Нотариалдық ІС-әрекеттерді жасауға құқылы тұлғалар. Нотариустардың міндеттері мен құқықтары.
ЖОСПАР:
Мемлекеттiк нотариус:
Жеке практикамен айналысатын нотариус:
2 сұрақ. Жергілікті әкімшіліктер аппаратының және консулдық мекемелердің лауазымды тұлғалары
3 сұрақ. Сенімхат пен өсиеттерді куәландыруға құқылы лауазымды тұлғалар.
4 сұрақ. Нотариустардың құқықтары мен міндеттері, оларға қойылатын шектеулер
Назарларыңызға рахмет!
110.55K
Category: lawlaw

Нотариалдық ІС-әрекеттерді жасауға құқылы тұлғалар. Нотариустардың міндеттері мен құқықтары

1. Нотариалдық ІС-әрекеттерді жасауға құқылы тұлғалар. Нотариустардың міндеттері мен құқықтары.

2ТАҚЫРЫП

2. ЖОСПАР:

1)
2)
3)
4)
Мемлекеттік және жекеше
нотариустар.
Консулдық мекемелердің және
жергілікті әкімшіліктер аппаратының
лауазымды тұлғалары.
Сенімхат пен өсиеттерді
куәландыруға құқылы лауазымды
тұлғалар.
Нотариустардың құқықтары мен
міндеттері, оларға қойылатын
шектеулер.

3.

1 сұрақ. Мемлекеттік және
жекеше нотариустар
Мемлекеттік
нотариус
Жекеше
нотариус
25 жасқа толған;
Нотариус
жоғары заң бiлiмi бар;
лицензиясы
заңгер мамандығы
бойынша кемінде 2 жыл
жұмыс өтілі бар;
әділет аттестаттау
комиссиясында
аттестаттаудан өткен;
нотариуста кемiнде бiр
жыл тағылымдамадан өткен;
Қазақстан
Республикасының азаматы.

4. Мемлекеттiк нотариус:

Нотариалдық
iс-әрекеттерi үшiн аумақтық
әдiлет органы мүлiктiк жағынан жауап бередi;
Аумақтық әдiлет органының құрылымдық
бөлiмшесi болып табылады, заңды тұлға
құқығы болмайды;
Мемлекеттік нотариус лауазымына үміткер
аумақтық әділет органының бұйрығымен
тағайындалады;
Мемлекеттік нотариустың да, көмекшісінің де
жалақылары мемлекеттік бюджеттен төленеді;
Мемлекеттік нотариустың қызмет барысында
жинақталған нотариалдық құжаттар
мемлекеттік архивке сақталуға жіберіледі.

5. Жеке практикамен айналысатын нотариус:

заңды
тұлға құрмай, лицензия негiзiнде
нотариалдық қызметпен айналысатын;
өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
нотариалдық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян
келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер
бойынша сақтандырған;
нотариалдық палатаға мүше болған;
аумақтық әдiлет органында есептік тiркеуінен өткен
азамат;
қызмет жасауы үшін кеңсесі бар тұлға.
Жекеше нотариустардың нотариалдық қызмет
барысында жинақталған құжаттары Жеке
нотариалдық архивке тапсырылуы қажет.

6. 2 сұрақ. Жергілікті әкімшіліктер аппаратының және консулдық мекемелердің лауазымды тұлғалары

Нотариалдық iс-әрекеттер жасауға құқылы:
1. аудандық маңызы
бар қалалардың,
кенттердiң, ауылдардың
(селолардың), ауылдық
(селолық) округтердiң
әкiмдерi
аппараттарының
нотариалдық iсәрекеттер жасауға
уәкiлеттi лауазымды
тұлғалары.
2. Қазақстан
Республикасының
атынан консулдық
қызмет атқаратын
тұлғалар.

7.

1. Аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық
(селолық) округтердiң әкiмдерi
аппараттарының нотариалдық iс-әрекеттер
жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалары:
нотариалдық
iс-әрекеттер жасау құқығын алу
үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан
өтедi;
Аттестацияланушыға нотариалдық іс-әрекеттер
жасау құқығын беру туралы шешім жергілікті
атқарушы органның уәкілетті лауазымды
адамын белгіленген тәртіп пен мерзімдерде,
бірақ кем дегенде екі жылдан аспайтын
мерзімде кезекті аттестациядан өткізуге дейін
нотариалдық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік
беретін жалғыз құжат болып табылады.

8.

