер.
Үшінші зер салатын мәселе,
аурудың өсімдіктердің өсу
және жыныс мүшелерінде
таралу ерекшеліктері. Ол
өсімдіктің өн-бойын қуалай,
барлық мүшелерін шарпитын
болса, жүйелі немесе
диффузиялы ауру болғаны.

5.

Жасуша мембранасының еруі. Ауру
қоздыратын
микроағзалардың,
әсіресе
бактериялардың
әсерінен,
өсімдік
жасушасының
мембранасы
жойылады.
Осының салдарынан қоректік заттар мен
суға бай мүшелер ыдырап, шіриді. Картоп,
сәбіз, қызылша, т.б. суға бай тамыр
жемістерде сақтау кезінде жиі кездеседі.

6.

Өсу заттарының түзілуінің бұзылуы. Өсімдіктердің өсуіне қажет заттар
жеткіліксіз болса, өсуі нашарлайды. Олар шектен тыс көп түзілсе,
жасушалардың бөлінуі үдеп кейбір мүшелер қаулап өседі немесе әр түрлі
ісіктер мен буылтықтар пайда болады.
Гипертрофия. Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдік жасушылары мен
ұлпаларының мөлшері мен пішінінің өзгеруі. Төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтар қоздыратын қырыққабаттың тамыры мен картоп
түйнектері ісік ауруына шалдыққанда осындай өзгерісті байқаймыз.
Жасушалардың шамадан тыс көбейіп, пішіні өзгеруінің салдарынан
аталған мүшелерде шорланған ісіктер пайда болады.
Гиперплазия – өсімдік жасушаларының шамадан тыс көбеюі. Патогенді
ағзалармен қатар аурудың негізгі себебі бунақденелілер, механикалық
жарақаттар және химиялық әсерлер болуы мүмкін. Олардың салдарынан
көпжылдық ағаштар діңінде әртүрлі шорлар байқалады.
Гипоплазия –көбінесе өсімдіктер вирустар мен микоплазмалар
қоздыратын ауруларға шалдыққанда байқалады. Негізгі белгілері өсімдіктердің өсуінің баяулауы немесе тоқталуынан байқалатын
ергежейленуі немесе пішінінің өзгеруі, жапырақтардың шамадан тыс
сартаптануы. Күздік бидайдың қортық немесе ергежейлі қаракүйесін де
гипоплазияға жатқызуға болады. Ауруға шалдыққан өсімдіктер шамадан
тыс түптенетіндіктен бойы аласа келеді.

7.

Саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды немесе микоздарды анықтау. Алдымен
жапырақ пен сабақта, оның буынаралықтырында, сүректе, көбею мүшелері мен жемістерде
аурудың қандай белгілері байқалатыны (қаракүйе, тат, дақ, теңбіл ісік, тамыр шірігі, солу және т.б.)
анықталады. Саңырауқұлақтармен залалдалған мүшелерде:
- пустулалар,
- қаракүйе түйіршектері,
- мицелий мен конидия сағақтары және споралардан тұратын жұқа өңез,
- жеміс денелері,
- пикнидалар,
- арнайы спора тұғырлары кездеседі.
Мәдени дақылдардың қаракүйе, тат, ақ ұнтақ сияқты ауруларын оларға тән сырт белгілері
бойынша ажырату қиын емес. Сол тәріздес біраз ауруларды залалданған мүшелерде түзілетін
шынайы немесе жалған жеміс денелері (клейстотеций), арнайы спора тұғырында - астаушалар
(антракноз).

8.

Ылғалды камера және жасанды орта
әдістері.
Мәдени
дақылдардың
саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларын
анықтау үшін ылғалды камера жиі
қолданылады. Алдымен залалданған өсімдік
мүшесінің кішірек кесінділері спиртпен 1-2
минут немесе 0,5%-ті KMnO4 ертіндісінде
10-20 минут зарарсыздандырылады. Бұл
мақсат үшін 0,1 – 0,2% мыс купоросының
ерітіндісін пайдалануға болады. Сонан кейін
кесінділер стерилді сумен шайылып, Петри
ыдысына ылғалдандырылған 2-3 қабат
сорғыш
қағазға
орналастырылады,
термостатта 20-250С температурада
5-7
сөтке ұсталынады. Осы мерзімнен кейін
микроскоп
арқылы
саңырауқұлақтың
споралану мүшелерінің бар-жоғы және
морфологиялық ерекшеліктері анықталады.

9.

Зерттеу әдісі
Тұқым натрий сілтісінің
ерітіндісінде қайнатылып, оның
жарнағы эндоспермадан бөлініп
алынады да, көк анилин бояуымен
боялады. Жарнақ
жапырақшаларды зат әйнегінің
үстіне жазып микроскоп арқылы
қарасақ, боялмаған өсімдік
ұлпаларының арасынан көкшіл
түске боялған қаракүйе
мицелийлерін байқаймыз.
Гистологиялық әдісті ауру
қоздырғышының ие-өсімдікпен
паразиттік ара- қатынасын зерттеу
үшін қолдануға болады.

