2.47M
Category: lawlaw

Дауларды шешу әдістері және медиация. Лекция №1

1.

ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ
МЕДИАЦИЯ
Лекция№1

2.

Жоспар:
1.Дауларды шешудің әдістері ұғымы
2. Медиация институтының қалыптасуы мен
дамуы
3. Медиация институтының шетелдерде дамуы.
4. Медиация институтының Қазақстанда даму
тарихы.

3.

Дауларды шешудің балама
әдістері түсінігі
•–
бұл қажетті болған жағдайларда
үшінші, тәуелсіз тұлғаларды тарту
арқылы келісімге қол жеткізу үшін
тараптармен қолданылатын әдістер мен
тәсілдердің
жиынтығы.
Бұған
тартылған үшінші тәуелсіз тұлғалардың
даудың мәні бойынша берген соңғы
тұжырымдамалары ұсынбалы болып
табылады, ал кейбір жағдайларда
міндетті болып танылады.

4.

Заң әдебиеттерінде көзделген дауларды
шешудің балама әдістері:
• 1) келіссөздер (negotiation);
• 2) делдалдық немесе медиация (mediation);
• 3) татуласу;
• 4) «кішігірім талқы» (mini-trial);
• 5) төрелік (arbitration) сияқты негізгі түрлерін бөліп
қарастыруға болады.

5.

Медиация институтының қалыптасуы
мен дамуы
Дауларды реттеудің бітімгерлік әдістері алғашқы қауымның кездерінен
келе жатқаны белгілі.Үшінші бейтарап жақты дауды шешу үшін тарту
адамдардың өмір сүруі үшін қажет екендігі білді.Бұл әдістерді қолданған
абыздар мен көсемдер болған,яғни олар тайпа ішіндегі адам өлтіру мен
зорлық қылмыстарына осы тәсілдерді қолданып жаза таққан.
Медиацияны халықаралық дауларды шешу барысында белсенді түрде
қолдана бастады. Медиацияның қазіргі түсінігі XX жүз жылдықтың
екiншi жартысында дами бастады.Бұдан бұрын ағылшын - саксон
құқықтық елдерiнде - АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда, ал содан соң
Еуропаға бiртiндеп тарай бастады. Медиацияның алғашқы қолдану
әрекеттері отбасылық қарым-қатынас саласында қызметін жүзеге асыра
бастады. Соңынан медиация кең дауларды, жергiлiктi бiрлестiктердегi
жанжалдарынан бастай және көп жақты жанжалдармен, коммерциялық
және ашық салалардағы дауларды кеңінен шеше бастады.

6.

Кейін
медиация
отбасы
жанжалдарынан
бастап
коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың
кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды. Әлемдік
тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары
көп.

7.

Медиация түсінігі
• Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары көп.
Тиісті актілер АҚШ-та, Австрия¬да, Германияда қабылданған. Еуропа
комиссиясы медиатордың кодексін бекітті, ал Еуропалық Одақ
медиаторлардың қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. БҰҰның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы медиация туралы
заңның үлгісін әзірледі. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес
саласында медиаторсыз бірде-бір маңызды келіссөз жүргізілмейді. Шетелдік
тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияда медиация әдісі өте кең тараған. Тіпті,
медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоңырау соғып,
жанжалды сипаттап, өздерінің талаптарын білдіре алады. Германияда
бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді

8.

Германияда бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді. Бүгінде бұл
мемлекетте медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да
қолданылады. Неміс мектептерінің көпшілігінде тұрақты медиация курстары
оқытылады.

9.

Медиация түсінігі
• Австрия - медиаторларды дайындауды және дайындықтың
белгіленген нормативтерін реттейтін медиация туралы
федералдық заң қабылдаған жалғыз мемлекет. Қытайда
даулардың шамамен 30 пайызы соттан тыс тәртіппен
шешіледі. Венгрия мен Кореяда тараптар медиация
шеңберінде келісімге келіп, оны аралық соттардың
(төрешіліктің) қарауы үшін заңда қарастырылған тәртіпте
бекітуге құқылы. Мұндай шешім (төрешілік) күшіне ие
болса, тиісті тәртіппен орындауға жатады. ТМД елдерінің
ішінде медиация туралы заң Молдовада қабылданды.

10.

Елімізде бертіннен қолданылатын медиация туралы заңға сәйкес, әзірге жеке және
заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық
қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа
қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында
қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолдану саласы болып табылады.

11.

Азаматтар өзара туындаған дау-дамайларды іс сотқа жолданғанға дейін
шеше алады. Медиатор араздасушы екі жақпен де жеке-жеке
әңгімелесіп, ушыққан жағдайды реттеудің, сауықтырудың барынша
әділетті, ұтымды амалдарын қолданады. Қандай да бір тарап ымыраға
келуден бас тартса, медиатор бұл күрделі жағдайды өзінің парасатпайымы мен біліктілігі арқасында шебер шешуге тырысады.

