Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары
1.Кіріспе 2.ҚР халықаралық дәліздер және олардың проблемалары 3.Басқарудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру 4.Қорытынды
Алдын ала таңдалатын тауарлар («дүкендік»тауарлар.келесідей ерекшеленеді,сатып алушы оны іздеуге, таңдауға дайын және бәсекелес
98.87K
Category: managementmanagement

Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары

1. Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары

Made by Adil S.B

2. 1.Кіріспе 2.ҚР халықаралық дәліздер және олардың проблемалары 3.Басқарудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру 4.Қорытынды

3.

Логистикадағы сервис түсінігі.
Қызмет көрсету жұмысы, яғни басқа біреудің
қажеттілігін өтеу, сервис деп аталады.Логистикалық
сервис бөлу үрдісімен үздіксіз байланысты және
тауарды тұтынушыға жеткізу үрдісіндегі кешенді
қызмет болып табылады. Логистикалық сервистің
нысаны өндірістік және өндірістік емес сферасындағы
мекемелер, халық болып табылады.Логистикалық
сервис жабдықтаушының өзімен немесе сатылымнан
кейінгі қызмет көрсету облысында маманданатын
экспедиторлық фирма арқылы жүзеге асады.

4.

Логистикалық сервис облысындағы
барлық жұмысты үш негізгі топқа
жіктеуге болады:
· Сатылымға дейінгі, яғни қызмет көрсету сферасындағы
саясатты анықтау және логистикалық қызмет көрсету
жүйесінің құрылу жұмыстары;
· Тауар сату үрдісіндегі логистикалық қызмет көрсету
жұмыстары, мысалы, жүктердің өтуі туралы ақпарат
беру; ассортиментті таңдау, қаптама, жүк
бірліктерінің қалыптасуы және т.б.;
· Сатылымнан кейінгі логистикалық сервис, оған кепілді
қызмет көрсету, сатып алушылардың шағымын
қарастыру, алмастыру және т.б. жатады.

5.

Логистикалық сервис жүйесінің құрылуы.
Мекеменің қызмет көрсету сферасындағы саясатты анықтау
логистикалық сервис жүйесінің құрылуымен байланысты және
өзара байланысты жұмыстардың кешенін жүргізу күтілуде.
Логистикалық қызмет жүйесінің құрылуы келесі рет бойынша
жүзеге асады:
1) Тұтыну нарығының сегментациясы, яғни оның тұтыну
ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір қызмет көрсету қажет
болатын нақты тұтыну топтарына жіктелуі;
2) Тұтынушыларға маңызды қызмет тізімін анықтау;
3) Құрылған тізімге кіретін қызметтерді саралау. Тұтынушыларға
маңызды қызметтерге көбірек назар аудару;
4) Нарық сегменттерінің бөлігіндегі қызмет стандарттарын анықтау;
5) Көрсетілген қызметті бағалау, қызмет деңгейі мен көрсетілетін
қызмет бағасының өзара байланысын орнату, қызмет деңгейін
анықтау компанияны бәсекеге қабілетті етуде маңызды;
6) Тұтынушының қажеттілігіне сәйкес қызметті қамтамасыз ету үшін
тұтынушымен кері байланыс орнату.

6.

Қазақстан Республикасының көліклогистикалық кластерінің даму
перспективалары
Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші
индустриялық төңкеріс, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық және әлемдік
тұрақсызданудың жаңа қаупі сияқты ХХІ ғасырдың түйінді үнқатулары елді
әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде елдің көлік жүйесінің
инфрақұрылымының дамытудуға қойылатын жаңа талаптарды анықтап береді.
Ел ішіндегі көлік жүйесін дамытпайынша, жаһандану жағдайларында Қазақстан
экономикасын әлемдік жүйеге сәтті ықпалдастыру мүмкін емес. Сондықтан,
көлік саласын дамыту, тұтастай алғанда, көлік жүйесінің инфрақұрылымын
дамыту деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік
қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы
өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық
орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз
ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын
дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты
қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды
ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін
қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін
емес.

7.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық
көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:
1. Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ) Батыс
Еуропаны Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен Жапонияны
байланыстырады (Достық/Қорғас – Ақтоғай – Саяқ – Мойынты – Астана –
Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);
2. ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі Аталған дәліз мынадай бағдарлар – Алматы –
Шу – Арыс – Сарыағаш учаскесінде);
3. ТРАСЕКА Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі
(Достық/Қорғас – Алматы – Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған –
Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки
(Грузия) – Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады;
4. Солтүстік – Оңтүстік Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты –
Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау – Атырау учаскелерінде, сондай-ақ ӨзенБерекет (Түрікменстан) – Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей
мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;
5. ТАТМ-ның Орталық дәлізі Орталық Азия-Батыс Еуропа бағыты бойынша
өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш – Арыс –
Қандыағаш – Озинки учаскесінде).

8.

Қазақстан Республикасының
автомобиль жолдарында алты негізгі
бағыт – автокөлік дәліздері
қалыптасқан:
1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы –
Қорғас;
2. Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал
Самара;
3. Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;
Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменстан
шекарасы;
4. Омск – Павлодар – Семей – Майқапшағай;
5. Астана – Қостанай – Челябинск – Екатеринбург

9.

