Similar presentations:
6_дәріс
1.
2.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тек кәсіпкерлік қана емес,азаматтық құқықтың да маңызды ұстанымдарының бірі болып табылады. Сонымен,
азаматтық заңның негізгі бастауларына жатқызылатындар
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау маңызы зор
азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігі;
бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.
Азаматтық сот, төрелік сот, аралық сот:
құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру;құқықты бұзатын
немесе оның бұзылу қауіпін туғызатын әрекеттердің жолын кесу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым
шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндірітіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдік зиянның
өтемін төлету;құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе
жергілікті өкілдің не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе
орындауға жатпайды деп тану;азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны
жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл
өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады.
3.
Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібіКәсіпкерлік қызметтің нақты субъектілерінің сотқа шағымдану құқығы (шағым
беру құқығы) тараптар дауды талап қою тәртібімен тікелей реттеу бойынша
шаралар қабылданғаннан кейін ғана туындайды.
Кінәрат-талап қоя отырып,шаруашылық жүргізуші субъект оның құқықтарын
бұзатын және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін екіншісінің заңсыз әрекеттері
туралы айтады.
Кінәрәт-талаптың мәні - тараптардың ортақ мүдделерін өзара есепке алуды
қамтамасыз ететін олардың өздерінің барынша оңтайлы шешім табу мүмкіндігі
деген сөз.
4.
Талап қою тәртібіШаруашылық дауы
туған жағдайда
тараптардың
мүдделерін реттейтін
шешімді олардың
өздерінің
қабылдауына;
тараптардың әрқайсысына
дау-дамайды шешудің
мүмкін жолдарын ұсынуға;
заң органының
шешуіне жататын
елеулі
келіспеушіліктер
аясын белгілеуге
мүмкіндік береді.
5.
1) кәсіпкерлік қызметсубъектілерінің бұзылған
құқықтарын қалпына келтіру
және олардың заңды
мүдделерін қорғау;
4) зардап шеккен тарапқа
келтірілген залалдың орнын
кінәлі адамдар есесбінен
толтыру.
2) шарт міндеттемелерінің
орындалмауын немесе тиісті дәрежеде
орындалуын және басқадай заң
бұзушылықтарды тудыратын себептер
мен жағдайларды анықтау;
3) заң нормаларының және
жасалған шарт ережелерінің
бұзылуының алдын алу;
Талап қою жұмысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруды тежейтін немесе кедергі жасайтын теріс
зардаптарды жоюға немесе алдын алуға бағытталған,
ал оны кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі ретінде
қарастыруға болады.
6.
Аудандық (қалалық) соттардың және оларға теңестірілгенсоттардың соттылығына жататын азаматтық істер
ҚІЖК 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген істерді қоспағанда,
азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген
соттарда қаралады және шешіледі.
7.
Мамандандырылған ауданаралық соттар, тараптары заңдытұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар,
заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес
даулар жөніндегі, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі
азаматтық істерді қарайды.
8.
ҚІЖК 27-бабының 1-2-бөлігіКорпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар
қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қауымдастығы
(одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар
коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның
ішінде бұрынғы акционерлері болып табылатын:
1) заңды тұлғаны құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
2) өзіне акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық
капиталындағы қатысу үлестерін, кооперативтер мүшелерінің пайларын қамтитын мұраға
қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге байланысты
туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар ақцияларының, шаруашылық
серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооперативтер мүшелері
пайларының тиесілілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын
құқықтарды іске асыруға, оның ішінде олармен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануды;
3) лауазымды адамдардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың және өзге
де тұлғалардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) заңды тұлғаға келтірілген залалдарды өтеу
туралы талаптарға;
9.
4) мәмілелерді жарамсыз деп тануға және (немесе) осындай мәмілелердіңжарамсыздығының салдарларын қолдануға;
5) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген
адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата
тұруға және олардың жауаптылығына, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін
жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен
заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын
дауларға;
6) бағалы қағаздар эмиссиясына;
7) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып,
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің жүргізілуіне, сондай-ақ
бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) олардың айналымына
байланысты дауларға;
8) акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тануға;
9) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру мен өткізуге
және онда қабылданған шешімдерге;
10) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты даулар жатады.
10.
1. тараптар еркінің дербестігі – ол тараптар өзара алдын ала келісу арқылы пайдаболған дау бойынша істі аралық қарауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын
өз беттерінше шешуге құқылы екендіктерін білдіреді;
2. заңдылық – аралық соттар және соттар өз шешімдерінде тек ҚР
Конституциясы нормаларын, ҚР заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық
актілерін басшылыққа алады дегенді білдіреді;
3. тәуелсідік – оларға берілген дауларды шешуде аралық соттар және соттар
өздеріне қандай да бір қысым жасалуын болдырмайтын жағдайларда шешім
қабылдайтынын білдіреді;
11.
4. тараптардың жарыспалығы және теңдігі – аралық іс қарауда тараптарқұқықтардың тең көлемін пайдаланады және тең көлемде міндеттер көтереді, өзінің
ұстанымын, оны дербес қорғау тәсілдері мен құралдаын өз бетінше және аралық сотқа,
басқдай заңды органдар мен тұлғаларға қатыссыз таңдайды дегенді білдіреді;
5. әділеттілік – өздеріне берліген дауларды шешу кезінде аралық соттар мен соттар
және аралық іс қарауға қатысушы тараптар белгіленген талаптарды, қоғамның
адамгершілік ұстанымдарын және іскерлік этика ережелерін сақтай отырып адал әрекет
етуге тиіс;
6.Құпиялылық-бүл аралық соттар мен соттарыдың оларға шешуге берілген дауларды
қарау барысында аралық іс қарау кезінде белгілі болған тараптардың немесе олардың
құқықтық мирасқорларының келісімінсіз мәліметтерді жария етуге және оларға іс
қаралған кезде мәлім болған мәліметтер туралы куәгер ретінде сұралуға құқылы емес.
12.
Шаруашылық дауларды қараудың соттық тәртібіКәсіпкерлік қызмет субъектілері азаматтық іс жүргізу заңдарымен белгілеген
тәртіпте сотқа шағымдана алады.
Егер,бұзылған немесе қарсылық білдірілген құқықтар,еркіндіктер және заңмен
қорғалатын мүдделер басқадай сот тәртібімен қорғалмаса, ҚР Азаматтық іс
жүргізу кодексіне және басқа да заңдарға сәйкес,соттар оларды азаматтық іс
жүргізу тәртібімен қарайды.