5 тақырып. Нотариустармен және өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.
1. Мемлекеттік және жекеше нотариустар жасауға құқылы нотариалдық іс-әрекеттер
2. Өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
99.46K
Category: lawlaw

Нотариустармен және өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер

1. 5 тақырып. Нотариустармен және өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.

1. Мемлекеттік және жекеше
нотариустар жасауға құқылы
нотариалдық іс-әрекеттер
2. Өзге де құзыретті тұлғалармен
жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.

2. 1. Мемлекеттік және жекеше нотариустар жасауға құқылы нотариалдық іс-әрекеттер

Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де
нотариалдық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн,
яғни, заңда келтірілген тізім шектелмеген
болып табылады. Мысалы, нотариустар
азаматтардың әртүрлі арыздарын
куаландырады, және т.б.

3.

1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен
жекеше практикамен айналысатын
нотариустардың (бұдан әрі - нотариус)
нотариаттық іс-әрекеттер:
1) Мәмілелерді куәландыру;
2) Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды
куәландыру;
3) Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды
куәландыру;
4) Некелік келісім-шарттарды куәландыру;
5) Өсиеттерді куәландыру;
6) Сенімхаттарды куәландыру;
8) Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай
құжаттарын куәландыру;
9) Мұрамен сенімгерлік басқарушыны
тағайындау;
10) Мұраға құқық туралы куәліктер беру;

4.

11) Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік
құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ
мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;
12) Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды
жою;
13) Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған
үзінділердің дұрыстығын куәландыру;
14) Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын
куәландыру;
15) Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының
дұрыстығын куәландыру;
16) Фактілерді куәландыру;
17) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа
жеке және заңды тұлғаларға беру;
18) Ақшаларды депозитке қабылдау;
19) Вексельдер наразылықтарын жасау;
20) Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға
қабылдау;
21) Теңіз наразылықтарын жасау;
22) Дәлелдерді қамтамасыз етуді жасау тәртібін
белгілейді.

5.

Нотариус мынадай нотариалдық iс-әрекеттер жасайды
(Нотариат туралы Заңның 34-бабы):
1) мәмiлелердi куәландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң және акционерлік қоғамдарды
құрылтай
құжаттарын куәландырады;
3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк
құқығындағы мүлкi бар өзге
адамдардың ортақ мүлiктегi
үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымд
алып тастайды;
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

6.

9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс
аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн
куәландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа
жеке және заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар
қабылдайды;
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) теңiз наразылықтарын жасайды;
18) қозғалмаған азаматтық істер бойынша
дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

7. 2. Өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.

Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда
аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi
аппаратының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауға
уәкiлеттi лауазымды адамы - әкімі - мынадай
нотариалдық iс-әрекеттер жасайды (Нотариат
туралы Заңның 35-бабы):
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенiмхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған
үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын
куәландырады.

8.

Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге
асыратын лауазымды тұлғалары мынадай нотариалдық iс-әрекеттер
жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен
алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де
адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi
5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын
куәландырады;
6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын
куәландырады;
8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды
тұлғаларға бередi;
12) ақшаны депозитке қабылдайды;
14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
15) теңiз наразылықтарын жасайды;
16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

9.

Нотариалдық куәландырылған құжаттарға
мыналар теңестiрiледi (Нотариат туралы Заңның
37-бабы):
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеуалдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондайақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан
азаматтардың, осы ауруханалардың,
санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi,
сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң
директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған
өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да
әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан
әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы
госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да
әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың
медициналық жағынан орынбасарлары, аға және
кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен
сенiмхаттары;

10.

3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариалдық
iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери
бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу
орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ
жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы
мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң
осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың
командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен
сенiмхаттары;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары
куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;
5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп
жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген
кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары
куәландырған өсиеттерi;
6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың
осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан
кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың
осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi
органының басшысы куәландырған сенiмхаттары.

11. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

English     Русский Rules