Көлік-логистика жүйесінің негізгі
проблемалары мыналар болып
табылады:
•қазақстандық дәліздердің танымал болмауы, нәтижесінде
Қытай мен ЕО арасындағы транзиттік жүктердің негізгі көлемі
Қазақстанды айналып өтеді;
дәліздерді жүйелі басқарудың болмауы және олардың
инфрақұрылымдық дамымауы;
•логистикалық сервистің төмен деңгейі;
•Қазақстаннан тыс жерлерде меншікті сыртқы терминал
желілерінің болмауы;
басқару жүйесіндегі институционалдық шектеулер;
•экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды
жүргізу үшін әкімшілік рәсімдердің жеткіліксіз тиімділігі .

10.

Басқарудың интеграцияланған жүйесін
қалыптастыру кезінде келесі принциптерді
жетекшілікке алу орынды болады:
•экономикалық ымыраға қол жеткізу және жүйе субъектілері арасында
жиынтық синергетикалық тиімділікті қайта бөлу жолымен, олардың
мүдделерімен келісілу негізінде жүк қозғалысының интегрирленген
логистикалық жүйесіне қатысушылардың экономикалық-құқықтық өзара
байланыстың ортақ жүйесін құру;
•аймақтардың логистикалық инфрақұрылымының негізі тұтынушыларға
заманауи логистикалық қызметтің толық гаммасын ұсынатын ортақ
қолданыстағы ірі үлестіруші-бөліп тарату орталықтар жүйесі болуы керек;
•прогрессивті терминалды технологиялар негізінде сапаны көтеру
мақсатымен, кәсіпкерлік қызметті лизенциялау негізінде көлікэкспедиторлық
және логистикалық қызмет нарығын дамытуда тікелей мемлекеттік
реттеуді қолдану;
•аймақтағы көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуды ірі және
шағын отандық бизнес пен шетел капиталын қоса алғанда, бюджеттік
немесе бюджеттік емес көздерді тарту арқылы үлестік қаржыландыру;

11.

•аймақта аралас жүктер қозғалысын ұйымдастыру кезінде
көліктердің үлестірілген жұмысына негізделген
интермодальды логистикалық технологияны жүзеге асыру;
•аймақта АКЛЖ қатысушыларын ақпараттық
қамсыздандырудың интегрирленген жүйесін құру үшін
қажетті ұйымдастыру-экономикалық және өндірістіктехникалық шарт-жағдайлармен қамтамасыз ету;
•көлік-экспедициялық сферасындағы кадрларды,
тасымалдау, үлестіруші-бөліп тарату, сервистік және басқа
да логистикалық қызметтің кадрларын кәсіби даярлау және
қайта даярлауды ұйымдастыру, прогрессивті терминал
технологияларын оқыту, тауарлы-материалдық және оған
көмекші сервистік, ақпараттық, қаржылық ағымдарды
басқарудың логистикалық әдісін оқыту;
•логистикалық делдалдардың және жүк және тауар
қозғалысы жүйесін ұйымдастырушыоператорлардың
институтын құру.

12.

•мемлекеттік қолдау мен реттеуді қалыптастыру,
мемлекеттік және әкімшілік реттеу негізінде жүк
қозғалысының аймақтық логистикалық жүйесіне
қатысушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз
ету, оның ішінде: лицензиялау жүйесі,
инвестицияларды льготалық несиелеу, льготалық
салық салу, терминалдар мен логистикалық
инфрақұрылымның басқа да объектілерінің
құрылысына жер телімдерін бөлу, АКЛЖ
қатысушыларына тең шарттарды қамтамасыз
ететін нормативті-құқықтық реттеу;
•аймақтық көлік-логистикалық жүйені ұлттық
логистикалық жүйесімен интеграциясын
қамтамасыз ету;

13.

Аймақтық
көлік-логистикалық
жүйені
қалыптастыру үшін аса маңызды мәнге
тауар қозғалысы жүйесіндегі логистикалық
делдалдар институтын дамыту ие.
Мұндай делдалдар :
көліктік және көлік-экспедиторлық компаниялар мен
фирмалар бола алады;
көтерме сауда орталықтары;
тауар және қор биржалары;
дистрибьютерлік компаниялар; тауар қоймаларының
желісі;
жүк терминалдары мен мультимодальды терминал
кешендері;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі өндірістік логистикалық
құрылымдары;
аймақтық ақпараттық және телекоммуникациялық
жүйелер;
банк және басқа қаржылық институттар.

14. Алдын ала таңдалатын тауарлар («дүкендік»тауарлар.келесідей ерекшеленеді,сатып алушы оны іздеуге, таңдауға дайын және бәсекелес

Қорытынды.

15.

Логистикалық шығындарға және өндіріспен
өткізуде логистикалық шешімдерді қабылдау
үрдісіне әсер ететін негізгі өнім қасиеттері
арасынан бағаны, сауда ассортиментін және
номенклатурасын, орамның габаритті
өлшемдерін, салмағын қарастыру қажет.
Негізінен тауар тығыздығы тасымалдау
шығындарына және дайын өнімді сақтауға
кететін шығындарға әсер етеді. Тығыздығы
жоғары тауарлар тасымалдау мен сақтауға аз
шығындарды талап етеді, себебі көлік
құралдарының жүк көтерімділігі мен
қоймалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануын
қамтамасыз етеді. Тасымалдау және жүк өңдеу
тарифтері дайын өнім тығыздығына кері
пропорционалды.
English     Русский Rules