10.

Өсімдік бактериоздарын анықтау әдістері.
үстінде
ақшыл,
мөлдір
немесе
сарғылт,
шық тәріздес
тамшы
экссудат
бөлінеді
Бактериоз
күңгірт-жасыл
келетін майлы
дақтар түзіледі.
кепкенде
қиыршықт
алған
ұнтаққа
айналады.

11.

Зерттеу әдісі
Алдымен олардың морфологиялық қасиеттері, атап
айтқанда пішіні, денесінде талшықтары бар-жоғы,
олардың орналасу ерекшеліктері, белсенді қозғалуға
қабілеттілігі, спора және капсула түзетіні немесе
түзбейтіні анықталады.

12.

Өсімдік микоплазмозы мен
вироздарын анықтау тәсілдері.
Микоплазмоздың анық байқалатын
сырт белгісі - өсімдіктердің
сарғылттану немесе сараптануы,
бойының өспей ергежейленуі. Ауру
қоздырғышын анықтау үшін кәдімгі
микроскопты пайдалануға болады.
Көкшіл толуидинмен алдын-ала
боялған микрокесінділер 5001000 есе үлкейтіліп, микроскоп
арқылы қаралады. Аса көгілдір
сәулені пайдалану арқылы да
микоплазма бөлшектерін байқауға
болады. Микоплазмаларды
залалданған өсімдік жасушасынан
немесе тасымалдаушы
бунақденелілерден бөліп алу үшін,
СМ- ИМВ-2 деп аталатын арнайы
сұйық орта қолданылады.

13.

Ауру қоздырғыштарының патотиптері мен нәсілдері
Маманданған фитопатогендер немесе монофагтар
өсімдіктің бір түрінде немесе туысында ғана паразитті
тіршілік ете алады. Астық дақылдарының сабақ татының
қоздырғышы Puccinia graminis саңырауқұлағына келсек,
ол маманданған формаларға жіктеледі: sp. f. secalis –
қарабидай мен арпаның, sp. f. tritici – тек қана
бидайдың сабақ татын қоздырады. Осындай мамандану
Erysiphe graminis саңырауқұлағында да байқалады.
Мәдени және жабай астық тұқымдастардың көпшілігінде
ақ ұнтақ ауруы кездескенмен, оның қоздырғышы
өсімдіктердің түріне немесе туысына маманданған
бірнеше формалардан тұрады.

14.

Аурулардың таралуы мен дамуын анықтау
Мәдени дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау шараларын жоспарлау және ұтымды мерзімде жүргізу
үшін аурулардың таралуы мен даму ерекшеліктерін тұрақты бақылап отыру қажет. Бұл жұмысты атқарғанда
алға қойылатын басты мақсат – аурулардан келетін шығын мөлшерін алдын-ала болжап, арнайы химиялық
шаралар қолдану қажеттілігін және мерзімін анықтау. Таралу және зияндылығы жағынан өсімдік ауруларын
үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – жыл сайын дамитын, сондықтан да өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетпеу үшін
профилактикалық немесе арнайы шараларды тұрақты жүргізіп отыру қажет аурулар жатады. Бұл топқа тұқым
немесе отырғызылатын материалдар арқылы таралатын дәнді дақылдардың қаракүйелері мен тамыр шірігі,
мақтаның гоммозы, майлы және көкөніс дақылдар мен картоптың кейбір аурулар.
Екінші топқа таралуы мен дамуы жыл сайын біраз өзгергенмен салыстырмалы зияндылығы тұрақты
келетін аурулар жатады. Картоп пен қызанақтың макроспориозы мен альтернариозы, қиярдың және басқа да
асқабақ тұқымдастардың ақ ұнтағы мен переноспорозы, алма мен алмұрттың таз қотыры, жүзімнің милдью
және ақ ұнтағы, астық дақылдарының гельминтоспориозды теңбілденуі осы топқа жатады. Бұл ауруларға
қарсы химиялық шаралар жүйесін жоспарлаған кезде фунгицидтердің қолданылатын мөлшерімен қатар
жиілігі де есепке алынуы қажет.
Үшінші топқа таралу ареалы мен даму қарқындылығы жыл сайын айтарлықтай өзгеріп
отыратын аурулар жатады. Олар дәнді дақылдардың тат және септориозы, картоп пен қызанақтың
фитофторозы. Аталған ауруларға қарсы фунгицидтер қолданылатын егіс мөлшері жыл сайын өзгеріп
отырады. Осы себептенде бұл аурулардың әр түрлі аймақтарда таралу және даму екпінділігі мен
зияндылығын алдын-ала болжап, осыған орай химиялық құралдар қолданылатын егіс көлемін нақты
анықтап отыру қажет.

15.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жалпы фитопатология, ҚОЙШЫБАЕВ М.,
ЖАНАРБЕКОВА А.Б., Алматы, 2011, 195-202б.б.
2. www.yandex.ru, wikipedia.kz;
3. www.google, bilimdiler.kz.
English     Русский Rules