12.

Венгрия мен Кореяда тараптар медиация шеңберінде келісімге келіп, оны аралық
соттардың (төрешіліктің) қарауы үшін заңда қарастырылған тәртіпте бекітуге
құқылы. Мұндай шешім (төрешілік) күшіне ие болса, тиісті тәртіппен орындауға
жатады.

13.

Шет мемлекеттердегі медиация
• Алдымен медиацияның
әлемнің 27 мемлекетінде қолданысқа барын
айту керек.Қазіргі таңда медиацияны дүниежүзілік қолданысқа енгізу
шарасы Европа Парламенті мен Европалық Кеңестік 2008 жылғы
мамырдағы директивасында айқын көрініс тапты. Батыс және Европа
Кеңесіне 27 елдің мүше-мемлекеттері медиацияны құқық қорғау және
сот жүйесін гуманизациялау мақсатында құқықтық
қатынастар
саласында туындайтын дау-жанжалдарды реттейтін институт деп
есептейді.Біз өз тарапымыздан заң жобасын әзірлеу кезінде Европа
елдерінің тәжірибесін негізге алдық.

14.

АҚШ-тағы медиация жайлы айта кетсек.1970жылдың басында бірнеше ірі
қалаларда медиацияның эксперименталдi бағдарламалары ерікті-медиаторлардың
қатысуымен АҚШ-та басталды. Олар табысты болғаны соншалықты осы тәсілдер
арқылы көптеген дау-жанжалдарды шеше бастаған. Бүгінгі күнде медиацияның
тәжірибесі АҚШ пен
Еуропалық
Одақта кеңінен таралған болып
көрінеді.Мысалға АҚШ-та даулардың 95 % сотқа жүгiнусiз шешiледi, ал Еуропада
медиаторлардың қызметінің көмегі арқылы 80%-ы оңай шешілген.Батыста
медиаторлар тұрмыстық даудан бастап,өндірістік пен саяси дауларға дейін
жанжалдарын реттеуге қатысады.

15.

АҚШ-тың құқық жүйесі даулардың көпшілігін сотқа дейін шешуге
бағытталған, судья сотты тоқтатып, тараптарға медиатормен жұмыс істеуге
кеңес бере алады.

16.

Қазақстанда медиацияның даму
тарихы
Бүгінгі күнде дауларды шешудің балама жүйесі барлық өркениетті елдерде
және замануи құқықтық инфрақұрылым құруға ұмтылудағы мемлекеттерде
өз қолдаушыларын тауып жатыр. Өкінішке орай, Қазақстанда медиацияның
дамуы кенжелеп қалған, бірақ сот отырысының осындай баламасы көптеген
азаматтардың көңілінен шығады. Медиация - (латын тілінен mediatio делдалдық, ағылшын тілінде - mediation) - дауды шешу жолында
тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыратын кәсіби медиатордың
көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің
мүмкіндігі мол, осы дауға қатысушылардың біріге отырып мәселелерді
шешу процессі. Медиацияны кең тараған делдалдық және бітімге келу
рәсімдерінің «жетілген нысандарымен» теңеуге болады, демек,
медиацияның көп ғасырлар бойы бітімге келуге қызмет еткенін аңғаруға
болады. 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
«Медиация туралы» Заңы осы жұмыстың қорытындысы болды. Жаңа Заң
ресми түрде 2011 жылғы 5 ақпанда жарияланды және сол арқылы
азаматтардың құқықтарын қорғаудың балама нысандары бірінің дамуының
жаңа кезеңін белгіледі. Медиация делдалдықтың нысаны ретінде біздің
Республикада жеке іс жүргізу құқығы институты ретінде заңды түрде
бекітілді, заңнаманың ойынша олар соттарға нақты және жүйелі бәсекелес
болуы қажет.

17.

Билер соты, жоғары адамгершілік соты секілді тұрақты ұстанымдары негізінде
іргесі қаланды:төрешінің әділдігі,әділдіктің маңызы және биліктің адамгершілік
бағдары, соттың қол жетімдігі және жариялылығы, шешімін дәлелдеу құралы
ретінде төрешінің шешендік өнерді игеруі, тараптардың келісімге келуі мен
келтірілген құқық бұзушылық залалдарды толық өтеуі туралы төрешінің хабардар
болуы.

18.

Дала билігінің дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана
билердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен
шешіп,халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған.

19.

Билер соты
• Ресей
Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін
енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық,
мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін
қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын. Қазақ
қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған.
Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға
мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше
қасиет табылуы тиіс еді. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне
араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін
тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би
боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге
көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Сот процесі
шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың
тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң
сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін
сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты
әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын
кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды.

20.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Rules