6 тақырып. Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері.
1. Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың орны мен мерзімі.
2. Нотариалдық іс-әрекеттерді кейінге қалтыру және тоқтата тұру. Нотариалдық куәландырудан бас тарту.
3. Нотариусқа жүгінушілердің жеке басын, өкілеттілігін және әрекет қабілеттілігін анықтау.
4. Нотариусқа тапсырылатын және нотариуспен берілетін құжаттарға қойылатын талаптар.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
109.29K
Category: lawlaw

Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері

1. 6 тақырып. Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері.

6 ТАҚЫРЫП.
НОТАРИАЛДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
1. Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың орны
мен мерзімі.
2. Нотариалдық іс-әрекеттерді кейінге қалтыру және
тоқтата тұру. Нотариалдық куәландырудан бас тарту.
3. Нотариусқа жүгінушілердің жеке басын,
өкілеттілігін және әрекет қабілеттілігін анықтау.
4. Нотариусқа тапсырылатын және нотариуспен
берілетін құжаттарға қойылатын талаптар.

2. 1. Нотариалдық іс-әрекеттер жасаудың орны мен мерзімі.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлiнiсіне
сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың аумағы нотариалдық округ болып танылады.
Нотариалдық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың қызмет ету
аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi. Нотариалдық аумақ
шегiнде жекеше нотариустың қызмет ету аумағын нотариалдық
палатамен бiрлесе отырып, аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариалдық ісәрекеттер жасаған кезде сақталады:
1) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау;
2) мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
3) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі
бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы
туралы куәліктер бергенде;
4) тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және
кепілге салу туралы құжаттарды куәландырғанда.

3.

Жекеше нотариустың нотариалдық округ
шегiндегі қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет
органы нотариалдық палатамен бiрлесе отырып
белгiлейдi. Нотариус үй-жайын өзіне белгіленіп
берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға
құқылы емес. Нотариустың үй-жайына қойылатын
талаптарды Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Республикалық нотариалдық палатаның
ұсынысы бойынша белгiлейдi.
Аумақтық әдiлет органы халыққа мемлекеттiк
және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы
туралы үнемi хабарлап отырады.

4.

Егер нотариалдық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі
немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі
үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы
куәландыру жазбасында және нотариалдық ісәрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, бірыңғай
нотариалдық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ)
электрондық тізілімінде нотариалдық іс-әрекеттер
жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле
отырып жазылады. Бұл ретте БНАЖ электрондық
тізіліміндегі жазба сапарды жүзеге асырғаннан кейін,
бірақ нотариалдық іс-әрекет сапарға шығып жасалғанда
ағымдағы күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. 2. Нотариалдық іс-әрекеттерді кейінге қалтыру және тоқтата тұру. Нотариалдық куәландырудан бас тарту.

Нотариалдық iс-әрекеттер жасау мынадай негiздер
бойынша кейiнге қалдырылуы мүмкiн
(Нотариат туралы Заңның 41-бабы):
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап
ету қажет болғанда;
2) құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3) басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты
немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша
өтініші бойынша.
Нотариалдық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi
нотариалдық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы
шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы керек. Басқа бiр
мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi
сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша
нотариалдық iс-әрекет жасау он күннен аспайтын мерзiмге
кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

6.

Нотариалдық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған
жағдайда нотариус мүдделі тұлғаға нотариалдық іс-әрекет
жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей,
нотариалдық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді
себебі көрсетілген қаулыны беру қажет.
Нотариалдық iс-әрекеттер жасаудан бас тарту негіздері:
1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2) бұл нотариалдық iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс
болса;
3) нотариалдық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе
қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында
немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариалдық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң
талаптарына сәйкес келмесе, нотариалдық iс-әрекет жасаудан
бас тартылуы мүмкiн.

7.

Нотариалдық iс-әрекет жасауды өтiнген
адамға бас тартылған жағдайда, нотариус ол
нотариалдық iс-әрекет жасауға өтiнiш берген
күннен бастап, он күннiң iшiнде жазбаша
түрде бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi
қаулыны беруге міндетті. Нотариалдық iсәрекет жасаудан бас тартуға немесе
нотариалдық iс-әрекеттiң дұрыс
жасалмағаны үшiн сот тәртібімен
шағымдануға болады.

8. 3. Нотариусқа жүгінушілердің жеке басын, өкілеттілігін және әрекет қабілеттілігін анықтау.

3. Нотариусқа жүгінушілердің жеке басын
өкілеттілігін және әрекет қабілеттілігін
анықтау.
Нотариус немесе лауазымды адам нотариалдық
iс-әрекет жасаған кезде нотариалдық iс-әрекет
жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе
заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын
анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер немесе
әділет органдары берген Қазақстан Республикасы
азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі бойынша
жүргізіледі.

9.

