ТАҚЫРЫБЫ: Сотта өкілдік ету
ЖОСПАР
Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс
Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен н\е құрылтай құжаттарымен берілген
Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.Адвокат ордерге сәйкес өкілдік жанында, осы
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
493.73K
Category: lawlaw

Сотта өкілдік ету

1. ТАҚЫРЫБЫ: Сотта өкілдік ету

«Тұран-Астана» университеті
ТАҚЫРЫБЫ:
Сотта
өкілдік ету
Орындаған:З-301\1 тобының студенті Құсайын Жұмагүл
Тексерген: Төлеубеков Аян Төлеубекұлы
Астана қаласы
2016-2017 оқу жылы

2. ЖОСПАР

– Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
– Тапсырма бойынша өкілдік ету
– Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
– Өкілдің өкілеттіктері
– Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу
– Заңды өкіл
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс

бойынша өкілінің
болу құқығынан
айырмайды.

4. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен н\е құрылтай құжаттарымен берілген

өкілеттіктер шегінде әрекет ететін
олардың басшылары ж\е олардың өкілдері жүргізеді.
Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын
немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

5.

Сотта өкіл бола алатын тұлғалар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік
органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік
органдардың жұмыскерлері;
3) кәсіптік одақтардың – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге
асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша
уәкілетті өкілдері;

6.

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары
мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең
қатысушылардың біреуі;
6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң
білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

7. Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.Адвокат ордерге сәйкес өкілдік жанында, осы

Кодекстің 60-бабында
санамаланған
әрекеттерді қоспағанда,
қажетті процестік
әрекеттерді жасауға құқылы.
Олардың әрқайсысын
жасауға құқығы сенімхатта
көрсетілуге тиіс.

8. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма

қабылдаған адвокаттар
сотта тапсырма бойынша
өкіл бола алмайды.

9.

1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға
осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;
2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы,
куә немесе куәгер ретінде қатысса;
3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының
хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен
туыстық қатынастарда болса;
4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер
бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша
өкіл бола алмайды.

10.

Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке
беруден; татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы
келісім н\е дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы
келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық
немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын
ұлғайтудан н\е азайтудан, талап қоюдың нысанасын н\е негізін
өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден ; сот актісіне
апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан
ашылған н\е жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы
арыз беруден, апелляциялық шағымнан, өтінішхаттан бас тартудан
басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі
болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы.

11.

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және
ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.Сенімхат сотқа
жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық
цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық
құжат нысанында беріледі.

12.

Адвокаттың нақты істі
жүргізуге арналған
өкілеттіктері «Адвокаттық
қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген
тәртіппен берілетін
ордермен куәландырылады.

13.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен
әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары,
қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері н\е оларды алмастыратын
басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын
құжаттарды ұсынады.

14. ҚОРЫТЫНДЫ

Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның
атынан бір тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.
Сотта өкіл етуші деп өкілдік берушінің мүддесіне және оның
атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық
әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттілігі бар тұлғаны айтамыз.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда
қарастырылғандай өз істерін сотта өздері немесе өкілдері
арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азаматтың іске өзінің
қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан
айырмайды.

15. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Кодексі;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процесуалдық
кодексі,6-тарау,47-56 баптары;
3. «Құқықтану» кітабы.
Сайт:
www.zharayna.kz
www.google.kz
www.adilet.gov.kz
www.kodeks.kz
www.adilet.zan.kz

16.

Назар аудартып тындағандарыңыз үшін
РАХМЕТ!
Астана қаласы
2016-2017жж.
English     Русский Rules