2. Қазақстан Республикасының
атынан консулдық қызмет
атқаратын тұлғалар:
Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгiне
бағынысты;
Консулды қызметке Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi
тағайындайды;
Консулдық Жарғының 43-44 тармақтарында
бекітілгендей консул Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
нотариалдық қызмет көрсетедi.

9. 3 сұрақ. Сенімхат пен өсиеттерді куәландыруға құқылы лауазымды тұлғалар.

Азаматтық заңнамалар кейбір
нотариалдық іс-әрекеттерді жасауға
арнайы үәкілетті лауазымды
тұлғаларға құқық береді. Мұндай
лауазымды тұлғалармен
рәсімделген сенімхаттар мен
өсиеттер нотариалды
рәсімделгендерге теңестіріледі.

10.

ҚР АҚ-нің 167-бабына сайкес нотариустар
куәландырған сенiмхаттарға келесі лауазымды
тұлғалар куәландырған сенiмхаттар теңестiрiледi:
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу
мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де
адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа
әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi
жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi
куәландырған;
2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық
әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар,
мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi
осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының
командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң
сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң,
олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы
мүшелерiнiң сенiмхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған;
4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған
әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi
халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы
куаландырған.

11.

ҚР АК-нің 1052-бабына сәйкес нотариуспен
куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп
жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын
азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен
мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған
өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде
емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың,
санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың
медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi
куәландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе
iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары
куәландырған өсиеттерi;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың
бастықтары куәландырған өсиеттерi;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды
адамдары жоқ мекен-жайлардағы әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң,
әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң
өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың
отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери
бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi
(бастықтары) куәландырған өсиеттерi;
6) бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеп жүрген адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi
теңестiрiледi.

12. 4 сұрақ. Нотариустардың құқықтары мен міндеттері, оларға қойылатын шектеулер

Нотариустардың құқықтары ҚР Нотариат туралы
Заңның 17-бабында көзделген:
1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне
сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да
заң актiлерiнде көзделген нотариалдық iс-әрекеттер жасауға;
2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың
жобаларын жасауға;
3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн
әзiрлеуге;
4) нотариалдық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша
консультациялар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген
коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын
талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан
нотариалдық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен
мәлiметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогикалық және шығармашылық
қызметпен айналысуға құқылы.

13.

Нотариустардың мiндеттерi:
1) Нотариат туралы Заңның және Қазақстан Республикасының
нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариалдық iс-әрекеттер
жасауға міндетті;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен
мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне
зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған
нотариалдық iс-әрекеттерiнiң салдары жөнiнде ескертуге;
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi
болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн
жағдайда нотариалдық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5) кәсiптiк әдептi сақтауға;
6) әдiлет органына және (немесе) нотариалдық палатаға өз iсәрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған
нотариалдық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар,
ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде
кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде
түсiнiктемелер беруге;

14.

7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған
жағдайда Нотариалдық іс жүргізу жөніндегі қағидада
көзделген тәртіппен өзінің өндірісіндегі құжаттарды басқа
нотариусқа беруге;
8) өз лицензиясының қолданылуы Нотариат туралы
Заңның 12 бабы 1 тармағының 1), 2), 4), 4-1 және 6)
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша
тоқтатылған жағдайларда (нотариус өз тiлегiмен өтiнiш
бергенде; азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекенжайына кеткенде; қылмыс жасағаны үшiн сотталғанда үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн; ақталмайтын негіздер
бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы
шыққанда), сақтауындағы барлық нотариалдық
құжаттарды жекеше нотариалдық мұрағатқа беруге;
9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы
орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай
ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.
Нотариалдық қызмет ақылы болғандықтан нотариус
ақшалай төлемдерді қабылдау үшін бақылау-кассалық
құрал қолдануға тиіс.

15.

Нотариустардың қызметіне қойылатын шектеулер:
1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде
делдалдық қызмет көрсетуге;
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда
нотариус мiндеттерiн орындауға құқығы жоқ;
4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын
жасамай өз міндеттерін орындауға;
5) нотариустың жеке мөрін оның лицензиясының
қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық
әділет органына тапсыруын қоспағанда,
факсимилені пайдалануға және жеке мөрін басқа
адамға беруге;
6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептік
тіркеу орнынан тыс жерде қызметін жүзеге асыруға
құқығы жоқ.
English     Русский Rules