Кәмелетке толмағандардың жеке басын атаанасының бірі (асырап алушысы) немесе қамқоршысы
кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің және
ата-анасының бірінің (асырап алушысының),
қамқоршысының жеке куәлігінің немесе паспортының
негізінде анықтайды.
Әскери қызметшілердің жеке басы әскери
бөлімдер мен әскери мекемелердің командованиелері
беретін әскери қызметшілердің жеке куәлігінің немесе
әскери билетінің негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
азаматтығы жоқ адамның жеке басы Қазақстан
Республикасы ішкі істер немесе әділет органдарының
тұратын жері бойынша тіркелгені туралы белгі соғылған
куәлігі бойынша анықталады. Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша келген азаматтығы
жоқ адамның жеке басы оның тұратын елінің құзыретті
органдары берген және белгіленген тәртіпте Қазақстан
Республикасының ішкі істер немесе әділет бөлімдерінде
тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды
құжаты бойынша анықталады.

10.

Егер нотариалдық іс-әрекет жасауды
сұрап заңды тұлға жүгінсе, онда оның тұрған
мекен-жайы, тіркелген күні мен орны толық
көрсетілуі тиіс.
Егер нотариалдық іс-әрекет жасауды
сұрап жеке тұлға жүгінсе, онда оның тегі,
аты, әкесінің аты, туған күні және тұрған жері
көрсетіледі, ал шетел азаматтары жөнінде олардың азаматтығы, азаматтығы жоқ
тұлғаларға - бұл жөнінде мәлімет көрсетіледі.

11.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген
заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оны мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік пен Жарғы (Ереже) бойынша, сондай-ақ
мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда БНАЖ
арқылы анықталады. Заңды тұлғаның Жарғысында
(Ережесінде) көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қайшы
келетін мәміле немесе басқа нотариалдық іс-әрекет куәландырылмайды. Шетел заңды тұлғасының әрекет қабілеттілігі
сауда тізілімінің көшірмесі немесе осы заңды тұлғаның
белгіленген тәртіпте тіркелгендігін растайтын басқа
құжаттар бойынша анықталады.
Заңды тұлғаның бiрiншi басшының өкiлеттiгi Жарғы
(Ереже), заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк, оны қызметке
тағайындау туралы бұйрық, қызметке сайлау туралы
жиналыс хаттамасы бойынша тексерiледi. Заңды тұлға
өкілінің, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының
өкілеттілігі заңды тұлғаның атынан өкілетті орган берген
сенімхат бойынша анықталады.

12. 4. Нотариусқа тапсырылатын және нотариуспен берілетін құжаттарға қойылатын талаптар.

Нотариат куәландырған құжаттың мазмұны
қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкiн.
Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер
мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.
Егер азамат дене кемiстiгi, ауруы немесе әлде бiр өзге себептер
салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша және
оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен
нотариалдық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың құжатқа өзi
қол қоя алмау себептерi көрсетiле отырып, мәмiлеге, өтiнiшке
немесе өзге де құжатқа басқа азамат қол қоя алады. Мұндай
азаматтың жеке басы, әрекет қабілеттілігі, тұрғылықты жері
нотариуспен анықталалды.

13.

Нотариалдық куәландырылған мәмiленiң мәтiнi
анық және түсiнiктi жазылуға немесе басылуға, мәмiленiң
мазмұнына қатысты сандар мен мерзiмдер ең болмағанда
бiр рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары
қысқартусыз, олардың тұрған жерi көрсетiле отырып
жазылуға тиiс. Азаматтардың тектерi, аттары мен әкесiнiң
аттары, олардың тұратын мекен-жайлары толық
жазылуға тиiс. Өшiрiп тасталған, қосылып жазылған,
сызылған сөздерi немесе басқа да келiсiлмеген түзетулерi
бар мәмiлелердiң мәтiнiн куәланды-руға немесе
құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған
құжаттарды куәландыруға болмайды. Көлемi бiр
парақтан асатын құ-жатта парақтар тiгiлген, бауланған
және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс.
Нотариалдық куәландырылатын немесе
расталатын құжаттың мәтінінде құжаттың мазмұнына
қатысты сандар мен мерзімдер ең болмағанда бір рет
сөзбен жазылуға тиіс.

14.

Нотариалдық куәландыратын құжаттың мәтіні
анық, дәл жазылуға немесе басылуға тиіс. Сызылуға
рұқсат етілмейтін шетелдерде әрекет етуге арналған
құжаттардан басқа құжаттардағы бос жолдар және басқа
ашық жерлері сызылып тасталынады. Қосымша
жазулар мен түзетулер мәмілеге қатысушылар мен
құжатқа қол қойған басқа адамдар қол қойғанға дейін
ескертілуі және куәландыру жазбасының алдында
қайталануы қажет, сонымен бірге барлық түзетулер, қате
жазылған, соңынан сызылып тасталған түзетулер
бастапқы мәтінде оқылатындай болуы тиіс.
Тараптар қол қоймайтын құжаттың мәтініндегі
түзетулер туралы куәландыру жазбасының соңында ғана
нотариус ескертеді.

15. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

English     Русский Rules